(Ұ)Өзекті мəселелер.
Педагог балалардың сұраққа жауап беруін сұрайды.
Судың адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
Біз суды қайдан аламыз?
Адамдар суды не үшін пайдаланады?
(ішеді,жуынады)
— Суды адамдардан басқа тағы нелер пайдаланады ?
(жануарлар, өсімдіктер)
(Ұ)Сергіту сəті.
Интерактивті тақтада жеңіл əуен ойналады (Тыныштық сəті)
Ал, балалар, тұрайық, мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,
Музыкалық сүйемелдеу
81
Кəне, жүзіп алайық, оңға, солға бір қарап, денемізді бұрайық.
(МК, ОТ) Зерттеу іс-əрекеті. 1. Судың маңызы қандай? Екі өсімдіктің
тіршілігін бақылау, бір өсімдікке суды уақытымен құйып отыру, екінші
өсімдіктің сусыз тіршілігіне бақылау жасау. Өсімдіктің сусыз тіршілік ете
алмайтынына көздерін жеткізгеннен кейін, оған жеткілікті мөлшерде су
берілуі арқылы біртіндеп қалыпқа келе бастайтынын бақылату.
2. Су еріткіш
Суды екі түрлі стақанға құю. Бір стаканға жылы, екіншісіне суық су құю. Екі
стаканға аз мөлшерде тұз салады, қалай еритінін көреді.
(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.
1.
«Су – тіршіліктің көзі» тақырыбы бойынша əңгімелету.
2
.
Тəжірибе: Судың мөлдір, сүттің мөлдір еместігін тəжірибе жасап анықтау.
3.Сулы жер мен сусыз жерді салыстырып əңгімелету.
4.Судың күйлерін атау. Судың осындай күйлерін жылдың қай мезгілдерінде
байқағандарын айтқыздырту.
Бұл зерттеу жұмыс
бірнеше күн жүргізіледі.
Су құйылған стақан, тұз.
Əліппе-дəптер
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 мин.
(Ұ)Педагог қорытынды жасайды, сұрақтарға жауап беруді ұсынады.
Балалар адам тіршілігі үшін судың маңызы қандай? Судың қандай
қасиеттері бар? Сусыз тіршілік етуге бола ма?
Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну:
1-деңгей – ештеңе түсінбедім – тек кранды қоңыр түспен бояу.
2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – кранды қоңыр, ыдысды сары
түспен бояу.
3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – кранды
қоңыр, ыдысты сары, суреттің фонын көк түспен бояу.
Əліппе-дəптер, түрлі түсті
қарындаштар.
ТАҚЫРЫБЫ:Тіршіліктегі ауаның рөлі
Мектеп/ МҰ
Педагогтің аты-жөні:
82
Сынып/ топ:
Қатысушылардың саны
Болмағандар
ҰОҚ оқытылу
мақсаты
0.1.3.1. Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін судың, ауаның жəне жылудың рөлі туралы білу
Болжамды
нəтиже
Барлық балалар:
«Ауа деген не?» деген сұраққа жауап бере алады;
Ауаның адам өміріндегі маңыздылығын атайды;
Ұйымдастырылған іс-əрекетін зерттеу тақырыбын анықтай алады;
Көпшілік балалар:
Ауаны ластамау керектігін түсіндіре алады;
Тіршілік үшін ауа қажет екенін анықтай алады;
Кейбір балалар:
Ауаны ластайтын зиянды заттар;
Зерттеу іс-əрекеті барысында талқылай алады.
Тілдік мақсат
Дағдыларды дамыту.
Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар осы ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын,
танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтай білуін дамыту. Талқылау кезінде «Неге?», «Бұл немен
байланысты?», «Егер..., не болады?» деген сұрақтарды пайдалану.
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.
Көптілділік: ауа – воздух – air
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: ауа, ауаны ластамау.
83
ҰОҚ-да диалог/хат үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ауа деген не?
Ауаны көре аламыз ба?
Ауасыз дем ала аламыз ба?
Ауаны қолмен ұстауға болады ма?
Өткен ҰОҚ-
дан алған білім
Судың тіршілік үшін маңыздылығы, оның қасиеттері.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
IV. Дұрыс əсерлі
көңіл күй орнату.
0–1мин.
II. Өмірлік
тəжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
2–5 минут
(Ұ) Шаттық шеңбері
Мына сұлу əлемде
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге
Күн сəулесін төгеді.
(Ұ)Педагог балаларға жұмбақ шешудіұсынады:
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(Ауа)
«Көрінбейтін сиқыршы »
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен əркім-ақ күнделікті
кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне,
ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп,
жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара
жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені
үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Жұмбақтар жинағы.
84
III. ҰОҚ
тақырыбы бойынша
жұмыс
6-27 мин.
(Ұ)Ауа туралы не білесіңдер?
Ол туралы не білгілерің келеді?
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз
сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның
қозғалысын байқай аламыз. Оның иісі де, түсі де жəне иісі болмайды.
Ой-толғаныс.
1. Неліктен қыста үйлердің терезесіне екі қабат əйнек салады?
2. «Ауа таза болсын» дегенді қалай түсінесің?
3. Ауа құрамына қандай газдар кіреді?
(Ұ)Өзекті мəселелер.
Педагог балалардың сұраққа жауап беруін сұрайды.
Ауаның қандай қасиеттері бар?
Дем алу үшін ауаға қандай газ қажет?
(Ұ)Сергіту сəті.
Саусақпен мұрын қысайық.
Əншіге біраз ұқсайық.
Əрбір сөздің дыбысы,
Қандай екенін ұғайық.
– Сергіту сəтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?
– Ауа аузымыз арқылы ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.
(ОТ,Ө) Практикалық жұмыс:
Целлофан дорбаны үрлеп, ауа толтырамыз. Аузын қолымызбен бекітеміз.
– Тез қысыла ма?
Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
– Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
– Иə.
– Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
– Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дəлел.
Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Ауа серпімді, сығылады. Допты алайық. Оны
Музыкалық сүйемелдеу
Целлофан дорба, доп.
85
қолыммен қысамыз. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады.
Қолымызды жіберсем, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған – ауа.
(МК, ОТ) Зерттеу іс-əрекеті. 1.Ыдыстағы суға допты салады. Оның не
себепті батпайтынын түсіндіреді.
2. Аусыз өмір сүре аламыз ба?
Ол үшін тыныс алу мүшелерін бекітіп, тыныс алмау керектігі ескертіледі.
Нəтижесінде адам ауасыз өмір сүре алмайтыны туралы тұжырым жасалады.
(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.
1.Сурет бойынша ауаның маңызын сипатта
2. Ауа қандай жағдайларда ластанады?
3. Шарды үрлегенде нені байқауға болады?
4.Ауаның көмегімен ойнауға болатын ойыншықтарды тап.
Ыдыстағы су.
Əліппе-дəптер, түрлі түсті
қарындаштар.
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 мин.
(Ұ)Педагог қорытынды жасайды, сұрақтарға жауап беруді ұсынады.
Балалар адам тіршілігі үшін ауанын маңызы қандай? Ауаның қандай
қасиеттері бар? Ауасыз тіршілік етуге бола ма?
Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну: желдеткішті
əртүрлі түспен бояйды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр.
2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары.
3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – көк.
Дəптер, түрлі түсті
қарындаштар.
ТАҚЫРЫБЫ: Тіршілік үшін жылудың қажеттілігі
Мектеп/ МҰ
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ:
Қатысушылардың саны
Болмағандар
86
ҰОҚ оқытылу
мақсаты
0.1.3.1. Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін судың, ауаның жəне жылудың рөлі туралы білу
Болжамды
нəтиже
Барлық балалар:
Жылудың маңыздылығын атап бере алады;
Жылуды қайдан алатынын атайды;
Көпшілік балалар:
Жылудың керектігін түсіндіре алады;
Тіршілік үшін жылудың қажет екенін анықтай алады;
Кейбір балалар:
Жылу не үшін керек? сұраққа жауап бере алады;
Зерттеу іс-əрекеті барысында талқылай алады.
Тілдік мақсат
Дағдыларды дамыту.
Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар осы ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын,
танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтай білуін дамыту. Талқылау кезінде «Неге?», «Бұл немен байланысты?»,
«Егер..., не болады?» деген сұрақтарды пайдалану.
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.
Көптілділік: жылу – тепло – heat
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: жылу, жылу көздері.
ҰОҚ-да диалог/хат үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Жылуды қайдан аламыз?
Жылу бізге керек пе?
87
Жылу не үшін қажет?
От жағатын пеш пен жылу пешінің
айырмашылығы қандай?
Өткен ҰОҚ-
дан алған білім
Ауаның тіршілік үшін маңызын, қасиеттерін біледі.
Жоспар
Жоспарла
нған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
V. Дұрыс
əсерлі көңіл
күй орнату.
0–1мин.
II.
Өмірлік
тəжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты
болжам.
2–5 минут
(Ұ) Шаттық шеңбері
Қуан, шаттан, балақай,
Жарқырайды аспанда
Күн алақай!
Атқан таңға, шыққан күнге
Сəлем беріп,
Тілейік бақыт, баршаңызға осындай.
Қайырлы таң апайлар!
Біз – ерекше боламыз,
Біз – еңбекқор боламыз!
(Ұ)Жылу – тіршілік үшін қажет. Жылуды біз күннен, оттан, жылу пештерінен
аламыз. Тұрмыста жылудың бірнеше түрлері пайдаланылады.Жылу өсімдіктер,
жануарлар, адамдар тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Қалаларда жылдың барлық
мезгілінде көгөністер сатып алуға болады, ал оларды өсіретін жылыжайларда
жылумен қамтамасыз етілген. Кейбір елдерде күннің жылуын пайдаланатын
қондырғылар бар.
Жылуды қайдан аламыз?
Жылудың маңыздылығы неде?
Көмірді қайдан алады жəне оның пайдасы не?
Музыка.
88
III. ҰОҚ
тақырыбы
бойынша
жұмыс
6 – 27 мин.
(Ұ)Өзекті мəселелер.
Адамзаттың тіршілігі үшін жылудың орны ерекше. Ал жылудың негізгі көзі – Күн.
Күн – жерге өте жақын орналасқан кəдімгі жұлдыз. Күн көкжиектен неғұрлым
жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сəулесі түспеген жерде
өсімдіктер өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дəрі-дəрмек,
жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, Күннен шығатын
жылусыз жер бетінде жылу атаулы болмас еді. Жылуды оттан, жылу пештерінен
алуға болады. Қазіргі кезде тұрмыста жылудың бірнеше түрлері пайдаланылады.
Қалаларда жылдың барлық мезгілінде көгөністер сатып алуға болады, ал оларды
өсіретін жылыжайларда жылумен қамтамасыз етілген. Кейбір елдерде күннің
жылуын пайдаланатын қондырғылар бар, ол қондырғыларды пайдалану арқылы
электр энергиясын үнемдеуге болады..
(Ұ)Сергіту сəті.
Жылы-жылы далада
Ойнаған жақсы, балалар.
Балалар-ау, балалар,
Күн жылыда ойнаңдар.
(Ұ) Жыл мезгілдеріндегі күннің жылуын бейнетаспадан көрсету:
Көктем:
Күн сəулесі жер бетін жылытады. Қар еріп, сай-саладан су ағады. Бұл
мезгілде өсімдік бүршік атып, жапырақ жарады. Гүлдер шығады.
Жаз: Күн сəулесі жерді қатты қыздырады. Жемістер пісіп-жетіледі. Адамдар күнге
қыздырынып, суға түседі.
Күз: Күн сəулесінің жылуы азаяды. Өсімдіктердің қоректенуі
баяулап, жапырақтары сарғаяды, жерге
түседі.
Қыс: Күн суытады. Қар жауады. Өзен-көлдерде мұз қатады. Боран соғады.
Өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды. Мұның бəрі күннің жылуының аздығынан.
Жыл мезгілдері
бейнеленген бейнетаспа.
89
(ОТ,Ө) Тəжірибе жұмысы:
Тəжірибе
-Лупа (үлкейткіш əйнек) арқылы күннің жылуын біраз уақыт қағазға түсіріп не
болғанын бақылау.
(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.
1. Сурет бойынша жұмыс. Жылуды тағы қайдан алуға болады? Бос торкөзге сурет
салу.
2. «Егер Күн «өшіп» қалса, не болады?» сұрағына жауап алу.
3. Жасанды жəне табиғи жылу көздеріне мысал келтірту.
4.Суреттердің ішінен жылуды өлшейтін құралды тапқызу.
Лупа (үлкейткіш
əйнек.
Əліппе-дəптер, түрлі түсті
қарындаштар.
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 мин.
(Ұ)Педагог қорытынды жасайды, сұрақтарға жауап беруді ұсынады.
Балалар балықтың тіршілігі үшін жылу қажет пе?
Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Аюдың апаны, борсық,
тышқан, суырдың індері болады.Ауа райы салқын кезде олар соған кіріп жылынып
ұйықтайды.
Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну: жылыту құралын
əртүрлі түспен бояйды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр.
2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары.
3- деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – көгілдір.
Əліппе-дəптер, түрлі түсті
қарындаштар.
90
ТАҚЫРЫБЫ: Наурыз –экологиялық мереке
Мектеп/ МҰ
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ:
Қатысқандар саны:
Болмағандар:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.2.2.1 балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мəселесімен таныстыру
Болжамды нəтиже
Барлық балалар істей алады:
«Наурыз мерекесі» деген ұғымды түсіндіре алады
Наурыз мерекесінде өткізілетін іс-шараларды айтып бере алады.
Наурыз мерекесіндегі ұлттық ойын түрлерін атайды.
Көпшілік балалар істей алады:
Наурыз мерекесі қай кезде тойланатынын біледі.
Наурыз мерекесінің өзіне тəн ерекшеліктерін атап бере алады.
Наурызкөже туралы біледі
Кейбір балалар істей алады:
Наурыз мерекесі тек ұлттық мереке ғана емес, табиғатты қорғау мерекесі
екендігін айтып бере алады;
Табиғатқа көңіл бөлу мерекесі екенін түсіндіре алады
Тілдік мақсат
Дағдыларды дамыту.
Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар осы ұйымдастырылған оқу
қызметінің тақырыбын, танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтай білуін дамыту.
Талқылау кезінде «Неге?», «Бұл немен байланысты?», «Егер..., не болады?» деген
сұрақтарды пайдалану.
91
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Наурыз мерекесі, табиғатты сақтау, табиғат мерекесі
ҰОҚ диалог/хат үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар.
Наурыз мерекесі қай кезде тойланады? Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден
айырмашылығы неде? Тіршіліктің жаңаруы,жандануы ұғымдарын қалай түсінесіңдер?
Өткен ҰОҚ-дан алған білім
Наурыз мерекесінің ерекшеліктері туралы білімдер.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресуртар
VI. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2 мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3-5 мин
(Ұ) Шаттық шеңбері.
Мен бəріңе денсаулық тілеймін!
Мен бəріңе қуаныш тілеймін!
Мен бəріңе мейірім тілеймін!
Мен бəріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бəріңе көңілді ойын тілеймін!
(Ұ) Педагог балаларға Наурыз туралы өлең
жолдарын оқып береді:
Елім менен жеріме
Ырысын шашқан Наурыз,
Күлімдеген көктемге
Шуағын шашқан Наурыз
Наурыз мерекесі
туралы
92
Жеті түрлі дəн салып,
Дəм татқызған Наурыз
Жақсылық тілеп халыққа
Молшылық əкелсін Наурыз.
(Ұ) Ұсынылатын мəтін (мысал ретінде)
Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері тойланып
келе жатқан халықтық мереке. Ол парсының «Нау-рыз»
жаңа күн деген сөзінен шыққан. Наурыз, табиғаттың
қайта тірілу, түлеу, жандану уақыты. Табиғатқа көңіл
бөлу мерекесі болып саналады. Наурыз айында жалпы
халықтық тазалық жұмыстары яғни сенбіліктер
ұйымдастырылады, сол себепті Наурыз мерекесін
экологиялық мереке деп те айтамыз.
(Ұ) Педагог балаларға жұмбақ шешуді ұсынады:
Қыс өтіп,
Қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
(Наурыз мерекесі)
(Ұ) Наурыз туралы əңгімелей келе түркі халықтарының
«Наурыз» мерекесін қалай қарсы алатындықтарын
экран арқылы көрсету.
өлеңдер
жинағы.
Бейнетаспа
III. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс
6 – 27 мин.
(Ұ)
Педагог табиғат туралы тыйым сөздер жазылған
карточкалар арқылы мағыналарын түсіндіріп, Наурыз
мерекесімен байланысын түсіндіріп өтеді.
Тыйым сөздердің үлгісі:
93
Көкті жұлма. Суға түкірме. Жалғыз ағашты кеспе.
Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба.
(Ұ) Наурыз мерекесінің ерекшеліктері бейнеленген
презентациямен таныстыру.
(Ұ) Сергіту сəті.
Музыкалық сүйемелдеу
«Наурыз тойы»
(Ұ, Т) Өзекті мəселе.
Наурыз мерекесіне дайындық барысында ғана емес,
барлық мезгілдегі табиғаттың тазалығына, ауланың
тазалығына көңіл бөлінудің қадағалануы.
(МК,ОТ) «Тіршіліктің жаңаруы, жандануы»
ұғымдарын қалай түсінесіңдер?
«Тіршілік жанданады, айнала құлпырады» деген
түсінікпен байланыста болады.
(Ұ) Тəжірибелік-зертханалық жұмыс іс-əрекеті
(ҰОҚ-дан тыс уақытта өтеді).
«Ауланы көріктендірейік» тəжірибелік жұмысы.
Педагогпен бірге серуенге шығып,табиғатты көркейту
шараларын орындайды.
Тəжірибе барысында аулада педагогпен бірге ағаш
отырғызу, гүл егу жұмыстарын орындайды. Педагог
осындай іс-əрекеттердің табиғатқа берер пайдасын
атап көрсетеді.
(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.
Презентация
Музыкалық əуен
94
1. «Наурыз – экологиялық мереке» деген ұғымды қалай
түсінесің? Балаларың жауаптары тыңдалады.
2. Наурыз мерекесінде атқарылатын табиғатқа пайдалы
еңбек түрлерін атату.
3. Көктем хабаршысы – бəйшешек гүлінің суретін
салғызу.
4. Наурыз мерекесінде ойналатын ұлттық ойындар
жайлы əңгіме жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |