Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет44/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
89 
осы жолы. Өзің сүйекке намыс болатын жайды ойламасаң керек мүлдем! - деп, 
Майбасар Абайды шындап айналдыра бастады. 
Абай әлгі де қысылмай, күле қарап Майбасарды мысқыл еткендей мырс 
етті де, арт жағында тұрған домбыраны алып, даңғылдатып тарта бастады. 
Жауап қатқан жоқ. 
Майбасар жауап ала алмай аз отырып, қайтадан қадалып: 
-
Ал, айтсаңшы!.. Қасыңа жолдас қып мына отырған барлық атпал 
жігіттерді ертем. Тек емеуірініңді білдірші! – деді. 
-
Майеке, қойыңыз дейім!.. 
- Уа, тіпті қоймаймын!.. Білдің бе?.. 
- Япыр-ау, осы сізге түсер олжа бар ма? Тым құрыса, жеңге болсаңыз бір 
сәрі еді!.. 
- Жеңге болмасам жеңгеден артық айызым қансын!.. Абай күліп жіберді де, 
бір ерекше ойнақы тентектік тауып: 
- Осы бір емес, екі емес... шын қоймайсыз ба? - деп, домбырасын тоқтатып, 
алдына көлденең салып Майбасарға қадала қарады. Күлімсіреп қараған үлкен 
көздерінде аса бір қызулы жалын көрінгендей еді. 
- Ал, қоймадым!.. - деп Майбасар, «қайтер екен» дегендей ежірейе қарады. 
Абай өзі көрген Шөженің қалпына салып, күлімсіреген көзін сығырайтып, 
басын жоғары көтере беріп соқтырта жөнелді: 
Уа, қой десе бір қоймайсың, 
Аз болды ма, Майеке, 
Осында көрген қызығың? 
Кертіп жеп-ақ жүрсің ғой, 
Қарқаралы халқының 
Жал-жаясын, шұжығын, 
Алған, жеген аздай-ақ 
Тағы бірді тауыпсың. 
Уә, Алшынбайдың қызы кім? 
Адақтамақ сертің бе, 
Осы өңірдің елінің 
Жүйрігі мен жортағын? 
Айтпай-ақ қойсаң нетуші еді, 
Сонда да бар ма ед ортағың? 
Гүж-гүждеп бір қоймайсың 
Бұқасы ма ең қашырар 
Сол ауылдың торпағын? 
Біле білсең осы сый 
Жетер еді, қайнаға, 
Орайы болмас қолқаның... – 
деп сақылдап күліп, Абай Майбасарға қарай жантая кетті. 
Үйдің іші әрі қайран боп, әрі сүйсініп, қарқылдай күле жөнелді. Майбасар 
қысылғаннан, үнсіз ғана лекітіп күле беріп, Абай бітірген уақытта, басын 
шайқап, дымы құрып, боқтап жіберді де: 


 
90 
- Қап! Қап! Мына жаманның қылығын-ай!.. Енді қайттім, бәтір-ау?! - деді. 
Абай күліп, мысқылдап: 
- Бол, айтатын болсаң өлеңмен айт, Майеке, әйтпесе тыңдамаймын! - деп, 
басын шайқады. 
- Ал, бәлем, соңынан қалмайсың!.. Алар сыбағаңды алдың ба?.. Шоқ!.. 
Шоқ!.. енді, -деп, Жақып қып-қызыл боп, шексілесі қатқанша күлді. 
- Қап, мына Шаншардың жиені!.. Ұлжан жеңешем-ау, сені бүйткізіп 
отырған... Бәлем, ауылға барған соң сыбағаңды берермін шешеңе айтып!.. - деді 
Майбасар. 
Төлепберді, Бурахандар да мына сөздің төркінін ұғып: 
- Бәсе, нағыз Тонтай! 
- Тонтайдың жиені ғой!.. 
- Сайқымазақ Шаншардың шанышпасы ғой мынау! - деседі. 
- Уә, бұл өлеңді бір жерден қойнына салып әкелді ме деймін?! Өлең 
айтушы ма еді бұл жаман?.. - деп, Майбасар әлі қайран боп отыр. 
Шынында Абайдың өлең жазып, өлең айтатынын бұл үлкендердің көрген, 
сезгені осы ғана. Абай өзінің қалжыңынан мұндай үлкен әсер болады деп 
ойлаған жоқ еді. Енді қайтадан өз-өзінен қысылыңқырай бастап: 
- Өз өлеңім емес, - деді мынау үлкендердің шамасын біраз қылжақ 
еткендей боп, - бағана кешке Шөжені көріп ем, соның өлеңі, - деді. 
Үйдегілер нанар-нанбас боп жапырлап сұрастыра бастағанда Абай бір 
қалыпты күлімсіреген жүзбен сыр білдірмей отырып: 
- Осында бір Майбасар деген ағам бар. Күнде сүйтіп маза бермейді, соған 
бір жауап үйретші деп ем, сол кісі үйретті, - деді. 
Шөженің бағанағы мысқылшыл, ойнақы, ащы күлкісі Абайдың қазір көз 
алдында. Жаңағыдай Майбасарды жайратып салғанына Абай өзі де ішінен 
қатты ырза болатын. 
«Шөжеге ұқсадым-ау!.. Шындап ұқсай алар ма екем?!» - деп ішінен 
қызғана құмартқан жай бар-ды. Үй іші мұның «Шөже» деген сөзіне шала нанып, 
жаңағы оқыс мінезіне әлі тамашалап отырғанда, сыртқы есік ашылып, жылдам 
басып Қарабас келді... Дырду тез басылды. Қарабас үйге басын сұға бере, 
табалдырықтан аттамай, даурығып: 
- Болыңдар! Намаз бітті! Қонақтар мырзаның пәтеріне беттегелі жатыр... 
Қаратай мен Ызғұтты жетсін! - деді. Ал, тегіс, шапшаң! - дегенде, үйдегі жұрт 
дүрк тұрып, асығып киіне бастады. 
Абай неғыларын білмеді. Үйткені Жақып бұған: «Сен қонақ күтіп табақ 
тасуға жарамайсың, ал әкең қасында үлкен кісілермен тағы да отыра алмайсың... 
Орын тар болар. Одан да бүгін осында жатсаңшы!» - деген. 
Абай өзі де осыны «тапқан ақыл» екен деп еді. Бірақ Майбасар мен 
Қарабас: 
- Е-е, ең болмаса қонақтарды көріп, сәлем беріп қайт! 
- Мына шаһардың көп қонақты қалай сыйлайтынын көріп қайт!.. - дескен. 
Өзге жұрттан кейіндеп қалса да Абай жаңағы соңғы сөздерді біраз орынды 
көріп, ақырын аяңдап әкесінің үйіне келді. 
Жалғыз келіп еді. Өзге барлық үлкендер киіне сала асығып, қалбақтап, 
жылдам басып кеткен екен. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет