Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет36/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
73 
дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсін, жан ашырдан 
айрылма! - деді. 
Абай жүріп кетті. Артына бірнеше бұрылып қарағанда, аналары үйге 
кірмей, ұзақ қарап тұр екен. Шешесінің соңғы сөзі Абайдың құлағына әлі 
естіліп тұрған секілді, Қазірде бұның жаны ашыған тілеулесі Бөжей. 

Абай әкесімен бірге Қарқаралыда тұрғалы көп күндер болды. Қазірде қыс 
әбден түсіп, қар бекіп алған-ды. 
Құнанбай кішкене қаланың тап ортасындағы, көк шатырлы, үлкен ағаш 
үйді жатақ еткен. Қазағуар, қонақшыл татар саудагерінің үйі. 
Бұл қалаға аға сұлтан көп туысқанын, көп нөкерін ертіп келген. Құнанбай 
пәтерінің маңындағы үш-төрт кварталдың әрқайсысында өзді-өз тобымен 
ошарылып орнап жатқан Майбасар, Жақып, Қаратай сияқты Құнанбайға 
тарапты кісілер бар. Майбасар мен Құнанбай пәтерлерінен күндіз-түні табылып 
тұратын тілмәш, стражниктер болады. Майбасарға тиісті атшабар Қамысбай, 
Жұмағұлдан басқа Құнанбайдың өз жігіті, өз атшабары - Қарабас та барды. 
Бұлардан басқа, жай ерте шыққан бір топ жігіт-желеңі тағы бар. Құнанбай 
жігіттерінің ажарын өзгеден басқарақ көрсететін бірен-саран басқа тұқымның 
жігіттері де бар. 
Тегінде Құнанбай қолында Ғабитхан сияқты татардан, Ызғұтты сияқты 
қырғыздан, Бердіқожа сияқты қожадан келген, тіпті, шеркестен де келген жеке 
адамдар, немесе тұтас ауыл, топтар көп болушы еді. 
Жиыны отызға тартатын нөкерлер сегіз үйде жатады. Қаркаралының тап 
ортасы Тобықтының бір аулындай болды. Әке қасынан ерігейін десе, Абай 
анда-санда осы үйлерді шетінен аралап, өзінше ермек тауып кететін. 
Бүгін де таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасынан шығып, Майбасардың 
пәтеріне келе жатты. Күн шағырмақ ашық, Карқаралы атрабындағы өлке жота 
жалтырап, аппақ сіреу боп жатыр. Қала желкесіндегі әсем таудың да қарағай 
атаулысын күпсек қар басқан. Абайға ағашты таулар, қазірде, ақ шидемін 
айналдырып киген, қыс кәрінің өзіндей көрінді. Шытқыл аяз бар. Терісінен 
ескен болымсыз ғана жел лебі білінеді. Абай түлкі тымағының бауын байлай 
бастап, әжесін есіне алды. Жүрерде: «Тымағыңның бауын байлап жүр. 
Құлақтан тиген шаншу жаман болады. Көресіні көріп отырмыз ғой міні» деп, 
өзінің мүгедектігін мысал еткен. Суықтан сақтана жүруді көп айтқан. 
Сау ма екен өзі?.. Әрбір аяз, әрбір боран күні, әсіресе, еске алатын шығар-
ау!» - деп, Абай Жидебайдағы үйді тегіс есіне алды. Өзі де шешелерін 
сағынған-ды. 
Аяғының астында шыныланған қатқыл қар сықыр-сыкыр етеді. Үшкір 
тұмсық жаңа қара етігі бар еді. Сар-кідір болған қардан тайғанай береді. Абай 
бұл уақытта бала сияқты емес. Жас бозбалаша киінген. Қара мақпалмен 
тыстаған түлкі тымағы бар. Үлкендер пұшпақ тымақ кисе, соңғы жылдарда 
бозбаланың көбі осындай түлкі тымаққа ауысқан еді. Үстінде тиін ішіктің 
сыртынан киілген, жағасы қайырма қара барқыт қаптал шапаны бар. Құла түсті 
ықшам тігілген шапан. Аса ұзын жең емес. Кең қолтық, ұзын жең үлгіні осы 


 
74 
Қарқаралы қазағы ғана киеді. Олардың жағасы да Тобықты үлгісінен басқаша, 
Тобықты тымағы Қарқаралынікіндей төрт сай емес, алты сай болатын. Абайдың 
кигені сондай өз елінің тымағы. Белінде кісе белдік емес, жасыл түсті кәріс 
белбеу. Бұ да - анық бозбаланың белгісі. 
Абай көше бойында салт атпен топ-тобымен өтіп жатқан ел кісілерін көріп 
келеді. Көпшілігі Құнанбайдың пәтеріне кетіп бара жатқан жандар. Күндегі 
машық бойынша келіп жататын атқамінер, даугер арызшылар. 
Абай Майбасардың пәтеріне жетті. 
Қақпадан кіре бере жабық қоралардың алдында топталып жиылып тұрған 
көп Тобықтыны көрді. Бөтен кісі жоқ. Тегіс өзіне мәлім ағайын, туысқандары. 
Ылғи үлкендер екен. Орта тұста, ақ сеңсең ішігін желбегей жамылып, зор 
денелі, қызыл күрең түсті Майбасар тұр. Қасында Жақып, Төлепберді, тағы 
басқа бірнеше жас жігіттер бар. Өзге пәтерлерде жататын Тобықтының 
барлығы осында. 
Жалы құлағынан асатын күрең құнаншығарды жігіттер жығайын деп жүр. 
Абай біледі: Қарқаралыға келгелі семіз қой, ту бие, қысырдың тайы сияқты 
сойыс малы бұл топқа жан-жақтан, «Құнекеңнің сыбағасы» деген атпен күн 
санап келіп жататын. Майбасар бір семізді сойып, барлық өз тобын бір арада 
сыйламақ тәрізді. 
Бұл Ырғызбайлар Қарқаралыға қарай беттеген жол бойында да, мына 
қаланың өз ішінде де ылғи осындай күтім мен бап көріп келеді. 
Іштерінен осының бәріне жеткізіп, өзге қазақтан бұларды әрі жуан, әрі 
сыйлы қып жүрген Құнанбайға дән риза. Күрең құнаншығардың семіздігі сол 
алғыстарын естеріне қайта салды. Бұндайдағы дағдылары бойынша «мырзаны» 
тағы ауызға алысты. 
- Осы жолғы мырзаның абыройы бөлек боп тұр-ау! - деп бастаған Жақып 
еді. 
Аға сұлтан Құнанбайды Қарқаралы арызшыларымен бірге осы Тобықтылар 
тегіс соңғы мезгілде Құнанбай демей - «Мырза» деп атасатын. 
- Қызғанған дұшпанның іші күйсін! Ертең мешіт те бітейін деп тұр... 
Жұрттың тілеуі тегіс-ақ бұрылды білем біздің мырзаға, - деп Майбасар 
мазатсып қойды. 
- Мешіттің өзі де келіскен-ақ екен!.. 
- Бұ Қарқаралы көрмеген сәулет қой... - десіп, Бурахан, Төлепберділер де 
сүйсіне сөйлейді... 
Абай Қарқаралыға келгелі «мешіт» деген сөзді әкесінің аузынан да және 
басқа атқамінерлердің аузынан да көп-көп есітетін. Әкесінің атақ, абыройын 
осындай көп аузына қатты жайып бара жатқан сол мешіт жөні екенін де жақсы 
біледі. 
Құнанбай өткен жаздан бері бұл атраптағы ең бірінші мешітті осы 
Қарқаралы қаласына өз әмір-құдретімен салғызып жатқан. Сол мешіт бүгін 
әбден бітпек еді. Қала ішіндегі молда, қалпе атаулы, ел ішіндегі атқамінер қарт-
қария атаулы мешіт салғызғаны үшін Құнанбайды шынымен көп дәріптейтін. 
Құнанбайға екі күн бұрын келіп кеткен қазағуар имам, молда Хасен 
Саратай да: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет