Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет76/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
154 
алмағанына ыза болған Майбасар, енді, Құлыншақтарды бұрынғы кеудеге 
салып қоркытып, ығырып жібермек болды. 
- Уа, Құлыншақ ақсақал, көшпесін деген мырзаңның сәлемін айттым. 
Көшпе деп өзім айтып отырмын. Жете айттым, арыла айттым. Енді көшпейім 
деген сертіңді бер, қысқасы! Соныңды естимін де, жүремін! - дегенде 
Құлыншақ қатуланып, жалт қарап: 
- Ендеше, менің де сөзім қысқа, Майбасар. Тойдым, болдым! Көшемін! - 
деп, бір-ақ кесті. 
Үй іші бұл сөздің тұсында тегіс ажырайысып, аңтарыла қарасып қап еді. 
Майбасар қатты ажарға мініп, қамшысының сабымен сырмақты соққылап 
отырып: 
- Құтыртып отыр ғой! Барарың кім, білемін! «Пана болуға жараймын, 
жасқанба» деп отыр ғой! Бірақ, алып көрсін іргемнен кеп! Қойны-қолтығы кең 
неме екен ғой Байдалы, Байсал. Ендеше көк тұқылды, мұздай сүңгіні сол 
мырзалардың өз етіне қадармын! - деп, қалшылдап кетті. Көздерінен от шашып, 
ойнақшыта қарап: - Кешегі Тоқпамбеттегідей қондарын түріп қойып, 
жалаңаштап тұрып, сазайын беремін! - деді. 
Бес қасқаның ең ызақор, оттысы Садырбай еді. Ол ырғала түсіп, қатты 
демікті де: 
- Қой, шырақ, қой мырза сол бәледен абырой тапқаны аз еді ғой, атамай-ақ 
қойсаңшы! - деді. 
Дәл осы кезде қасында екі жігіті бар Пұшарбай кеп кірді. 
Бұл Пұшарбай былтыр Тоқпамбетте Бөжейге ара түсем деп, Құнанбайдан 
таяқ жеген. Бірақ Байсал мен бар Көтібақтың Жігітек жағына шығуына себеп 
болған Пұшарбай. Қалың қоңыр сақалды, мол денелі Пұшарбай ол ызасын 
ұмытпаған болатын. 
Осы Пұшарбайлар үйге кеп кірісімен, бес қасқаның бәрі де тегіс 
қозғалақтап, әлденеге әзірленгендей, қомданып қалысты. Тыста да бөгде 
кісілердің тықыры білінген сияқты. Жорға Жұмабай ішінен: 
«Бұ не қылған жүріс? Әлпеттері қалай еді?» - деп, Майбасарға қарай беріп 
еді. 
Сырттан бір қатты зілді дауыс: 
- Уа, үйде кім бар! - деді. 
Пұшарбай соған елең етіп, саңқ етіп дауыстап: 
- Уа, мен бар! - деді. 
Сүйткенде, есіктен Манас бастаған он шақты жігіт асыға-асыға кіріп келді 
де, төрге қарай тап берді. Бағанадан осы сәтті күткен Садырбай, Мұңсызбайлар 
және Пұшарбай да Майбасарға тап берді. 
Майбасар: 
- Тарт! - деп, ақырып қап, отырған бойда қамшы сілтей беріп еді, Садырбай 
бас салып, шалқасынан түсірді де, тізерлеп алды. 
Қалған үшеуін өзгелер де бүктей түсті. Атшабар емес сұмдық үлкені енді 
келді. 
Пұшарбай, Садырбай, Мұнсызбайлар боп, Майбасарға мықтап дүре соқты. 
Өзге жолдастары да соны көре бастап еді. Жалғыз Құдайбердіні ғана Құлыншақ 


 
155 
қорғап қап, өз қасына сүйреп ап, басын етегімен жауып, ұрғызбады. 
Майбасарды үнсіз сабап жүрген Садырбайлар бір уақытта: 
- Тысқа алып шық! Жүр, алып шық! - деп, тысқа сүйреп шығарды. 
Сол уақытта Садырбай айғайлап: 
- Бұл жаңа «қондарынды түріп қойып сорлатам», деп серт берген. Байдалы, 
Байсалға соны істемек болған. Ал мұныкі сөз еді. Кел, біздікі іс болсын! Шеш, 
сыпыр киімін! - деп, тап берді де, Майбасардын етік шалбарын түгел сыпырып, 
тырдай жалаңаштап алды. Содан соң сыртынан қойып жіберіп, етпетінен 
түсіріп, басып жатып: 
- Сен не қылмадың осы? Неден астың әлі осы? - деді түйгілеп отырып. - 
Масқара кып, қор еткенде, былай етейін мен сені! - деп, Майбасарды етпетінен 
тізерлеп салды да, - көк сүңгі деп ең ғой! Мә, көк сүңгі! - деп Майбасардың 
жалаңаштанып тұрған кұйрығының арасына түйенің қатқан құмалағын 
батырып-батырып жіберді. 
- Намысың болса, өл осы қорлықтан, өл осы мазақтан! - деп теуіп қалды. 
Құнанбайдың інісі мен баласын осылайша қорлап, сабаған Құлыншақ 
ауылы, дәл осы түнде үйлерін жығып, көше жөнелді. Бағана кештен берлі 
Манас арқылы хабарланған қалың Жігітек, Көтібак, бұл ауылдың көші жөнелер 
кезде, лек-лек болып кеп, қаумалап, қошеметтеп алып кетті. Сол түнде Қарауыл 
суының ар жағына шығарып, өздерінің тобына Торғайдың талай аулын қосып 
ап еді. 
Майбасарларды тек көш жөнеліп, ұзап кеткен соң ғана босатқан. Олар 
аттарын күн шыға тауып, Құнанбай алдына - Жидебайға түске жақын ғана 
жетті. Құнанбайдың бар ауылдары Жидебайда болатын. Айналасы он 
шақырымдай Шиқорықта: Ырғызбай, Топай, Жуантаяқ, Қарабатырдың да 
қалың ауылдары иін тіресе отырған. 
«Майбасар мен Құдайбердіні Жігітек сабапты. Құлыншақ аулын 
зорлықпен тартып, көшіріп әкетіпті» деген хабар бұл елдерге лезде тарады. 
Кұнанбайдың тығыз берген бұйрығы бойынша, бір шай қайнатым арасында, 
жүз елудей жігіт атқа мінді. Қол басы - Ызғұтты, Жақып және Құнанбайдың өзі. 
Жігітектің көш-коңынан хабар алып отырған Құнанбай, дәл түс кезінде 
мынау әзір тұрған қолға бұйрық етті. Тегіс атқа қондырып: 
- Шапқан жақсы болса, тартып алған жол болса, көзі көрсін! Шап! Шауып, 
тиіп алып келіңдер анау кетіп бара жатқан Жігітек көшін! - деді. Қалың қолын 
Мұсақұл жаққа қиыс өтіп бара жатқан бір үлкен көшке қарай қаптатып жіберді. 
Тұтқиылдан тиіскен қол бұл көш кімнің көші екенін аңғармаған. Құнанбай 
да ашумен алды-артын ескермепті. «Әйтеуір Жігітек көші болса, болды!» деген. 
Көш Жігітектікі екені рас болды. Бірақ соның ішіндегі қаралы көш Бөжей 
көші боп шықты. 
Құнанбай қолды қаптатып жіберіп, өзі артта калған. Жасанып шапқан қол 
көштегі еркектерді сойылдап, бықпырт тигендей қып, қашырып тоздырды да, 
жылқы, сиыр атаулыны тиіп алды. Бірақ дәл көштің өзін ұстап, бұрып әкетпек 
боп келгенде, Бөжей көші екенін танып, қолдың алдыңғы жағында келе жатқан 
Ызғұтты мен Жақып тайқып кетті. Өзге жігіттерін де тигізбеді. Тұл атты 
жетектеген қос қыз мізбақпай дауыс айтып тарта берді. Бөжейдің бәйбішесі 
ғана атының басын іркін, түйелерін тоқтатып тұрып: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет