Əліппе-дəптер.
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.
Педагог қорытынды жасайды. Марапаттайды.
Рефлексивті бағалау.
Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды
ұсыну:
1-деңгей – ештеңе түсінбедім – тек жапырақтарды
жасылмен бояу. 2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре
алмаймын – бəйшешекті бояуды жартылай аяқтау.
3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере
аламын – суретті толық аяқтап бояу.
Əліппе-дəптер, түрлі
түсті қарындаштар.
ТАҚЫРЫБЫ: Қоршаған ортаның тазалығы
Мектеп/ МҰ
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандар саны:
Болмағандар:
ҰОҚ оқытылу
мақсаты
0.2.2.1 Балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мəселесімен таныстыру
Болжамды нəтиже
Барлық оқушылар істей алады:
95
«Қоршаған орта жəне оның тазалығын сақтау» деген ұғымды түсінеді.
Тазалық сақтаудың қажеттілігін сезінеді
Көпшілік оқушылар істей алады:
Табиғатқа пайдалы іс-əрекеттерді атауды.
Қоршаған ортаға зиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды атауды.
Кейбір оқушылар істей алады:
Қоршаған ортаны ластамау не үшін керек екенін айтып бере алады;
Табиғатқа зиян келтіретін жағдаяттармен жəне іс-əрекеттермен күрес жолдарын айтып береді.
Тілдік мақсат
Дағдыларды дамыту.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға пайдалы іс-əрекеттер мен
зиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды маңыздылығы туралы əңгіме.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Табиғат қорғау, қоршаған ортаны ластамау, пайдалы іс-əрекет, зиянды іс-əрекет;
Ағаш отырғызу, гүлге су құю, қоқысты тастамау, ағаш сындыру.
ҰОҚ диалог/хат үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар.
Қоршаған ортаны ластамауда пайдалы жəне зиянды іс-əрекеттер?
Табиғатты ластамауға қандай пайдалы іс-əрекет жасадың?
Өткен ҰОҚ-дан
алған білім
Табиғат туралы қарапайым түсініктер; Табиғатты сүйіп, оған қамқорлық жасап, ластамау – бұл
адамның бойындағы ең жақсы қасиет.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресуртар
96
VII. Дұрыс əсерлі
көңіл күй орнату.
0–1 мин.
II. Өмірлік
тəжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
2–5 мин
(Ұ) Ұсынылатын мəтін (мысал ретінде)
Қоршаған ортаның тазалығы – табиғат үшін де, адамзат үшін де өте маңызды.
Қоршаған ортаның таза болуы адам үшін де өте пайдалы. Адам ерте кезден-ақ
табиғатты аялап, оны кейінгі ұрпаққа ағаш отырғызып, бұлақтардың көзін ашып,
қоршаған ортаны ластамауға үйретіп отырған.
(Ұ) «Экология туралы мультфильм»
Педагог мультфильм негізінде балаларға қоршаған ортаның тазалығының
маңыздылығын түсіндіреді.
Болжамдар:
- Ауаны таза ұстауға, ағаштарды отырғызу жататын шығар.
-Қоршаған ортаның ластануына зиян келтіретін амалдарға зауыт,
фабрикалар жататын шығар.
Табиғатты қорғау арқылы
ауа мен суды ластамау туралы
түсініктерін дамыту
Болжам
Қоршаған ортаның
тазалығына байланысты
бейнеленген суреттер.
ҰОҚ
VIII.
тақырыбы
бойынша
жұмыс
6 – 27 мин.
(Ұ) Презентация бойынша жұмыс.
Педагог балаларға экранға қарап, қандай заң бұзылғандығын анықтауды сұрайды.
(Слайдта пайдалы жəне зиян іс-əрекеттер көрсетіледі. Мысалы, ағаш отырғызып
жатқан бала мен ағашты сындырып жатқан баланың қайсысы заңды бұзып
жатыр?)
(Т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Қоршаған орта тазалығын
Интерактивті тақта
97
сақтау керек пе, керек емес пе? Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ –
керек емес. (Не үшін? Неге?).
Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар
бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз:
ықтимал
болжамдайық
мүмкін
солай дейік
ал, егер…
(Ұ, Т) Əліппе-дəптермен жұмыс.
1. Қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңызы қандай? Сен өзіңнің ортаңда
тазалықты қалай сақтайсың?
2. Жарамсыз қалдықтардын қандай пайдалы заттарды өндіруге болады? Үлгі
жауаптар: Қағаз қалдықтарынан арнайы фабрикаларда қайтадан қағаз
өндіріледі. Шыны заттар да арнайы зауыттарда қайтадан өндіріліп, түрлі ыдыс
т.б. заттар жасалады.
3. «Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ» тақырыбына сурет салғызу.
Балаларға табиғат аясын қалай таза ұстап, ауасын ластамауды, топ ауасын табиғат
бұрышы арқылы тазартып тұруды тəжірибе жүзінде жүргізу.
Əңгімелесу. «Сен қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін не істер едің?»
(Т) Қоршаған ортаның тазалығын сақтау не үшін қажет? Пікірлерін дəлелдеп
айтқызуға үйрету.
(Ұ) Өзекті мəселе.
Қоршаған ортаны таза ұстау іс-əрекетіне тек ағаш отырғызуды жатқыза аламыз
ба?
БОЛЖАМДАР. Қалай ойлайсыңдар, бұл іс-əрекет табиғатты таза ұстауға қалай
көмектесе алды?
(Ұ) Сергіту сəті.
«Аула тазартушы»биі. Əуенмен аула сыпырушының қимылдарын келтіреді.
(Ұ, Т) Зерттеу.
Педагог балаларға тіршілік үшін бəріміз бірге қоршаған ортаның тазалығын
сақтамасақ не боландығы туралы БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды.? (Қоқыс
Əліппе- дəптер
Көңілді музыка.
98
тастау).
Ағаштарды кесіп азайтып, не тіпті жойып жіберсек не болады болжамыңыз. Ал
егер ағаштарды көптеп отырғызып жүрсек не болады?
(ОТ) Өзекті мəселе.
Ауызекі ғылыми жұмыс: «Егер мен эколог болсам». Эколог мамандығы жайлы
қысқаша түсіндіріп кету.
Эколог – табиғатты қорғаушы адам.
Ғылыми жұмыста əр бір топ өздерін табиғаттың орнында болып қалған
жағдайда адамдар үшін қандай пайда əкелетіндігін айтып беруге тапсырма
беру.
Бақылау: Серуенге шығып ауланың тазалығын бақылайды. Қоршаған орта
тазалығы туралы əңгімелеу.
Еңбек: Ауланы қоқыстардан тазарту.
Балаларға сурет бойынша тірек сөздердің көмегімен сұрақтар құрастыруға
тапсырма беру.
Балаларға түсінікті жəне қарапайым суреттерді қолдану.
Үлгі сұрақтар: Қоршаған ортаға зиян келтіретін қандай іс-əрекеттер бар?
Пайдалы іс-əрекет дегеніміз не? Табиғатқа қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?
т.б.
Қорытынды жасай отырып: балалар мына түсініктерді ұғынуы қажет:
Қоршаған орта тазалығы – табиғаттың жойылып кетуіне жол бермеу.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтамау – ағаштарды кесіп, қоқыстар тастау,
өрт нəтижесінде болады.
Таза ауа – өсімдіктердің оттегі бөлу арқылы тазарады.
Балалар жеке немесе топ болып жұмыс істейді.
Балаларға қорытынды жасауға көмектесу.
(Т) Деңгейлік тапсырмалар.
Бірінші деңгей. Балалар бірінші топта қоршаған ортаны ұстауға пайдалы іс-
əрекеттерді бояуға көмектесіп жатыр. Ал екінші топта зиянды амалдарды бояуға
көмектесуде.
Екінші деңгей. Қоршағаны ластамаймыз, суды ластамау, табиғатты қорғауға
Табиғат туралы
суреттер.
99
жатады ма, соны түсіндіру.
Үшінші деңгей. Балалар жыл мезгілдеріне сəйкес судың əртүрлі күйде болатынын
анықтау. Оларды айналдыра сызады. Суретті аяғына дейін салады.
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 мин.
(Ұ, Ө)Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі: қоршаған ортаның
тазалығы – деніміздің сау болуына кепіл болады. Қоршаған ортаның тазалығы –
табиғат үшін маңызды. Қоршаған ортаны ластамау, қоқыстардан тазарту ол біздің
міндет. Сондықтан қоршаған ортаны, табиғатты аялайық!
Рефлексивтік бағалау.
Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну: ағашты əртүрлі
түспен бояйды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім – діңін қоңыр түспен бояу.
2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – жапырақтарын жасыл түспен
бояу.
3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жапырақтарын
жасыл, діңін қоңыр түспен бояу.
Төмендегі тірек сөздер пайдаланылады:
Қызықты болды …
Шамам жетпейді …
Мен түсіндім…
Үйде көрейін ...
Əліппе-дəптер, түрлі
түсті қарындаштар.
ТАҚЫРЫБЫ: Аула тазалығын сақтау
Мектеп/ МҰ:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ:
Қатысқандар саны:
Болмағандар:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.2.2.1.Балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мəселесімен таныстыру
Болжамды нəтиже
Барлық балалар:
100
«Тазалық» деген ұғымды түсіндіре алады
Көпшілік балалар істей алады:
«Қоршаған ортаның тазалығын сақтау» деген ұғымды түсіндіре алады
Табиғатты қорғау керек екендігін түсінеді.
Кейбір балалар:
Қоршаған ортаны, ауланы ластамау не үшін керек екенін айтып бере алады;
Табиғаттың жəне ауланың тазалығына зиян келтіретін жағдаяттармен жəне іс-
əрекеттермен күрес жолдарын айтып береді.
Тілдік мақсат
Дағдыларды дамыту.
«4 бұрыштың стратегиясы (сыни тұрғыдан ойлауды дамыту)» технологиялық тəсілі
шегінде болжамдар ұсыну.
Ауланың тазалығын сақтауға пайдалы іс-əрекеттер мен зиян келтіруі ықтимал
жағдаяттарды маңыздылығы туралы əңгіме.
Көптілділік
аула – двор – yard
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Ауланың тазалығы, пайдалы іс-əрекеттер.
ҰОҚ диалог/хат үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар.
Табиғатқа зиян келтіретін қандай іс-əрекеттер бар?
Табиғатты қалай қорғауға болады?
Балабақша ауласын қалай таза ұстаймыз?
Өткен ҰОҚ-дан алған білім
Табиғат туралы қарапайым түсініктер; ауланың тазалығын сақтап қалу, табиғатқа,аула
тазалығына зиянды амалдар жасамауға жəне пайдалы іс-əрекеттерге біршама тəуелділігі.
Жоспар
101
Жоспарланға
н уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресуртар
IX. Дұрыс
əсерлі көңіл күй
орнату.
0–2 мин.
II. Өмірлік
тəжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3-5 мин
(Ұ) Шаттық шеңбері
Кірпігімізді төмен түсірсек,
Көзіміз жұмылады.
Енді еркін демалайық
Ғажап қана ұйықтасақ,
Көз алдымызға туып өскен,
Жерімізді елестетеміз.
Аула толған гүлдерге
Гүлдерді иіскеп,
Таза ауамен демаламыз.
Қолымызды жоғары көтеріп,
Керілеміз.
Ұсынылатын мəтін (мысал ретінде):
Ауланың тазалығы – табиғат үшін де адам үшін де өте маңызды. Қоршаған ортаның
таза болуы табиғатқа да, адам үшін де өте пайдалы. Адам ерте кезден-ақ табиғатты
аялап, оны кейінгі ұрпаққа ағаш отырғызып, қоршаған ортаны яғни ар адамды өз
ауласын ластамауға үйретіп отырған.
(Ұ) «Ауланың жалпы табиғаттың тазалығы туралы презентация»
Педагог презентация негізінде балаларға аула жəне адамның өзінің тұратын
жерінің, ортасы тазалығының маңыздылығын түсіндіреді.
Педагог балалардың ауланың тазалығын қалай сақтауға болатыны жайында сұрап,
бүгінгі ҰОҚ-да не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды
(Балалардың пікірлері тыңдалады).
Ауланың тазалығына
байланысты бейнеленген
суреттер.
II.
ҰОҚ
бойынша
жұмыс
6 – 27 мин.
(Т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Аула тазалығын сақтау
керек па, керек емес па? Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ – керек емес
(Не үшін? Неге?).
Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл
кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз:
102
ықтимал
болжамдайық
мүмкін
солай дейік
ал, егер...
(Ұ) Сергіту сəті.
Суреттермен жұмыс.
Педагог балаларға суреттер арасынан қандай іс-əрекет дұрыс емес екендігін
сұрайды. (Суретте пайдалы жəне зиян іс-əрекеттер көрсетіледі. Мысалы, ағаш
отырғызып жатқан бала мен ағаш сындырып жатқан бала).
(Ұ, Т) Бақылау.
Педагог ауладағы өсімдіктерге су құйып, түбін қопсытып, құстарға жем беріп,
оларды күтіп, баптаудың маңызын түсіндіреді. Ауладағы тазалықтың маңызы неде
екенін БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды?
Сонымен табиғатты аялап, сақтауға тырысу табиғатты қорғауға жатады ма?
Ауланың тазалығын сақтау керек пе? Ол үшін біз не істеу керекпіз? Тақтаға
ауланың тазалығын сақтау тақырыбына арналған суреттер ілінеді.
Тəжірибелік-зертханалық жұмыс іс-əрекеті: Педагогпен бірге ауланы тазалау
жұмыстарын орындайды. Ауланы қоқыстардан тазартып, аулаға күтім жасайды.
Олар ауланы күнделікті тазаламаса аула ластанатыны туралы бір-бірімен тəжірибе
соңында бөліседі.
Ұйымдастырылған оқу іс-əрекетін қорытындылап, осы ұғымдармен балалар жетік
танысу керек.
Табиғат – күн, ауа, жер-су, өсімдіктер, жануарлар.
Аула тазалығын сақтау – табиғатты ластамау үшін тазалық сақтауға жағдай жасау,
балаларды тазалыққа үйрету.
. Əңгімелесу. «Сен ауланың тазалығын сақтау үшін не істер едің?»
(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.
Аула бейнеленген
суреттер.
103
1. Аула тазалығын сақтау үшін жасалатын пайдалы іс-əрекеттерді белгілету арқылы
тақырып бойынша əңгіме жүргізу.
2. «Менің аулам» тақырыбында əңгіме жүргізу жəне суретті бояту.
Əліппе-дəптер.
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 мин.
(Ұ, Ө)Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі: Ауланы таза ұстау
əрқайсымыздың міндетіміз. Ауланың тазалығын қамтамасыз ету арқылы біз
табиғатты қорғаймыз.
Рефлексивті бағалау.
Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну: ағашты əртүрлі түспен
бояйды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім – діңін қоңыр түспен бояу.
2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – жапырақтарын жасыл түспен бояу.
3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жапырақтарын
жасыл, діңін қоңыр түспен бояу.
Əліппе-дəптер.
ТАҚЫРЫБЫ: Орманшының еңбегі
Мектеп/ МҰ:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ тобы:
Қатысқандар саны:
Болмағандар:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.2.2.2 Экологиялық тəуелділікті түсіндіру; адамның табиғатпен байланысын жəне
өзара əрекетін анықтау
Болжамды нəтиже
Барлық оқушылар істей алады:
Орманшының кім екендігін айтып береді.
Орманшының – табиғатты қорғаушы адам екенін түсіндіре алады.
Көпшілік балалар істей алады:
Ормандағы қауіпсіздік жұмыстарын атап айтады.
Кейбір балалар істей алады:
104
Орманшы мамандығы адамзат үшін өте қажет мамандық.
Тілдік мақсат
Дағдыларды дамыту.
Балаларға орманшы қызметінің турлы түсінік беру, қазіргі кезде орманшыларға үлкен
жауапкершілік жүктеліп отырғандығы туралы əңгімелеу.
Орман шаруашылығы, оның ішінде орманшының еңбегінің мəнін түсіну.
Орманшының еңбегінің маңыздылығын айқындау.
Орманшы ормандағы ағаштарды өрттен, жануарлардыатудан қорғайды.
Көптілділік:
орманшы – лесник – forester
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Орман, орманшы, табиғат бақылаушысы Табиғат, ауа райы, болжам, халықтық болжам,
табиғат құбылыстары, болжам жасау, табиғат құбылыстары
ҰОҚ-да диалог/хат үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар.
Орманшы дегеніміз кім?
Орманшының міндеті қандай?
Ауа райын бақылаудың, орманшының қызметіне қандай пайдасы бар?
«Табиғат жанашыры – ол орманшы» дегенді қалай түсінесің?
Орманшы болу неге қызықтырады?
Өткен ҰОҚ-дан алған білім
Қазақстанның қорықтары туралы қарапайым түсініктері
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресуртар
X. Əсерлі көңіл күй орнату.
0–1 мин.
II. Өмірлік тəжірибені
(Ұ) Үнтаспадан тыңдату
Үнтаспадан ормандағы аңдардың, жаңбырдың жауғанын,
күннің күркірегенін, құстардың сайраған дауысын
тыңдату.
Үнтаспа
105
маңыздандыру. Мақсатты болжам.
2–5 мин
Педагог орман ондағы тіршілік, орманшының қызметі
туралы айтып береді.
(Ұ)Адам денсаулығы көбіне қоршаған ортадағы
экологиялық ахуалға байланысты. Ал оны жақсартатын
жасыл желек, сол жасыл желекті баптап, өсіруші –
орманшы. Орманшының негізгі жұмыс орыны
орманда, яғни тау қойнауында, орман мен өзен
бойында, көл жағалауы. Əрбір орманшы өз
қарамағындағы жүздеген, тіпті мыңдаған гектар жер
телімдерін бақылауына тура келеді.
Орманшы бір түйір дəннен көктеп шыққан қарағай
өскінін мəпелеп күтіп, баптап 1 метр биіктікке діңін
тіктеп өсіру үшін қаншама уақыт еңбектенеді.
Орманшы орманды күтіп-баптау жұмыстарымен қатар
ормандағы ағаштардың санын арттыру мақсатында,
тұқымбақтарды іске қосып, бұрын тұқымбақтары
болмаған мекемелерде жаңадан тұқымбақтар ашады.
Тұқымбақ – ағаштардың кішкентай көшеттерін
отырғызып, ормандағы ағаштар санын көбейту
мақсатындағы жұмыс түрі.
Болжамдар:
Қарлы қыс, жаңбырлы жаз
орманшы жұмысы үшін
берекелі болады.
Жазды күндері орманды өрттен қорғау үшін
орманшыларға бірнеше түн ұйықтамауға тура келеді.
Қ
ұмырсқалардың илеулеріне тамақтарын асыға тасып
жатқанын байқаған орманшылар күннің суытатынын
біліп, алдын ала қамданатын болған.
Орман шаруашылығына қажетті
суреттер.
106
Күннің кешке қарай қызарып батқанын байқаған
орманшылар, ертеңгі күннің ашық болатынын біліп
отырған.
III. ҰОҚ тақырыбы бойынша
жұмыс
6 – 27 мин.
(Ұ) Презентация бойынша жұмыс.
– Суреттегі бұл көріністердің орманшылар үшін маңызы
қандай?
(Т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы.
Орманшылар үшін ауа райын болжау қажет пе?Топтарда
түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ – керек емес. (Не үшін?
Неге?).
Интерактивті тақта
Өсімдік пен жануардың суреті.
107
Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды
үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі
пайдалануына болатындығын ескертеміз:
ықтимал
болжамдайық
мүмкін
солай дейік
ал, егер…
Жұмбақ:
Сергек ол үнемі,
Сарп етіп бар күшін.
Түгендеп жүреді,
Орманның аң-құсын
Ол кім? Орманшы.
(Ұ)Тосын сəт:Есікті қағып, «аққу құсы ұшып келіп», хат
береді. (Педагог хатты балаларға оқып береді).
Балалар орманда тұратын ата бізден көмек сұраған екен.
Ол үшін автобусқа отырып орманға баруымыз керек.
Кəне, жүргізушіні сайлап алайық. (Балалар əн айтып
орманға барады.
Атай балаларды қарсы алады. Олардан жолда не
кездестіргендерін сұрайды.
Балалардың əңгімесін тыңдаған орманшы атай, аңдарға да
қамқорлық керек екенін айтады. Өзінің тиіндерін,
кірпілерін таныстырады. Тиін ағашқа секіріп, тыным
таппайды. Ағаштың діңгегін мекен етеді. Қысқа азығын
жинайды. Ал кірпі – өте сақ аң, ол азығын түнде аулайды.
Өзіне қауіп төнсе домалақ пішінге айналады.Ол қорегін
арқасындағы инелеріне түйреп алады. Орман аңдардың
мекені болғандықтан, оны қорғау керек, лас заттарды
тастамау керек. Орманшы атайдың əңгімесі балаларға
ұнады. Атай балаларға риза болды. Оларға арнап өзінің
жинап қойған орман жаңғақтарын тарту етеді.
Жұмбақтар жинағы.
108
Достарыңызбен бөлісу: |