54
Қамқаның бейітін құшақтағалы еңіреп келе жатқан Жексенді кеудедеп
қойып қап:
- Өй, қөзің ақсын, көзің аққыр өңшең!.. - деді.
Аз уақытта үш қабырдың басына еркектер ғана емес,
барлық көштердің
әйелдері де, жас-кәрісі де үйілген еді. Қалың ел болып, зар еңіреп, улап-шулады.
3
Бөкенші, Борсақ Шыңғыстан қайта серпіліп көшкенмен, Құнанбай атаған
жаңа қыстауларға бармады. Қызылшоқы, Қыдыр, Көлқайнарға жаппа тігіп
қонды да, көшпей отырып алды.
Бұл кезде өзге елдің бәрі де қыстау-қыстауларына жетіп, жайласқан
болатын.
Қора басына пішендерін тасу, тоңын аудару, қыс жағатын қиларын
қалап алу, мал қораның жыртық-тесігін бүтіндеу, үй сылау, пеш түзету сияқты
істері қыстық мекені бар елдердің бәрінің де тегіс жұмылған науқаны.
Осындай істерден сырт қалған және қайда барары мәлім емес Бөкенші,
Борсақ аз күннің ішінде ауған, босқан ел тәрізденді.
Құнанбай жорға Жұмабайды Сүйіндік пен Сүгірлерге жіберіп: «Ана
Қарауыл, Балпаң, Талшоқы бойынан таңдаған қоныстарын алсын! Және
жайлауына көлденең Шалқарды тұтас алсын! Бірақ көпке мұрындық болмай,
тез барып орнықсын!» деген. Шыңғыстан бір-бір қыстау алса, Қарауыл, Балпаң
тисе және, әсіресе, жайлаудағы екі өзен жеке меншіктеріне тисе,
тіпті өкініш
жоқ.
Осымен Сүйіндік, Сүгірлер өз есептері ұтылмайтынын білген соң, көш-
қонын ойлап, қыбырлай бастап еді. Бүгін өзге Бөкеншіге айтпастан Сүйіндік,
Сүгір, Жексендер таң атысымен түйелерін ұстатып, арқан-жібін қамдап,
жаппаларын да жыға бастады. Бұлар осылайша іріткімен екшелгенде, өзге
Бөкенші, Борсақтан жиырма-отыз кісі атқа мінді. Ендігі жиын - шаруа жиыны.
Араларында зор денелі, орта жасты Дәркембай бар.
Ол Қызылшоқының шеткі қонысында отырған Жексен аулына келді де,
Жексен мен Жетпісті шақырып:
- Елді тастап, бас сауғалап, қайда барасын түге? Тапжылма! Көшпе! Не
көрсең, бірге көресін! Жықпа жаппаңды! - деді.
Жексен қарсыласа алмады. Жалғыз-ақ қиялап:
- Жандарым-ау, не білгендерің бар? - дей беріп еді.
- Онан да қазір екеуің де атыңа мін! Ер бізге! Анау Сүйіндік, Сүгірге барып
сөз байлаймыз! - деді.
Жексен мен Жетпіс еріксіз ерді.
Осы топ Сүйіндік пен Сүгірге де көп сөйлеген жоқ.
Бұйрықтарын шолақ
айтып, көштерін тоқтатып тастады. Сүйіндік бұлардың айтқанына амалсыздан
бағынды да:
- Ал, бірақ тапқан ақылдарыңды айтшы! Қылышын сүйретіп қыс келеді.
Кемпір-шалды күркілдетіп, баланың жағынан боздағын шығарып, қашанғы
отырамыз? Қайда барамыз? - деді.
Дәркембайдың жауабы әзір болатын: