135
5. Адам хромосома жинағында қанша хромосома бар?
А) 22 жұп хромосома
В) 23 жұп хромосома
С) 24 жұп хромосома
D) 21 жұп хромосома
Е) дұрыс жауабы жоқ
6.
Аталық та, аналық та жыныс клеткаларын түзе алатын қос жынысты
организм:
А)
гетерозиготалы
В)
гермофродит
С)
гетероплоидты
D)
гибрид
Е)
гетероторфтар
7. Адам дене жасушаларында хромосомалардың қандай диплоидты
жиынтығы бар?
А)
46
В)
66
С)
54
D)
38
Е)
78
8. Қай дене жасушаларында хромосомалардың қандай диплоидты
жиынтығы бар?
А)
46
В)
66
С)
54
D)
38
Е)
78
9.
Шошқа дене жасушаларында хромосомалардың қандай диплоидты
жиынтығы бар?
А)
46
В)
66
С)
54
D)
38
Е)
78
10. Ит дене жасушаларында хромосомалардың қандай диплоидты
жиынтығы бар?
А)
46
В)
66
С)
54
D)
38
Е)
78
136
11. Жылқы дене жасушаларында хромосомалардың қандай диплоидты
жиынтығы бар?
А)
46
В)
66
С)
54
D)
38
Е)
78
12. Жеміс шыбынының дене жасушаларында хромосомалардың
қандай диплоидты жиынтығы бар?
А)
12
В)
8
С)
38
D)
48
Е)
14
13. Картоп сома жасушаларында хромосомалардың қандай диплоидты
жиынтығы бар?
А)
12
В)
8
С)
38
D)
48
Е)
14
14. Бұршақ сома жасушаларында хромосомалардың қандай диплоидты
жиынтығы бар?
А)
12
В)
8
С)
38
D)
48
Е) 14
137
7. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУДЫҢ ХРОМОСОМАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
ХІХ ғасырдың соңында жасуша құрылысының зерттелуіне бай-
ланысты ядро мен оның құрамындағы хромосомалардың тұқым
қуалаушылыққа қатысы бар екені анықталды. 1883 жылы бельгиялық
зоолог Э.Бенеден мейоз үдерісіндегі редукциялық бөліну аталық
жəне аналық хромосомалардың ажырауына байланысты деп жора-
малдады. Мендель заңдарын кейін 1902-1903 жылдары В.Сэттон
редукциялық бөліну жəне ұрықтану кезіндегі хромосомалардың
тəртібі мен будан ұрпақтардағы белгілердің тəуелсіз ажырауының
арасында байланыс бар екенін анықтады. Өзінің «Хромосома-
лар жəне тұқым қуалаушылық» деген еңбегінде хромосомаларды
цитологиялық тұрғыдан алғанда Мендель анықтаған тұқым қуалау
факторларының таралуына сəйкес келетіндігін көрсетті. 1905 жылы
Э.Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін сипаттады.
Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы
– «Тірі ағзаларға
тəн тұқым қуалаушылық белгілер, яғни ағзаның нəсілдік қасиеттері
ұрпақтан-ұрпаққа жасуша ядросы хромосомаларындағы гендер
арқылы беріледі» деп тұжырымдайды. Хромосомалық теорияны
тəжірибе жүзінде дəлелдеп, XX ғасырдың басында ашқан амери-
кан биологы Томас Хант Морган (1866-1945) мен оның шəкірттері
Г. Меллер, А. Стертевант жəне т.б.
Т.Морган 1910-1915 жылдары өзінің шəкірттерімен бірге жеміс
шыбыны – дрозофилаға жүргізген тəжірибелерінің нəтижесінде
гендердің тұқым қуалауы немесе белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа
берілуі қалай жүреді деген сұрақ жауабын дрозофила мелонога-
стер (Drosophila melonogaster) шыбындарына тəжірибе жүргізу ба-
рысында анықтады. Дрозофила шыбыны – генетикалық зерттеулер
жүргізуге өте қолайлы нысан. Себебі, оның хромосомаларының
диплоидты жиынтығы 8, ал гаплоидты жиынтығы 4. Зертханалық
жағдайда +25 С
о
жылылықта дарабастардың əр жұбынан пробирка-
да өсіру арқылы, 14-15 күн сайын 100-ге жуық ұрпақ алуға болады.
Дрозофила шыбынының көптеген белгілерінің ішінен Т.Х.Мор-
ган Мендель ережелерінен ауытқып тұқым қуалайтын белгілерін
де байқады. Мысалы, ақ көзді шыбындарды (w) көздері қалыпты
қою қызыл түсті (w
+
) будандастыру реципрокты будандастыруға
тəн айырмашылықтар көрінді. Екі тура жəне кері будандастыру
138
жүйесін реципрокты будандастыру (А х В жəне В х А) деп атайды.
Реципрокты будандастыру плазмагендерді немесе цитоплазмалық
гендерді зерттеу үшін де қолданылады.
Қызыл көзді аналық шыбын мен ақ көзді аталық шыбынды
будандастырғанда Ғ
1
ұрпағында алынған шыбындардың барлығы
қызыл көзді болып шықты, ал Ғ
2
ұрпақтарында 3:1 қатынасындай
қызыл жəне ақ көзді шыбындар алынды. Бұл «ақ көзді»
белгі «қызыл көзді» белгіге қарағанда рецессивті екендігін көрсетеді,
яғни қызыл көзділік доминаттылық көрсетеді. Қызықты болған
жағдай Ғ
2
ұрпақтарының арасында ақ көзді белгіні тек аталық шы-
бындар алса, ал қызыл көзді белгілі шыбындардың арасында аналық
жəне аталық шыбындардың арақатынасы 2:1 тең болғандығы.
Реципрокты будандастырудың Ғ
1
ұрпағында 1:1 қатынасындай
ажырау алынады. Бұл жағдайда барлық аналық дарабастар қызыл
көзді белгіні алса, барлық аталық дарабастар ақ көзді белгіні алады
(14-сурет).
«Ақ көзді» белгінің рецессивті болуына қарамастан жəне ақ
көзді шыбындар линиясын өзара будандастырғанда белгінің ажыра-
уы байқалмайды, «қызыл көзді» шыбындар да дəл осындай қасиет
көрсетеді.
Бұндай тұқым қуалау крис-крос тұқым қуалау деп аталады:
ұлдары аналарының, ал қыздары əкелерінің белгілерін алады.
Бұндай будандастыруда Ғ
2
тең қатынаста, қызыл көзді аталықтар мен
аналықтар жəне ақ көзді аталықтар мен аналықтар пайда болады.
139
14-cурет. Ақ көзді (w) дрозофила шыбындарымен қалыпты қою қызыл
көзді (w
+
) дрозофила шыбындарын будандастыру сызбанұсқасы. А: ♀ w х
♂ w
+
. Б: w
+
♀ х ♂ w.
Сонымен, Ғ
1
ұрпақтарының біркелкілік заңы реципрокты
будандастырудың біреуінде орындалмай қалады. Реципрокты бу-
дандастырулар əртүрлі нəтиже көрсетеді. Ақ көзді аналықтарды
қызыл көзді аталықтармен будандастырғанда Ғ
2
классикалық
моногибридті будандастыруда күтілетін 3:1 қатынасының орнына 1:1
қатынасындағы ажырау алынады. Осының барлығы Г.Мендельдің
заңдылықтарымен сəйкес келмейтін сияқты. Алынған мəліметтерді
дрозофила шыбынының кариотипімен салыстыру бұл сұрақтарға
жауап берді.
Дрозофиланың (Drosophila melonogaster) кариотипі. Дрозофила
шыбынының аталықтары мен аналықтарында төрт жұп хромосома
болады: хромосомалардың үш жұбы аталықтары мен аналықтарында
бірдей болады, ал бір жұбы аталықтарында бір X жəне бір У хромо-
сома болады. У хромосома Х хромосомадан пішіні бойынша ажыра-
тылады, сонымен қатар Х хромосомаға қарағанда толығымен гете-
рохроматиннен тұрады (15-сурет).
15-cурет. Дрозофиланың аталығы мен аналығының хромосомалық
комплексі
140
Сонымен, дрозофиланың аталығында бір жұп екі түрлі хромо-
сомадан тұратын жыныс хромосомалары (ХУ), ал аналықтарында
(ХХ) бірдей хромосомалардан тұратын жыныс хромосомалары бола-
ды. Яғни, əр будандасу жыныстық белгісі бойынша талдаушы будан-
дастыру болып табылады: аналықтар тек бір типті Х хромосомалы
гаметалар түзеді. Бұл – гомогаметалы жыныс. Аталықтары екі түрлі:
Х хромосомалы жəне У хромосомалы гаметалар түзеді. Бұл гете-
рогаметалы жыныс. Аталық жəне аналықтардың гаметаларының
кездейсоқ үйлесуі əр ұрпақта аналық жəне аталық дарабастардың
бірдей арақатынасын қамтамасыз етеді.
Қызыл жəне ақ көзді дрозофила шыбындарын будандастырудан
алынған мəліметтерді Т.Морган, w
гені Х хромосомада орналаса-
ды, ал У хромосома генетикалық тұрғыдан инертті немесе w
+
гені
ол хромосомада орналаспайды деген тұжырымдамамен түсіндірді.
Осы тұжырымдаманы келесі (16-сурет А, Б) сызбанұсқа арқылы
түсіндіруге болады.
Тұқым қуалаудың бұл типі жыныспен тіркескен белгілердің
тұқым қуалауы немесе жыныспен тіркесу деп аталады.
Сонымен, w гені жыныспен тіркескен, яғни Х-хромосомада
орналасқан. Гетерозиготалы екі Х-хромосомасы бар w w
+
аналықтар,
қызыл көзді болып келеді, яғни w аллелі рецессивті жəне ақ көзділік
белгісін қалыптастырады. Өзінің жалғыз Х-хромосомасында w
аллелі бар аталықтар ылғида ақ көзді болып келеді, ол У-хромосома
инертті деген тұжырымдаға сəйкес онда қалыпты немесе доминатты
w
+
аллелі болмайды.
141
16-cурет. А ақ көзді аналық дрозофиланы қызыл көзді аталықпен бу-
дандастыру сызбанұсқасы; Б қызыл көзді аналық дрозофиланы ақ көзді
аталықпен будандастыру сызбанұсқасы
Диплоидты ағзада бір ғана аллельдің жалғыз өзінің болуы
гемизиготалық жағдай немесе гемизигота деп аталынады.
Сонымен, осы тəжірибелерінде Т.Морган өзінің хромосомалық
теориясының нақты аргументтерін алды.
Морган мектебінің ғалымдары жасуша ядросы хромосо-
маларындағы гендердің орналасу зандылығын зерттеу нəтижесінде
Г. Мендель заңдарының цитологиялық механизмін ашып, табиғи
сұрыптау теориясының генетикалық негізін жасады. Тұқым
қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізгі қағидалары
мынадай:
1. Гендер хромосомада бір сызықтың бойымен тізбектеле
орналасқан. Əр геннің хромосомада нақтылы орны (локус) болады.
2. Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын
құрайды. Тіркесу топтарының саны сол ағзаға тəн хромосомалардың
гаплоидты санына сəйкес келеді.
3. Ұқсас хромосомалардың арасында аллельді гендердің алма-
суы жүреді.
4. Хромосомадағы гендердің арақашықтығы айқасу жиілігіне
тура пропорционал.
Гомологты хромосомалардың бір жұбында орналасқан өзара
тіркесулі гендер сол хромосомада орналасқан басқа гендер тобымен
142
бірге ұрпаққа ауысып, тұқым қуалайды. Гендердің еркін комбина-
ция жасамай, топталып тұқым қууын гендер тіркесі деп атайды.
Көптеген тəжірибелер бір хромосомаға шоғырланған гендер
тіркесі болатындығын көрсетті, яғни олар бір-бірінен тəуелсіз ажы-
рап кетпей, көбінесе бірге тұқым қуалайды. Мұны келесі мысалдан
көруге болады.
Егер ұзын (жетілген) қанатты сұр шыбын (доминант – BBVV)
мен шала жетілмеген қанатты қара ( bbvv – рецессив) шыбынды
будандастырсақ, бірінші ұрпақтың бəрі ( BbVv) жетік қанатты сұр
шыбын болып шығады. Бұл екі жұп аллель бойынша (сұр дене, қара
дене жəне жетік қанатты, шала қанатты) пайда болған гетерозигота.
Осы дигетерозиготалы сұр денелі, жетік қанатты аталық шыбындар-
ды рецессивті белгілері бар қара денелі, шала қанатты аналық шы-
бындармен талдаушы будандастырғанда, Мендельдің екінші заңы
бойынша бұлардан төрт түрлі фенотипі: 25% жетік қанатты сұр,
25% шала қанатты сұр, 25% жетік қанатты қара, 25% шала қанатты
қара ұрпақтар аламыз деп күткен болар едік. Тəжірибе нəтижесінде
күтілген мəліметтен өзгеше, тек қана екі-ақ түрлі фенотипі бар ата-
аналықтарына ұқсас: ұзын қанатты қара жəне шала қанатты сұр шы-
бындар ғана шықты. Бұл тəжірибеде белгілердің толық тіркестігі
байқалады. Мұның өзі гетерозиготалық аталық шыбынның сəйкес
жұп хромосомасының бірінде қара дене жəне жетік қанаттың,
ал екіншісінде – сұр денемен шала қанатқа жауапты гендердің
барлығымен байланысты.
Мейоз кезеңіндегі спермиогенезде гомологтық хромосомо-
лар əр түрлі жыныс жасушаларына тарайды. Сөйтіп тек екі түрлі:
біреуі – bV, екіншісі – Bv гендері бар гамета түзіледі. Осы гаме-
талардың рецессивті белгілері бар гаметалармен қосылуынан екі-ақ
түрлі шыбындар пайда болады. Бір хромосомада орналасқан гендер
толық тіркескен күйде бір ұрпаққа ауысады.
Өзара тіркескен гендер тобының саны, сол түрдің
хромосомаларының гаплоидтық санына сəйкес келеді. Олардың
саны жеміс шыбынында – 4, жүгеріде – 10, арпада – 7, адамда – 23,
т.с.с. Осындай сəйкестік тұқым қууда хромосомалардың маңызды
рөл атқаратындығына дəлел.
Келесі тəжірибеде Морган алғашқыдағыдай қара денелі жетік
қанатты аналық шыбындарды сұр денелі шала қанатты аталық шы-
бындармен будандастырды. Бірінші ұрпақтың бəрі сұр денелі ұзын
қанатты болды. Содан кейін анализдік будандастыру кезінде, ол F
1
-
143
ден аталықтың орнына аналық шыбынды алып, оны қара денелі шала
қанатты аталықпен будандастырды. Бұдан алынған ұрпақтар толық
тіркестегідей 2 түрлі емес төрт түрлі: сұр денелі шала қанатты, қара
денелі ұзын қанатты, сұр денелі ұзын қанатты жəне шала қанатты
қара денелі болды, бірақ еркін комбинацияланудағыдай арақатынасы
тең емес. Шыбындардың 41,5% қара денелі ұзын қанатты, яғни ата-
аналарының белгілерін қайталады. Тек 17% ғана жаңа үйлескен
белгілермен, атап айтқанда 8,5% қара денелі шала қанатты жəне
8,5% сұр денелі ұзын қанатты болды. Сөйтіп алынған ұрпақтың 83%
ата-тегіне ұқсас болғанымен, жаңа үйлескен белгілер мен де шы-
бындар пайда болады. Демек тіркес толық болған жоқ.
7.1 Кроссинговер
Бұл арада жаңа комбинациясы бар шыбындар неге пайда бола-
ды деген
сұрақ тууы мүмкін. Бұл сұрақты түсіндіру үшін Т.Морган
Бельгия цитологы Янсенстің хиазматипия атты теориясын қолданып,
оны əрі қарай дамытты. 1909 жылы Янсенс саламандраның
спермиогенезі жүргенде мейоздың профаза кезеңіндегі гомологтық
хромосомалар коньюгациясын немесе жанасуын бақылап, олардың
бір-бірімен ажырасарда гректің (
χ
) «хи» əрпіне ұқсайтын фигура
жасайтынын байқаған. Сондықтан бұл құбылысты хиазматипия, ал
хромосомалардың айқасу бейнесін хиазмалар деп атаған.
Т.Х.Морган мен оның қызметкерлері дрозофила шыбынымен
жасаған тəжірибелерінде гендердің тіркесуінің көптеген мысалда-
рын көрді, бірақ бұл тіркесулер толық емес екендігін байқады.
Т.Х.Морганның тіркесе тұқым қуалау тəжірибесін қарасты-
рамыз.
Дрозофилада қара түсті денелі қалыпты шыбындардын
айырмашылығы бар мутантты формалары да белгілі. Бұл белгі
қалыпты доминатты белгіге қарағанда рецессивті болып келеді. Дро-
зофила шыбынының денесінің қара түсін бақылайтын ген blaсk деп
аталып (b) таңбасымен белгіленеді. Оның доминатты аллелі – b
+
.
Сонымен қатар рецессивті ген vestigial (vg), гомозиготалы
жағдайда шыбын қанаттарының дұрыс жетілмегендігіне əкеледі
(жетілмеген қанат). Оның доминатты аллелі (vg
+
) қанаттардың
дұрыс дамуын қамтамасыз етеді.
Келесідей шыбындарды b b vg vg х b
+
b
+
vg
+
vg
+
будандасты -
рудан Ғ
1
осы екі ген бойынша дигетерозиготалы шыбындар пайда бол-
144
ды. Олардың барлығы Ғ
1
доминаттылық ережесіне сай біркелкі белгіге
ие, яғни екі белгі бойынша да қалыпты болып шықты. Одан əрі қарай
екі түрлі талдаушы будандастырулар жүргізілді. Оның біріншісінде
Ғ
1
аталықтарын алып гомозиготалы bbvgvg аналықтармен будандас-
тырды, ал екіншісінде Ғ
1
алынған аналық шыбындарды b b vg vg
аталықтарымен будандастырды. Бұл талдаушы будандастырулардың
нəтижелері бірдей болмай шықты (17-сурет).
17-cурет. Дене түсі мен қанаттарының дамуына байланысты ата-аналық
жəне рекомбинатты гендер үйлесімінің (жəне белгілердің) аталық ағзада
екі доминатты геннің де болуы жағдайындағы тұқым қуалауының көрінуі
Ғ
а
, яғни бірінші талдаушы будандастырудан алынған ұрпақтарда
шыбындардың жынысына байланыссыз тек екі типі ғана алынды:
50% ұрпақ шыбындардың денесі қара түсті, қанаттары жетілмеген,
ал 50% ұрпақ шыбындар екі белгі бойынша да қалыпты белгілі бо-
лып дамыды. Талдаушы будандастыруда Ғ
1
дарабастарының гамета
қатынастарын ғана көрсететіндігін еске ала отырып, бірінші талдау-
шы будандастыруда Ғ
1
аталықтары гаметалардың тек екі типін bvg
жəне b
+
vg
+
ғана қалыптастырды, сондықтан ұрпақтарда зерттеліп
отырған гендер бойынша гендердің 100% ата-аналық үйлесімі алын-
ды деп тұжырымдай аламыз.
145
Екінші талдаушы будандастыруда Ғ
а
-да барлық мүмкін 4 типті
ұрпақтар алынды, яғни Ғ
1
аналықтары барлық мүмкін 4 гаметалар:
bvg, b
+
vg, bvg
+
жəне b
+
vg
+
қалыптастырды. Алайда Ғ
а
ұрпақтарында
бұл төрт типті гаметалар бірдей қатынаста пайда болған жоқ. Жы-
ныстарына байланыссыз шыбындар белгілердің келесідей ажыра -
уын көрсетті: 41,5% ұрпақ қара денелі жетілмеген қанатты; 41,5% екі
белгі бойынша да қалыпты, яғни сұр денелі жетілген қанатты; 8,5%
қара денелі жетілген қанатты; 8,5% сұр денелі жетілмеген қанатты
болып шықты. Сонымен, гендердің ата-аналық үйлесімі bvg жəне
b
+
vg
+
83% жағдайда көрінсе, ал жаңа рекомбинатты үйлесім bvg
+
жəне
b
+
vg 17% жағдайда қалыптасты.
Келесі тəжірибеде ата-аналар ретінде осы белгілері бар, бірақ
басқаша үйлесімдегі шыбындар алынды: қара денелі қалыпты
қанатты шыбындар сұр денелі жетілмеген қанатты шыбындармен
будандастырылды. Содан кейін тағы да талдаушы будандастырудың
екі түрі жүргізілді.
18-сурет. Дене түсі мен қанаттарының дамуына байланысты ата-аналық
жəне рекомбинатты гендер үйлесімінің (жəне белгілердің) ата-аналық
ағзаларда екі рецессивті гендердің біреуінің болуы жағдайындағы тұқым
қуалауының көрінуі
10–1156
146
Бірінші жағдайда Ғ
1
аталықтары, ал екінші жағдайда Ғ
1
аналықтары қолданылды. Екі талдаушы будандастыру барысында
да екі белгі бойынша гомозиготалы рецессив bbvgvg шыбындармен
будандастырылды (18-сурет).
Тағы да Ғ
а
-да белгілердің ата-аналық жəне рекомбинаттық
үйлесімдерінің жоғарыдағыдай қатынасы пайда болды. Егер Ғ
1
аталық дарабастарды алған жағдайда белгілер 100% тек ата-аналық
үйлесімді көрсетті, ал егер аналық дарабастар алынған жағдайда
белгілердің 83% ата-аналық, 17% рекомбинаттық үйлесімде, яғни
бірінші тəжірибедегідей пайда болды.
Екі тəжірибеде де егер будандастырылуға Ғ
1
-дің аталық дарабас-
тары алынса b жəне vg гендердің толық тіркесуін көруге болады.
Егер будандастырылуға Ғ
1
-дің аналық дарабастары алынса b жəне
vg гендердің толық тіркесуі көрінбейді.
Т.Х. Морган бұл жағдайға келесідей анықтама береді. Бірінші
тəжірибеде b жəне vg гендері бір хромосомада орналасқан, яғни Ғ
1
дигетерозиготалы дарабастар бір гомологында b жəне vg, ал екінші
гомологында b
+
жəне vg
+
аллельдерін алып жүреді (17-сурет); екінші
тəжірибеде b жəне vg
+
бір гомологында, b
+
жəне vg екінші гомоло-
гында алып жүреді (18-сурет).
Дрозофила шыбындары аталықтарында кроссинговер жүрмейді,
сондықтан бір хромосомада орналасқан гендер (нақтырақ айтсақ,
хромосомалардың бір жұбында) толық тіркесе алады, егер будан-
дастыруға дигетерозиготалы аталықтар қол-
данылса. Мейоз үрдісі барысында дигетеро
зи-
готалы дрозофила шыбындарының Ғ
1
аналық
дарабастарында гомологиялық хро
мосо
ма
лары-
ның b жəне vg гендері орналасқан гомоло
гия-
лық бөліктерімен алмасуы мүмкін, ол алмасу-
лар 17% қатынасында жүреді. Т.Х. Морган жəне
оның мектебінің жоғарыда келтірілген зерт теулері
гомологиялық хромосомалар жұбын
да ген-
дер үнемі алмасып отыратынын көрсетті. Тиісті
гендері бар гомологиялық хромо
сома
лар
дағы
сəйкес бөліктердің алмасу үрдісі хромо сомалардың
айқасуы немесе
кроссинговер деп аталады.
Кроссинговер гомологиялық хромосома-
ларда орналасқан гендердің жаңа үйлесулерін
қамтамасыз етеді.
19-сурет. b жəне
vg аллельдерінің
гомологиялық
бөліктерімен
алмасуының
сызбанұсқасы
147
Гомологиялық хромосомалардың өзара ұқсас жерлерімен ал-
масуы гендердің алмасуын, яғни гендердің рекомбинациясын
қамтамасыз етеді. Үйлескен жаңа белгілері бар ағзалардың пайда
болуы жиілігіне қарап хромосомалардың айқасқандығы жөнінде
пікір айтуға болады. Мұндай ағзаларды рекомбинанттар деп
атайды. Кроссинговерге ұшыраған хромосомалары бар гаметалар
кроссоверлі деп, ал кроссинговерге ұшырамаған хромосомалары бар
гаметалар кроссоверлі емес гаметалар деп аталады. Морган зертте-
ген белгілердің тіркес тұқым қуалауы Морганның тіркесу заңы деп
аталады. Рекомбинация гендер арасында жүретіндіктен, ал геннің өзі
кроссинговермен бөлінбейтін болғандықтан, генді кроссинговердің
бірлігі деп санайтын болды.
Кроссинговердің мөлшері талдаушы будандастыру ұрпақтары-
ның жалпы санымен кроссоверлер саны арасындағы қатынаспен
өл шенеді. Жаңа үйлескен түрлердің саны айқасу жиілігіне байланыс-
ты болғандықтан, төмендегі формуламен анықталады.
Мысалы, егер ұрпақтардың жалпы саны 900, жаңа кроссоверлік
түрлер 180 болса, айқасу жиілігі 20% болады.
Рекомбинация реципрокты жүреді, яғни аталық-аналық хро-
мосомалары арасында өзара алмасу болады, бұл жағдай кроссовер
кластарын бір құбылыстың нəтижесі деп санауға міндеттейді. Крос-
синговер мөлшері пайызбен көрсетіледі. Кроссинговердің бір пайы-
зы арақашықтығының бірлігі болып табылады. Оны морганида деп
атайды.
Морган гендер хромосома бойында тізбектеле орналасқан,
ал кроссиноговер жиілігі олардың арасындағы салыстырма-
лы қашықтықтық үстеме заңын ашты. Егер үш геннің А,В,С
арақашықтығы (кроссинговер %) белгілі десек жəне олардың А
мен В-ның арақашықтығы 5%, В мен С-ның арасы 3%, А мен С-ның
арақашықтығы 8% болады. В гені А-ның оң жағында орналасқан
деп есептесек, онда С гені В генінің қай жағында екенін анықтау ке-
рек. Ең бірінші С гені В-ның сол жағында деп алайық, бұл жағдайда
А мен С-ның арақашықтығы А-В жəне В-С, яғни 5% - 3% = 2%
болуы керек. Шындығында, А мен С генінің арақашықтығы
8%-ға тең. Сондықтан болжам дұрыс емес. Ал енді С гені В-ның
оң жағында деп алайық, онда А мен С-ның арасы А-В жəне В-С
|