Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет77/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak


часть находится в соседнем Сырымском районе), Киндыкты и как лесная дача 
Карагаш. Все они расположены на юге района. 
 
Литературы 
Салихов Т.К., Салихова Т.С. Геологическая и гидрологическая оценка территории 
проектируемого природного резервата "Бокейорда" Западно-Казахстанской области 
/Гидрометеорология и экология. - 2017. - № 3. - С. 146-153 
Петренко А.З., Джубанов А.А., Фартушина М.М., Иркалиева Р.М., Рамазанов С.К., Сдыков 
М.Н., Дарбаева Т.Е., Кольченко О.Т., Чернышев Д.М. Зеленая книга Западно-Казахстанской 
области. Кадастр объектов природного наследия - Уральск: изд-во РИО ЗКГУ, 2001. - 194 с. 


216 
 
УДК 574:504 (911) 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ ЖЕР 
РЕСУРСТАРЫ
Салихов Т.Қ. а.ш.ғ.к., доцент 
Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан 
 
Резюме 
В статье рассматривается структура земельных ресурсов Чингирлауского района Западно-
Казахстанской области и их распределение по различным формам хозяйствования. В 
статье даны рекомендации по рациональному использованию земельных ресурсов. 
Описывает роль сельского хозяйства в экономике и регионе в целом. В статье приведены 
статистические данные о размерах сельскохозяйственных угодий и интенсивности 
изменения удельного веса каждого типа земель. 
 
Summary 
Тhis article discusses the structure of land resources of the Chingirlau district West Kazakhstan 
region and their distribution in various forms of management. The article gives recommendations 
on the rational use of land resources. Describes the role of agriculture in the economy and the 
region as a whole. The article gives statistical data on the size of agricultural land and the intensity 
of changes in the specific gravity of each type of land. 
Жер ресурстары - материалдық құндылықтарды құрудың маңызды алғышарты 
және табиғи негізі болып табылады. Жер ресурстары аумақтың көлемімен және 
сапасымен: рельефі, топырақ жамылғысы мен басқа да табиғи жағдайлар 
жиынтығымен сипатталады.
Жер ресурстарын ұтымды пайдалану ауыл шаруашылығы және тұтастай ел 
экономикасында үлкен маңызға ие. Адамның өндірістік қызметінің 
салаларында жердің рөлі бірдей емес. Өнеркәсіпте ол фундамент немесе 
өндірістің орналасуы үшін кеңістіктік операциялық негіз ретінде жұмыс істейді. 
Ауыл шаруашылығында өнімді өндіру жердің сапалы күйімен, табиғаты мен 
оны пайдалану шартымен байланысты. Ол ауылшаруашылық өндірісінің 
үдерісі мүмкін болмайтын маңызды өндірістік күш.
Ғасырлар бойы тәжірибе көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің өміршендігі мен 
өркендеуінің негізгі көздері оның жер ресурстары және онда тұратын адамдар 
болып табылады [1].
Ауыл шаруашылығындағы ерекше және негізгі өндіріс құралы ретінде жердің 
басқа өндіріс құралдарынан ажырататын бірқатар сипаттамалары бар. Олардың 
ең бастылары:
- жер - басқа өндіріс құралдары сияқты адам еңбегінің нәтижесі емес, ол- 
табиғат өнімі;
- жер - өндірістің таптырмайтын құралы, ол кеңістікте шектеулі;
- жер - тұрақты орналасуымен сипатталады (орны тұрақты);

жер өндiрiс құралы ретінде басқа табиғи ресурстармен тығыз 
ынтымақтастықта пайдаланылады - су, күн энергиясы, ауамен және т.б;


217 
- жер - өндiрiстің басқа құралдарына қарағанда моральдық және физикалық 
тозуға аз ұшырайды;
- жер - планетадаға барлық тіріні сақтаудың негізі.
Ауыл шаруашылығында жер топырақ жамылғысы, сулары және өсімдіктерімен 
ерекше орынды алады. Жер еңбекті қолдану саласы. Адам жерге әсер еткен 
кезде, ол физикалық және химиялық қасиеттерінің (құнарлылығының) 
арқасында, өсімдіктердің өсіп-өнуін және ауыл шаруашылық мәдениеттері 
өнімін қамтамасыз етеді.
Жер ауыл шаруашылығының негізі болып табылады, онда өндірістің және 
көбеюдің экономикалық процестері табиғи процестермен араласады. Қолданыс 
деңгейіне байланысты тозатын, жойылып кететін, және ақыр соңында 
жарамсыз болатын басқа өндіріс құралдарынан айырмашылығы, жер ұтымды 
пайдаланылатын болса үнемі жақсарып, жаңа қасиеттерге ие болады, оның 
құнарлылығы артады. Осындай жерді қайталап пайдалану рұқсат етіледі, себебі 
топырақ құнарлылығы, оған адамдардың дұрыс әсер етуі арқылы біртіндеп өсуі 
мүмкін.
Жерде қалалар, ауылдар және басқа елді мекендер, зауыттар, жолдар, электр 
станциялары және т.б. орналасқандықтан - жер тұру орны және кеңістіктік негіз 
болып табылады. Кен өндіру өнеркәсібінде жер өзіндік қойма түрінде жұмыс 
істейді. Оның қойнауынан көмір, мұнай, газ және көптеген басқа да пайдалы 
қазбалар мен метал емес шикізат алынады. Ауыл шаруашылығы өндірісінде 
жер негізгі өндіріс құралы болып табылады. Жер - табиғаттың өнімі және 
адамның өндіріс процесіне қатысқаннан кейін ғана ол ауыл шаруашылығы 
өнімдерін жасау кезінде негізгі өндіріс құралы ретінде әрекет етеді. Өндіріс 
құралдарының көмегімен адам жер бетінде әрекет етеді және ол қазірдің өзінде 
еңбек нысаны болып табылады. Өндірістің негізгі құралы ретінде жердің басқа 
да өндіріс құралдарынан айтарлықтай айырмашылығы, ерекшеліктері бар.
Ауыл шаруашылығы өндірісі және орман шаруашылығында жер бір мезгілде 
үш бір-бірімен байланысты формада әрекет етеді:
- ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының өнімдерін өндіретін 
кеңістіктік негіз;
- өсімдік және басқа да өнімдерді алу мақсатында топырақ пен өсімдіктерді 
қайта өңдеу арқылы адам қызметінің бағытын белгілейтін еңбек объектісі;
- сыртқы ортадағы белгілі бір жағдайларда адам өз қызметінің нәтижелерін - 
өнімді алатын еңбек құралы (құралдары).
Сондықтан ауыл шаруашылығында жер - өндірістің негізгі құралы. 
Классикалық экономикалық теорияның негізін қалағандардың бірі, XV 
ғасырдағы ағылшын экономисі Уильям Петит «еңбек - бұл әке және белсенді 
байлық принципі, ал жер - оның анасы» дептұжырымдаған.
Елдің экономикасының жетекші салаларының бірі болып саналатын ауыл 
шаруашылығындағы жер ресурстары өндірістің негізгі құралы болып 
табылады. Жерді қалай пайдаланудан, еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін 


218 
өндіру бойынша экспорттық әлеуеті де, елдің азық-түлік қауіпсіздігі де 
байланысты болады.
Бүгінде Шыңғырлау ауданының жер көлемі 7,2 мың шаршы шақырымды алып 
жатыр, яғни 720 мың гектарды құрайды. Барлық облыс аумағының 4,8 % алып 
жатыр. Ол облысымыздың солтүстік – шығысында орналасқан және 
солтүстігінде Ресейдің Орынбор облысы, шығысында Ақтөбе облысы Қобда 
ауданымен, оңтүстігінде БҚО Қаратөбе, Сырым аудандары және батысында 
Бөрлі аудандарымен шектеседі Ауданның жер бедері Орал маңы үстірті мен 
Орал аңғары жазығының маңын алып жатқандықтан әртүрлі болып келеді. Бұл 
өңірдің жері солтүстік-шығыстан бастап неғұрлым биік болып басталып, 
оңтүстік – батысқа қарай аласара береді. Ауданның шығысындағы Отрадный 
ауылының солтүстігінде осы өңірдің ең биік нүктесі – Шыбынды тауы жатыр. 
Оның биіктігі теңіз деңгейінен 273 м. Ауданның ең төменгі нүктесі – Бөрлі 
ауданымен шектес Елек өзенінің жарлауыт беттерінде орналасқан, бұл ара теңіз 
деңгейінен 63 м биікте жатыр. Ауданның жер беті жонды – төбелі жазықты 
құрайды. Ал Елек, Шыңғырлау өзендері мен олардың суайрықтары 
жарқабақты, биік кемерлі болып келеді. Жер бедерін сипаттағанда тоқталып 
өтетін ірі нысандардың арасында ірі еңісті, бірегей эолды жазық – Қарағаш 
және Аққұм құмды алабы бар. Бұл алаптарда құмды жер бедерімен қатар 
батпақ, өзен, ірі орман шоқтары орналасқан.
Ауданның дала өзендері де негізінен ормансыз және аз сулы болып келеді. 
Көпшілігі тұрақты ағыны болмағандықтан жаз айларының соңына қарай кеуіп 
те қалады. Бұл өзендерге Шыңғырлау, Ащы өзендерінің жоғары және орта 
ағыстары, Жусалы, Қуағаш және басқа да кішкене өзендердің жоғары ағыстары 
жатады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан Шыңғырлау ауданында «Ақ-Құм» 
мемлекеттік табиғи қорықша мен «Қара-Ағаш» мемлекеттік аңщылық 
шаруашылық резерваты бар. Ақ-Құм жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи 
қорықша 1992 жылы құрылған және 7,5 мың гектар жерді алып жатыр. Ол 
Аққұм құмды массивін, Қандықты, Сегізсай, Қаратал шатқалын қамтиды, 
болашақта Баянас шатқалымен шекарасы 9,0 мың гектарға дейін артады.
Құмды массивтің аумағы айтарлықтай биологиялық алуантүрлілікке ие, онда 
өсімдіктің 243 түрі бар, оның 56-сы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 
және аймақтың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне 
енгізуге ұсынылған.
Аққұм құмдарының оңтүстік, солтістік және батыс бөлігінде Кіндікті және 
Қаратал шатқалдары орналасқан, олар көлдік типтегі батпақты ойпаттарда 
орналасқан орман массивтері болып табылады. Олар көптеген сирек кездесетін 
өсімдік түрлері үшін баспана болып табылады. Құмды массивтің батыс 
бөлігінде Сезізсай шатқалында аралас бұта қауымдастығы бар қайынды 
көктересті сай орманы орналасқан.
Аққұмның жануарлар әлемі ормандық, далалық және шалғындық тұрлерінің 
қоспасы арқылы ерекшеленеді. Мұнда жабайы жануарлардың 100- ге жуық 


219 
түрлері, соның ішінде құстардың 60 түрі, сүтқоректілердің 20 түрі, бауырымен 
жорғалаушылар мен балықтың 7 түрі және қосмекенділердің 3 түрі таралған. 
Қызыл кітапқа енгізілген ең құнды құстар тіршілік етеді: дуадақ, безгелдек, су 
соқыр т.б.
Құмды массив аумағы – аумақтың маңызды ландшафттық резерві. Болашақта 
Баянас маңындағы аудандардың есебінен қорықшаның ауданын ұлғайту және 
оны мемлекеттік ландшафттық резервке қайта құру жобасы бар.
Қара-Ағаш – мемлекеттік аңщылық шаруашылық – 1971 жылы құрылған. Ол 
Бұлдырты өзенінің жоғарғы жағалауында 17,7 мың гектар жерді алып, Қара-
Ағаш орманың (900 га) және іргелес Шыңғырлау ауданының Бигулы құмды 
массиві аймақтарын қамтиды. Шаруашылық аумағында 138 өсімдік түрлері 
анықталды, солардың арасында солтүстік орман түрлері басым, дала және 
шөлдік аз. Жануарлар әлемінде сүтқоректілердің 20 жуық түрі (кеміргіштер, 
түлкі, қорсақ, қабан, ергежейлі егеуқұйрық, бұғы және т.б.), 50 жуық дала және 
дендрофильді құстар – үкілер, дала бүркіті, бозторғай, дуадақ т.б. басқалар жиі 
кездеседі. 
Қазіргі таңда Қараағаш аумағында облыстық маңызы бар аңшылық 
шаруашылықтары құрылған. Аңшылық шаруашылығының бай ландшафты 
және биологиялық әртүрлілігі мұнда мемлекеттік қорықша кешенін құру 
қажеттілігін тудырады [2].
201 жылдың 1 қаңтарында халық саны 15,4 мың адам болды, ол БҚО халық 
санының 2,5 % құрайды. Аудан орталығы Шыңғырлау ауылы, ондағы халық 
саны 8,1 мың адам. Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлімі 8 ауылдық округтер 
(Алмаз, Ащысай, Ақбұлақ, Ақтау, Қарағаш, Ақшат, Ардақ, Шыңғырлау) мен 25 
ауылдық елді мекендер кіреді. Ең ірі ауылдық округ – Шыңғырлау – ауданы 
111992 га жерді алып жатыр [3].
Қазақстан Республикасының жер қоры оның мақсатына сәйкес мынадай 
санаттарға бөлінеді:
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2. Елді мекендердің (қалалардың, елді мекендердің және ауылдық елді 
мекендердің) жерлері;
3. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк 
және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер;
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, демалыс, рекреациялық және тарихи-
мәдени мақсаттағы жерлер;
5. Орман қорының жерi;
6. Су қорының жерi;
7. Резервтік жерлер[4].
Бүгінде нарық жағдайында жер ресурстарын пайдалану мәселелері пайда 
болды. Олар жердің барлық санатына тән, мысалы: ауылшаруашылығы 
мақсатындағы жерлерде ауданның барлық дерлік аумағында жер сапасының 
нашарлауының тұрақты үрдісі байқалып, топырақ құрамындағы гумустың, 
қоректік заттар, өсімдік жамылғысының түр құрамы және оның өнімділігінң 


220 
азаюы азық қоры потенциалының төмендеуіне әсер етті. Ауыл шаруашылығы 
алқаптары деградация мен ластануға ұшыраған және құнарлылығын қайта 
қалпына келтіру қабілетін жоғалтады [6]. 
Жер көлемінің өзгеруіне байланысты олардың трансформациясымен жер 
қорының құрамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды: жердің кейбір 
түрлерінің үлесі артады, басқалары азаяды.
1-кесте – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы 
жерлерін бөлу 
№ 
Ауылдық 
округтер 
атауы 
Жалпы 
аумағы 
(га) 
Егістік Көп-
жылдық 
екпелер 
Тыңый
-ған 
жер 
Шабын
-дық 
Жайылы
м 
Бақш
а 
Барлығы 
ауыл 
шаруашыл
ығы 
жерлері 
1 Алмаз
106285 26029 
46,1 
439,1 
720,6 
75663,2 
7,4 
102905,4 
2 Ащысай
62794 
25455 
4,02 
36,6 
3330,0 31325,3 
66,6 
60217,52 
3 Ақбұлақ
86666 
26241 
27,2 
173,8 
102,0 
58117,0 

84661 
4 Ақтау 
86947 
26850 
24,7 

4592,0 53500,0 

84966,7 
5 Қарағаш
106839 18364 
5,5 

2457,0 82170,0 
13,1 
103009,6 
6 Ақшат
81455 
34985 
32,1 
6,02 
192,0 
41251,4 
10,3 
76476,82 
7 Ардақ
80011 
33553 
8,6 

352,3 
44699,0 

78612,9 
8 Шыңғырлау
111992 38933 
5,6 
1,4 
5212,0 60184,0 100,4 104436,4 
Біз ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану қарқындылығы тұрғысынан 
қарастырсақ ең қарқынды пайдаланылатын және жақсы қайтарым қамтамасыз 
ететін - егістік жерлер, содан кейін шабындықтар мен жайылымдар, содан кейін 
табиғи шабындық және жайылым учаскелерi. Сондықтан, шаруашылықта жер 
пайдалану қарқындылығы дәрежесін бағалау үшін ауыл шаруашылық 
жерлерінің жалпы ауданындағы әр алқап түрінің үлес көрсеткіштері 
динамикада қарастырылуы тиіс[5].
Жердің сапасы өндіріс құралы ретінде топырақпен ғана емес, басқа да табиғи 
факторлармен (рельеф, климат, іргетас жыныстар және т.б.), сондай-ақ адамның 
экономикалық белсенділігіне байланысты анықталады. Сондықтан, жер 
сапасын есепке алу кезінде, жердің өзіндегі өзгерістер, жердің уақыт пен 
кеңістіктегі дамуы туралы өнеркәсіптік-генетикалық жіктелуі беріледі.
Ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану тиімділігін арттыру үшін келесі 
ұсыныстарды жүзеге асыру қажет:
- Топырақ, геоботаникалық, рекультивация, агрохимиялық және басқа да 
зерттеулер жүргізу және жерді сапалы бағалау бойынша жұмысты жалғастыру.
- Ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамдылығы бойынша ауыл 
шаруашылығы алқаптарын жіктеуді жүзеге асыру.
- Жер сапасын тұрақты мониторингілеу жүйесін қайта құру.
- Мелиорациялық жерлерді қалпына келтіру жөніндегі шараларды әзірлеу және 
іске асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет