Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет27/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
55 
- Сүйіндік, Жексен, Сүгір - үшеуің де алдымызға түс! Аттарыңа мін! Жүр 
әне Бөжейге! Елден жырыла қашып оңбайсын түге! Бөжейге барамыз. 
Ағайынға салмак саламыз. Тіпті жан ашыр жоқ болатын болса, арғысын содан 
әрі көрерміз! - деді. 
Сүйіндік пен Сүгірді, Жексенді қосып алған осы топ дәл осы күн түсте 
Шыңғыстағы Бөжей аулына келді. Оның қыстауы Тоқпамбет дейтін қалың 
шалғынды, мол тоғайлы, ең бір кұйқалы қыстау еді. 
Бөжей өз атасы Қеңгірбайдан ата қоныс есебінде мұра қып қалған жер осы. 
Бөкенші тобы келген соң, Бөжей ілезде кісі жіберіп, жақын жердегі 
Байдалы мен Түсіпті шақырып алды. Не де болса Жігітектің ақылы бір жерден 
шықсын дегені. 
Бұ топта Сүйіндік шешіліп сөйлеген жоқ. Кібіртіктеп, қылғынып 
сөйлегендей болды. 
- Ағайының келіп отыр. Ақылыңа қоңсы қона келіп отыр. Не дейсің? 
Нұсқайтұғын бетіңді айт! - деді. 
Бөжей мұнын ішкі сырын білмеп еді. «Дағдылы қорқақтығы, Құнанбайға 
қарсы шаба алмайтын ежелгі маймақтығы» деп, мырс етіп, мұрт астынан күліп 
қойды. Бірақ Суйіндік сондай солғын болғанмен, өзге көпшілік олай емес. 
Оның ажарын сүймей, мойнын сырт қайырып, сұрланып отырған Дәркембай 
Бөжейдің күлкісін сезіп қап: 
- Бөжеке, кібіртіктей-кібіртіктей болдық қой. Тура баспас тобан аяқ болған 
соң иыққа ит те, құс та шығад та!.. Тек қана «шөк-шөк» дей бермей, осы бізді де 
ел қылатын, ер қылатын ақыл айтшы! – деді. 
Байдалы осындай ер мінезді жақтайтын. Тура айтқанды сүйетін, өзі де 
қайратқа, қимылға бой ұрғыш адам. Жігітектің қол күші, көбінесе, осы Байдалы 
басынан айқын көрінетін. 
- Өй, Сүйіндік, сен ақылды мына Дәркембайдан сұрасаң етті. Еркектің сөзі 
мына кедейде жатыр ғой, мынау ер кедейде! - деп кеудесін көтеріп 
Дәркембайға сүйсіне қарады. 
Бөжей бұл тартысты әуелі қолмен емес, жолмен бастап көргенді мақұл деп 
білген. Қолдан келсе, бұл жолы Құнанбайды келеге салып әшкерелеп, көп 
алдында тентек қып алмақ. Мына келген Бөкеншіге, ертең болатын бәленің 
артын да ашып айтып, танытып қоймақ. Әуелі осыдан бастау лайық. 
-Бөбен, Борсақ бауырымсың. Саған тигені - маған тигені. Сенен шет қалып, 
амандық, тыныштық іздемеспін. Бірақ Құнанбайдың дегені болса, сені мен мені 
де тату қып, туысқан қып қоймақ емес-ау. Талшоқы, Қарауыл, Балпаң деген 
жерлерді атапты деп есіттім. Осының түбін ойламаймысың? - деп, бар жиынға 
барлай қарап, аз үндемей отырып: - Мұнысы Кішекең, Бөбеңнің жер жапсары 
бір болсын. Екі атаның ұрпағы жерлес болса, татулықтан кетеді. Жақын 
отырып, бес тал көде мен бір ұрттам суға да қиталасып таласа берсін дегені. 
Атадан нәсілге арылмас жік қалсын дегені ғой. Бірақ оның ойлағанының бәрі 
бірдей ерге баса бермес. Туысқандығым туысқандык. Күндердің күні боп, 
Талшоқы мен Қарауылға келер болсаң, орның әзір. Барымды ортаға сап, түс 
шайыспай-ақ үлесемін. Ол өзі бір төбе. Ал, бірақ одан бұрын айтысып көрейік. 
Ара ағайын Кішекең екен. Біз кіріспей кім кіріседі? - деп, Түсіпке қарап отырып, 
- ағайын келісіне мынауың тентек, мынауың зорлық! - дегенді айтып көрейік. 


 
56 
Қалған іс пен сөзді содан соң шешейік... Мақұл ма? – деді. Бөкенші жиыны да, 
Байдалы, Түсіп те бұны мақұл десті.
Ендеше, Түсіп, сен атқа мін! Осы сөзді алып, Құнанбайға барып, жауабын 
бүгін әкел! - деп, Бөжей сөзін бітірді. 
Түсіптің баратыны осымен шешілген соң, Байдалы: 
- Тек, жалғыз-ақ, арыла сөйлес. Айтатынның бәрін айтып кел. Бұға-бұға 
болғамыз. Ат кекілін кессең де, қатты айтып, ел өкпесін түгел жеткіз! - деп, 
Түсіпке өзі де ашумен сөйлеп, нық қайрат берді. 
Осы сөзді қатты ұстап, Түсіп сол күні кешке Құнанбайға кеп сөйлесті. 
Құнанбай Қарашоқыға үлкен бәйбішесі Күнкені қыстатпақ болған. Өзі сол 
ауылда екен. Түсіп екінті кезінде келді де, Құнанбайды оңаша шығарып, дөң 
басына отырып, ұзақ сөйледі. Алыстан бастап, «береке-бірлік» керегін айта кеп, 
ең аяғында: 
- Мынау ісіңе Бөбең емес, исі Кішекең де наразы... - дей беріп еді, 
Кұнанбай бұған жалт қарап, қатты зекіп: 
- Наразының жоқшысы Кішекең болмак па? Ендеше мынау Керей, Уақ, 
анау Сыбан тегіс наразы. Оңды-солдың бәрі өкпелі. Кімге өкпелі? Ұрлады, 
барымталады, ақ малымның есесін бермейді деп, дәл Кішекеңнің өзіне наразы. 
Байдалы, Бөжей, мына Түсіп сен... дәл сендерге наразы. Бөкеншіні айтқанша өз 
басыңды ақтап ал! Ұры менен қарынды тыйып ал! - деді. 
Түсіп бұл араға қатты ашуланып еді, даусы да қатаң шығып кетті. 
- Телі мен тентек қайда болсада бар болатын, Құнанбай! Бөжей мен Түсіп 
өзі ұры ма еді! Ара ағайынның сөзін айттың, қарындастың көз жасын айттың 
деп, тағы жазғырмақпең? Ақ та болсам, жоқ сылтаумен тағы арандатпақпең! 
Бөжей, Түсіп арам болса айтарсын! Ақ болса, жазықсыз болса, неңді айтасын?
- Айтқаным айтқан, жазықтысын, арамсын... 
- Ендеше міне, зауал уақты... сал мойныма арамымды! - деп, Түсіп дір-дір 
етіп, жүгініп алды. 
- Арамың сол, Бөжей маған қақпан құрғанын қойсын! Біреудің сыртын 
бетке ұстап жүріп, маған арнап оқ атқанын қойсын! Енді осыдан қоймайтын 
болса, ағаш оғын аямасын, тегіс атсын! Бірақ қашан айттың демесін! Ендігі 
керді тап өзі көреді. Өз басы көреді! Ал, Керей, Уақтың малын бересін! 
Бергіземін! Ертең үстіңе сияз құрғызамын. Бұл бір. Екінші, Бөкенші сөзінен 
аулақ кетсін. Тартсын аяғын. Тарт аяғыңды! Ара ағайын сен емессің. Саған 
сынататын сөзім емес. Бәле іздемесең, кіріспе! Кіріссең, алысқалы әдейі кірістің 
деп білемін. Бар, айт осынымды!.. Тегіс жеткіз Бөжей мен Байдалыға! - деді. 
Сөз осымен бітті де, екеуі екі айрылып кетті. 

Осының ертеңінде, түске таман Майбасардың екі ат шабары - Қамысбай, 
Жұмағұл шапқылап кеп, Жігітек ішіндегі Үркімбай аулына түсті. 
Қыстауының жанында отырған алты үйдің барлық иті абалап шығып еді
атшабарлар ақырып, қамшы үйіріп ұмтылып, бездіріп жіберді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет