Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет23/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
47 
Барлық жиын жаңғыз төбені дүрс-дүрс басып, Шыңғысқа қарай тартты. 
Көштер киыс етіп кетіп еді. Бірақ, бұл топ әлі асыққан жоқ. Аттылардың қалың 
ортасында Құнанбай келеді. 
Екі жағында он шамалы үлкен туысқандар. Әкесімен туысқан Үркер, 
Мырзатай, Жортар сияқты ағалары. Тоқал шешелерінен туған Жақып
Майбасар сияқты тұрғыластары және әлденеше інілер, немерелес туысқандар 
бар. 
Құнанбай өз басы бір шешеден жалғыз, бәйбішенің жалғызы. Қара 
шаңырақ иесі. Қалың дәулет пен әмір, билік иесі. Жасқа да көп туысынан өзі 
үлкен. Сол себепті, үлкен әкесі Ырғызбайдан тараған осы мына жиырма 
ауылдың мынандай топтарының ішінен бірде-бір жан әлі күнге Құнанбайдың 
алдынан көлденең шығып көрген емес. Тіпті, өкпеназы болса да, ашып-жарып 
айта алмайтын. Ал, бірақ Құнанбай сойыл соғарды, қол қимылды, тізе мен 
ызғарды керек қылған жер болса, бұл қауымның іркілетін бірі жоқ. Шоқтай 
жиын - мықты топ. Жер алуда, ел алуда, оңайдан мал табуда бұлар 
Құнанбайдың қабағын қалт еткізбей түсінеді. Неше қабат, бәйбіше-тоқал боп 
жатқанмен, Кұнанбай бұлардың араларындағы араздық болса, лезде жойып 
отырады. Араздық ұстағанын әлденеше рет пайдадан, олжадан қалдырып, 
жазалап отырып, өз ырқына көндіреді. 
Өзара бірлігі - үнемі табыс екенін жете танытқан. Соны ұққалы осы 
Ырғызбай шетінен бай боп алды. 
Соңғы уақытта, тіпті, ішінен атысып жүретін күндес қатындар да 
араздығын сыртқа шығара алмайтын боп алған. Олардың кәрісін де, жасын да, 
қайнысы не байы, не баласы от басынан әрі шығармай тұншықтырып, басып 
отырады. Болмағанын, не байына, не бір тентек қайнысына сабатып алып, 
өзгелері «шоқ-шоқ» деп те тұрысады. 
Осымен бар ынтымағын Құнанбайға бағындырған жиырма ауыл дәл бір 
ұялас бөрідей еді. Қалың Тобықты ішінде ең қолшыл, ең мықты болатын 
себептері де осы. Кішкене шеңбері берік болған соң, содан арғы маңайдағы 
аталастан - Топай, Торғай, Көтібақты да бұлар өз ынтымағымен тартып, басып 
алып жүреді. Әнет, Жуантаяқ, Сақ-Тоғалақ, Көкше сияқты саны көп, сыбағасы 
жоқ руларды да өздерінің айналасына қоршау қып, шырғалап, шырмап ұстайды. 
Ондайлармен Ырғызбай іші бірен-сарандап құда, жекжат боп алып та, «ұзын 
арқау, кең тұсау» жасайды. Кейде әдейі өздері түртіп, бір бәлеге ұрындырып, 
одан тағы өздері құтқарып алған боп та баурына тартады. 
Аз ауыл Ырғызбайды, кем қойса, басқа жиырма атаның ішінде, айқыш-
ұйқыш, ілік-шатыс, қарға тамырлы тұзақ шырмауығы жатады. Осындай 
шытырманның ішінен жапа-жалғыз Құнанбайды Құнанбай ететін күй туган. 
Ырғызбайдың мына тобы Құнанбайды қоршап келе жатқанымен: 
«Қайда көшіп барамыз? Неге көштік?» деген сөзді сұраған емес-ті. Дағды 
бойынша, «жаманға, залалға бастап бара жатқан жоқ! Күн ілгері көреміз 
»дескен. 
Алды аяңдап, арты желіп отыратын ұзын торы ат, өзге жиынның барлығын 
еріксіз бүлкектетіп, желдіріп келеді. Сонда да, тап ортадағы торы аттың бас 
мойыны өзге қатардан үздік шығып отырады. Жүріп келе жатқан топ намаздағы 
имамдай қып, аяңшыл торыны, зор денелі Құнанбайды алға салып келеді. 


 
48 
Бірен-саран жастардың аттарының басы оқыс ілгерілеп кетсе, қасындағы 
үлкендері зекіп, күбір етіп: «тарт, шегін!» деп, тойтарып тастайды. Құнанбай 
жалғыз көзімен оңды-солын шолып алған. Жиында Ырғызбайдан өзге жан жоқ 
екен. Әрқайсысының аулында көрші-қолаң, жалшы-жақпай «бұратана - кірме» 
деген көп болса да, бұл араға келтірмепті. Олар сойыл соғар. Бірақ келеге әсте 
кірген емес. Құнанбай жіті жүріп отырып, тобын бастап, көштің алдына түсті. 
Содан жиырма ауылдың жиырма басты адамына қазір Шыңғыс ішіндегі 
қай сай, қай қыстауға барып жетіп, шаңырақ көтеретінін айтып келе жатты. 
Сөзі ақылдасу емес - байлау. Атағаны - кесіп, пішіп қойған әмір менен бұйрық. 
Алты күннен соң осы Құнанбай ауылдары көшкен жолмен тағы бір мол 
көштер келе жатты. Бұл Бөкенші мен Борсақтың көші. Бұлар да Қызылшоқыдан 
өтіп Шыңғысқа кіргелі келеді. Малды көштер емес. Бірақ көшкен елінің саны 
көп. Жинақы боп, топтальгп көшпей, бытырып, ен жайылып, бет-бетімен келеді. 
Көш бойында ат мінген кісі аз. Әр көште бірен-саран еркектер мен көш 
бастаған қартаң әйелдер ғана ат үстінде. Олардан басқа бала-шаға, кемпір-шал 
және жас қатынның көбі жүк артқан түйелерге мініпті. Жылқысын отарға 
жіберіп, қысқа арналған мінгішті шақтап алған елдерге ұқсайды. 
Бірен-саран тайлаққа мінген, өгіз мінген еркектер де бар. Барлық қалың 
елдің ішінде екі-үш ауылдың көші ала бөтендеу. Ол Бөкенші руынан Сүйіндік, 
Сүгірдің көштері. Борсақ руынан Жексен көші. 
Осы көштердің алдына Сүйіндік, Сүгір, Жексен және басқа да кәрі, жастан 
жиырма шақты кісі оқшауырақ келеді. Бұл жиында әзіл-күлкі де, әңгіме де жоқ. 
Өңшең тон, шекпен киген сұрғылт топтың пішіні де, қазіргі күздің сұрғылт, 
жабырқау аспаны сияқты күңгірт, салбыраңқы. Әсіресе, Сүйіндік пен Сүгір, 
Жексен күпті сияқты. Көп жұрт соның аузына қарағанмен, Сүйіндік ақырын 
ғана: 
- Бара көрейік. Жүзбе-жүз көрісейік. Жауабын өз аузынан естейік! - деді. 
- Не де болса, бара көрейік те! 
- Не жөн, не жолға сыйғызады екен?.. Өзінен естиік! - деп Сүгір мен 
Жексен де соны кұптады. Бұл жиындағы жастар мен қартаң шаруалар түйіліп 
алған, қатты ашулы еді. 
Кұнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан 
тыс, күземді ерте алып көшіп еді. Жаз бойы Бөкенші мен Борсаққа 
Құнанбайдың қабағы келіспеген. Қырына ала берген болатын. 
Сүйіндік осыдан секем алып, әнеу күні Бөжеймен ақылдаса барса да, 
жауапқа жари алмай қайтты. 
Содан, күзеуде кейіндеп қалса да, ерте кеткен Ырғызбай жайын 
сұрастырып отырып еді. 
Қазірде Ырғызбайдың аталастары Топай, Торғай, Көтібақ та осы 
Бөкеншінің артынан ілесе көшіп келеді. 
Көштер Шыңғысқа кіре бере, сайды өрлеп, өзді-өзінің жылдағы қыстау-
қыстауына қарай тартты. Бөкенші, Борсақтың Шынғыс ішінде қыстау еткен 
жерлерінін ені оншалық мол болмайтын. Сол жердін орта тұсы Жексен 
қыстауы - Қарашоқы. Көктемде Қодарды асып өлтірген жер осы. 
Бірнеше көштерді сай-саймен өз жолдарымен жіберсе де, Сүйіндік, 
Жексендер бастаған еркектер тобы жұбын жазған жоқ. Бірталай қалың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет