Тəжірибелік-зертханалық жұмыс іс-əрекеті
«Жарамсыз заттан жарамды зат жасау». Қоқыстарды табиғат
аясына лақтырмай керісінше жарамды затқа айналдыру.
Сүт, шырын қорапшаларынан арнайы қобдиша əзірлеу.
Балаларға сурет бойынша тірек сөздердің көмегімен
сұрақтар құрастыруға тапсырма беру.
Балаларға түсінікті жəне қарапайым суреттерді қолдану.
Үлгі сұрақтар: Табиғатқа зиян келтіретін қандай іс-
əрекеттер бар? Пайдалы іс-əрекет дегеніміз не? Табиғатты
қалай қорғаймыз? Табиғатқа қамқорлық дегенді қалай
түсінесіндер? Табиғатта қандай өзін-өзі ұстай білу ережелері
бар? т.б.
Ағаш, су, күн сəулесі,
қошақан, лақбейнеленген
карточкалар.
54
ҰОҚ қорытындылап, осы ұғымдармен балалар жетік танысу
керек.
Табиғат – күн, ауа, жер-су, өсімдіктер, жануарлар.
Табиғатқа қамқорлық – табиғатты зиян заттардан
қорғап, оны сақтап қалу.
Пайдалы іс-əрекет – нəтижесінде жақсы көрсеткіштер
болатын іс-əрекет.
Зиян келтіретін амалдар – өзінен кейін жамандық қана
қалдыратын амалдар.
Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережесі – қоршаған
ортаға зиян келтірмеуге көмектеседі.
Əліппе-дəптермен жұмыс.
1. Сурет бойынша жұмыс. Балалардың іс-əрекетін дұрыс деп
ойлайсыңдар ма? Суреттен нені байқадың, мұндай жағдайда
сен қандай əрекет жасайтын едің?
2. Сурет бойынша ісі дұрыс балаға алғыс ойлап айтады, ал ісі
теріс балаға қалай ақыл айту керектігін айтады.
3.Сен табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережелерін естеріне
түсіреді.
4. «Бір тал кессең, он тал ек» мақалын қалай түсінесің?
Мағынасын ашады. Сурет салады.
Тірек сөздер
Əліппе- дəптер
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 мин.
(Ұ, Ө)Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі:
Қоршаған ортаның тазалығы бүкіл тіршілік атаулы үшін
маңыздылығы зор. Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережелерін
ұстана білу қоршаған ортаның жойылып кетпеуіне, оған
деген қамқорлық таныта білуге көмектеседі.
Рефлексивті бағалау.
Педагог балаларға жапырақты түсті қарындашпен бояп
шығуға ұсыныс жасайды.
Əліппе-дəптер, түрлі
түсті қарындаштар.
55
ТАҚЫРЫБЫ: Табиғат бұрышындағы жануарларға
қамқорлық
Мектеп/ МҰ:
Педагогнің аты-жөні:
Сынып/ топ
Қатысқандар саны:
Болмағандар:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.1.2.1.Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау
Болжамды нəтиже
Барлық балалар істей алады:
«Күтім жасау » деген ұғымды түсіндіре алады
Көпшілік балалар істей алады:
Жануарларға пайдалы іс-əрекеттерді атауды.
Жанарлардың өміріне зиян келтіруі мүмкін іс-əркеттерді білуі.
Кейбір балалар істей алады:
Жануарларға не үшін күтім керектігін айтып бере алады.
Жануарлардың адам өміріндегі пайдасын айтып бере алады.
Тілдік мақсат
Дағдыларды дамыту.
«4 бұрыштың стратегиясы (сыни тұрғыдан ойлауды дамыту)» технологиялық
тəсілі шегінде болжамдар ұсыну.
Болжамдар ұсыну үшін тіректер пайдалану.
Жануарларға пайдалы іс-əрекеттер мен
зиян келтіруі ықтимал жағдаяттардың маңыздылығы туралы əңгіме.
Көптілділік
күтім жасау –уход –care
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Табиғат бұрышы, жануарлар күтімі, пайдалы іс-əрекеттер.
56
Ұйымдастырылған оқу қызметінде диалог/хат үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар.
«Жануарларға күтім жасау» - дегенді қалай түсінесіңдер?
Сен жануарларға қандай көмек көрсеттің ?
Өткен ұйымдастырылған оқу
қызметінде алған білім
Табиғат туралы қарапайым түсініктер; табиғатты сақтап қалу, табиғатта зиянды
əрекет жасамауға жəне пайдалы іс-əрекеттерге біршама тəуелділігі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресуртар
IV. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2 мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты
болжам.
3-5 мин
(Ұ) Шаттық шеңбері
Қол ұстасып, кəне, біз,
Достасайық бəріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге!
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Ұсынылатын мəтін (мысал ретінде):
– Табиғат бұрышы – балабақшада, мектепте тірі
жануарлар орналастырылған бұрыш. Табиғат
бұрышында аквариумде балықтар, торда үй
қояндары, тотықұстарды ұстайды. Оларды
күтіп-баптайды.
(Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде
жайылып қойылған суреттерді жинауды жəне
онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін
сұрайды. (Жануарлар). Педагог балалардың
жануарларға күтім жасау жайында не білетінін
анықтап, бүгінгі ҰОҚ-да не білгілері келетінін,
неге үйренгілері келетінін сұрайды (Балалардың
Жануарлар күтіміне
байланысты бейнеленген
суреттер.
57
пікірлері тыңдалады).
Болжамдар:
– Жануарларға күтім жасау, оларды
тамақтандыру деп түсіндіреді.
– Жануарларға зиян келтіру деген,
уақытында тамақ бермеу.
Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз?
Кітаптардан.
III. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс
6 – 27мин.
(Т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау
стратегиясы. Жануарларға күтім жасау керек
пе, керек емес пе? Топтарда түсіндіріңдер: 1-
топ – керек, 2-топ – керек емес (Не үшін? Неге?).
Педагогтер балалардың назарын болжамдар
ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде
осы тіректі пайдалануына болатындығын
ескертеміз:
ықтимал
болжамдайық
мүмкін
солай дейік
ал, егер…
(Ұ) Өзекті мəселе.
Балық немен қоректенеді? Күніне қанша уақыт
тамақ бересіңдер? БОЛЖАМДАР. Ойланшы,
шамадан тыс қоректендіру зиян ба?
(Ұ)Сергіту сəті.
(Ұ, Т) Бақылау.
Педагог балаларға табиғат бұрышындағы
жануарлардың пайдасы туралы БОЛЖАМДАР
Жануарлар суреті
58
ұсынуды сұрайды? Сонымен жануарларды
аялап, сақтауға тырысу табиғатты қорғауға
жатады ма? Жануарларды қорғау керек пе?
(Жарық, судың суреттері бейнеленген
карточкалар тақтаға бекітіледі).
Тəжірибелік-зертханалық жұмыс іс-
əрекеті«Ақ тышқандардың дамуындағы
қоршаған ортаға тигізетін əсері»
1. Ақ тышқандардың дамуын,қоректенуін
анықтау;
1. Ақ тышқандардың дамуын, қоректенуін
анықтау;
2. Ақ тышқандардың іс-əрекеті мен қоректену
ерекшеліктерін бақылау.
Əр топ бір жануар туралы дайындалады. Олар
жануарлардың қорегі туралы, оларға суды,
қоректі қай уақыттта беру керектігін бір-бірімен
тəжіребие соңында бөліседі.
Ұйымдастырылған оқу қызметін
қорытындылап, осы ұғымдармен балалар жетік
танысу керек.
Табиғат – күн, ауа, жер-су, өсімдіктер,
жануарлар.
Жануарларға күтім жасау – əр жануарды
өзінің ерекшелігіне қарай, қоректендіру,
тіршілік етуіне керекті жағдай жасау.
(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.
1. Сурет бойынша жұмыс. Табиғат
бұрышындағы жануарға күтім жасау
жұмыстарының түрлерін ата (су – жем беру,
Əліппе-дəптер
Тотықұстың дауысымен
жазылған аудиотаспа.
Тотықұстың суреті.
59
тазалық жұмыстары).
2. Суреттен табиғат бұрышын мекендемейтін
жануарларды белгілету, себебін айтқызу.
3. Тотықұстың басқа құстардан қандай
ерекшелігін білесің? Балалар тотықұс туралы
білгендерін айтады. Содан соң аудиодан тотықұс
туралы мəлімет тыңдатылады.
