Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет184/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

ideals and motives of behavior, a holistic assessment of oneself and one's place in life" (A. G. 
Spirkin). In fact, the entire development of the world's human culture (both material and spiritual) 
is a continuous process of self-knowledge by a reasonable Person of himself (often he is not aware 
of and is not recorded). 
Адам өмірге келген сәттен бастап өзінің іргетасын қалыптастырып, өмірдің ағы 
мен қарасын ажыратуды үйреніп, жеке тұлғалық қасиеттерге ие бола бастайды. 
Өзін қоршаған адамдарымен араласу жағдайында өзара қарым-қатынасқа түсуді 
үйренеді. Өзінің менін қалыптастырады.
Адамның өзінің менінің бейнесі әр түрлі жағдайларда, әр түрлі адамдармен көп 
түрге ие болуы мүмкін. Жапондардың көзқарастары бойынша, адамдардың үш 
бет-бейнесі болады екен. 
Бірі - жай ғана адамдармен араласқанда қолданатын 
бейнең, екіншісі - жаныңа жақын адамдарыңмен араласқандаға бейнең, және 
үшіншісі - өзіңмен араласқанда, дәлірек айтқанда, өз-өзіңмен оңаша 
қалғандағы бейнең. Осы аталғандардың ішіндегі соңғысы адамның шын бет 
бейнесі. 
Расында да, адам оңашада қалғанда өзін еркін ұстап, қалаған нәрсесін 
санаға байланысты ерікті түрде жасайды. Не нәрселерді де ойлауы мүмкін. 
Жеке қалған жағдайда жағымды ойлар ойлап, болашағын елестеткен адамның 
ойлары жүзеге асатынына сенемін. Бұл жөнінде көптеген кітаптар жазылып, 
видео туындылар да шығарылған болатын. Үшінші бейнеңді таза ұстаған 
жағдайда ғана, біріншіден, өзіңмен қарым-қатынаста шынайы боласың, 
екіншіден, адамдармен қарым-қатынаста көп жүзділіктен арыласың. 
Психология ғылымы бойынша мен концепциясын екіге бөліп қарастырады: 
идеалды мен және реалды мен. Идеалды мен өзін қандай деп санайтын бейнесі 
немесе сол бейнеге ұмтылуы. Тағы да екі мағына... Адам бір бейнеге ұмтылып, 
өзінің қарапайымдылыған сақтауы мүмкін немесе өзін әу бастан биік санап, 
жоғары көрінуі мүмкін. Қазіргі таңда, адам өзін-өзі жақсы көруі қажет, сол 
жағдайда ғана басқаларды жақсы көре алады деген пікірлер көбейіп кетті. Бір 
жағынан дұрыс та болар. Дегенмен, әр нәрсенің екі жағы бар... Адам өзіне-өзі 
ғашық болып, тамсану дәрежесіне дейін өтіп кеткен жағдайда қоршаған 
адамдарын жақсы көру функциясынан айырылады. Эгосының дәрежесі өте 
биікке өсіп, жақындарын төмен санайды. Бүкіл әлемдік тордың құрсауына 
түскен адамдар әр жақтан жетіп жатқан шындыққа жанасымды, бірақ алдамшы 
ақпараттарды дұрыс қабылдап, өмірлік тәжірибелерінде қолданып жатады. 


496 
Психологияны, адамдармен қарым-қатынастарды шетелдік ғалымдардың 
зерттеулерінен көп оқып біліп, ойланбастан сол нұсқаулар бойынша қадамдар 
жасайды. Бұл тақырыпқа сай болмаса да, өзіміздің даналығымыздың белгісі 
Абай атамыздың Қара сөздерінің ең болмағанда біреуін оқып көріңізші...
Адамға ерекше берілген қасиет - ойы мен санасы. Ой мен сананы уламай, 
өзіндік өмір сүру қабілеттілігіне жеткізіп, құбылыстарды саналы түрде 
қабылдаған жағдайда ғана реалды менді идеалды мен концепциясымен 
ұштастыра аласың. Теңдікті сақтау маңызды... 
Аксиология (грек, axios - құңды, logos - ілім) - құндылықтардың табиғаты, 
олардың әлеуметтік орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы 
философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі - «Игілік деген не?» деген 
сұрақты алғашқы болып қойған Сократ екенін білеміз. Құндылықтар өмірге, 
еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. 
Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар 
қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және 
рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар - қасиеттер. 
Жеке адамның индивид қалпынан тұлға тұғырына көтерілу процесіне 
қоғамдағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы этностық тәлім тәрбие, білім 
берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас болып бойына сіңетін генетикалық 
ерекшеліктері, жоғарғы психикалық процестердің жүзеге асу ерекшеліктері 
әсер етеді. Ұлттық тәрбиенің өлмес негізі, рухани күші оның өмір сүру 
болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани 
мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр. Қазақ қашанда ұрпағының 
толыққанды тұлға болып қалыптасуына атсалысып жырлары, әпсаналары, 
ертегілері арқылы бала кезінен ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отырған. 
Бауырмашылдық, адалдық, адамгершілік, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық 
сияқты қаситтерді Қаз дауысты Қазыбек былай суреттейді: Біз қазақ елі мал 
баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізді жау басынбасын 
деп Ордамыздан құт қашпасын деп, Найзаға үкі таққан елміз, Дұшпанның 
аяғына жаншылмаған елміз, Басымыздан намысты асырмаған елміз, Адалдықты 
әрқашан жасырмаған елміз. Атаның өсиетін балаға, Баланың өнерін атаға 
Айтып, тарата білген елміз. Құлақтың құрышын қандырып Әділ сөзді 
халыққа айта білген елміз. Ұлттық тәрбиенің адамгершілік ұстанымдары қоғам 
дамуының кең көлемдік, әлемдік мәселесі ретнде қарастырылуда қазақ халқы 
тәрбиесінің өне бойынан табылады. Жеке адам туралы сөз болғанда, жеке адам 
- көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда «жеке адам» және 
«тұлға» ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-бірінен қарама-
қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның жекеше ерекше түрі, 
сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аз болады, бірақ өте көлемді, 
өйткені әрбір адам-индивид. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке адамның 
айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі — оның өзіне тән мінез-құлқында, іс-
әрекетінде, көзқарасындағы ерекшеліктерімен даралануы. Жеке адам болу 
дегеніміз — азаматтың адам ретінде сезіну, сан ғасырлар бойы халық 


497 
тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік игіліктерін бойына дарытып, 
осы игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар 
қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу. Адам немесе жеке тұлға өзінің сана-
сезімін, көзқарасын, рухани-саяси дүниетанымын үнемі білім мен еңбектің 
арқасында жетілдіріп отыруы керек. Тұлғаны құндылықтар арқылы дамытуға, 
мәдени дағдыларды игеруге, өз жауапкершілігін арттыруға және әділдік 
жолымен жүруге, әділдік жоқ жерде адамшылық жоқ деген пікірді айтады ұлы 
ойшыл М.Х. Дулати. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері — оның 
саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке 
тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық 
тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне 
тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық 
қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Осы орайда «адам», «жеке тұлға» деген 
ұғымдардың қатары «даралық" деген ұғымымен толықтырылуы қажет. Жеке 
тұлғаның, яғни құндылықтар дүниесінің қалыптасуына оның дүниетанымының 
ықпалы зор. «Жеке тұлғаның дара ерекшеліктері оның жас ерекшеліктерімен 
тығыз байланыста болады. Жеке тұлғаның жас ерекшеліктері деп белгілі бір 
адамға тән оның мінез құлқындағы, ақыл ойындағы, қабілетіндегі, тағы басқа 
басты қасиеттерін басқа адамдардан елеулі айырмашылығын айтуға болады. 
Оқыту мен тәрбие жұмыстарының мақсатын, мазмұнын жүзеге асыруды 
қолданылатын формалармен әдістерді таңдау, көптеген жағдайда жас және дара 
ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан да мұғалімнің 
педагогикалық әрекетін нәтижелі ұйымдастыру шарттарының бірі — 
балалардың жас және дара ерекшеліктерінің даму заңдылықтарын жете 
меңгеру». Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір 
тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі 
бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі және шығармашылық 
қызмет - әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігінің өзгешелігі арқылы 
ерекшеленеді. Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа 
бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиеттерден 
тұрады. Бүкіл адамзат тегіне тән, жалпы белгілермен қатар, оның өзгелерден 
ерекшеленетін өздеріне тән қасиеттері бар. Әлем әрқашан түрлі дауыстар, түрлі 
үндерден тұрады. Бір-біріне даралығы жағынан ұқсамайды әр адамның бойы, 
түрі, салмағы, дене бітімі, әлеуметтік дамуының интеллектуалдық деңгейі, 
психологиялық қатпары, рухани мәдениеттің әр түрлі-деңгейі сияқты 
ерекшеліктер болып табылады. Адам дүниедегі ең басты құндылық. 
Құндылықтар оның қоршаған дүниеге қатысты ұстанымдары мен қатынасын 
қалыптастыру, күрделі әрі өзгермелі әлемде бағыт-бағдарын айқындауға әсер 
етеді. Тек тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде адами әрекет құндылықтар 
арқылы реттеліп отырады. Аксиология құндылықтар табиғаты оларды 
реалдылықтағы орны және құндылық әлемінің құрлысы, өзара әлеуметтік және 
мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрлысымен байланысы туралы 
философиялық ілім. Кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани 


498 
әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығының өлшемін білдіретін, оның 
адамгершіліктік санасын білдіреді. Құндылықтар қоғам мен адамға жақсы мен 
жаманды, пайда мен зиянды, ақиқат пен жалғанды, сұлулықпен 
ұсқынсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, тиым салынған мен рұқсат 
етілмегенді, маңыздылық пен мәнсіздіктің ара жігін ашуға көмектеседі. Яғни 
құндылықтар табиғатында адамзат тегінің өзі өмір сүріп отырған әлемді 
рухани-практикалық тұрғыдан игерудің тәжірибесі жинақталған. Осы тұрғыдан 
мәдение пен құндылық ажырамас бірлікте болады, құндылық мәдениет 
болмысының құрамдас бөлігі болып табылады. 
Өзін-өзі тәрбиелеу – жеке адамның өз кемшіліктерін жою мақсатында 
жасайтын саналы да, жүйелі іс-әрекеті болып табылады. Жеке адамның 
әлеуметтік талаптарға деген жауапкершілігін арттырып, жағымды қасиеттері 
қалыптастыру үрдісі. 
Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін зерттеу философтар, психологтар, физиологтар 
және педагогтарды қызықтырады. Философтар қоғам мен жеке адамның 
дамуындағы теориялық сұрақтарын қарастырса, психологтар өзін-өзі танудың 
табиғаты, оның пайда болу мәселесін анықтаса, ал педагогтар тәрбиелеу мен 
өзін-өзі танудың өзара байланысы мен өсіп келе жатқан ұрпақтың өзін-өзі 
тәрбиелеудегі өзін-өзі танудың роліне ерекше мән беріп зерттейді. 
Өзін-өзі тәрбиелеу – жеке адамның өнегелі психологиялық қалыптасу 
мақсаттылық, еріктілік пен саналы үрдіс. Өзін-өзі тәрбиелеу сыртқы жағдайлар
тәрбиемен ұшасып жатуы тиіс. Өзін-өзі тәрбиелеу динамикалық құбылыс. 
Көптеген зерттеулерде жеке адамның дамуымен өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты 
мен тәсілдері қоғам дамуымен ілесе отырып өзгереді. Өзін-өзі тәрбиелеу жеке 
адамның дамуы мен іс-әрекетінде өнегелі немесе физикалық, эмоцианалдық, 
еректік немесе интеллектуалдық және эстетикалық өзін-өзі тәрбиелеу болуы да 
мүмкін. Жеке адам өзінің негізгі жоспарымен, өмірлік бағытына, белгілі өмір 
кезеңінде болатын нақты мақсатына байланысты қажетті қасиеттерді тәрбиелеп 
отырады. 
Адам саналы жан ретінде үнемі өзінің іс-әрекетін басқаларға белгілі себептерге 
байланысты атқарған істеріне есеп беріп отырады. Мотив – жеке адамның іс-
әрекетіне әсер етуші күш. Ол сонымен қатар ішкі де күштерді талаптандыруы 
мүмкін. Мысалы, сыртқы талаптарға экономикалық, саяси, өмір жағдайлары, 
әлеуметтік идеологиялық және моральдық және жеке адамға ұжымның қоятын 
талаптары жатады. Егер сыртқы талаптар жеке адамның қызығушылықтарымен 
сәйкес келсе, онда оған қалаулы бола отырып, оның белсенді әрекетіне түрткі 
болады. Ішкі талаптарға материалдық және рухани қажеттіліктерге 
қызығушылықтарына сенімдерін көрсететін түрлі әлеуметтік мақсаттармен т.б. 
жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу тек жеке адамның ғана емес, қоғамдық маңызды іс-
әрекет. А.Г.Ковалев, Л.С.Сапожникова т.б. зерттеушілер жеке адамның өзін-өзі 
тәрбиелеуінің негізгі мотивтерін: 
1. Әлеуметтік моральдық талаптар 
2. Ұжымның сыйлауы мен әлеуметтік орныға ие болуға талпыну 


499 
3. Жарыс 
4. Сын мен өзін-өзі сынау 
5. Үлгі 
6. Материалдық қызығушылық 
Адамның өнегелі - психологиялық қасиеттері біртіндеп қалыптасып жетілсе, ал 
өнегелік өзін-өзі жетілдіру бойынша жұмыс пен өнегелік талаптарын түсіну 
тереңдігіне байланысты өмір сүру процесінің барысына созылуы мүмкін. Жеке 
адамның ұжымда құрметті және сыйлы адам болуға жету өзін-өзі тәрбиелеудің 
мәнді мативтерінің бірі. Сондықтанда жеке адам ұжымда сыйлы болуы үшін ең 
бастысы өнегелі, тәртіпті болуы керек. Жеке адам көп жағдайда өзімен жұмыс 
істеуіне жігерлі және мейірімді адамның іс-әрекеті үлгі болады. Ол көркем 
шығарманың кейіпкері, шынайы өмірдегі адам болуы да мүмкін. Адам жақсы 
жұмыс істеуге, өз біліктілігін көтеруге, жоғары жалақы алуға ұмтылады. Мұны 
түсінген адам өзінің қоғамдық еңбектік қызметтерді орындауға дайындау үшін 
өз бетімен білім алып, өзін-өзі тәрбиелеуге үмтылады. Адам қоғам мүшесі 
болғандықтан, оның өзін-өзі тануна және өзін-өзі тәрбиелеуіне көп 
факторлармен қоса, өмір жағдайларыда әсер етеді. Сондықтанда жеке тұлғаның 
дамып қалыптасу барысындағы өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне тигізетін ықпалы 
зор деп есептейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет