А. Абдуалы Е.Қ. Серікбаев Г. С. Өтепбергенова



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата10.11.2019
өлшемі1,69 Mb.
#51501
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
history


«Шу өңірінің атауы өзгермеген мекен, бұл жерде кезінде жолбарыс, басқа 
да  түрлі  аң-құстар  мекен  еткен»  -  дейді  ауыл  тұрғыны,  шежіреші  Мұрат 
Сәлімбаев.  Қарияның  бұл  сөзін  төмендегі  «Жолбарыс  батыр»  туралы  аңыз 
растағандай болады.   
Жолбарыс батыр. Қарабек мүйізді Өтегеннің он жеті жолдастарының бірі. 
Бір сапарда Қарабек батыр қалмақтың Ботабек деген ханын өлтіріп үйінен екі 
қоржынның басы толған жамбы, тай-тұяқ, түрлі асыл заттар алып шығады. Уәде 
бойынша  елдің  бәрі,  мейлі  кім  болса  ол  болсын,  тапқан  олжаларын  көптің 
ортасына  салу  керек  екен.  Алайда,  Қарабек  батыр  ешнәрсе  демей,  зәрін  ішіне 
тартып жүріп кетіпті. Көпшілік батырдың бұл ісіне риза болмай қалыпты, бірақ 
ешкім оған батып айта алмапты.  
Сонан талай жылдар өтеді. Өзінің қатарлары «өніп-өсіп», көбейіп кеткенде, 
Қарабекте бала болмайды. Бір күні үлкен бір ас болады. Қарабектің ағайындары 
Асан, Төле, Қараменде бұлардың барлығы да кедей екен. Іштеріндегі әл-ауқатты, 
тұрмыстысы  тек  Қарабек  екен.  Ас  тойда  інілері  Қарабектен  ат  мінеді  деседі. 
Қарабекте жылқы көп, бірақ, мінетін баласы жоқ. Әсіресе, жылқы ішіндегі қара 
қасқа айғырды көріп, інісінің балалары: 
˗ 
Батыр ата-ау, анау қара қасқаны мінейікші, - депті. 
˗ 
Қой, оған жоламаңдар, басқа ат сендерге жетпей ме? – депті Қарабек. 
˗ 
Ата-ау,  біз  мінбегенде  оны  қай  балаңыз  мінеді?  –  депті  біреуі.  Сонда 
Қарабек,  қатты  қамығып,  асқа  бармай  жатып  қалады.  Бұл  қалай  Қарабек 
асқа келмеді ғой деп, ел-жұрт оны іздейді. 
Ас өткен соң қатарлары Айтқұл, Малдыбай, Өтеген, тағы да басқа бір топ 
адамдар оны іздеп келеді. Келсе, Қарабек төсекте жатыр екен. Қатарлары үйге 
кіріп аман-саулық сұраса, теріс қарап тұрмапты. Сонда құрбылары: 
-  Ау,  Қарабек,  көтер  басыңды,  бата  бергелі  келдік,  -  дейді.  Құрбылары 
болған  оқығаға  қанық  болып  келсе  керек,  бір  боз  қасқаны  атап  «Аумин»  деп 
қолдарын көтергенде, Бабаның баласы Айтқұл деген кісі бата қылады:  
- Иә, құдай, Бабаның баласы қылып жаратқаның рас болса, - деп жейдесінің 
бауын шешіп, - осы Қарабекке қол бастайтын бір ұл бер, той бастайтын бір ұл 
бер, ар жағы не болса ол болсын. Ботабектен алған олжаны біз де кештік, сен де 
кеш, - деп қасқаның етін жеп тарасыпты. 

38 
 
Ел  аузындағы  «Бабаның  батасынан»  деген  осыдан  қалыпты.  Жыл  уағы 
болмай  Қарабектің  кіші  әйелі  жүкті  болады.  Қуанып  «құрсақ  той»  жасайды. 
Әйелі  жолбарыстың  жүрегіне  жерік  болады.  Қарабек  батыр  Шудың  қалың 
қамысынан жолбарыс  іздеп  шығады.  Тұла  бойын  арқанмен  шандып  тастайды. 
Қолына найза, шоқпарларын алып жүрмек болғанда әйелі мен де барамын деп 
қалмай қойыпты.  
Қарабек жолбарыстың жүретін жерін, жататын мекенін біледі екен. Өзенді 
жағалап бір қалың қамысқа жақындағанда, жолбарыс та оны көріп қашпай, қарсы 
жатып алады. Қарабек батыр әйеліне: 
- Биыл жолбарыстың туған жылы екен, мынау ұрғашысы күшігін бауырына 
басып жатыр. Шіркін, арланы қайда болды екен, а? Ол ашулы болады. Сен аулақ 
жүр, шошып қаларсың, - дейді. 
-  Балалы  болса  обал  болады,  -  деп  әйел  батырды  жібермейді.  Сөйтіп 
тұрғанда  жолбарыстың  арланы  бір  жақтан  дәу  тананы    желкесіне  салып  келе 
жатады. Жымына қарай өлген тананы лақтырып тастады да, ырылдап Қарабекке 
қарайды. Батыр тәуекел деп қарсы жүргенде, әйелі артынан қалмапты.  
- Сен аулақ жүр, шошынасың! – деп айтса, да әйелі: 
- Сенен жаным ардақты мА, сонша, - деп ілесе береді. 
- Ендеше, мына шоқпарды ұста қолыңа, - дейді де, шоқпарды әйеліне беріп, 
өзі айбалтасын алып қарсы жүреді. Арлан мысықша жүресінен жатып, құйрығын 
қайшылап,  екі  көзі  оттай  жанып  шабуға  ыңғайланып  жатады.  Қарабек  те  көз 
алмай қадамдай басып жақындай түседі. Артына қараса болды, жолбарыс оны 
қағып  алмақ.  Ол  бұрылмай  қарсы  жүре  береді.  Жақын  қалғанда  «ар-р-р»  деп 
жолбарыс та атылады. Батыр да ақырады. Екеуі алысып жатыр, алысып жатыр. 
Жолбарыс Қарабектің денесіндегі шандып тастаған арқанды қарш-қарш шайнап 
жатқанда, әйелі де шоқпармен шонайдан бар күшімен соғып қалады. Батыр да 
дәл жүректің тұсынан пышақты ырғап салады. Жолбарыс құлайды. «Бисмиллә» 
деп батыр арланның ішін жарғанда әйелі қолын салып жіберіп, жүрегін суырып 
алып, шикідей жеп жіберіпті.  
Ай күні жетіп Қарабектің әйелі ұл туады. Атын Жолбарыс қояды. Жолбарыс 
өсе  келе  қолбастаған  атақты  батыр  болады.  Қазақ  тарихында  ерекше  орын 
алғанЖоңғар шапқыншылығы мен Қоқан хандығына қарсы соғыста көзге түскен 
батыр  Жолбарыс  осылай  дүниеге  келген.  Жолбарыстың  соңынан  тағы  бір  ұл 
келеді. Оның атын Қарабек Кененбай қояды. Ол той бастар атақты ақын, әнші 
екен. Одан кейінгілері момын шаруалар болады. Жолбарыс батырдың есімі Ораз 
еліне  ұран  болған.  (Ж.Дәдебаев.  Атыңнан  айналайын.  Тараз  тарихы  туралы 
толғаныстар. Алматы, 2002ж.)
 
Ақтөбе 
(Баласағұн) 
қаласы.
 
Баласағұн 
Қарахан
 
мемлекетінің 
астаналарының  бірі  болған  ортағасырлық 
қала
  атауы.  Жазба  деректерде  10 
ғасырдан бастап белгілі. әл-Мақдисидің мәлімдеуінше, ол «игілікке 
бай
, үлкен 
қала»  болған.  Ал 
Махмұт  Қашқари
  Баласағұнның 
Күз-Ұлыс
  немесе 
Күз-
Орда
  деген  басқа  аттары  болғанын  хабарлайды.  Зерттеушілердің  пікірінше:  1) 
Баласағұн  алғашқыда  (8  ғасыр)  түрікше 
Беклік
  (Бекелік  –  бекініс),  соғдыша 
Семекне деп аталған. Баласағұн тұрғындары түркі және соғды тілінде сөйлеген. 

39 
 
Қала 
1210
  жылы 
Мұхаммед  Хорезмшаһты
  жеңген  қарақытайлықтардың  қол 
астына  қарайды. 
1218
  жылы
Шыңғыс  хан
  әскерлеріне  қарсылықсыз  беріліп, 
Ғабалық («Жақсы қала») деп аталады. 
 
 
 
Сурет 14. 
Ақтөбе (Баласағұн) қаласы
 
 
Баласағұн қаласының билеушісі жаугершілік заманында қазынасын, бүкіл 
алтынын 40 есекке артып белгісіз бағытта қаладан шығарып жібергені туралы 
аңыз, қаланың бай, қуатты болғанын білдрсе керек. 
Шу  ауданының  тұрғыны,  шежіреші  Мұрат  Сәлімбаев  өңір  туралы  ұмыт 
болып бара жатқан аңыз-әңгімелерді айтып берген болатын: 
Итеке батыр туралы. Байзақ датқаны өлтіргеннен 3-4 жылдан кейін, алым-
салық  төлемей  отырған  Көкірек  руына  Қоқан  билеушісі  1000  әскерін  жіберіп 
(кейбір деректерде 500 әскер) «Шу өңіріндегі Көкірек руын шауып, тұтқындап, 
мал-мүлкін  тәркілеп  әкеліңдер.  Бізге  қарсы  шыққандарын  көрейік»  -  деп 
бұйырады.  Сонда  Көкіректің  Итеке  деген  батыры  ел  ішінен  қол  жинайды. 
Қоқандықтардың  құмның  ішімен  келетін  жолындағы  құдықтарды  бекітіп 
дайындық жүргізеді. Құмды қоян сүйек, саксауылдың сары жігерінен қада қадап, 
тұзақ  құрады.  Сөйтіп  қоқандықтардың  алдынан  шығып,  жол  көрсету  үшін 
хабаршы жібереді. Ол хабаршы қоқандықтардың сеніміне кіріп, әскерді 3 күндей 
алдап шаршатып құмның ішінде адастырады. Әбден шаршаған қоқандықтарды 
Итеке бастаған топ қамшымен ұрып өлтіреді.  
Байжан батыр. 1855-1860 жылдары Төле би ауылының шығыс беткейінде 2 
шақырым  жерде  Қорғаншы  бекінісіне  (бұрынғы  атауы  Старый  крепость) 
жергілікті халықтан зекет жинап қоқандықтардың 150 әскері келеді. Жергілікті 
халықтан  салық  жинап,  әбден  титығына  тиген  қоқандықтарға  қарсы  Байжан 
батыр қол жинап Шу өңірінен қуып шығады.  

40 
 
Садыр  би  туралы.  Сарыүйсіннің  Мамбет  руынан  шыққан  Садыр  би  бір 
кездері елге өкпелеп Алматы қарай көшіп кетеді. 3-4 жыл өткен соң елге оралып, 
қазіргі  Төле  би  ауылынан  10  шақырым  жерге  қоныстанады.  Садыр  би  мешіт 
соғып,  Алматыдан  Қарғабай  деген  молданы  алдыртып  бала  оқыта  бастайды. 
1870 жылдары Аша болысы құрылып, болыстың биі Садыр би болған деседі.         
Қылышбай ақын туралы. Қылышбай шешен адам болған. Бірде, Қылышбай 
ақын  атқосшысымен  Әтей  деген  байдың  үйіне  қонады.  Байдың  бойжеткен 
қызына  ақынның  атқосшысының  көзі  түседі.  Оны  байқаған  қыздың  шешесі 
түнде қызды шалының қасына жатқызып, өзі қызының орнына жатады. Түннің 
бір уақытында әлгі жігіт қызға қырындай бастайды. Қыз орнында жатқан кемпір 
жігіттің  қолын  қағып  жібереді.  Сонымен  таң  да  атып,  қайтатын  уакыт  болып, 
барлығы қымыз ішіп отырады. Қылышбай ақынға келіп ауылдастар амандасып, 
«Қылшеке  мынау  қасыңдағы  баланы  танымадық,  қай  ауылдың  баласы»  дейді. 
Сонда  Қылышбай  ақын  былай  деп  жауап  қайтарады:  «Тал  екен  деп  тоғайдан 
жиде  кескен  бұл  жігіт,  қыз  екен  деп  кемпірмен  жүйделескен  бұл  жігіт».  Өз 
қылығына ұялған жігіт қызара түседі.  
Сауытбек ақын туралы. Сауытбек ақын 1929 жылы (1930ж.) С.Сейфуллинге 
өлең  жазады.  Бұл  жылдары  Сауытбек  ақынды  кеңес  үкіметін  қолдамады  деп 
ауылдастары айыптай бастайды. 
Қойыпты атымызды алтыбек деп 
Алтауында алты тай жоқ мінген ерттеп 
Бағады екі кіші елдің малын 
Сонымен күн көреміз ептеп-септеп. 
Мал бақтырған байлардың атын мініп, 
Ұялып көпшіліктен жүрміз шеттеп. 
Бір анадан туылған алты бек те тіріміз, 
Үшеуі үлкен менімен, үшеуі кіші ініміз. 
Мақұл дейді бесеуі ішінде айтса біріміз 
Аласалау дембелше доғалақ қоңыр түріміз. 
Пысықтауы мен едім, желділеу болды тіліміз. 
Бір құдайға бар шығар айтып кетем ініміз, 
61 келгенде, ел ішінде қуғын жеп 
Осылай болды күніміз. 
Үшеуі үлкен болғанда, үшеуі үлкен ағамыз, 
Екеуі егін айдайды, сонымен азық табамыз. 
Екі үлкен ауыл бағады, ынтымақты арамыз, 
Ибасы бар бір жылқы той жйынға барамыз. 
117 уақ мал, біріктіріп бағамыз 
Қонақ келсе төрт-бес үй  
корпе жинап бір үйге мейманға әкеп жабамыз. 
Қуғын жедім сол үшін, қайтып елге жағамыз 
Тартып алды бар малды, шулады қатын-баламыз. 
Асыра сілтеу мына тұр, 
Қырылып қалса аштықтан, адамды қайдан табамыз. 

41 
 
Бар байлығым өлеңім, алдыңа барсын өнерім 
Бар болса кешір жазамыз. 
Үкіметтің заңы ғой,  
Бұйырылсақ та атуға, жоғары жаққа шағамыз. 
Бір атадан он жеті үй, 
Естілсе егер жиын-той, домбыра ала шабамыз. 
Ойын-сауық тамаша,  
Ән мен күй қызыққа басынан құмар баламыз. 
Сауытбек  ақын  бұл  өлеңді  өзінің  жиені  Смайыл  Халифановтан  беріп 
жібереді.  Алматыға  жеткен  С.Халифанов  С.Сейфуллиннің  қабылдауына  кіре 
алмайды.  Амалы  таусылған  Смайыл  хатшы  қызға  өлеңі  жазылған  қағазды 
С.Сейфуллинге беруін өтініп кетіп қалады. 
С.Халифановтың С.Сейфуллинге жазған хаты: 
О Секе әдейі іздеп келдім Шудан, 
Адамбыз малды бағып дүние қуған,  
Әкелдім аманат сөз арнап сізге 
Болған соң негізіміз бірге туыған 
Әкелдім нағашымның тапсырмасын 
Тоқтаттым сізге келіп аттың басын 
Өлеңді өлеңменен сізге өткіздім 
Құрғырды жақтырмасын, жақтырарын. 
Бұл күнде загатскот қызметім 
Атқарып үкіметтің бір міндетін 
Бір жауап тілдесуге сізге келдім 
Уақытым жоқ ұзақ мерзім кідіретін.   
  Хатты  оқыған  С.Сейфуллин  хатшы  қызына  бұл  кісіні  шақырып  келуін 
бұйырады. С.Халифанов осылай С.Сейфуллиннің қабылдауында болады. Арада 
бір жыл өткен соң Сауытбек ақын елмен бірге қырғыз жеріне ауып бара жатқанда 
Тоқташ деген жерде қайтыс болады. 
Сауытбек  ақын  Ақбөпе  деген  қызға  ғашық  болады.  Екеуі  де  ақын,  бір-
бірімен айтысып, 3 жыл ғашық болып қолы жетпейді. Себебі Ақбөпені айттырып 
Қордайға алып кетеді. Бірақ кейін екеуі үйенеді.  
Шудың төменгі жағында таманың Жүнісбай деген байы 60 жасында ұлды 
болып  той  жасайды.  Сауытбек  ақын  сол  тойда  жүргенде  Ақбөпені  айттырып 
алып кетеді. Сауытбек оларды Ұлан жотасында аялдаған жерінде қуып жетеді. 
Сауытбек  пен  Ақбөпе  қашып  кетеді.  Бірақ  Сауытбекті  қасындағы  жігіттер 
райынан қайтарады. Сөйтіп Шу мен Қордайдың шекарасынан кері қайтады. Келе 
жатып қазіргі Белбасар колхозы маңында ақша елінде бір тойдың үстінен түседі. 
Тойға  келген  белді  кісілер  Сауытбекті  танып  өнер  көрсетуін  сұрайды.  Сонда 
Ақбөпеден айрыламын деп әрең отырған Сауытбек былай дейді: 
Маған айтқан Ақбөпе сырың қані 
Айтып жүрген Саукеңнің жыры қані 
Тұмсығында Ұланның қуып жетіп 
Сауытбектің ит болып ұлығаней  

42 
 
Ақбөпеу-оу-оу 
Аралтөбе түбінде бес үй отыр 
Айырылып Ақбөпеден несін отыр 
Малым болса бір шатақ етер едім 
Қолымды кедейшілік кесіп отыр. 
Қалғанымба Ұланның жотасында 
Кемшілік боп кедейлік соққаның ба, 
Жарамадым Бөпенің қолқасына 
Қаңғып қалдым далада, қолым жетпей 
Ашадағы жақсыға сөзім өтпей 
Малым жоқ, ақшам да жок, биге берер 
Ішім күйіп барады-ау жанған өрттей. 
Ақбөпеу-оу-оу 
Қаңғып қалдым қол жетпей боз далада 
Күлкі мазақ болдым да, бозбалаға 
Кезендің кердең заман кедей үшін 
Қолда жоқ қайрат-қуат, жол болама 
Құрттыңба шаруаның қысқалығы 
Жаз айында киемін қыстағыны 
Өткен күзде бір қырға шығармақ ем 
Боп кетті болысымның іштарлығы 
Болысыма беретін атым да жоқ 
Биекеме өтетін парқым да жоқ 
Бір атаның баласы-ей бәрі кедей 
Асаулы сары ауқатты жақын да жоқ 
Ақбөпеу-еу-еу 
Ақбөпе бөрі жеген болдың лақ 
Айыра алмай Ұланда қайттым жылап 
Елу қара берді де бай әкетті 
Бес қара да таба алмадым басын құрап 
Ақбөпе торғай болдың жылан сорған 
Айыра алмай Ұланда қайттым жолдан 
Басқа тұрмақ мінерге жалғыз ат жоқ 
Не келеді жылағанмен енді қолдан. 
Ақбөпеу оу оу 
Бір жолықсам Ақбөпе шырағыма 
Осы даусым жете ме құлағыңа 
Шыныменен кеттің бе ақтотым ай 
Қара құстың түйреліп тырнағына. 
Шырылдатып қара құс кеттің  алып 
Шеңгелдіңде барасың естен танып 
Зарымызды зарлаған екеуміздің 
Тыңдайтұғын адам жоқ құлақ салып 
Өміріміз жылаумен өтерме екен 

43 
 
Бармағымыз тістеулі кетерме екен 
Адамзаттың түспеді-ау рахымы 
Арызымыз Аллаға жетерме екен 
Ақбөпеу еу еу 
Ақбөпеу көремін бе көрмеймін бе 
Қайта айналып келемінбе келмеймінбе 
Бар болса Бөпе сенен немді аяйын 
Қырық тұрмақ елуді бермеймін бе 
Тыңдайтұғын бар болса әділ заман 
Басты тігіп жолыңда өлмеймінбе 
Қош бол Бөпе, Ақбөпе, Алтын Бөпе 
Жақсы туған жайдары жарқын Бөпе 
Қыздарын қалың алып малға сатқан 
Қайтерсің бұл қазақтың салтын Бөпе 
Үш жыл жүрдім соңында үміт етіп 
Таппадым еш нәрсенің шартын Бөпе 
Ақбөпеу еу еу 
деп, Ақбөпеден айрылып, осы мұңлы өлең дүниеге келеді. 
Асайын кәлпенің ұрпағы Сатыбалды туралы. Сатыбалды кәлпені «Тентек 
кәлпе»  деп  те  атайтын.  ҰОС  жылдары  Жайпақ  деген  жерде  20  шақты  гектар 
бидай өртеніп кетеді. «Елдің бәрі аш қалатын болды-ау, соғыс жүріп жатыр» деп 
ел  шулағанда,  Сатыбалды  кәлпе  «Аруақ»  деп  егістің  ортасымен  жүріп  өтеді. 
Сонда өрт тоқтапты деген аңыз бар.   
Күнти руында Майқанажы деген кісі болған. Оның қабірі қазіргі Жиембет 
ауылындағы мешіттің түбіндегі темір қорған.  
Бір  күні  қатты  науқас  болған  адамды  емдеп  беру  үшін  Майқанажыға 
Бестерек  елінен  кісілер  келеді.  Қос  атпен  Майқанажыны  науқасқа  баруын 
сұрайды. Сонда ол: «Менің шамам келмейді, ол жазылады, бірақ мен өлемін» - 
депті. Науқасты емдеп қайтып келе жатып ауылына жетпей Майқанажы қайтыс 
болады. Бұл әңгіменің барлығы М.Сәлімбаевтың айтуы бойынша жазылды. 
Шу өңірі туралы ел аузында неше түрлі аңыз бар. Зұлқарнайынмен шайқас 
туралы  аңыз.  Ақша  батыр  Жайсаң  жайлауын  ішкерілеп  ағып  жатқан  Үңгірлі 
өзені бойында дүниеге келіпті. Ол – қалың қабақты, қапсағай бойлы, ірі денелі 
адам болған деседі. Батыр қайыңның безінен қайырып жасалған садағын шірене 
тартқанда мінген атының бауыры жер сызған. Ал ақ сауытының кіреукесін садақ 
жебесі  сөге  алмаған,  хорасан  болатынан  өрілген  екен.  Батырдың  ақ  сауыты 
туралы  да  аңыз  көп.  Кейбір  деректерде,  Ақша  ақ  сауытты  Хорасан  жерінен 
келетін  керуеннің  саудагерлеріне  үйірлі  жылқы  беріп  сатып  алған  деседі.  Ақ 
сауыттың беріктігі туралы сыбыс қалмақ қонтайшысына жетіп, сауытты қолына 
түсіру үшін небір айла-шарғыға барған. Қалмақпен болған ұрыстардың бірінде 
Ақша батырдың інісі Тілеуімбет жау қолына түсіп, зынданға қамалған. Қалмақ 
қонтайшысы  Ақша  батырға  кісі  салып,  Тілеуімбетті  ақ  сауытқа  айырбастауға 
әзір екенін білдіреді. Бұл кезде Ақша батыр қалың қол жинап, бүкіл жасақты төрт 
қақпаға бірдей салмай, қамалдың сыртындағы негізгі бекініске салған. Батырдың 

44 
 
өзі бастаған жарақты қол қалмақтың қақпасын ойрандап, ішке ентелеп кіріп, жау 
сарбаздарын  қойдай  қырады.  Жаудың  көбі  Шу  өзеніне  батқан  деседі.  Қалған 
бөлігі тал қармап, өзеннің арғы бетіне әзер өтіп құтылған. Сөйтіп, батырдың інісі 
де, аңызға айналған ақ сауыты да өз қолында қалыпты. 
 
 
 
Сурет 15. Жайсан – 14 ғұрыптық кешені 
 
 
Ақша  батырдың  шетінен  батыр  атанған  алты  баласы  болған.  Алдияр, 
Шанхан, Күдияр, Жәдігер, Ибалда және Жиенбай. Олардың ішінде жастайынан 
көзге түскені Жәдігер батыр екен. Жаугершілік заманда қалмақтың жаушылары 
қазақтарға  хабар  жіберіп,  жақын  күнде  соғысатындарын  айтады.  Суық  хабар 
жете салысымен ел ішінде дүрбелең басталып, қарашаның мазасы қашады. Сол 
кезде 17 жасар Жәдігер жас та болса жағдайды жіті түсініп, «қалмақ батырымен 
жекпе-жекке  шығайын»  деп  ағаларына  қолқа  салады.  Ағалары  қарсылық 
танытқанымен  қиылып  болмаған  әзер  дегенде  көнеді.  Сонда  Жәдігер  қыл 
араластырып,  40  құлаш  арқан  естіртіп,  кіндіктен  қолтыққа  дейін  бес  қабат 
оратып, қолына қысқа сапты найза алып ортада тұрған қалмақтың атақты батыры 
Ноянды жекпе-жекке шақырғанда, Ноян Жәдігерді жассынып: «Ол менің теңім 
емес, «Жалақ» деп дыбыс көтеріпті. Бала кезінен ат үстінде ойнаған жас батыр, 
мығым  да  иықты  болған  екен.  Атышулы  Ноян  батырды  сауытының  ашық 
жерінен  үш  рет  түйреп  лақтырғанда  найзаның  сабы  сынып,  ұшы  денеге  кіріп 
кеткендіктен қалмақ батыры ат үстінен ауып түсіпті. Осылайша, жаудың жалауы 
жығылып, 17 жасар Жәдігер батыр атанған. Ел билерінен ерлігі үшін 300 қой, 2 
үйір  жылқы  алып,  елге  оралыпты.  Одан  кейін  де  қалмақтар  мен  барымташы 
қырғыздарға қарсы небір ұрыстарда батырлығымен көзге түскен деседі. 

45 
 
Алашаханның  жақсы  көретін  баласын  тағы  құлан  үйірі  басып  өлтіріпті. 
Қатты қапаланған әрі мейлінше ашуланған хан, құлан біткенді қыруға бұйырады. 
Кімде-кім  оларды  қырып  бітірсе  соған  ғажайып  көп  сыйлық  пен  ең  сұлу 
кіші    қызын  бермекші  болады.  Домбылақ  деген  батыр    ханның  тілегін 
орындаймын деп  уәде береді.  Өзінің  Иней,  Қабан деген  жүйрік  аттарын  мініп 
құландарды  қуады,  қайда  қашса  да  қоймай  бейшараларды  қырады.  Ақырында 
бес-ақ құлан қалады. Олар Шу өзенінен өтіп құмға қашады. Осы құландардың 
Шудан  өткен  жерін  Бесқұлан  деп  атайды.    Құмға  қуып  шыққан  батырдың 
аттарының жете алмай зорығып өлген жерлерін Иней, Қабан деп атапты. Ханның 
қызын алам деп құмның арасында қаңғып өлген Домбылақ батырдың моласы деп 
қазақтар Шудың теріскей жағындағы моланы көрсетеді... Расында да бұл мола 
тым көне... Оған сенуге болады... 
Шу  өзеніндегі  өткелдер  мен  төбелердің  атауларының  шығу  тарихы  мен 
қазақ жеріндегі құландардың қырылуы жайлы осындай да аңыз бар... 
Төле  би  Әлібекұлы  ескерткіші.  Төле  би  ескерткіші  1993  жылы  Шу 
ауданының  Төле  би  ауылында  орнатылды.  Төле  би  Әлібекұлы  (1663-1756)  – 
қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты би, мемлекет қайраткері. 
Ол Қазыбек және Әйтеке билермен бірлесе отырып, Ұлы Даланың қатал заңын 
бір жүйеге келтіріп, оны жаңа жағдайдағы тіршілікке сәйкес бай мазмұн мен түр 
беріп қайта түзді. «Жеті жарғы» атанған түзілген құжатта ертеден келе жатқан 
дала  демократиясы  ескеріліп,  жаңаша  көзқараста  жер  мен  жесір  дауы,  құн 
мәселесі, т.б. әділ шешімін тапты. 
Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат 
ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, 
жауырыны жерге тимеген балуаны.  
Балуан  Шолақ  Шу  өңірінде  болған  сапарында  көтерген  салмағы  1050  кг. 
тартатын тас бүгінде аудандық тарихи өлкетану мұражайының алдына қойылған. 
Сондай-ақ,  Далақайнар  өңіріндегі  өзі  аршыған  тұнба  әлі  күнге  дейін  «Балуан 
Шолақ бұлағы» аталып келеді. 
1879  жылы  Баймырза  Үйсін  ауылының  тұрғындарымен  бірге  жыл  сайын 
жазда  Шортан өзенінің  жағасында өтетін жәрмеңкеге  дайындалады.  Тері,  жүн 
тиелген  арба  аулада  дайын  тұрады.  Бірақ  жолға  шығатын  күні  Баймырза 
сырқаттанып қалады. Ол базарға ересек ұлы Төлеубайды жібермек болады, бірақ 
ол  ауылына  оралып  үлгермейді  де,  сөйтіп  қалаға  жас  Нұрмағамбет  баратын 
болады.  
Бойы  орташа,  бірақ  кең  иықты  он  бес  жасар  бозбала  сырт  киімі 
болмағандықтан  әкесінің  тонын  киеді.  Ол  базарға  туысы  Мұқашпен  бірге 
жіберіледі және оның қолына үйге қажетті тұрмыстық заттар алу үшін біррубль 
ұстатылады.  
Таудың  етегінде  өтіп  жатқан  қанды  базар  Нұрмағамбетті  таң  қалдырады. 
Барлық  жерде  қызған  сауда,  айқайлаған  делдалдар.  Кенеттен  Нұрмағамбеттің 
назарын айнала тұрған бір топ адам аударады. Қызық көргісі келген ол сол топқа 
жақындайды. Сөйтсе, онда бір пысық адам адамдарды шақырып, өзі ертіп келген 
балуанмен  күресуге  шақырып  жатыр  екен.  Бәске  бір  рубль  тігілуі  керек,  ол 

46 
 
ақшаны жеңген адам алатын болады. Әрине, оңай табысқа батқысы келгендер 
жеткілікті, бірақ балуанды жеңген ешкім болмайды.  
Нұрмағамбет өз күшін сынап көрмек болады. Әлгі орыс балуан алғашында 
оны баласынып назар да салмайды. Бірақ тым белсенді бозбаланы бір қорқытып 
алғысы  келген  әлгі  балуанның  «келсең,  кел»  деген  сөзінен  кейін  ол  алға 
ұмтылады.  Бірақ  үстіне  киген  тонның етегіне  аяғы  шалынып,  балуанның  тура 
алдына  барып  құлайды.  Туысы  Мұқаш  әлгі  үйдегілер  берген  рублдіорыс 
балуанның қолына ұстатқаннан басқа амалы қалмайды, және Нұрмағамбетті бір 
сыбап алады.  
Түнде Нұрмағамбет дөңбекшіп ұйықтай алмайды. Ол орыс балуанын жеңе 
алатынын  дәлелдегісі  келеді.  Таңертең  тұра  салып,  Нұрмағамбет  алаңға,  әлгі 
балуанға  тартады.  Бозбаланы  мұқатқысы  келген  балуан  бәске  бір  теңге  емес, 
сегіз  теңге  тігуді  ұсынады.  Ол  кезде  мұндай  ақшаға  сегіз  қой  алуға  болатын. 
Мұқаштың айқайына құлақ аспаған Нұрмағамбет шапанын шешеді, күресуге бел 
буады.  Бұл  жолы  балуандың  алдына  жүгіріп  барады  да,  белінен  ұстап,  жерге 
алып ұрады. Мұндай қызықты көрген көрермендер шапанның үстіне ақша тастай 
бастайды. Теңгелерді жинап алған соң ол, кешегі ұтылған бір теңгені Мұқашқа 
қайтарады,  сегіз  теңгені  санап  алып,  туыстарына  сыйлықтар  сатып  алады.  Ал 
қалған ақшаны ол кедей-кепшіктерге үлестіріп береді. Сол жылы базарға келген 
халықтың арқасында Балуан Шолақтың ерлігі алысқа тарайды.  
Он  төрт  жасында  күреске  түскен  Балуан  Шолақ  бірақ  күреспен  кәсіби 
айналыспайды.  Ол  салдық  құрып,  төңірегіне  өнерлі  жастарды  жинаған. 
Көкшетау қаласында өткен бір үлкен жиында 51 пұт (830 кг тарта) кірдің тасын 
көтеріп,  дүйім  жұртты  таң  қалдырған.  1899  жылы  35  жасында  орыс  палуаны 
Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырған.  
Мойынқұм  ауданының  тарихи  аңыздары.  Мойынқұм  ауданы  бұрынғы 
Көктерек  ауданының  аумағында  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының 
Қаулысына  сәйкес  1964  жылы  31-ші  желтоқсанда  құрылды.  Ол  кезде  аудан 
орталығы Фурмановка ауылы деп аталды.  
Мойынқұм ауданы облыс территориясының 42 пайызын алып жатыр,яғни 
жер  көлемі  бойынша  облыста  бірінші  орында,ал  халқының  саны  жағынан 
сегізінші орында. Аудан территориясының көлемі Батыс Европадағы Голландия, 
Бельгия, Люксембург және Манако сияқты майда мемлекеттердің жерімен тең 
деуге болады. 
Осынау  үлкен  территорияны  алып  жатқан  өлкенің  тарихы  да  бай  екені 
сөзсіз.    Әулиеатаның  Шу  аңғары  мен  Мойынқұм  аймағын  байланыстырып 
жатқан  Қозыбасы  деген  жер  бар.  Тарихи  деректер  бойынша,  мұнда  Қазақ 
хандығының алғашқы туы тігілген. Керей мен Жәнібек хандарға қоныс болған 
құтты мекен. Ал ел аузындағы аңыз бойынша, бұл жердің Қозыбасы аталуының 
тарихы  былай  екен.  Ерте  заманда  хандар  таққа  отырғанда  хан  қарауындағы 
қалың жұрт жабыла қозы сойып, топтанып отырып етін жейтін болыпты. Сөйтіп 
қозының  басы  үйілген  жер  Қозыбасы  аталып  кетіпті  дейді.  Ал  екінші  бір 
аңыздарда  аталған  шоқы  қозының  басына  ұқсағандықтан  Қозыбасы  аталып 
кеткен деген деректер бар. Жалпы, тарихи зерттеулер бойынша Жетісу өңірінде 

47 
 
бірнеше  Қозыбасы  бар.  Алайда  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың  «Тарих-и 
Рашиди»  еңбегінде  Қазақ  хандығының  құрылған  жері  ретінде  Шу  бойындағы 
Қозыбасы жері айтылады. Яғни бұл жер кезінде Моғолстан мемлекетінің батыс 
бөлігіндегі өңір болған. Сонымен қатар жыр алыбы Жамбыл Жабаев «Сұраншы 
батыр» дастанында Қордай асуында, Мойынқұм ауданындағы Хантау іргесінде 
және Іле Алатауының солтүстік-батысында Қозыбасы деген шоқының бар екенін 
жырға  қосады.  Ал  Махмуд  ибн  Уәли,  Шах  Махмуд  Шорақ  Бабырдың  де-
ректерінше,  Шу  бойы  мен  Қозыбасы  аралығындағы  жерлер  Моғолстанның 
батыстағы қақпасы рөлінде болған деседі. Бұл қақпаның солтүстігінде Балқаш 
көлі болған да, оңтүстігінде таулар орналасқан. Тарих бойынша, ХV ғасырдағы 
қалыптасқан  саяси  жағдайда  Есен-Бұға  хан  солтүстік-батысында  Әбілқайыр 
ханмен,  оңтүстік-батысында  Әбу  Сайдпен  қарсылас  болды.  Сондықтан  Дешті 
Қыпшақтан  және  Мауреннахрдан  Моғолстанға  жасалатын  жорықтар  тек  осы 
қақпа арқылы өтетінін тарихшылар жазады. Ал Дулати еңбегінде Есен-Бұға хан 
осы өңірге Керей мен Жәнібекті орналастыру арқылы өзін батыстан қорғағаны 
айтылады. Қазақтың қасиет тұнған қай қиыры да қастерлі. Қазақ хандығының 
алғашқы туы тігілген аймақ, бүгінгі егемен еліміздің негізі қаланған өңір – ұлт 
тарихындағы өшпес белгі. Кезінде ұлт тағдыры сынға түскен кезеңде де қазақты 
қасіреттен қорғап, қайғыдан арашалаған елдің қасиеті мен жердің киесі.  
Мойынқұм  өңіріндегі  Хан  тауын  Шыңғысханның  үлкен  ұлы  Жошы  хан 
мекендегенін тарих растайды. Бұл өңір ол кездері құландардың мекені болған 
деседі. Бірде Жошы ханның еріккен баласы қасында адамдары бар аңға шығады. 
Аңшылар  сай-саймен  бөлініп  кеткенде  хан  баласы  бір  топ  құланның  үстінен 
түседі. Топтың ішіндегі құланның жасамысы баланың жасаған айбарына қарамай 
(құландардың күйлеп жүрген кезі болса керек, қызғаныш туғызыпты) ат үстінен 
баланы шайнап, жұлып алып таптап, тепкілеп өлтіреді. Хан қаһарына мініп құлан 
біткенді  қырамын  деп  ор  қазып  құландарды  қамаған  жер,  құланды  қырған  ор 
«Ханның  оры»  атанады.  Олардың  сілемдері  әлі  жатыр.  Аңыз  әңгімелерде  осы 
оқиғаға  байланысты  «Ақсақ  құлан»  күйін  ХІІІ  ғасырда  өткен,  атақты  күйші 
Ершедегей  деген  адам  шығарған  екен.  Қырылған  құландардың  сүйегі  тау-тау 
болып үйілген жерді кейін Ақсүйек деп атайды. 
Ақбақай  туралы  аңыз.  Ат  қою  жағынан  қазекең  ешкімнен,  ешқандай 
жұрттан  ақыл  сұрай  қоймаған.  Бауыр  ет  баласы  түгіл,  астындағы  атымен 
қолындағы  құсына,  жетегіндегі  итіне  дейін  айтуға  жеңіл,  құлаққа  жағымды 
естілетін  ойнақы  сөзбен  атайды.  Қыстауы  мен  жайлауына,  тау-төбе  мен  сай-
саласына қойған аты сол жердің бет-бедеріне дөп келеді, түр-түсін, ауасының ау-
жайын  айтпай-ақ  әйгілеп  тұрады.  Жаңа  туған  нәрестеге  халқымыз  көп  ретте 
батыр  бағландардың,  елі  үшін  еңіреген  ерлердің,  атақты  адамдардың  есімін 
берген. Сол арқылы ұланымыздың өркені өсіп, өресі биік, өрісі кең болуына ұлы 
әруақтың шапағаты тисін деген ізгі тілегін білдірген. Ал жер-суға көбіне ұрпаққа 
ұран, ерлік пен елдікке ұйытқы болған ардақты адамдардың аттарын берген. Жер 
аттары  кейде  ел  басынан  өткерген  тарихи  оқиғаларға  да  орайластырып 
қойылады.  «Хан  тағы»,  «Аңырақай»  деген  тәрізді  жер  аттары  соның  айғағы. 
Демек,ат  қоя  білу  үлкен  өнер.  Атына  қарап  жердің  затын  сыр-сияпатын 

48 
 
бағамдауға  болады.  Содан  болар  сырт  адам  жер-судың,  ауыл-аймақтың  өзге 
тірлігінен бұрын, әуелі аты-жөнін сұрайды. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін, 
құлаққа  сүйкімді  естілетін  шуақты  да  шұрайлы  сөзбен  аталатын  адам  есімін, 
жердің атын естігендер ілкіде елең ете қалады. Дүбек кен табылған жердің ежелгі 
атын қаламады. Алтыны арқылы атағы алысқа кеткелі тұрған аймақтағы жер-су 
аттарын өз құрсағынан шыққан қазыналы атыраптың бойына шақ көрмеді. Содан 
ел  тарихымен  бірге  жасап  келе  жатқан  атауларға  бет  бұрды.  Ұлтымыздың 
рухани-мәдени мұрасының кең жайлауын кезіп жүріп Дүбек «Ақбақай» дейтін 
«Тұлпарға» шалма тастады. Шынында тұлпарбекті жылқының аты халқымызбен 
бірге  жасап  келе  жатқан  ең  озық  әннің  бірі  «Ақбақай».  Мұндағы  жалындаған 
жастың  сері  көңілі  мен  ақылына  ажары  сай  аруға  іңкәр  сезімі  тыңдаушыны 
еркінен  тыс  бір  тылсым  күшпен  селт  еткізеді.  Еріксіз  ойға  батырып,  адамды 
парасат пен кісілік қасиетке ұйытып, ар мен ұяттың алдында тізе бүгуге мәжбүр 
етеді.  Сонымен  бірге  бұл  әнмен  Ақбақай  дейтін  тұлпар  текті  жануардың 
жүрісінің өзі көңілге әдемі әуенінің иірімді ырғағын үйіріп тұрғандай сезінесің. 
Сондай-ақ «Ақбақай» деп аталатын осы асқақ ән. 
Қолбасы ер Қабанбай ту ұстаған, 
Қайраты қаһарланса құрыштаған. 
Үш жүздің бар батырын ұйыстырып, 
Маңына  қас  дұшпанын  жуытпағаған!  -  деп  сипатталатын  халқымыздың 
біртуар қаһарманын Абылай ханның «Дарабозын» еріксіз еске түсіреді. Өйткені 
Қабанбай  жарықтықтың  кезінде  Ақбақай  дейтін  аты  болғанын  ел  күні  бүгінге 
дейін аңыз қылып айтады. Демек, Ақбақай Ақан серінің Құлагері секілді тарихи 
әрі әруақты адамның тұлпары болуға тиіс. Ендеше аталмыш әндегі ат еліміздің 
іргелі  тарихынан  хабардар  етеді,  ал  алтын бақ  пен  дәулеттің  киесіндей  болып 
көрінеді. Дүбек Шошақтың шөлінен өзі тапқан кен орнына әйгілі әнге ұқсап ел 
жүрегінен өшпестей орын алсын дегендей таза тілек, ұлы үмітпен Ақбақай деп 
ат қойды. Бұл 1970 жылдың қоңыр күзі болатын. 
Аңырақай  шайқасы  туралы.  Тарихтағы  атақты  Аңырақай  шайқасы 
Мойынқұм жерінде өткен. Аңырақай шайқасы 1729 жылы жаз айында басталып 
44  күнге  созылған.  1776  жылы  жазылған  «Қазақ  тарихы»  Аңырақай  шайқасы 
басталардан  Аңырақтың  елшісі  келеді.  Сол  кезде  қалмақтардың  25  мың  қолы 
Хан  тауында  бекініп  дайындалып  жатқан.  Қазақтардың  29  мың  қолы  Шу 
бойында жатты дейді. Сонымен 29 мың қолмен Хан тауындағы қалмақтардың 25 
мың қолына аттанған. Келесі күні Хан тауында соғыс басталды. Ортаға «жекпе-
жек» деп Аңырақ батырдың өзі шықты. Қазақтар жағынан Сатай бидің баласы 
Бөлек батыр шығады. Бөлек батыр біраз айқастан кейін Аңырақтың сол жағынан 
шоқпармен желкесінен ұрып құлатады. Кейін Хан тауындағы Аңырақай өлген 
жер деп жүріп Аңырақай атанып кеткен дейді. 
Андасай  жайындағы  аңыз.  Ол  -  Бетпақдала  бесігі,  Сарыарқаның  есігі. 
Бетпақдала  мен  Мойынқұмның  қиылысар  тұсында  Андасай  атты  қорғалым 
(заказник) бар. Бұл табиғаты әсем, қолат-қолат сайлары аң-құсқа бай тарихи жер. 
Осыдан екі жарым ғасыр бұрынғы Ақтабан шұбырынды тұсында мұнда Андас 
атты  сері  де  пері  саятшы  жігіт  өмір  сүрген  екен.  Жамбыл  тауының  етегіндегі 
дүбірлі бір жиында баған басындағы жамбыны атып түсіріп ел аузына іліккен 

49 
 
сол нар қасқа азамат жонғар шапқыншылығында ерлікпен қаза табады да, ол оққа 
ұшқан жер оның есімімен байланыстырыла Андасай деп аталған. 
Андасай  қорғалымы  туралы  аңыз  .  Ертеде  Андас  Арғын  ішіндегі  Кәрсон 
руынан  шыққан  атақты  бай  әулие  болған.  Андас  қайтыс  болғанда  Жамбыл 
тауының  батыс  жағындағы  бір  сағаға  жерленеді.  Андас  әулиенің  басына 
өрнектелген жақсы күмбез тұрғызылады. Кейін бұл сай Андас сайы деп аталып 
кетеді. Ол кезде бұл өңірде уақытша қырғыздар тұрған. Қырғыз манабы Орман 
хан  сол  күмбезді  талқандап  бұзып  ешқандай  белгі  қалдырмай  жермен  жексен 
етеді. Ондағы ойы қазақтың халі нашарлап тұрғанда Шудың сол жақ бетіндегі 
жерлерін басып алуды көздейді. 1968 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің 
қаулысымен 1 млн. гектардан астам жерімен бұл өңір қорық болып жарияланды. 
Қорықтың аты Андас әулиенің атымен «Андасай қорығы» деп аталды. 
Қозыбасы  тауы  туралы  аңыз.  Ертеде  хандар  таққа  отырғанда  оның 
қарауындағы  қалың  жұрт  кезекпен  жабыла  қозы  сойып,  топтанып  тамаша 
үстінде  етін жейді екен.  Сөйтіп  қозының бас  сүйегі,  басы  үйіліп  қалады екен. 
Содан бастап бұл жеке тау Қозыбасы аталған екен.  
Желтау  туралы  аңыз.  Мойынқұм  ауданы  Ақбақай  Бетпақдаланың 
Мойынқұммен  қойындасып,  Арқамен  жанасатын  тұсында  жатыр.  Балқаштың 
Алматыдан,  Тараздан  бірдей  қашықтықта  500  шақырымдай  жерде  тұр.  Демек 
Ақбақай арқа, Жетісу, Бетпақ үшеуінің кіндігі. Осынау үш өлкенің бойындағы 
барша қасиеттер кіндігіне келіп қиысып, Ақбақайда тоғысып тұрғандай көрінеді. 
Сондықтанда  Ақбақайдың  ауасы  басқа  жердікінен  бөлекшелеу  болып  келеді. 
Арқаның  ақырған  аязын,  құмның  аптап  ыстығын,  оңтүстіктен  құтырған  желін 
осы жерден табасың. Сондықтан Ақбақайдың аспанында ұшқан құстың қанаты 
күйеді, жерінде жортқан аңның тұяғы тозады. Шөлінде жортуылдаған жолаушы 
қақырығы түтеп қалады. Өйткені ұлан-ғайыр даланы қалай шарласаң да тамақ 
жібітер  су  таппайсың.  Жаздың  шіліңгір  ыстығында  жер  өз-өзінен  түтіндеп 
тұрады.  Тау-төбе,  қырқа  қыраттарда  өрт  шалғандай  қара  қошқылданып, 
тұнжырай  түнеріп  тұрады.  Тау-тастан  шашырай  лапылдаған  ыстық  леп  бет 
шарпиды.  Ал  дауыл  дегенің  Ақбақайдың  үйреншікті  «ауруына»  айналған. 
Құдайдың құтты күні ызыңдайды да тұрады. Сондықтан осы атырапты бұрынғы 
бабаларымыз «Желтау» деп атапты. 
Қызылжартас аталуы туралы аңыз. Ақбақай кентінен он бес шақырымдай 
жердегі өзекшенің бойында жатыр. Өзекшенің бер жағы жалпақ жазыққа ұласып, 
арғы  жағалауы  қызыл-қоңыр  жартаспен  көмкерілген.  Жартас  қынамен 
боялғандай,  қызыл  шырайымен  сонадайдан  көз  суыра  қылаңдап,  кейде  сағым 
орана сылаң қағып тұрады. Содан болар, жартас сонау Ақбақайдың қоңыр қырат-
қырқалы биігінен бері құлаған заматта құдды қолдан қалаған қабырға кейпінде 
қылаң беріп қалады. Ал өзекшенің жартаспен жапсарласқан тұсынан шымырлап 
ағатын  бастау  суы  жартастың  түбіне  келіп  қайырлайды.  Тауды  тіліп,  тасты 
жарып шыққан тұнба суы тұнық та мөлдір қалыбын бір бұзбайды, ақырған аязы 
да  қатпайды,  аптап  ыстықта  суалмайды.  Қашан  көрсең  де  бұл  жердің  суы 
өзекшенің  табанын  қуалай  жылжып  келіп,  жартастың  жылға-жықпылына 
сынаптай жылтырай сіңіп жатады. Сол судың арқасында өзекшенің өн бойы көк 
қияғы түбінде тусырылған аппақ шидің шоғырымен өріліп тұрады. Бұл жердің 
Қызылжартас  аталу  себебін  өткен  ғасырдағы  Қазан  төңкерісінің  қанды 
оқиғаларынан да іздеуге болады. 

50 
 
Ақбақайдың арғы бетіндегі Көшкінбай сайындағы жарғабақтың түбінде де 
бір тұма бар. Бірақ жердің қалың қыртысынан қайнап шығып жататын судың көзі 
көп ретте өз-өзінен жоғалып кетеді. Соның салдарынан бұл сайдың «құйқасы» 
жұқалтыңдау болып келеді. Қоры мардымсыз болғандықтан ол жердің тұщы да 
тұма  суы  көп  жұрттың  қаперіне  кіре  де  бермейді.  Шөл-шөлейттің  кепкен 
тандырын жібіте алмаса да, бұл тұма суы жүргіншінің кеберсіген ерніне жағуға 
жетіп жатыр. Содан болар, осы тұманы құдайым Бетпақтың безбүйрек тірлігіне 
қарлығаштың  қанатымен  су  сепкендей болмашы болса  да шарапатын  тигізбек 
болып жаратқандай сезініп те қаласың. Ал осы екі тұманың, Қызылжартас пен 
Көшкінбай сайындағы судың Ақбақайдың екі жағында шығыс пен батысында әрі 
ауылдан бірдей қашықтықта жатуы еріксіз ойға қалдырады. Кеңгір - көне сөз, 
біздің  қазіргі  тілдің  қалыбына  салсақ  –  «арналы»,  «өте  кең»  деген  ұғымды 
білдіреді.  Ал  Ақбақайдан  он  бес  шақырымдай  қашықтықтағы  Кеңгір  деген 
жайдақ жазық пен өзектің қиысқан тұсындағы тар қолтыққа сұғына еніп жатыр. 
Демек, бұл жердің аты  затына кереғар қойылғандай болып тұрады. Сондай-ақ 
осы  атыраптағы  Тараңғыл  деген  сайдың  аты  да  жердің  бет-бедеріне  мүлдем 
кереғар  келіп  тұр.  Өйткені  Тараңғыл  деген  тал-теректің  бір  тегіне  жатады. 
Алайда  Ақбақайдан  он  шақырымдай  жердегі  Тараңғыл  сайынан  тал  түгіл,  тіс 
шұқырлық  ши  де  таппайсың.Тұлпарсаз  деген  жер  -  Хантау,  Жамбыл,  Байғара 
тауларына  дейін  созылып  жатқан  көгалды  жазық  дала.  Кезінде  мұнда  ат 
бауырынан келетін шалғын болған екен. 
Хантауы  бөктерінде  Сұңқар  шыңының  етегінде  орналасқан  Биназар 
кесенесі орналасқан. 
 
 
 
Сурет 16. Биназар батыр кесенесі. 
 
Биназар батыр әрі би болған, ол осы жерге қазіргі ОҚО Түлкібас жерінен 
қоныс аударған Көкірек руын отырықшылыққа үйретіп су арнасын қаздырған. 
Сол су арнасы әлі күнге дейін қолданыста дейді.  

51 
 
Кесене  батыр  көз  жұмған  жерде,  бейітінің  үстіне  тұрғызылған.  Аңыз 
бойынша Биназар батыр жер дауын шешу кезінде у беріп өлтірілген. Батыр әрі 
би  болған  Биназар тамаққа  у  қосылғанын  біле  тұра  оны  қабылдаған.  Сондағы 
көздеген мақсаты жер дауына нүкте қою. Қайтар жолда Биназар батырдың халі 
нашарлап (у ішкеннен) қайтыс болады. Батыр бақилық болар алдында қай жерде 
аттан түсіп жан тапсырар болсам сол жер екі ру арасындағы шекара болсын деп 
ниет білдіреді. Міне осы оқиғадан кейін жер дауы шешіліп бейбіт өмір орнаған 
деседі. 
Ел арасында Биназардың батырлығы, шешендігі туралы түрлі аңыздар бар.  
Биназар  батыр  туралы  аңыз.  Бірде  Биназар  мен  Бөлтірік  жолға 
шығады. ойлары ел тыныштығын байқау екен. Содан бір бұлақтың басына келіп 
ат  шалдырады.  Алаңсыз  жатқан  екеуін  түнде  аңдаусызда  жеті  адам    байлап-
матап алады. олар сәлден соң: «ал, енді, өлең айтыңдар!» деп мазақ етеді. Сонда 
Бөлтірік шешен: «Сендер жетеусіңдер, біз екеуміз, екі шалды байлап қойып өлең 
айт  дегендеріңе  жол  болсын.  Несіне  қорқасыңдар,  қолды  босатыңдар,  өлеңді 
содан  кейін  айтайық»,—дейді.  Шынында  неден  қорқамыз  дегендей  әлгілер 
бұлардың қолын босатады. Сол кезде Биназар батыр:  
— Астымдағы мінгенім Айторы еді, 
Екеу ара өлеңді айтар едік.  
осылардың төртеуін мен ұстасам, 
Ер  Бөлтірік  үшеуін  қайтер  еді?  —    деп  төртеуін  қапсыра  бас  салғанда, 
Бөлтірік  батыр  қалған  үш  жігітті  тырп  еткізбепті.  Екі  батыр  енді  әлгілердің 
өздерін байлап тастайды. Бірақ, артынан өздерінің аты-жөнін айтпастан босатып 
жібереді.  олар  Ағыбай  батырдың  ауылынан  екен.  Болған  жайды  естіген 
Ақжолтай Ағыбай батыр: «Е, сендердің айтып тұрғандарың Биназар мен Бөлтірік 
болды ғой, мұндай ерлік екеуінен басқа ешкімнің қолынан келе қоймайды»,— 
деген екен.  
Биназар  би  туралы  аңыз.  Қазақ  жерінің  оңтүстік  бөлігінде  Қоқан 
хандығының  билігі  жүріп  тұрған  кезі  ғой.  Бірде  қоқандықтардың  кезекті 
шабуылына Сыпатай батыр Дулаттың Сиқым, Жаныс, Ботпай, Шымыр ұлдары 
ұрпақтарының басын қосып, қарсы тұрады. Сол кездегі ұрыс салты бойынша екі 
жақтың  батырлары  жекпе-жекке  шығып,  күш  сынасатын  болған.  Қоқандық 
дүлей күштің иесіне қазақтан бірінен соң бірі шыққан екі-үш батыры төтеп бере 
алмай,  ат  жалын  құша  құлайды.  Сонда  қаны  қарайған,  мұндай  сынның  неше 
атасын көрген Сыпатай батыр қоқанның батырымен жекпе-жекке өзі шықпаққа 
оқталғанда  ақылгөй  қариялар  жағы  қарсы  болып:  «Сыпатай,  қолбасшы  тек 
қолбасшымен ғана жекпе-жекке шығуы тиіс» деп тоқтатады. Осы кезде ұрысқа 
бірінші кіргелі тұрған, манадан бері жау батырының қимылын жіті бақылап, екі 
көзі шоқтай жайнаған бір жас жігіт атына қамшыны басып-басып жіберіп, топ 
ішінен ытырыла суырылып шығыпты. Келе Сыпатайға «Батыр аға, батаңызды 
беріңіз» деп саңқ етеді. Жас жігіттің жүректілігіне тәнті болған батыр «Әруақ 
қолдасын, жауға дес берме» деп бетін сипайды. Сол сол-ақ екен, жігіт «Биназар, 
Биназар!» деп ұрандай  жауға  қарсы  шаба жөнеледі.  Ер  қасына  ілулі  найзасын 
алып,  жаудың  жүрек  тұсына  тақай  кезеп,  оны  әп-сәтте  ат  үстінен  аударып 

52 
 
түсіреді. Оның осы жекпе-жекте қоқанның бір емес, үш батырын найза ұшына 
байлауы  дем  беріп,  қалың  дулаттар  қолы  шабуылға  бастаған  Сыпатай  даусы 
естілісімен, алға қарай лап қойған екен.  
Шайқас  жеңіспен  аяқталғаннан  соң  Сыпатай  жас  батырды  алдына 
шақыртып  «Өзіңді  бұрын-соңды  көрмеген  едім,  қай  баласың?»  деп  сұрайды. 
– Шымырдың Шынболат баласынан тарайтын көкірек руынанмын, аға. Әкемнің 
азан шақырып қойған аты Биназар, – дейді жігіт іркілмей.-Жасың нешеде?-Он 
жетідемін,  батыр  аға.-Шымырдың  көкірегі  болсаң  еліңнің  жастүлек  қыраны, 
руыңның 
ұраны 
бол!-, 
деп 
жігітке 
батыр 
ақ 
батасын 
береді. 
Биназардың Сыпатай батыр туралы сырттай естігені болмаса, бұрын бетпе-бет 
кездеспеген  еді.  Осы  шайқастан  кейін  Биназардың  есімі  ел  арасында  тарап 
кетеді. 
Биназар батыр туралы әңгіме. Шу бойына қоқандықтардың билігі таралған-
ды.  Бірде  осы  өңірді  басқаруға  жіберілген  Дуашы  деген  әмірші 
қарамағындағыларға  «Биназарды  алдыма  келтіріңдер»  деп  бұйырады.  Ұзамай 
сол  шақырту  бойынша  жеткен  Биназар  кіріп  келгенде,  жайбарақат  отырған 
Дуашы орнынан қалай тұрып кеткенін байқамай қалады. Онысы аз болғандай, 
батырға  қалбалақтай  қызмет  көрсетіп:-Батыр,  біздің  тарапымыздан  біраз 
білместік кетті, айып көрмеңіз, – деп бәйек бола кетеді. Батыр аз-кем әңгімелесіп 
«Қоқан-лоққыларың  көбейіп  кеткені  рас.  Бірақ,  шыли  басына  берме!»  деп  сес 
көрсете шығып жүре береді. Ол кетісімен қасында отырғандар «Әмірші мырза, 
Биназар  үйге  кіріп  келгенде  орныңыздан  атып  тұра  келгеніңіз  не,  не  болды 
сонша?» деп сұрағанда Дуашы «Соны өзім де білмей қалдым, екі иығында екі 
арыстаны бар екен, соны көрдім. Тек батыр емес, әруақты кісі көрінеді. Оны өзім 
де іштей сезетінмін. Сендердің сөздеріңе ілесіп нем бар, бір ажалдан қалдым» 
депті. Иә, бұл да батырдың бойында бар ерекше қасиеттердің бірі ғана еді. 
Биназар  би  туралы  әңгіме.  Бұл  оқиға  шілде  айының  орта  шенінде  болған 
секілді.  Өйткені,  жұрт  Сұңқар  тауының  етегіндегі  кең  өзекте  шөп  шауып 
жатыпты. Биназар батыр мен Жайлыбек болыс осы маңда жүр екен. Байболат 
болыс  шөпшілерінің  шабындығы  да  жақын  жерде  болса  керек.  Бірде  оның 
шабарманы  келіп:  «Сіздерді  болыс  ағам  ерулікке  шақырып  жатыр»,  –  дейді. 
«Батыр аңғал» деген осы емес пе, «Жарайды, барсақ барайық», – депті Биназар 
сөзге  келместен.  Көршілерінің  ойда  жоқта  меймандостық  танытуынан 
секемденген Жайлыбек: «Батыр аға, осымыз қалай болар екен»,  – деп қалады. 
Бірақ,  батыр  «Бармағаны  несі,  астан  үлкен  дәм  жоқ,  өткендегі  өкпе-ренішті 
ұмытқанымызға біраз болды ғой», – деп көнбейді. «Әй, қайдам, ішім бір нәрсені 
сезетіндей»,  –деп  сөзінің  соңын  жұтып  қалған  Жайлыбек  ағасының  соңынан 
үнсіз ереді. 
Болыс меймандарын үйден шығып қарсы алып, айрықша ілтипат танытып, 
екеуін  бірден  төрге  оздырады.  Дастарханға  ас  келгенде  бас  пен  жамбасты 
Жайлыбектің  алдына  қоя  берген  жігітке  «Жайлыбек  қанша  жерден  болыс 
болғанмен, ата салтты бұзуға болмайды. Бас пен жамбасты батырдың алдына, ал 
мына сүбе салған табақты Жайлыбектің алдына тарт»,  – деп Байболат жекіріп 
тастайды. Даяшы болыстың айтқанын екі етпейді. Дәл осы жерде манадан бері 
үнсіз отырған Биназар әлденеден секем алып, өңі бір бозарып, бір қызарыпты. 
Мұны Байболаттың әйелі Ұмсынай сезіп, қипақтап кетеді. Биназар өз алдындағы 
табақты  Жайлыбекке  ұсынып:  «Жайлыбек  жас  та  болса  ел  ағасы  ғой.  Бас пен 

53 
 
жамбасты  саған  ұсынайын»,  –  деп  оған  тартылған  табақты  өз  алдына  қойып, 
пышақпен  еттен  бір-екі  кесіп  кертіп  жейді.  Тамақ  желініп  болған  соң  бата 
жасалады.  Сонда  орнынан  тұра  берген  Биназар  Жайлыбекке:  «Ауылға  тез 
жетейікші»  депті.  Сұңқардағы  ауылға  жеткенше  біраз  жер.  Көпке  дейін  сыр 
бермеген  батыр  ауылға  жақындағанда  қатты  қинала  бастайды.  Маңдайынан 
аққан  тер  бетін  жуып  кетеді.  Одан  арыға  шыдай  алмайтынын  сезінген  ол 
Жайлыбекке ымдап «Аттан түсір» дегендей белгі береді. 
– Шырағым, Жайлыбек, алдыңа қойған асты өз алдыма алған себебім, ол 
табақтың  тегін  тартылмағанын  сезіндім.  «Жақсыдан  –шарапат,  жаманнан  – 
кесапат» деген ата сөзі бар. Байболат пасықтығын әлі қоймаған екен. Бірақ, ол 
үшін екі ел бүлінбесін, айтыс-тартыс болмасын. «Имансыздықтың арты даулы», 
менің кегімді қуып жүрме, тағдырдың жазуы солай шығар. Сүйегімді Сұңқардың 
сайына қоярсыңдар, жатқан жерім екі елдің шекарасы болсын. Ал енді, еліңе ие 
бол, қайыр қош, – деп көзін жұмыпты есіл ер. 
Оңғарбай би туралы аңыз. Алыпбайұлы Мұқатайдың айтуынша Оңғарбай 
би болған, оның әкесі Айтбай Жуалы жерінде Қоқандықтарға қарсы соғыстарда 
жүзбасы  болған.  Қоқандықтардан  қысым  көрген  Оңғарбайдың  елі  Мойынқұм 
жеріне қоныс аударады. Оңғарбай би Кенесарының соңғы жорығына қатысып, 
қырғыздарға  тұтқынға  түсінеді.  Тұтқынға  түскен  Алыбай  деген  байдың 
ауылында  Бұхара  медресесінде  білім  алған  Оңғарбай  бала  оқытып,  алғырлық 
танытып байға ұнай бастайды. Алыбай Оңғарбайға бала болуын ұсынады. Бірақ 
ол ауылына қайту ниеті бар екенін айтып келісімін бермейді.  
 
 
 
Сурет 17. Оңғарбай би мазары 
 
Бай  қулыққа  көшіп  Оңғарбайға  өзінің  қызына  үйленіп,  бар  байлыққа  ие 
болуды  ұсынады.  Оңғарбай  оған  да  қарсы  болады.  Амалы  таусылған  бай 
Оңғарбайға ат мінгізіп ауылына аттандырады. Елге оралған ол молдалық жасап 
бала  оқытып,  елді  отырықшылыққа  үйретіп,  тоған  қаздырады.  Оңғарбай 
Қылышбай ақынға ұстаздық етіп, оның Бұхарада оқуына ықпал жасайды.  

54 
 
Бұл әңгімені Оңғарбайдың тікелей ұрпағы Алыпбайұлы Мұқатай баяндап 
берді. 
Экспедиция жұмысы барысында Мойынқұм ауылдық ардагерлер кеңесінің 
төрағасы,  Мұханбетқұл  Сабыровтың  «Жұман  болыс  туралы  не  білеміз?»  атты 
материалы қолымызға түсті. Онда мына төмендегідей әңгіме баяндалған: 
«Мың  өліп,  мың  тірілген»  қазақ  халқының  басынан  өткен  небір  қасірет-
қиындықтарға кәрі тарихымыз куә. Айта берсе, әңгімемізге арқау болар оқиғалар 
жетерлік. Ұзаққа созылған жоңғарлармен соғыс, одан кейінгі Қоқан хандығының 
қорлығы мен зорлығы, орыс отаршылдарының озбырлығы,  кеңестік кезеңдегі 
саяси дүрбелеңдер, қолдан жасалған ашаршылық, зорлап ұжымдастыру, қуғын-
сүргін,  қазақтың  қаймағы  саналған  ұлт  зиялыларын,  бай-бағландарымызды 
қудалау, жер аудару, ату-асу, Ұлы Отан соғысы сияқты зобалаңдардың барлығы 
халқымыздың қалыпты өсіп-өркендеуіне кедергі болды. Міне, бүгінде тереземіз 
тең, керегеміз кең болып, Тәуелсіздігіміздің арқасында әлемге танымал ел болып 
отырмыз.  Бүгінгі  ұрпаққа  осының барлығы бірден  келе  салған  сияқты.  Біз  аға 
буын  өкілдері  көргендеріміз  бен  естігендерімізді,  көңілге  түйгендерімізді 
айтуымыз керек, ұрпақ бойына сіңіруге тиістіміз.  
Өткен  ғасырдың  жиырмасыншы  жылдарының  соңына  қарай  қазақ 
даласында байлар мен болыстардың мыңғырған малы тәркіленіп, жақсыларымыз 
бен  жайсаңдарымыз  қудалауға  түсті,  айдалды,  жер  аударылды,  түрмеге 
тоғытылды, ақыр соңында атылды.  
Жаман адам ел басқарып, болыс болмайды, жалқау, босбелбеу былжыр адам 
бай  бола  алмайды.  Байлық  та,  барлық  та  табанақы,  маңдай  термен,  ақыл-
парасатпен келеді.  
Шу  бойын  жайлаған  Жалайыр  елінің  болысы  болған  Жұман  Бөлекбаев 
туралы бүгінгі ұрпақтың бірі білсе, бірі білмейді. Ол өз заманының атақты адамы 
болған.  Өзінің  ақыл-парасатымен  бір  басына  жетерлік  байлық  та  жинаған, 
абыройға  да  кенелген.  Жұман  болыс  елін  әділ  басқарған, барға  қанағат  еткен, 
жоққа  шүкіршілік  жасаған.  Көпті  төңірегіне  топтастырған,  байлығын  қарақан 
басына ғана жұмсамай, елімен бөліскен. Мінезге бай, елдің тілін табатын, істің 
көзін  табатын  адам  болған.  Сондықтан  да  Жалайыр  елі  қоқандықтардың 
езгісінен  арылып,  орыс  патшалығының  қарауына  кіргеннен  кейін  Жұманды 
өздерінің болысы етіп сайлаған. Отаршылдар бодандығында болған елдің күйі 
белгілі.  Алып  империяның  бағыныштылығында  болғанан  соң,  сол  елдің  сөзін 
сөйлейді, сол елдің заңымен өмір сүреді.  Сол замандағы өмір сүріп, патшалық 
Ресейге қызмет еткен азаматтардың көбі қожайындарына жұмыс жасай жүріп, өз 
халқының  мұң-мұқтажын  ұмытпаған.  Сондай  көреген  жандардың  бірі, 
көнекөздердің айтуынша Жұман болыс болған.  
Романовтар  әулетінің  Ресейді  билегеніне  300  жыл  толу  мерекесінің 
дүрілдеп өткенін біз тарихтан жақсы білеміз. Сол тойға Петерборға қазақ елінен 
барған  санаулы  адамдардың  қатарында  біздің  өңірден  Жалайырдың  болысы 
Жұман Бөлекбаев және Жаңабай елінің болысы Бұралқы Сұлтанбекұлы болды. 
Ресей патшасы Николай екінші сонау түкпірдегі Шу өңірінен барған екі қазаққа 

55 
 
Ресей  армиясының  полковнигі  шенін  тағып,  шекпен  кигізіп,  құрметпен  төрге 
оздырса керек. Мұндай құрмет сол кезде екінің біріне көрсетілмегені және анық.  
Кейінірек  жарлы-жақыбайлардың  сөзін  сөйлейтін  Кеңес  өкіметі  билік 
басына келді. Жаңа билік бай-манаптарға қырғидай тиді. Олар малды адалынан 
жинады  ма,  арамынан  жинады  ма,  анық-қанығына  жетпей,  тегістей  жазалауға 
кірісті.  Шыны  керек,  көбісі  жазықсыз  жазаға  ұшырады.  Олардан  қалған 
әлденеше ұрпақ аталарының байлық жинағаны үшін зардап шекті, қорлық көрді. 
Сол жақсыларымыз бен жайсаңдарымыз тірі болғанда, олардан тараған ондаған, 
мыңдаған,  жүз  мыңдаған  тәуір  ұрпақ,  текті  ұрпақ  бүгінде  тәуелсіз  елімізге 
қызмет етіп жүрер еді. Бұл енді бөлек әңгіме.  
Мұрағаттық деректерге сүйенсек, Жалайыр болысы Жұман Бөлекбаевтың 
үші әйелі болған екен. Үш жарынан 4 ұл, 3 қызы болған. Ұлдары жөнінде сөз 
қозғар болсақ, үлкені Жұмаділдә 1903 жылы, екіншісі Ибадула 1904 жылы, одан 
кейінгі Зияділдәсі 1912 жылы туылыпты. Ал, ең кішісі Уәйділдә шамаман 1920 
жылы  туылған.  Шамамен  деп  отырғанымыз  Жұман  болыс  балаларымен  қоса 
тұтқындалғанда кішісі Уәйділда 6-7 жастағы бала екен. Әулиеата түрмесіндегі 
Жұманға  туыстары  артынан  іздеп  келіп,      тергеушілерге  Уәйділдәнің  әлі  сәби 
жаста екендігін, кінәсінің жоқ екендігін алға тартып түрмеден босатып алады. 
Жұманның  төртінші  баласы  Уәйділдәдан  Рауан  және  Қалкен  атты  қыздар 
қалады. Уәйділдәнің өзі болса 1950 жылдың жазында қайтыс болған.  
Ал,  болыстың  басқа  балаларына  келетін  болсақ,  мұрағаттық  деректерде 
Жұмаділдәдан  4  бала,  Ибаділдәдан  3  бала,  Зияділдәден  1  бала  қалған  деп 
көрсетілген.  Тағдыр  тәлкегіне  ұшыраған  болыс  ұрпағының  қасіретін  мына 
деректер айқындай түседі.  
Жұмаділдәнің 4 баласы және Зиялділдәнің 1 баласы туралы ешқандай дерек 
қалмаған. Бәлкім, олар бар болар, біз хабарсыз шығармыз. Осы балалар туралы 
дерек  шығып  жатса,  білетіндер  табылып  жатса,  бізбенен  хабарласуын  немесе 
«Ғұмыр-Дария» арқылы хабар беруін өте-мөте сұраймыз.  
Атап  айтарлық  тағы  бір  мәселе  Жұман  болыстың  Ибакүл,  Раушангүл, 
Ділдәгүл  атты  3  қызынан  ұрпақтар  өсіп-өрбуде.  Өзімен  бірге  қоса  қамалған 
ұлдары Жұмәділдә, Ибаділдә, Зияділдә 1931 жылы, өкінішке орай, атылған.  
Атақты  болыстың  екінші  ұлы  Ибәділдәнің  үлкен  қызы  Қамзакүлден 
Мамедалы, Сейдалы, Оразхан Омаровтар, екінші қызы Заһардан осы жолдардың 
авторы мен Мұханбетқұл Сабыров, Аманқұл және Жұмахан Ахметовтер бармыз. 
Алматыда тұратын Жұмаханнан басқамыз бүгінде Мойынқұмдамыз.  
Жұман болыстың әруағын әспеттеп, рухын тірілтуге, есімін елге дәріптеуде 
менімен  бірге  іздеуші  болып  жүрген  Уәйділданың  қызы  Қалкен.  Ол  қазір 
Астанада тұрады.  
Болыс  бабамыздың  ұрпағы  туралы  түртпектеп,  ізденіп  жүріп  біраз 
мәліметтер таптық.  1998 жылы "Зерде" баспасынан жарық көрген «Азалы кітап» 
жинағында болыстың баласы Ибаділдә туралы деректі кезіктірдік. Сол кітаптың 
98-бетінде Ибаділдә Жұмановтың 1904 жылы туылғандығы, Оңтүстік Қазақстан 
облысы  бойынша  УНКВД  «үштігінің»  үкімімен  1931  жылы  8  ақпанда 
сотталғандығы,  1959  жылы  20  ақпанда  КСРО  Жоғарғы  сотының  шешімімен 

56 
 
ақталғандығы  жазылған.  Үлкен  ізденістің  арқасында  Жұманұлы  Уәйділдәнің 
қызы  Қалкен  жақында  Шымкент  қаласы  саяси  қуғын-сүргін  құрбандары 
мұрағатынан Жұман болыс және оның балалары туралы деректерді тапты. Онда  
1880 жылы туған Жұман Бөлекбаевтың 1931 жылы 11 қаңтарда тұтқындалып, 
1931 жылдың ақпанында «үштіктің» шешімімен 3 баласымен бірге атылғандығы 
туралы дерек табылды. Бұдан артық қандай қасірет болады. Бұл бір ғана Жұман 
болыстың  отбасының  басында  болған  жағдай  емес  еді.  Күллі  қазақ  ұлтының 
басына үйірілген нәубет болатын. Жұман болыс та, оның балалары Жұмәділдә, 
Ибәділдә,  Зияділдә  да  1959  жылы  Қазақ  КСР-і  Жоғарғы  сотының  шешімімен 
ақталды.  
Тәуелсіздігімізге  тәуба  етуіміз  керек.  Тарихымызды  түгендеп  жатырмыз, 
өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып жатыр. Солақай саясаттың құрбаны болып, 
бар болғаны еңбегімен мал жиып, еліне қамқорлық жасап, халқына басшылық 
еткен Жұман болыстың есімін еліне қайтару жөнінде алда біраз жұмыстар күтіп 
тұр.  Бұл  бағытта  біздер  –  Жұман  болыстың  ұрпақтары  ізденісімізді  одан  әрі 
жалғастыра беретін боламыз».  
Аймахан  шоқысы  туралы  аңыз.  Мойынқұм  ауылының  тұрғыны  Сабыров 
Мұхамбетқұл Жамбыл тауының ең биік Аймахан шоқысы туралы аңыз айтып 
берді.  Аңызға  сүйенсек  жаугершілік  заманда  қалмақтар  қазақтың  қызын 
тұтқынға алып кетеді. Қыз қалмақ жеріне барған соң аяғы ауыр екенін біледі. 
Қазақ  қызы  ұл  туып,  ол  қалмақ  жерінде  ер  жетеді.  Жігітке  анасы  оның  қазақ 
екенін  айтып,  еліне  оралу  керектігін  айтады.  Жігіт  сүйікті  қызын  алып  еліне 
қайтып  кетеді.  Қайтар  жолда  жоғарыда  аталған  шоқыға  жетіп  аялдайды.  Осы 
жерде демалып жатқан жігітті жылан шағып өлтіреді. Жігіттің сүйіктісі оны осы 
жерге жерлейді. Аяғы ауыр қыз жігіттің еліне оралып бар жағдайды баяндайды. 
Міне, осы шоқыны жігіттің атымен Аймахан шоқысы деп атап кеткен. 
Экспедиция  жұмысы  барысында  жоғарыда  аталған  аудандардың 
танылмаған киелі жерлері туралы тарихи аңыздар,  елді мекендердегі ескерусіз 
келе жатқан киелі орындар, олар туралы тарихи деректер зерделенді, сонымен 
қатар  киелі  жердің  қыр-сырын  білетін    көнекөз  қариялардың  шежірелері  мен  
әңгімелері, ел ауызында сақталған жырлары жазып алынды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет