Оқулық Алматы, 2013 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата07.02.2020
өлшемі3,34 Mb.
#57388
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
burunbetova-genetika


112
қауырсындары боялған болады, себебі олардың генотиптерінде 
боялуды анықтайтын С гені бар, ал оның əсерін басып тастайтын 
доминантты ген І жоқ. Сондықтан тауықтың ақ қауырсынды екі 
тұқымдарын  леггорндар мен плимутроктарды будандастырса, Ғ
1
 
будандары негізінде ақ түсті болады. Гибридтердің бірінші ұрпағын 
өзара будандастырса Ғ
2
-де ажырау 13 ақ : 3 боялған қатынасында 
анықталады.
Аллельді емес доминантты ген де фенотипке ингибиторлық 
əсер етуі мүмкіндігі  қара жəне сұр  түсті гүлі бар сұлы өсімдіктерді 
будандастырғанда, бірінші ұрпақта бірыңғай қара түсті гүлі бар 
сұлы өсімдіктері алынған. 
Оларды өзара  будандастырғанда Ғ
2
-де өсімдіктердің 12/16-сы 
қара, 3/16-сы сұр жəне 1/16-сы
  ақ гүлді болып ажырағанын  көреміз 
(11
 сурет). 
Гендердің эпистаздық əсерінде Ғ
2
-де белгілердің 
ажырауы 13:3;  9:7 немесе 9:3:4 болуы мүмкін. Егер гипос 
-
татты аллельдің фенотиптік əсері доминантты эпистатты геннің 
əсеріндей болса, онда Ғ
2
-де белгілердің ажырауы 13:3 қатынасына 
тең болады.
11-сурет. Доминантты эпистаз белгілердің 12:3:1 қатынасында  
ажырауы

113
Мысалы, жуа өсімдігінің боялуына жауап беретін пигмент эпис-
татты геннің əсерінен тежеледі. Сондықтан жуашықтың түсі ақ бо-
лады. Ақ жуашықтың екі түрін будандастыру нəтижесінде алынған 
буданның жуашығы да ақ болады.  
12-сурет. Доминантты эпистаз белгілердің 13:3 қатынасында ажырауы
Бірінші
   ұрпақтың буданын өзара тозаңдандырғанда екінші 
ұрпақта 13/16 ақ жуашығы бар өсімдік, 3/16 жуашығы боялған 
өсімдік алынған (12-сурет). Кейбір белгілердің тұқым қуалауы 
рецессивті эпистаздың əсерімен де жүруі мүмкін.
Мұндай жағдайда белгінің көрінуі рецессивті аллельдермен 
тежеледі. Рецессивті эпистазда Ғ
2
-дегі белгілердің ажырауы 9:7 не-
месе 9:3:4 қатынасында болады. Сонымен, эпистазды екі типке бөліп 
қарастырады: доминантты (А>В, А>bb) жəне рецессивті аа>В, аа>bb. 
Доминантты эпистазда екінші ұрпақта белгілердің ажырау қатынасы 
12:3:1 жəне 13:3 тең болса, рецессивті эпистазда белгілердің ажыра-
уы 9:7 9:3:4 қатынасына дəл келеді.
5.3 Полимерия
Полимерия – аллельді емес гендердің өзара əрекеттесулерінің 
тағы бір түрі. Қандай да болсын бір белгінің көрінуіне бірігіп əсер 
8–1156

114
ететін аллельді емес гендерді полимерлі  гендер деп атайды, ал он-
дай гендердің өзара əрекеттесуін полимерия деп атайды. Полиме-
рия құбылысын 1908 жылы швед генетигі Нильсон-Эль ашқан. Ол 
қанық қызыл жəне ақ дəнді бидай түрін будандастырып, осы белгінің 
ұрпақтарда тұқым қуалауын зерттеді. Ғ
2
-де ажырау бір жағдайларда, 
əдеттегі моногибридті будандастыру кезіндегідей 3:1 қатынасындай 
болса, ал енді бірде 15/16 қызыл дəнді, ал 1/16 ақ дəнді болып ажы-
рау байқалады. Енді бірде 3/64 қызыл да, ал 1/64 ақ дəн болған 
кезеңдер болды. Бір байқалғаны,
 Ғ
2
-дегі қызыл дəндер бір түсті бол-
май, қызыл түстен ақшыл қызыл түс аралығында болған (13-сурет). 
13-сурет. Полимерия. Белгілердің 15:1 қатынасында ажырауы
Нильсон-Эльдің пайымдауынша, Ғ
2
-дегі белгінің 15:1 
қатынасындай ажырауында дəннің қызыл белгісін қалыптас-
тыруға 2 бірдей (белгінің дамуына əсер ететін) доминантты ген 
(мысалы, А

жəне А
2
) қатысқан. Бұл гендердің рецессивті аллельдері 
а

жəне а

 дəннің ақ түсін білдіреді. Генотипте доминантты 
гендердің саны көп болған сайын, дəннің қызыл түсі де басым 
болады. Қарастырылған мысалда барлық бидай дəнінің 1/16-ның 
түсі (екі рецессивті геннің екеуі де гомозиготалы болғандықтан 
– а
1
а
1
а
2
а
2
) ақ, 1/16 (генотипі – А
1
А
1
А
2
А
2
) қызыл, ал қалған 

115
14/16-ның бояуының қызыл түсі əр
  деңгейде (генотиптегі доми-
нантты гендердің санына байланысты) болған. Құрамына екі жұп 
доминанты гендер енетін зиготаны – А
1
А
1
А
2
А
2
 дигетерозиготаны – 
А
1
а
1
А
2
а
2
, ал сол гендер бойынша рецессивті  форманы а
1
а
1
а
2
а
2
 деп 
белгілейді.
Полимеринның 15:1 қатынасының тағы бір мысалы ретінде 
жұмыршақ  (тұмар шөп) жемісі (бұршаққын) пішінінің тұқым 
қуалауын қарастыруға болады. Бұл бұршаққындар үшбұрышты не-
месе сопақша болады. Сопақша бұршаққындар аллельді емес екі 
рецессивті гендер гомозиготалы болса ғана (а
1
а
1
а
2
а
2
) пайда болады. 
Доминанты аллельдердің (А
1
 жəне А
2
) екеуі тіпті олардың біреуінің 
ғана генотипте болуы  бұршаққынның үшбұрышты пішінің даму-
ын қамтамасыз етеді. Сондықтан үшбұрышты бұршаққынның пай-
да болуын анықтайтын генотипі А
1
А
1
А
2
А

өсімдіктерін сопақша 
бұршаққынның  пайда болуын анықтайтын генотипі
 
а
1
а
1
а
2
а
2
  
өсімдіктерімен будандастырса, Ғ
2
-де үшбұрышты жəне сопақша 
бұршаққындар 15:1 қатынасында түзіледі (15/16 А
1
--- жəне --А
2
- : 
1/16 а
1
а
1
а
2
а
2
). Бұл мысалдар əр жұпқа жататын  екі геннің доминантты 
аллельдері А
1
 жəне А
2
 бірдей белгінің – бұршаққынның үшбұрышты 
формаларының дамуын анықтайды. Осындай ұқсас  фенотиптік 
көрініс беретін аллельді емес гендер бір мағыналы гендер деп ата-
лады.  15:1 қатынасындай болып ажырау бірыңғай əсер ететін  екі 
геннің (А
1
  А
2
) болатындығымен түсіндіріледі. Сонда барлық ге-
нотиптер: А
1
 -А
2
- , А
1

2
а
2 , 
а
1
а
1
А
2
 біркелкі фенотиптік сипатта – 
үшбұрышты бұршаққынды болады. Пололимерлі гендердің мұндай 
əрекетін  кумулятивтік  емес  полимерия деп атайды. Кумулятивті 
емес полимерияда белгінің дамуы генотипте полимерлі доминант-
ты гендердің кез келген санының болуына байланысты. Мұндай 
жағдайда белгінің көрінуі үшін бір доминантты полимерлі геннің 
болуы жеткілікті жəне Ғ

 буданында белгілердің ажырауы 15:1, 63:1 
қатынасына тең болады. 
Кумулятивті полимерия деп дарабастың генотипіндегі до-
минантты гендердің саны белгінің көріну деңгейіне  сəйкес келу 
жағдайындағы полимерлі гендердің өзара əрекеттесуін айтады. 
Кумулятивті полимерияда Ғ
2
-дегі будандардың белгілерінің бірқатар 
өзгеруін байқауға болады. Кумулятивті полимерияға жүгері собығы 
ұзындығының тұқым қуалауын жатқызуға болады. Кумулятивті по-
лимерияда  трансгрессия байқалады, яғни ата-ана формаларының 

116
немесе Ғ
1
 буданының белгілеріне қарағанда Ғ

буданында белгілердің 
өте күшті немесе өте əлсіз көрінуі. Өсімдікте бағалы белгілердің 
пайда болуы оң деп саналады, ал жағымсыз белгілердің пайда болуы 
трансгрессия деп аталады.
Қорыта айтқанда, тұқым қуалаушылықтың моногибридтік жəне 
дигибридтік будандастыруында белгілердің ажырауын төмендегі 
15-кестеден байқауға болады.
15-кесте
Моногенді жəне дигенді
*
 тұқым қуалауда белгілердің кейбір ажырау 
типтері
Ажырау типтері фенотипі бойынша
Ғ
1
Ғ
талдаушы
Моногенді (бір 
жұп аллелі 
бойынша 
айырмашылығы 
бар)
3А:1а – толық доминантты
1АА:2Аа:1аа – толымсыз 
доминантты, кодоминантты
1:1 – аллельдердің 
барлық əрекеттесу 
типтеріне тəн: 1А:1а 
немесе 1Аа:1а
Дигенді (екі жұп 
аллелі бойынша 
айырмашылығы 
бар)
І. Комплементарлы 
əрекеттесу
9АВ:3Ав:3аВ.1ав
9АВ:6(Ав+аВ):1ав
9АВ:3Ав:4(аВ+ав)
9АВ:7(Ав+аВ+ав)
ІІ. Эпистаз
13(Ав+Ав+ав):3аВ
12(АВ+Ав):3аВ+1ав
ІІІ. Полимерлі (кумулятивті 
емес)
15(9а
1
А
2
+3А
1
а
2
+3а
1
А
2
):1а
1
а
2
 
1АВ:1Ав:1аВ:1ав
1Ав:2(Ав+аВ):1ав
1АВ:1Ав:2(аВ+ав)
1АВ:3(Ав+аВ+ав)
 
3(АВ+Ав+ав):1аВ
2(АВ+Ав):1аВ+1ав
 
 
3(А
1
А
2

1
а
2

1
А
2
):1 а
1
а
2
*-тіркеспеген гендердің қатысуымен жүретін белгілердің ажырау типтері 
қарастырылған.
Сонымен қандай да болсын бір белгінің көрінуіне (қалыптасуына) 
бірігіп əсер ететін аллельді емес гендерді полимерлі гендер деп атай-
ды, ал ондай гендердің өзара əрекеттесуін полимерия деп атайды. 
Полимерия  көбіне сандық белгілерге əсер етеді. Ондай белгілерге 
фенотиптік кластарға дəл бөліп жіктеуге болмайтын, тек өлшеу, са-
нау, талдау арқылы ғана баға беруге болатын белгілер (биіктік, мас-
са, өсу жылдамдығы, өсімталдығы, т.б.) жатады.

117
Полимерлі гендер принциптері бойынша тұқым қуалауға тағы 
бір мысал ретінде адам терісі түсінің ақтан (альбинос) қараға дейінгі 
аралықта болатындығын айта кеткен жөн. Егер негр мен ақ түсті адам 
некелессе, олардан туатын баланың түсі аралық сипат алады, яғни 
мулат туады. Ал мулаттар некелессе олардан туатын балалардың 
терісінің түсі ақ пен қараға дейінгі аралықта болады. Ақ жəне қара 
нəсілді адамдардың терілерінде пигмент түзілуіндегі айырмашылық 
үш немесе төрт түрлі аллельді гендердің əрекетіне байланысты де-
ген ұғым бар. 
16-кесте
Гендердің өзара əрекеттесуінің əртүрлі типтері жағдайында Ғ
2
-дегі 
дигибридті фенотиптік кластарының арақатынасы
А жəне В гендерінің 
əрекеттесулері
Генотиптер
ААВВ ААВв АаВВ
АаВв
ААвв
Аавв
ааВВ
ааВв
аавв
Толық 
доминанттылық. 
Əдеттегі ажырау 
қатынасы
9
3
3
1
аа>В-, аа>вв 
рецессивті эпистаз
3
3
3
1
А->В-, аа>вв,  
вв>А-, вв>аа қос 
рецессивті эпистаз
12
3
1
А->В-, А->вв, 
В->А-, В->аа 
қос доминантты 
эпистаз
15
1
Қос кумулятивті 
əрекеттесу
9
6
1
Доминантты 
жəне рецессивті 
əрекеттесу А->В-, 
А->вв вв>А-, вв>аа
13
3
1
16-кестеден гендер əрекеттесуінің түрлі типтерінің Мен-
дель анықтаған дигибридті будандастыру кезінде фенотип 9:3:3:1 

118
қатынасындай болып ажырауының классикалық формуласының 
өзгеретіндігін көреміз. Дегенмен ажыраудың барлық келтірілген 
типтері ажыраудың гентикалық механизмінің бұзылуының салдары 
емес жеке даму барысында гендердің өзара əрекеттесуінің нəтижесі 
болып есептеледі.
5.4 Плейотропия
Ағзалардың жеке дамуы барысында кейбір гендердің бір немесе 
бірнеше белгілердің дамуына əсерін тигізуі анықталған. Табиғатта 
кең таралған бұл құбылыс гендердің плейотропиялық əсері деп ата-
лады.
Плеотропияға мысалдар келтірейік: сабақтары қызыл 
өсімдіктердің гүлдері қызыл, ал сабақтары көк өсімдіктердің 
гүлдері көбінесе ақ түсті болады. Қоғыр  (шөмішгүл) өсімдігінде 
болатын бір ғана ген, оның бірнеше белгілерінің – гүлінің қызыл 
түсін, жапырағының екі жағының да боялуының, тұқым қабығының 
түссіздігін, эндосперманың қоңыр болып дамуын анықтайды. 
Дрозофиланың ақ көзділігін анықтайтын рецессивтік ген, оның 
кейбір ішкі мүшелерінің пішініне, өсімталдығының кемуіне, өмір 
сүру ұзақтығының қысқаруына, т.б. əсерін тигізеді.
17-кесте
Гендердің өзара əсері
Гендер 
жұбы
Өзара əсері
Анықтамасы
Мысал
1. Бір а
ллельді жұп г
ендер
дің 
өзара əрек
етте
су
і
А) доми-
нант тылық
(басым-
дылық)
Гетерозиготаның аллельдерінің 
бірі (доминанттылық көрсететін 
аллель) дарабастың тиісті бел-
гісіне əсер етуші басқа аллельге 
(рецессивті) басымдылық көр-
сету құбылысы
Бұршақ жемісінің 
тұқымының түсінің 
тұқым қуалауы
Б) толым-
сыз доми-
нант ты-
лық
F
1
-дегі будандардың белгілері 
ата-аналық формалардың еш-
қайсысына ұқсамай аралық си-
патта болуы
Түн аруы өсімді 
гі-
нің гүлінің түсінің 
тұқым қуалауы
В) кодо-
минант-
тылық
Гетерозиготалы ағзалардың фе-
но 
 
типінде екі аллельдің бірдей 
кө рінуі
Адам қан топта ры-
ның тұқым қуалауы

119
2. Аллелді еме
с г
ендер
дің өзара əрек
етте
су
і
А) компле-
ментарлы 
(толық ты-
рушы) əсер 
Бірін-бірі толықтырушы ген дер-
дің болуы, олар бірге əсер етіп, 
белгінің пайда болуына себеп 
болады
Тауық айдары пі-
шін  дерінің 
тұқым 
қу алауы
Б) эпистаз Бір  жұптың  доминантты  аллелі 
екінші жұптың доминантты 
аллелінің əсерін басып тастау 
құбылысы
Бұршақ жемісінің 
тұқымының түсінің 
тұқым қуалауы
В) поли-
мерия
Белгілі бір белгінің дамып (əдет-
те мөлшерлік белгілер) көрі-
нуін көптеген гендердің (поли-
гендердің) қамтамасыз ету 
құ б 
ы 
лысы. Əрбір жеке геннің 
үлесі шамалы болғанымен көп 
ген дер бірігіп əсер еткенде бел-
гінің көріну мүмкіндігі күше 
йе 
түседі.
Адам терісінің түсі -
 нің тұқым қуалауы
бір топ аллельді
емес ген 
дердің
əсеріне  бай ла ныс-
ты. 
Доми нант ты 
ген дер 
көп 
бол -
ған сайын тері түсі 
қош қылырақ бо 
ла-
ды.
Плейо
т-
ропия
Геннің бір мезгілде ағзаның 
бір неше белгілеріне əсер ету 
қабілеті
Қаракөл қойының 
ел тірісі түсінің тұ-
қым қуалауы
Көп а
ллельділік
Көптеген гендердің екі немесе 
одан да көп аллельдік күйі. 
Көптік аллелизмде гаметада 
немесе спораларда осы геннің 
бір аллелі ғана, ал диплоидты 
ағзалардың жасушаларында (бір-
дей немесе əртүрлі) екі аллелі 
болады. Көптік аллель бойынша 
ажырау əрдайым моногибридті.
Адам қан топта ры-
ның тұқым қуа лауы
Сыртқы белгілеріне əсер ететін плейотропты гендер, көбінесе 
дарабастардың  тіршілік қабілетіне де əсер етеді жəне көпшілік 
жағдайда оны төмендетеді. 
Бұрын біз қаракөл қойларының елтірілері түстерінің тұқым 
қуалауын мысалға келтірген болатынбыз. Қарасұр түлкілердің 
тұқым қуалауына жасалған генетикалық талдаулардың нəтижесінде 
түлкі жүнінің платина түсті болуы, тек гетерозиготада болатын 
доминантты ген арқылы болатындығын  көрсетті, себебі оның 
рецессивті леталді əсерлері болады. Бұл жағдайда түсті анықтайтын 

120
доминантты гендер екінші жағынан алғанда дарабастардың тіршілік 
қабілетіне қарағанда рецессивті болып келеді. Ағзаның қабілетін 
күшейтетін плейотропты гендер жалпы сирек кездеседі.
Гендердің өзара əрекеттесуіне есеп шығару жолдары жəне 
есептер жинағы:
23-есеп. Хош иісті бұршақ гүлінің қошқыл қызыл түсі екі ком-
плементарлы доминантты А мен В гендерінің өзара əрекеттесуі 
арқылы анықталады. Егер генотипте осы екі геннің бірі жоқ болса, 
қызыл пигмент түзілмейді де, өсімдіктің гүлінің түсі тек ақ бола-
ды. Генотипті  төмендегідей болып келген өсімдіктердің гүлдерінің 
түсін анықтаңдар: Аавв; ааВВ; ААВв; АаВв; ааВв; ААВВ.
24-есеп. Мына төмендегі жолдармен будандастырудың 
нəтижесінде Ғ
1
-дегі алынған будан өсімдіктердің фенотиптерін 
анықтаңдар: ААвв х ааВв; АаВв х АаВв; ААвв х Аавв; ААвв х ааВВ.
25-есеп. Құндыздың жабайы типіне тəн болып келетін терісінің 
қоңыр түсін  екі доминантты ген А жəне В анықтайды. Осы екі геннің 
біреуінің рецессивті аллелі бойынша гомозиготалы болса, сұр түс 
береді. Екі сұр түсті құндыздарды будандастырғанда Ғ
-1
-дегі ұрпақтың 
барлығы да қоңыр болып шықты. Ата-аналық жұптың генотиптерін 
жəне Ғ
-2
-дегі болатын ажыраудың  сипатын анықтау қажет.
26-есеп. Сұлы түсінің қара түсін доминантты А гені, ал сұр түсін 
доминантты В гені анықтайды. А гені В геніне эпистазды, яғни 
А гені бар жерде В гені қызмет атқармайды. Зиготада доминант-
ты гендердің екеуі де жоқ болса, тұқымның түсі ақ болады. Мына 
төмендегідей генотиптері бар өсімдіктердің дəндерінің түстерін 
анықтаңыздар: ааВв; аавв; Аавв; АаВв; ААВв; ааВВ; АаВВ.  
27-есеп. Қара тұқымнан өсіп шыққан сұлы өсімдігін өздігінен 
тозаңдандырғанда 12:3:1 қатынасындай болып қара, сұр жəне 
ақ түсті дəндер алынған. Бастапқы өсімдіктердің генотиптерін 
анықтаңыздар.
28-есеп. Тышқандардың рецессивті с гені альбинизмді 
анықтайды. Доминантты аллель С жүнді бояйтын пигменттердің 
синтезін реттейді. А жəне а гендері жүн талшықтарының өне бойына 

121
пигментердің таралуын қамтамасыз етеді: а гені біркелкі боялуына, 
ал А гені жүннің қара түске боялуымен қатар оның ұшында сақина 
тəрізді сары пигменттің түзілуіне əсер етеді. Генотиптері ССаа
ССААссАА, ссаа тышқандардың фенотиптерін анықтау керек.
29-есеп. Бидайдың кейбір іріктемелерінде дəннің қызыл түсін 
екі жұп полимерлі доминантты гендер бақылайды. Екі доминант-
ты ген гомозиготалы жағдайда болса (А
1
А
1
А
2
А
2
), қошқыл қызыл 
түсті дəн береді, жалғыз доминантты ген (А

немесе А
2
)  дəнге əлсіз 
қызыл, екеу болса – қызғылт, үшеу болса – қызыл түс береді. Ал 
рецессивті гомозигота болса (а
1
а
1
а
2
а
2
) дəндерінің түсі ақ болады. 
Мынадай генотиптері бар өсімдіктер қандай типті гендер түзе алады: 
А
1
А
1
А
2
А
2 
а
1
а
1
А
2
А
2  
, А
1
А
1
 а
2
А
2
, А
1
А
1
 а
2
а
2
, А
1
 а
1
а
2
а
2
, а
1
а
1
а
2
а
2
, А
1
А
1
 а
2
 а
2

а
1
а
1
А
2
 а

, А
1
а
1
А
2
а

.
30-есеп. Арпаға жасыл бояу беретін хлорофилдің түзілуін екі 
доминантты комплементарлы гендер А мен В бақылайды. Егер 
өсімдіктің генотипінде А-bb немесе ааbb болса, онда хлорофилл 
түзілмейді де, ол ақ болады. Ал, егер генотипте ааВ- болса, онда 
өсімдік сары түске боялады.
Жасыл түсті гетерозиготалы өсімдіктерді будандастырып, 516 
ұрпақ алған.
1. Қанша будан ақ түсті болады?
2. Қанша будан сары түсті болады?
3. Жасыл өсімдіктердің қаншасы екі геннен гетерозиготты бола-
ды?
4. Жасыл гетерозиготалы өсімдікті жасыл гомозиготалы 
өсімдікпен будандастырғанда, алынған 124 буданның қаншасы жа-
сыл болады?
5. Оның ішінде қаншасы гомозиготалы болады?
31-есеп. Жүгерідегі алейрон түсі комплементарлы гендердің А 
жəне Р өзара əсерімен анықталады. Доминантты күйінде осы гендер 
алейрон қабатының күлгін түсін анықтаса, рецессивті күйінде алей-
рон қабаты боялмайды. Егер генотипте доминантты комплементар-
лы аллель А жəне рецессивті р кездессе алейрон түсі қызыл болады. 
Басқа жағдайлардың барлығында  ақ түсті болады. Боялмаған алей-
рон қабаты бар екі жүгерінің линияларын будандастырғанда, Ғ
1
-де 
алейрон қабаты боялған 24 өсімдік, Ғ
2
-де 160 өсімдік алынған. 

122
1. Ғ
2
-де қанша буданның алейрон қабаты боялады?
2. Ғ
2
-де қанша фенотип бар?
3. Ғ
2
-де қанша генотип бар?
4. Ғ
2
-де қанша гомозиготалы өсімдіктің  алейрон қабаты 
боялмаған болады?
5. Қанша гомозиготалы өсімдіктің алейрон қабаты боялған бо-
лады?
32-есеп. Баклажан өсімдігі жемісінің көк түсі комплементарлы 
D жəне P гендермен анықталады. Қалған жағдайлардың барлығында 
доминантты жəне рецессивті аллельдерінің қатынасында жемістің 
түсі ақ болады. Екі гомозиготалы ақ жемісті будандастырғанда Ғ
1
-
де 157 өсімдік алынған. Бірінші ұрпақты гомозиготалы рецессивті 
аллельдері бар өсімдікпен будандастырғанда 380 будан алынған.
1. Ғ
1
 буданы қанша типті гамета түзеді?
2. F
a
 өсімдіктерінде неше түрлі  генотип  бар?
3. F
a
 өсімдіктерінде неше түрлі фенотип бар?
4. F

қанша  өсімдік көк жемісті?
5. F

ақ жемісті өсімдіктің қаншасы ұрпағында ажырамайды?
33-есеп. Бөрі бұршақта алкалоидтың түзілуі A жəне L компле-
ментарлы гендермен бақыланады. Егер генотипте бір немесе екі жұп 
рецессивті аллельдер болса, өсімдікте алкалоидтар түзілмейді. Ал-
калоидсыз өсімдіктерді өзара будандастырғанда Ғ
1
-де алкалоидты 
өсімдік алынады. Ал Ғ
2
-де 321 өсімдікте екі фенотип класы түзіледі: 
алкалоидты жəне алкалоидсыз. 
1. Ғ
1
-де қанша буданы қанша гамета түзеді?
2. Ғ
2
-де қанша алкалоидты өсімдіктер алынады?
3. Ғ
2
-де қанша генотип бар?
4. Ғ
2
-де қанша алкалоидсыз өсімдіктер ұрпағында ажырамайды?
5. Ғ
2
-де қанша алкалоидты өсімдік бір аллелі бойынша гетерози-
готалы  болады?
34-есеп. Сұлының кейбір сорттарының гүл қабыршағының 
түсі эпистаздық гендердің өзара əсерімен анықталады. Доминант-
ты А гені қабыршақтың қара түсін анықтап, қабыршақтың сұр 
түсін анықтайтын В геніне эпистаздық əсер етеді. Рецессивті а гені 
қабыршақтың ақ түсінің дамуына жауап береді де, рецессивті b 
аллелі қабыршақтың түсіне ешқандай əсер етпейді. Генотипі Аавв 
жəне ааВb ата-аналық жұпты будандастырып, 440 будан алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет