Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет25/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
51 
Ырғызбайға да Шыңғыстай арқа тірек пана керек... Ырғызбай да етек алған ел 
болды. Жатың емес, туысқаның. Есе бермей, қумадан туып па? - деді. Дауын да, 
байлауын да өзі айтты. 
- Сонда Бөкеншіден қанша қыстау алмаққа ұйғардың, мырза? - деп, 
Сүйіндік енді бұл салықтың көлемін байқайын деді. 
- Бөкенші Шыңғыстың бұл тұсындағы бар қыстауды береді. 
- Е, біз қайда кетеміз, - деп, Жетпіс күйіп кетті. 
- Шығара қуылған Бөкенші болғаны ма? 
- Ауып кетсін деген сөз ғой бұл?! 
- Жан ашырдың жоқ болғаны ғой! - деп, бағанағы көпшілік тағы 
қозданайын деп еді, Құнанбай Сүйіндікке қадалып тұрып, қамшысын жаңағы 
сөйлегендер жаққа нұсқап: 
- Тоқтат, аналарыңды! - деп, ақырып қалды. Сүйіндік өз басын аршып, 
Құнанбай жағына тайсалақтап, жігіттеріне: 
- Әй, өрекпіме демеп пе ем, көп шуылдақ?! Қысқарт енді! - деді. Жұрт 
еріксіз басылып қалды. 
- Бөкенші, Борсақ! Қыстауыңды алғанмен далаға қаңғытады деп пе ең? 
Алсам, текке алмаймын, беріп алам. Осы Шыңғыстың өз бойынан қыстау беріп 
алам. Ана Жігітек пен Көкшенің арасынан барып орнайсын. Төрі - Талшоқы, 
ылдиы - Қарауыл, Балпаң. Бар да сонда орнай бер. Мына көштеріңді қайырып, 
солай беттеңдер, байлауым сол! - деді. 
Осы кезде күнбатыс жақтан және күншығыс жақтан да бірнеше аттылар 
кеп, Сүйіндік тобына қосылып еді. Батыс жақтан келген екі аттының біреуі 
Сүйіндіктің үлкен баласы Асылбек болатын. 
- Біздің кыстауға Жақып, Жортар қоныпты... Енді қайттік?! - деді. 
Шығыс жақтан келген Сүгірдің көршісі Қабас еді. 
- Біздін қыстауларға ЬІрсай, Мырзатай, Үркер орнапты... Көшті қайттім? 
Жүк түсіре алмай дағдарып тұрмыз, - деді. Осындай қыстаудан, ата қоныстан 
айрылған ауылдардың жас, кәрі азаматы енді жан-жақтан, төрттен-бестен келіп 
жатыр. Бәрінің түстері сұрланған. Түтігіп, ыза кернеп, булығып келген кісілер. 
Арттағы көштегі еркек-әйелдердің - бәрінің де наразылығын, қарғысын, 
ашу-намысын ала келген сияқты. 
Бөкенші, Борсақ тобы көбейе берді. Бірақ Құнанбай қайысар емес. 
Сүйіндік өз елінің күйзелгенін танып тұр. Өзінің де қор болып, аяқасты 
болғанын әбден түсінді. 
- Қайтейім, мен қайтейін?.. Жаттан көрсек бір сәрі еді, - дегенде, Жетпіс: 
- Әділет деген құрығаны ғой! - деп қалды. 
- Жан ашырдың біткені ғой!.. 
- Бүйткенше, қаңғытып қусашы, бұл қор болған Бөкенші, Борсақты! - деп, 
көпшілік тағы ашу жия бастап еді. Дәл осы уақытта Құнанбай қасына екі топ 
аттылар келді. Алдыңғы тобы он шақты кісі. Мұны бастаған Байсал екен. 
Қасында Көтібақ ішіндегі ең ірікті атқамінерлер. Бұлар бастығы Байсал боп кеп 
Құнанбаймен ашық, жарқын сәлемдесіп: 
- Қоныс қайырлы болсын, мырза! 
- Қайыры ұзақ болсын!.. 


 
52 
- Мекенің қайырлы болсын!.. - десіп, жабырлап құттықтап жатыр. Осы 
топтың артынан іле, тағы бір топ келді. Бес-алты кісі еді. Мұны бастаған шал - 
Құлыншақ. Торғай руының ең жуаны. Құлыншақтың қасында бес азамат 
баласы бар екен. Белгілі «бесқасқа» деп атанған өңшең жауынгер, найзагер, 
батыр ұлдары. 
Құлыншақ та Құнанбайға тақап кеп: 
- Қарағым Кұнанжан, амансың ба? Қонысың қайырлы болсын!.. - деді. 
Бөкенші, Борсақ енді таныды. Ырғызбай жалғыз Ырғызбай боп, мына 
зорлықты істеп отырған жоқ. Көтібақ, Торғай, Топай руларының да бар жуан, 
содырлары Құнанбай ісін құптаған тәрізді. 
Сүйіндіктің дәме қылары Көтібақ еді. Тым құрмаса, «бір тоға, берік Байсал 
Құнанбай ісінен сыртқары болар» деп ойлаушы еді. 
Астыртын не сөз болған? Не сыр бар?.. Мәлім емес. Қалай да мына 
ажарына қарағанда, Құнанбай иісі Олжайдың бар жуандарын түгел соңынан 
ертіп алған көрінеді. 
Амандаса келген, қайырлы босын айта келген Байсал, Құлыншақ дәл 
бүгінгі күн, құр амандасу емес, Бөкенші, Борсаққа қыр көрсете келіп тұр. 
Құнанбай соны әдейі істетіп отыр. 
Мұны жалғыз Сүйіндік емес, Жексен де сезді. 
- Апыр-ай, ата қонысым еді. Одан қала берсе, осы жиын, осы бәріңнің көз 
алдыңда, кешегі көктемде ғана, осы мынау тастың бауырында Борсақтың бір 
баласының қаны тамып еді ғой. Ер азаматымның қаны тамған жер еді ғой! - 
деді. Бұл сөз - дәл бұл жиынның күтпеген сөзі. Сүйіндік өз ішінен: 
«Алдырған албырт деп оның несін айтты екен?» - деп, жақтырмады. 
Құнанбайға бұл сөз тіпті тосын болатын. Оны дау үстінде дәлел, далбай 
қылатын кісі болар демеген. Сондықтан жауабын ойламай айтты. Жексен 
айтқан сөзді, Бөкенші, Борсаққа тағы осы жерді алуына бір ұпай қып 
пайдаланбақ болды: 
- Не деп тұрсын? Алжығанбысың? «Ерім» дейсің! Ерің сол болса, сенің 
елдігіңде не қасиет қалды? Ол ер емес, Борсақ әруағынан садаға... тіпті 
Тобықты әруағынан садаға!.. Ол - сұмырай еді. Мен сол сұмырайды құртып, 
сонын із-тозы бітсін деп, бұл жерді, бұл өңірді әдейі басқаның мекені етіп 
тұрмын. Сандалған несі? – деді. 
Бөкенші, Борсақтың қалың жиынына мына сөз таспен ұрғандай тиді. 
Бәріне де бір сәтте Қодар өлімінің сыры, Бөкенші жерінің алыну сылтауы бір-ақ 
шешілгендей болды. 
Бұған келгенде Сүйіндіктің де шыдамы таусылып еді. 
- Ойпыр-ай, не дейсің? Әттен, аузыңнан айналайын Бөжей-ай, Қодар 
өлгенде: «Бұл шылбыр Қодардың мойнына ғана түскен жоқ. Бұйырса, Бөкенші, 
Борсақ, сенің мойныңа да түскен шылбыр болар» деп едің... Арманда кетіпсіп 
ғой, есіл ерім, Қодар-ай, - деп үні өшіп, атының жалын құшып, бүгіліп тұрып 
қалды. 
- Уа, қара бет басым! Қара басқан қу басым! Мен қуарған не еткен ит едім? 
Ойбай бауырым!.. Бауырым, Қодар - деп Жексен өкіріп жылап, атын борбайлап, 
Қодар қыстауына қарай шаба жөнелді. Сол-ақ екен, бар Бөкенші, Борсақ тегіс: 
«Ойбай бауырымдап» Жексеннің артынан шаба-шаба жөнелісті. Сүйіндік те 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет