(Т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы.
Бөлме өсімдіктерін күту керек пе, керек емес пе? Топтарда
түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ – керек емес (Не үшін?
Неге?).
Педагогтер балалардың назарын болжамдар ұсынуды
үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі
пайдалануына болатындығын ескертеміз:
ықтимал
болжамдайық
мүмкін
солай дейік
ал, егер…
(Ұ, Т)Өзекті мəселе.
Бөлме өсімдіктерін күтуге су құюды жатқыза аламыз
ба? БОЛЖАМДАР. Ойланшы, бұл іс-əрекет өсімдік
тіршілігіне қалай көмектесті?
(Ұ)Сергіту сəті.
«Əли мен Айя. Ағаш
отырғызу»
мультфильмінен үзінді.
Əліппе-дəптер
41
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
(Ұ, Т) Бақылау.
Педагог балаларға бөлме өсімдіктерін күтпесек не
болатындығы туралы БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды?
Өсімдіктерді азайтып, не тіпті жойып жіберсек не болады
болжамдаңыз. Ал егер өсімдіктерді көптеп отырғызып
жүрсек не болады? (Таза ауа, желден). Сонымен өсімдіктерге
су құю, дұрыс топыраққа отырғызу, өсімдікті күтуге
жатқызуға бола ма? Өсімдіктерді қорғауға не керек? (Жарық,
судың суреттері бейнеленген карточкалар тақтаға бекітіледі).
Балалар педагогке гүлді отырғызуға көмектеседі. Əрбір іс-
əрекетін түсіндіреді.
Үй өсімдігі ауырып тұрғанда не істеу керек? (Проблемалық
жағдай туғызу, балалар жауаптарын тыңдау).
Басқа бөлмелерде өзін нашар сезінетін өсімдіктерді жинап,
жуыну бөлмесін «емхана» ретінде пайдаланыңыз. Көптеген
түрлеріне ыстық пен ылғал ем ретінде əсер етеді. Көптеген
өсімдіктер «емханадан» кейін 3–6 күнде қайта қалпына
келеді. Жуыну бөлмесінде тұрған өсімдіктерге суды көп
құюға болмайды, өйткені олар ылғалды ауадан алады жəне де
бөлмені желдетіп тұру керек
.
Өсiмдiктердiң сабақтары созылып бір жаққа қарай қисайып
өседі. Нелiктен?
Өсiмдiктер анық жарықтың жетіспеушілігіне ұшыраған
жағдай. Мұндай жағдайдан шығу үшін өсімдік жарық көзіне
қарай қисайып өсе бастайды. Бұл феномен қыстыгүнi жиiрек
байқалады, себебі табиғи жарық көзі азаяды. Сабақтары
ұзарған, бозарыңқы жапырақтар кездесуі – жарық көзінің кем
екендігінің белгiсi.
Бөлме өсімдігін күту – өсімдіктің өсуіне жағдай
Ағаш, су, күн сəулесі
бейнеленген карточкалар.
Əліппе-дəптер
Əліппе-дəптер.
42
жасау.
Пайдалы іс-əрекет – нəтижесінде жақсы көрсеткіштер
болатын іс-əрекет.
Зиян келтіретін амалдар – өзінен кейін жамандық қана
қалдыратын амалдар.
(Ө)Əліппе-дəптермен жұмыс.
Əліппе-дəптердегі шартты белгілер таныстырылады.
Педагог ауа райын бақылау жұмысын бастайтынын айтып, əр
жаңа тақырыптың соңында берілген шартты белгілерді қалай
белгілеу керектігін түсіндіреді. Сонымен қатар ашық күн,
бұлтты күн немесе қар болса, қай белгіні белгілеу керектігін
көрнекі түрде түсіндіруі тиіс.
1.Суретке қарап, бөлме өсімдіктерінің құрылысын
атап,суретін сал.
2.Бөлме өсімдіктеріне қажетті құралдарды ата.
3. Сурет бойынша бөлме өсімдігін қалай күту керектігін
əңгімелейді. Суреттерді бояйды.
4.Екінші жəне үшінші суреттердегі гүлдерден қандай
өзгерісті байқадың?
IV. ҰОҚқорытындысы.
Рефлексия.
28*-30 мин.
(Ұ, Ө)Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі.
Марапаттау.
Рефлексивті бағалау.
Педагог балаларға жапырақты түсті қарындашпен бояп
шығуға ұсыныс жасайды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр. 2-деңгей – түсіндім,
бірақ түсіндіре алмаймын – сары. 3-деңгей – бəрін түсіндім,
басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жасыл.
Əліппе-дəптер.
Қосымша ақпарат
43
Жіктелу – балаларға көмектесуді қалай
жоспарладыңыз? Қабілетті балаларға қандай
тапсырмаларберуді ойластырдыңыз?
Бағалау – балалардың
прогресс/білімін бақылауды қалай
жоспарладыңыз?
Пəнаралық байланыстар
«Өзін-өзі тану»
«АКТ»
Құндылықтар
Қабілетті балаларға «4 бұрыш» стратегиясы
бойынша жұмыста топтарға лидерлік етуді
тапсыру.
Əртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды жасау
кезінде бақылау жəне назарға алу.
Қойылған сұрақтарға жауаптың
толықтығын бақылау.
Тапсырманы орындау кезіндегі өз
бетіндік деңгейі.
Танымдық белсенділігінің
деңгейі.
Рефлексия, өзін-өзі бағалау.
«Табиғат» тақырыбымен əлемді
тану.
Құндылықтар – жануарлар мен
өсімдіктерге қамқорлықпен қарау.
Бақылаулар
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
мақсаттары қолжетімді болды ма ?
Балалар бүгін неге үйренді?
Оқыту жағдайы (атмосфера) қандай болды?
Балалар арасында жіктелу (дифференция)
бойынша əрекеттер табысты болды ма?
Уақытша кестені ұстандым ба? Жоспардан
тыс қандай ауытқулар жасадым жəне неге?
Мына орынды бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Өзіңіздің
ҰОҚтуралы сол жақтағы бағанада жазылған сұрақтарға жауап беріңіз.
44
Қорытынды бағалау
Ерекше табысты болған екі сəтті (ұйымдастырылған оқу іс-əрекетті) атаңыз.
1.
2.
Ұйымдастырылған оқу іс-əрекетін жақсы өткізуге ықпал ететін екі жағдайды (ұйымдастырылған оқу іс-əрекетің) атаңыз.
1.
2.
Топ жайында жəне оның жеке оқушылары жайында қандай жаңалық білдім жəне ол келесі ұйымдастырылған оқу іс-əрекетті
өткізуіме əсерін тигізе ме?
ТАҚЫРЫБЫ: Қызыл кітаптағы өсімдіктер əлемі
Мектеп/ МҰ
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ тобы:
Қатысушылардың саны
Болмағандар
ҰОҚ оқытылу
мақсаты
0.1.1.2 Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді атау
Болжамды нəтиже
Барлық балалар;
өсімдіктердің түрлерін атап бере алады;
өсімдікке қажетті жағдайларды атап бере алады;
ұйымдастырылған қызметін зерттеу тақырыбын анықтай алады;
45
өзінің өлкесіндегі өсімдіктерді атап бере алады.
Көпшілік балалар:
3-4 өсімдіктерді атай алады;
тіршілік үшін өсімдіктерге не қажет екенін анықтай алады;
өсімдік түрлерін салыстырады жəне оларды ажырата алады, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін таба
алады.
Кейбір балалар:
өсімдік бөлігін олардың қызметін атай алады;
зерттеу іс-əрекеті барысында талқылай алады.
Тілдік мақсат
Дағдыларды дамыту.
Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар осы ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын,
танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтай білуін дамыту. Талқылау кезінде «Неге?», «Бұл немен
байланысты?», «Егер..., не болады?»» деген сұрақтарды пайдалану.
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: зерттеу тақырыбы, сұрақтар, сирек кездесетін өсімдіктер, бағбан.
ҰОҚ-да диалог/хат үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Неліктен өсімдіктер қызыл кітапқа енген?
Өсімдіктердің азайып кетуіне не себеп болды?
Адам өмірінде өсімдіктің пайдасы қандай?
Өткен ҰОҚ-дан алған
білім
Өсімдік тіршілігінің жағдайы туралы қарапайым білім; қарапайым зерттеу дағдылары.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
46
Дұрыс əсерлі көңіл
күй орнату.
0–1мин.
II.
Өмірлік
тəжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты
болжам.
2–5 мин.
(Ұ) Шаттық шеңбері.
Қол алысып, кəне, біз,
Достасайық бəріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
(Ұ) Өсімдіктің пайдасы неде? Неліктен өсімдіктің кейбір түрі сиреп кеткен,
оған не себеп? (Өсімдік дегеніміз – құрлықтың барлық жерінде өсетін, суда да
кездесетін түрлері бар, тыныс алатын, қоректенетін жанды табиғат бөлігі).
Проблемалық сұрақтар:
1.Өсімдіктерсіз жер бетін елестету/олардың азайып бара жатқандығы жөнінде
естеріне саламын/.
2.Не үшін жануарлар мен өсімдіктер азаюда?
3. Қызыл кітап деген не?Не үшін керек?
4.Неге оның түсі қызыл,неге сары емес, неге жасыл емес?
Педагог суреттерге назарларын аударады, балалардың өсімдіктер туралы не
білетіні, олардың құрылысы,өсуіне қажетті жағдайларды атап бере алу
іскерліктері. Қорытынды: Өсімдіктер – біздің ғаламшарымыздың көкпеңбек
киімі. Өсімдік əлемі бай жəне əртүрлі.
Өсімдіктерді қорғау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?
Сирек кездесетін өсімдіктерді сақтап қалу нұсқалары
Адамдар қандай жағдайда өсімдіктерді өсу ортасынан айырады?
Өсімдіктер адамға не сыйлайды? Сурет бойынша əңгімеле.
Адам өсімдіктерді қалай күтеді?
Педагог балаларға өздерінің болжамдарын дəлелдеп беруге ұсыныс жасайды.
Талдап қорыту: өсімдіктерді дұрыс мақсатта пайдалану, бейберекет жұлмау.
Қызыл кітап – бұл қауіп-қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған
ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары
қажет, əйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978
жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды.Қызыл
47
кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым
салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа
енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, əрбір
данасына айыппұл төлейді.
Оқулықтағы кесте (кестені
флипчартқа шығаруға болады)
III. ҰОҚ тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 27 мин.
Ауа райы күнтізбесімен жұмыс. Педагогбалаларданалдыңғы ҰОҚ
барысында ауа райын қалай белгілегендерін сұрайды. «Бүгін ауа райы
қандай?» деген сұрақ қойылып, жауап тыңдалады. Шартты белгімен белгілету.
(Ұ) Өзекті мəселелер.
Педагог балалардың сұраққа жауап беруін сұрайды.
Өсімдік – тіршілік тірегі. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды
жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Сонымен бірге жануарлар үшін қорек,
баспана. Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде
пайдаланады.Сондықтан да біз өсімдіктерді не істеуіміз керек? (Қорғау
керек).
Əр топтың алдына «Қорғау» деп жазылған плакат беріледі. Балалар қалай
қорғау керек екендігін айтады.
Қ.Мырза Əлидің Қызыл кітап өлеңімен таныстыру.
Қызыл кітап,
Бұл өзі қызық кітап.
Тысы жұқа
Астары қалыңырақ.
(Ұ) Өсімдіктер туралы бейнетаспа көрсету.
«Кім жүйрік?» ойыны.
«Есіңде болсын!»
/Өсімдікті қорғау ережелері/
(Ұ)Сергіту сəті.
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Өсімдіктердің суреттері.
Қызыл кітап суреті.
«Өсімдіктер əлемі»
бейнетаспасы.
Музыкалық сүйемелдеу
48
Мұның аты – еңбек.
(ОТ,Ө) Практикалық жұмыс:«Өсімдіктің өсуіне, көбеюіне кері əсер ететін
жағдайлар» Бір өсімдікті ыдысқа салып,бақылау жүргізу. Мысалы: қызғалдақ,
бəйшешек т.б.
Жұмыс барысы. Өсімдік өсетін арнайы жерлерді бақылауға алу керектігін,
адамдардың ысырапсыз гүлді тамырымен алып пайдаланғанынан,оның саны
азайып, жойылып бара жатқанын бақылау кезінде балаларға айтып түсіндіру.
Қорытынды: өсімдіктер тіршілік ету үшін белгілі бір жағдайлардың болу
керектігі, адамдардың əрекетінен жəне экологиялық өзгерістердің нəтижесінде
жер бетінде өсімдіктің кейбір түрлері жойылып бара жатыр. Олардың əдемі
болып өсуі үшін, қамқорлық жасауымыз керек екенін түсіндіру.
(МК, ОТ, ЖЖ) Зерттеу іс-əрекеті. «Əртүрлі өсімдік тіршілігін бақылау».
Өсімдіктің дəрілік, мəдени түрлеріне,бақылау жүргізу. Өсімдікке қажетті
жағдайлар болмаса оның өсіп жетілмейтінін түсіндіру.
Жұмыс барысы:
Суғару.
Жарыққа жақын жəне қараңғы жерге қойып қою.
Жылы жəне суық жерге қою.
Тұқымдарға толығымен су құю.
Қорытынды: Өсімдіктің қалай өсіп, дамығанын салыстыру. Олардың
тіршілігіне ең қажетті жағдайларды анықтау.
Логикалық тапсырмалар
Орманнан жиһаз жасау үшін бірінші күні 5 ағаш, екінші күні 10 ағаш кесіп
алды. Кесіп алған ағаштардың орнына 2 ағаштан отырғызса , қанша ағаш
болады?
Бақшаға 50 көшет əкелінді . 5 ыдысқа тең бөлсе, 1 ыдысқа неше көшет
отырғызылады?
Тоқылдақ ағашты құрт-құмырсқадан тазартады. Өйткені ол
зиянкестілермен қоректенеді. Бір күнде тоқылдақ 1 кг зиянкеспен қоректенсе,
бір айда неше кг зиянкесті құртады?
Дəптер, түрлі түсті
қарындаштар.
49
Мозаика құрастыру. (Топтарға жаңа ҰОҚ бойынша сұрақтар
дайындалынады. Егер дұрыс жауап берсе, мозаикадан Қызыл кітапқа
енгізілген гүлдер шығады).
(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.
1.Қызыл кітаптың «қызыл» деп аталу себебі туралы əңгіме жүргізіледі.
2. Өзіңнің өлкеңде өсетін өсімдіктерді ататып, біреуінің суретін салғызу.
3.Адамның өсімдікке тигізетін пайдалы жəне зиянды əрекеттерін бөліп
көрсету. Пайдалыны көк, зиянды əрекеттерді қызылмен белгілету.
4.Ағаштардың жапырақтарын тауып сəйкестендіру.
5. Ересектердің көмегімен тыйым сөздерді аяқтайды. Оның себебін түсінеді.
Мысалы: Ағаштың бұтағын сындырма. Ағаш жапырағын жұлма. Жалғыз
ағашты кеспе.
IV. ҰОҚ корындысы.
Рефлексия.
28-30 мин.
(Ұ)Педагогқорытынды жасайды. Сұрақтарға жауап беруді ұсынады.
Балалар өсімдіктер тіршілігі үшін қажетті жағдайларды атап
беріңдер?Өсімдіктердің бір-бірінен ерекшелігі неде? Олар қандай жағдайларда
өмір суре алмайды.
Педагог балаларға жапырақты түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс
жасайды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр. 2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре
алмаймын – сары. 3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере
аламын – жасыл.
Əліппе-дəптер, түрлі түсті
қарындаштар.
ТАҚЫРЫБЫ: Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережесі
Мектеп/ МҰ:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ:
Қатысқандар саны:
Болмағандар:
50
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.1.1.3.Табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережесі
Болжамды нəтиже
Барлық балалар істей алады:
«Табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережесі» деген ұғымды түсіндіре алады
Көпшілік балалар істей алады:
Табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережесін атауды;
Табиғатқа зиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды атауды.
Кейбір балалар істей алады:
Табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережесінің айтып бере алады;
Қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдаяттармен жəне іс-əрекеттермен күрес
жолдарын айтып береді.
Тілдік мақсат
Дағдыларды дамыту.
«4 бұрыштың стратегиясы (сыни тұрғыдан ойлауды дамыту)» технологиялық
тəсілі шегінде болжамдар ұсыну.
Болжамдар ұсыну үшін тіректер пайдалану.
Табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережесін құру.
Табиғатқа пайдалы іс-əрекеттер мен
зиян келтіруі ықтимал жағдаяттардың маңыздылығы туралы əңгіме.
Көптілділік:
табиғатты қорғау – защита природы – to protect nature
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Табиғат, табиғатты қорғау, табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережесі, табиғатты
сақтау, зиянды іс-əрекет;
Қоқыс тастамау, пайдалы іс-əрекет, ағаш сындырмау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінде диалог/хат үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар.
Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ержелерін білесің бе?
Табиғатқа пайдалы жəне зиянды іс-əрекеттер?
Сен табиғатқа қандай пайдалы іс-əрекет жасадың ?
51
Өткен ұйымдастырылған оқу
қызметінде алған білім
Табиғат туралы қарапайым түсініктер; табиғатты сақтап қалу, табиғаттың
зиянды амалдар жасамауға жəне пайдалы іс-əрекеттерге біршама тəуелділігі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресуртар
III. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2 мин.
II. Өмірлік тəжірибені
маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3-5 мин
(Ұ) Ұсынылатын мəтін (мысал ретінде)
Табиғат – бізді қоршаған əлем. Табиғат – адамзатқа
барын беруге асыққан ана іспеттес. Адам табиғат арқылы
барлық құндылықтарын өтейді. Сондықтан адамзат
табиғатқа ерекше қамқорлықпен қарауы қажет.
(Ұ)Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып
қойылған суреттерді жинауды жəне онда бейнеленгендерді
бір сөзбен атап берулерін сұрайды. (Табиғат). Кейіннен ҰОҚ
тақырыбы тұжырымдалады: «Табиғатта өзін-өзі ұстай білу
ережелері».
(Педагог балалардың табиғатта өзін-өзі ұстай білудің
ережелері жайында не білетінін анықтап, бүгінгі ҰОҚ-да не
білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды
(Балалардың пікірлері тыңдалады).
Болжамдар:
– Табиғатта өзін-өзі ұстай білу дегеніміз – қоршаған
ортаға зиян келтірмеу.
– Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережелерінің бірі- қоқыс
тастамау.
Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз?
Кітаптардан.
Табиғатта өзін-өзі
ұстай білу ережелерге
байланысты бейнеленген
суреттер.
III. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс
6 – 27 мин.
(Т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы.
Табиғатта өзін –өзі ұстай білу ережелерін ұстану
қажетпе? Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ –
керек емес (Не үшін? Неге?).
Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды
52
үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі
пайдалануына болатындығын ескертеміз:
ықтимал
болжамдайық
мүмкін
солай дейік
ал, егер…
(Ұ, Т) Əліппе-дəптермен жұмыс.
1. Балалардың іс-əрекетін дұрыс деп ойлайсыңдарма?
2. Суреттен нені байқадың, мұндай жағдайда сен
қандай іс-əрекет жасар едің?
3. Суретте қай іс-əрекетті дұрыс деп ойлайсыңдар?
4. Сен табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережелерін
ұстанасың ба?
(Ұ) Өзекті мəселе.
Табиғаттағы пайдалы іс-əрекетке нені жатқызуға
болады?
Жарамсыз заттан жарамды зат жасауға бола ма?
БОЛЖАМДАР. Ойланшы, бұл іс-əрекет табиғатқа
қалай көмектесе алады?
(Ұ)Сергіту сəті.
(Ұ, Т) Бақылау.
Педагог балаларға табиғаттағы ережелерді өзін-өзі ұстай
білу ережесін сақтамасақ не болатындығы туралы
БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды. (Қоқыстарды табиғат
аясына лақтыра салу, ағаштарды кесу сияқты суреті бар
карточка тақтаға ілінеді). Ағаштың суреті бар карточка
тақтаға бекітіледі). Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережесін
орындамасақ не болар еді? (болжамыңыз). Ал егер
табиғаттағы өзін-өзі ұстай білу ережесін сақтай білсек не
Əліппе-дəптер
Ережелерге
байланысты суреттер.
53
болады?
Табиғаттағы өзін-өзі ұстау ережелері:
1.Қоқысты кез келген жерге тастама, арнайы қоқыс жəшігіне
сал!
2.Ағаштарды кеспе, бұтағын сындырма!
3.Жануарларға зиян келтірме, қамқорлық жаса!
4.Құстарды өлтірме, ұя жасап қамқорлық көрсет!
5.Өсімдіктерді (шөптер, гүлдер) жұлма!
6.Суды ластама, керісінше қоқыстардан тазарт!
6.Табиғат аясында түкірінбеу!
7. Табиғатқа қиянат жасама! Табиғатқа шынайы қамқорлық
жасай біл!
Өзіндік жұмыс:«Сен қандай ереже ұсынар ең?»
(ОТ) Өзекті мəселе.
Біздің табиғаттың осы қалпында сақталып келе
жатқанына не көмектеседі? (Балалардың болжамдары:
ағаштардың отырғызылуы, жануарларға адамдардың
қамқорлығы,…)
Достарыңызбен бөлісу: |