Мен – жануарлардың ішіндегі
ең ақылды тотықұспын. Сендерге біраз өзім
жайлы айтып берейін. Тотықұстар 350-гежуық
түрі бар. Адамдарға еліктеп сөйлей аламыз.
Кейбіреулеріміз сөйлем де құрай аламыз. Өмір
жасымыз да ұзақ. 70 жыл өмір сүреміз. Ұзақ
жыл өмір сүріп, адамдармен де жақсы қарым-
қатынас құра аламыз. Жалпы тропиктік
аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды
жерлерде мекендейміз. Кейбір түрлеріміз
дүниенің барлық өлкесінде тордың ішінде де
өмір сүре алады. Біздітануөтеоңай.
4. Тотықұстың суретін бояу.
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.
(Ұ, Ө)Педагог балаларды қорытынды жасауға
əкеледі: Жануарларға тіршілік үшін жылу,
тамақ, су жəне ауа керек. Жануарлар мен
өсімдіктерді қорғау арқылы, біз табиғатты
қорғаймыз. Сондықтан жануарлар мен
өсімдіктер əлемін қорғау біздің парызымыз.
Рефлексивті бағалау. Аквариумді бояйды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр.
2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын –
көк.
Əліппе-дəптер
60
3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да
түсіндіріп бере аламын – жасыл.
ТАҚЫРЫБЫ: Балықты қалай күтуге
болады?
Мектеп/МҰ
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ
Қатысушылардың саны
Болмағандар
ҰОҚ оқытылу
мақсаты
0.1.2.1.Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау
Болжамды
нəтиже
Барлық балалар:
Балық деген не? деген сұраққа жауап бере алады;
Балықтың түрлерін атай алады;
Балықтың күтімі туралы айта алады.
Ұйымдастырылған қызметін зерттеу тақырыбын анықтай алады;
Көпшілік балалар:
Балықты қалай күту керектігін түсіндіре алады;
Балықтың тіршілігі үшін не қажет екенін анықтай алады;
Кейбір балалар:
Балықтың тіршілігіне зиянды заттар;
Зерттеу іс-əрекеті барысында талқылай алады.
Тілдік мақсат
Дағдыларды дамыту.
Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар осы ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын,
танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтай білуін дамыту. Талқылау кезінде «Неге?», «Бұл немен
61
байланысты?», «Егер..., не болады?» деген сұрақтарды пайдалану.
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.
Көптілділік: балық –рыба – fish
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: балық, аквариум, балықтың тіршілігі, уылдырық,
ҰОҚ диалог/хат үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Балықты қалай күтуге болады?
Күн сайынғы, кезеңдік, мерзімдік күтім деген не?
Балықтың қандай түрлерін білесіңдер?
Олар немен тамақтанады?
Балықтың пайдасы?
Балық қалай көбейеді?
Өткен ҰОҚ-
дан алған білім
Жылудың тіршілік үшін маңыздылығы, оның қасиеттері.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
I. Дұрыс əсерлі
көңіл күй орнату.
0–1мин.
(Ұ) Шаттық шеңбері
Қол алысып, кəне, біз,
Достасайық бəріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
62
II. Өмірлік
тəжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
2–5 минут
(Ұ) Педагог балаларға жұмбақ шешуді ұсынады:
Жер бетіне бір шықпас,
Су түбінде тұншықпас.
Сөйлемейді, үндемейді,
Пісірсе оны кім жемейді.
(Балық)
Аузы бар, тілі жоқ,
Терісі бар, жүні жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.
(Балық)
(Ұ)Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні
мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып
келеді. Шапшаң жүзетін акула, албырт, көксерке тəрізді балықтардың денесі
ұршық сапты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан, тобан, тұқы, мөңке
тəрізділердің екі бүйірі шығыңқы, жоны көтеріңкі болады.
Тіршілік етуіне байланысты кейбір ерекшеліктері ғана болмаса, дене
мүшелері жүйесінің құрылысы шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарда
біріне-бірі ұқсас.
Ой-толғаныс.
Балықтың пайдасы туралы қосымша ақпарат:
1. Балықтың майынан қажетті бірнеше түрлі дəрумендер алынады.
2. Қабыршағынан інжу жасалады.
3. Майынан ыстыққа төзімді бояулар дайындалады..
4. Акула терісінен егеу дайындайды.
5. Треска,акула бауырынан дəрі жасалады.
6. Балықты қолдану арқылы бауыр ауруларының алдын алуға болады.
7. Балық пен сүт ақуыздары қосылған кезде адам организміне қажетті ең
63
құнарлы заттар түзіледі.
Дидактикалық ойын: «Алтын балық»
Ойын шарты: Балалардың алдын ала қойылған салған суреттерінен, əр
баладан қайсысы ұнайтынын сұрау. Қай баланың жұмысы ұнаса, сол балаға
«алтын балық» сыйлайды. Ойын соңында «алтын балықты» көп жинаған
бала марапатталады, мақсат балалардың өзін-өзі бағалауына дайындау.
III. ҰОҚ
тақырыбы бойынша
жұмыс
6 - 27 мин.
(Ұ)Өзекті мəселелер.
Аквариумдағы балықтың адамға пайдасы.Аквариумды күн сайын ұқыпты
түрде күту керек, аквариумдағы өсімдіктердің жағдайы, жалпы тазалық
шаршаған кезде аквариумнан күш-қуат алып сергуге мүмкіндік береді.
Аквариумдағыбалық күтімі. Алдымен аквариумға су құямыз. Сосын түбін
себеміз. Енді аквариум өсімдіктерін отырғызуға болады. Саусағымызбен
үңгір қазып алып, оған өсімдіктің тамырын бекітеміз. Топырақпен
нығыздаймыз. Тастар мен өсімдіктерді орнатып болған соң, қабығын
жапқанда судың үстіңгі беті көрініп тұрмайтындай етіп, су құямыз.
Балықтарға ыңғайлы мекен қалыптасу үшін, аквариумға балықтарды əлі
жібермей қоя тұрамыз. Кем дегенде 2-3 күн күтіп, ыңғайлы кезде балықтарды
аквариумға саламыз. Бұл тіпті оңай. Үйге балықтарды қай суға салып
əкелсеңіз, сол суымен қоса құясыз.
Күн сайынғы күтім.Күн сайын аквариумға назар салып, жарық бергіш,
жылытқыш құралдардың жұмысын қадағалап отыру қажет. Сау балықтар
теңселмей, бірқалыпты жүзеді, денесінде ешбір дақ болмайды. Тамақты
таңертең жəне кешке берген дұрыс.
Кезеңдік күтім.Аквариумдағы өсімдіктерді күтіп, суды ауыстырып отыру
кезеңдік күтімге жатады. Аквариумның əйнегін көтеріп, құралдарды
сөндіреді, қораптың түбін тазалап, су құяды.
Мерзімдік күтім. Көктем мен күзде жасалады. Көктемде жарық бергіш
құрал мен жылытқыш құралдың күшін төмендетеді, құралдарды жуып-
тазалап, ескі өсімдіктерді жояды. Ал күзде аквариумды қысқы тəртіпке
ауыстырады. Яғни жарық бергіш құрал мен жылытқыш құралдардың
жұмысын күшейтеді.
«Теңіз» музыкасы.
Музыкалық сүйемелдеу
64
Балықтардың көбеюі: Балықтар уылдырық арқылы көбейеді (уылдырық
көрсету) Уылдырықты көп шашатын балықтар- сазан, шортан, көксерке.
Балықтарды тағам ретінде пайдалану жолдары:
Балықтың пайдасы өте көп. Одан көптеген тамақ түрлерін жасауға болады.
Қуырып жеуге, балық сорпасын пісіруге, салаттар жасауға болады. Кейбір
балықтарды консерві түрінде де шығарады.Бұл консервіленген балықтар көп
уақыт сақталады.
«Кім епті?»
(Ұ)Сергіту сəті.
Əуенмен «Балықтар» биін билейді.
Мəлімет:
Балықтар осыдан көп жыл бұрын мұхиттарда пайда болған. Ол
кезде балықта қанат, жақ сүйек, қабыршақтары болмапты. Олар бірте-бірте
пайда болыпты. Осы балықтардың ішіндегі ең үлкен балық кит деп аталады.
Оның салмағы өте ауыр екен, ал аузын ашқанда аузының үлкендігі осы біз
отырған бөлменің үлкендігіндей болады екен. Ал ең кішкентай балық –
итбалық деп аталады. Балықтарға қарап тұрсақ балықтардың пішіндері де
əртүрлі. Осы пішіндеріне қарап та балықтың қандай екенін, атын атауға
болады екен. Мысалы: жалпақбалық, табанбалық, жыланбалық.
Мынадай қызықты білесің бе?
Металмен қапталған кемені тұмсығымен тесіп өтетін балық:семсер балық.
Аңшы иттер ажырата алмаған иісті ажырататын балық:жыланбалық.
(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.
1.Балықтың күтіміне қажетті заттарды ата. (Аквариум, су, сүзгі, балдырлар,
жылытқыш, компрессор)
2. Сурет бойынша балыққа жүзуге көмектесетін дене мүшелерін белгілету.
3. Аквариум мен теңіз балықтарын топтастыр.
Əліппе-дəптер, түрлі түсті
қарындаштар.
Океанариум мен аквариумның
суреті.
65
4.Океанариумдағы балықтар мен аквариумдағы балықтардың ерекшелігі
қандай?
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 мин.
(Ұ)Педагог қорытынды жасайды, сұрақтарға жауап беруді ұсынады.
Рефлексивті бағалау.
(Ұ, Ө) Аквариумді бояйды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр.
2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – көк.
3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жасыл.
Əліппен-дəптер, түрлі түсті
қарындаштар.
ТАҚЫРЫБЫ:
Қазақстанның қорықтары
Мектеп/ МҰ:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ:
Қатысқандар саны:
Болмағандар:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.1.2.2.Қазақстанның қорықтарын атау
Болжамды нəтиже
Барлық балалар біледі:
Табиғатты қорғау не үшін қажет екенін түсіндіреді;
Қорықтардың не үшін қажет екенін түсінеді.
Көпшілік балалар біледі:
Қорықтың ерекше қорғалатын аймақ екендігін;
Кейбір балалар біледі:
Жаңа ақпаратты білу үшін сұрақтарды дұрыс қоя біледі;
Тəжірибелерді өз бетімен жүргізеді.
66
Тілдік мақсат
Дағдыларды дамыту.
Мəселені көре білуді дамыту, сұрақтар қою, болжамдар ұсыну, ұғымдарға анықтама беру,
топтастыру, бақылау, зертханалық жұмыстар жүргізу, қорытындылар мен ойша тұжырым жасау,
материал құрастыру, мəтінмен жұмыс, өз идеяларын дəлелдеу жəне оларды қорғау.
Əлеуметтік дағдыларды қалыптастыру жəне дамыту.
Көптілділік:
қорық – заповедник– reservation
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: қорықтар, өсімдікті қорғау, жануарларды қорғау, экология
ғылымы, ерекше қорғалатын аймақ.
Ұйымдастырылған оқу қызметінде диалог/хат үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар.
Қорық дегеніміз не?
Ол бізге не үшін қажет?
Өсімдіктерді сақтап қалу үшін не істеу керек?
Қандай өсімдіктер қорғалуға мұқтаж?
Жануарларды сақтап қалу үшін не істеу керек?
Қандай жануарлар қорғалуға мұқтаж?
Қазақстанда өсімдіктер мен жануарларды қорғау үшін не істелінуде?
Өткен ҰОҚ-дан алған
білім
Қорық туралы түсінік қалыптастыру жəне ұғымын ашу.Қорықтың маңыздылығын түсіндіру.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
67
I. Дұрыс əсерлі көңіл
күй орнату.
0–3 мин.
II. Өмірлік
тəжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
4-6 мин.
(Ұ)Педагог қорық туралы мəтін оқиды.
Қорық – өсімдіктер мен жануарлар ерекше қорғалатын аймақ. Қорық
аймағындағы жануарлар мен өсімдіктерді жоюға, зиян келтіруге тыйым салынады.
Өйткені бұл аймақтағы өсімдіктер мен жануарлар жойылып кету қаупінде. Сондықтан
қорық – ерекше қорғалатын аймақ.
Қазақстанда көптеген қорықтар бар. Қазақстанда: Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи
қорығы, Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы, Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы,
Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы, Қорғалжың мемлекеттiк табиғи қорығы,
Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы, Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |