Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков



Pdf көрінісі
бет87/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012

Summary 
The paper presents data on the organization of classes IWST in an interactive form of learning. Interactive teaching 
methods are considered as methods for creating the system, application and definitions of the whole process of teaching 
and learning of students with the technical and human resources and their interactions, which assigns the task of optimizing 
the forms of education. 
 
ТҦЛҒАНЫҢ ӚЗІНДІК БАҒАЛАУЫ ЖАЙЛЫ ОЙ ПІКІРЛЕР 
 
С.А. Солтекова – ҚазҰПУ-нің оқытушысы, психология магистрі, 
А.Л. Сеитова – ҚазҰПУ-нің магистранты 
 
Жеке  тұлға  мәселесі  педагогикалық  теория  мен  практикадағы  күрделі  және  ӛзекті  бола  отырып, 
алуан түрлі аспектіге ие, сондықтан оны философия, жас ерекшілік анатомиясы мен физиологиясы, 
әлеуметтану, этика, педагогика, педагогикалық психология және т.б. ғылымдар қарастырады.   
Психологияда  тұлға  әр  түрлі  тұрғыдан  зерттелінген:  биологиялық  түр  ретінде;  индивид  ретінде 
адамның онтогенезі мен ӛмірлік жолы (Б.Г. Ананьев); тұлғаның динамикалық функциялық құрылы-
мын (К.К. Платонов); тұтас және рухани білім алушы ретінде (Д.Н. Узнадзе) және т.б. [1, 2, 3]. 
Жалпы  алғанда,  педагогика  мен  психологияда  тұлға  және  оның  дамуы  мәселесін  биологиялық, 
әлеуметтік және биоәлеуметтік бағытта қарастыру орын алған.  
Әлеуметтік психологияда тұлғаның қалыптасуының үш саласын бӛліп кӛрсетеді: іс-әрекет, қарым-
қатынас, ӛзіндік санасы. Әлеуметтену барысында адамның қарым-қатынасы кеңейеді, адамда «Мен» 
пайда болады.  
Жеке  тұлғаның  ӛз  «Меніне»  қызығуы  ежелден-ақ  зерттеушілердің  назарын  аударған.  Адам  жан 
дүниесінің ӛзіндік санасы әрдайым тек ғалым-философтардың ой толғауында ғана болып қоймастан, 
оны жазушылар мен суреткерлер де ӛз шығармаларына арқау еткен. 
Тұлға  дамуының  қозғаушы  күші  үнемі  ӛсіп  отыратын  қоғамдық  дәлелденген  құндылықтар  мен 
оны  қанағаттандыру  мүмкіндігі  арасындағы  ішкі  қарама-қайшылықтар,  яғни  тұлғаның  дамуы  оның 
мүмкіндіктерін кеңейту және жаңа қажеттіліктерін  қалыптастыру.  
Канттың  пікірінше,  адам  санасының  арқасында  тұлға  болып  қалыптасады,  адамгершілік  заңына 
ӛзінің  «Менін»  еркін  бағындара  алады.  Сана  –  рухани  ӛмірдің  негізгі  аспектісі,  «Мен»  субьектісін 
ішкі  не  сыртқы  заттық  санаға  ара  қатынасы  және  онымен  ӛзінің  байланысы  (тұлғаның  ұқсастығы 
туралы білімі ретіндегі ӛзіндік санасы, «Мен» ӛзгерісі) [4]. 
Жеке адамның әрекет қылығы барша уақытта оның ӛзі жӛніндегі ұғымы мен бейнесі және бола-
шақтан күткен образымен байланысып келген. Ӛзіндік сана – шексіз, күрделі мәселелерден, әрқандай 
жеке адам сан қырлы ӛз «менінің» кӛптеген бейнесіне ие: дәл осы мезетте адам ӛзін қандай деп білді, 
болашақтағы ӛзінің идеялық «мені» жӛнінде не ойлайды, осы «менді» басқалар қалайша таниды. 
Адам  ӛзін-ӛзі  қалыптастыру  барысында  зейінін  ӛзінің  жеке  тұлғасын  бағалауға  аударады:  «Мен 
қандаймын?» және ӛзін-ӛзі танудың дамуы адамның ӛзіне, ӛз мінез-құлқына, ӛзінің істері мен іс-әре-
кеттеріне  жауапкершілігінің  артуымен  анықталатындықтан,  осы  процеске  ықпал  ететін  тәрбиелік 
шаралар ерекше мәнге ие бола бастайды.   
Ӛзіндік бағалауды айтар алдын, «ӛзіндік сана» деген ұғымға тоқтала кетсек. И.С. Конның пікірін-
ше:  «әрбір  жеке  адамның  ӛзін-ӛзі  іс-әрекет  субьекті  ретінде  тануға  жәрдем  ететін  психикалық  про-
цесстердің жиынтығы ӛзіндік сана деп аталады. Ал оның ӛзі жӛніндегі ӛз ұғымдары белгілі бір «мен» 
бейнесін құрайды. Сонымен бірге ӛзіндік бағалауды «ӛзінің қасиеттерін, қабілеттерін, жүріс тұрысын 
бағалай алатын ӛзіндік сананың құрылымы» ретінде қарастырады [5]. 
Ӛзіндік сананың қалыптасуы – қиын және күрделі процесс. Оған тек іс-әрекет пен қарым-қатынас 
ғана  әсер етпейді,  сонымен  қатар  биологиялық,  психологиялық,  әлеуметтік  және  мәдени факторлар 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г. 
 
106 
да  ықпал  етеді.  Ӛзіндік  сананы  сипаттайтын  маңызды  белгілердің  бірі  –  бұл  ересек  сезімнің  пайда 
болуы болып табылады.   
Ӛзіндік бағалау мәселесінің негізін салушы У.Джеймс оның екі формасын бӛліп кӛрсетеді: 1) ӛз-
ӛзіне қанағаттану; 2) ӛз-ӛзіне қанағаттанбау. Бірінші формаға келесі синонимдерді қолдануға болады: 
ӛз-ӛзін мақтау, ӛзін-ӛзі басқару, менсінбеу т.б.; ал екінші формаға момын, ұялу, ӛз-ӛзіне сенбеушілік 
т.б. У.Джеймстің пікірінше бұл бір-біріне қарама-қарсы екі сезім табиғаттың берген алғашқы сыйы. 
Кейінгі жұмыстарда ӛзінді бағалау ӛзіндік сана шеңберінде қарастырылған. 
Қазіргі  таңда  орыс  тіліндегі  сӛздіктерде  «ӛзіндік  анықталу»  ӛзін-ӛзі  анықтау  етістігі  бойынша 
түсіндіріледі,  яғни  ӛзін-ӛзі  ұғыну,  ӛзіндік  қоғамдық  қызығушылықтарын  ұғыну  ӛзінің  бар  екенін 
анықтау, ӛмірде қоғамда ӛз орнын білу, ӛз бетінше ӛмір сүре бастау деп түсіндіріледі. 
Ғалым  К.А.  Абульханованың  ойынша,  ӛзіндік  анықталу  –  қатынастар  жүйесінде  ішкі  координа-
торда  қалыптасатын  тұлғаның  ӛзіндік  позициясын  саналы  ұғынуы.  Ол  сондықтан  да  қатынастар 
жүйесінің қалай қалыптасатындығы тұлғаның ӛзіндік анықталуы мен қоғамдық белсенділігіне байла-
нысты болады деп есептеген. 
Ӛзіндік ұғым мәселесін әлеуметтеу ұғымдарымен сабақтастыра келе, А.В. Мудрик ӛзіндік анықта-
лудың  психологиялық  механизмі  мен  қалыптасу  деңгейін  қарастырған.  Ол  ӛзіндік  анықталудың 
қалыптасу деңгейін топта, ұжымда, құрбылар тобында ішкі ұжым мен топ құрамында кӛрсеткен [6]. 
А.АФилиппов және М.Л. Кондратьева бұл ұғымды кәсіби бағдар мен мамандықты таңдау теория-
сы тӛңірегінде қарастырады. Олардың айтуынша, ӛзіндік анықталу тұлғаның ӛзіндік мүмкіндіктерін 
саналы ұғынуға байланысты тұлғаны әлеуметтендірудің бір формасы ретінде болып саналады. 
В.И.  Лебедеваның  ойынша  бұл  мәселе  тұлғалардың  жан-жақты  дамуының  позицияларын  қоғам-
дық ӛмірдің әртүрлі, атап айтқанда, экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани және отбасы-тұрмыстық 
сфераларымен қатысты тұтастай зерттеуді қажет етеді. Ӛмірлік ӛзіндік анықталу кезеңі жасӛспірім-
дердің құндылықтарды таңдау қажеттілігімен сипатталып, оқушының ӛндірістік әлеуметтік қатынас-
тар жүйесіне кіруімен байланысты болады, яғни қоғамдық-саяси ӛмірде ӛзін-ӛзі тану, ӛнегелі құнды-
лықтарға қатысты позицияларын анықтау мәселелері жатады.  
Қандай тұлғаны ӛзіндік анықталған деп санаймыз? Нормативті жоспарда бұл – әлеуметтік жетіл-
ген, ӛз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алатын және адекватты түсінуге қабілетті орнықты 
тұлға. Бұл ықпал ӛзіндік сана-сезімдердің ӛз «менің» ұғынудың субьективті жақтарын аша алмайды. 
Психологиялық  жоспарда  тұлғалардың  ӛзіндік  анықталу  мәнің  ашу  әлеуметтік  пісіп-жетілудің  ішкі 
себептері ретіндегі ӛзіндік сана сезімге ғана сүйене алмайды. Әлеуметтік жетілген тұлғалардың мінез 
-құлқы қоғамда қабылданған нормаларды сақтаумен ғана сипатталынбайды. Ол белгілі бір ұжымдық, 
топтық құндылықтарға бағдарлануы қажет. Құндылықтар мақсаттар, ӛмірлік жоспарлар түрінде бола 
отырып, индивидтердің даму барысында «міндеттің мақсатқа айналуы» мәселелеріне айналды. Сон-
дықтан  да,  жеке  адамның  әлеуметтік  пісіп  жетілуінің  мәнді  кӛрсеткіші,  мағыналы  құрылуы  болып 
табылады. Әлеуметтік пісіп жетілген тұлғалардың басты белгісі – мақсатқа байланысты ӛзін анықтау, 
құндылықтарды топтау, ұжымдық, қоғамдық талаптарын ескеріп қалыптастыру, ӛз мүмкіндіктері мен 
қабілеттерін  индивидуалды  сапаларын  ортаның  шартын  ескере  отырып,  ӛзін  табу  және  солардың 
тарату үшін белсенді сапалы іс-әрекетті жүзеге асыру болып табылады.  
Психологиялық  жоспарда  ӛзіндік  анықталған  тұлғалардың  ӛз  қалауы  бар,  оны  ұғынған  субьект 
(мақсаттар,  ӛмірлік  жоспарлар,  идеалдар)  ӛзінің  болуы  (ӛзінің  жеке  басы,  тәндік  қасиеттері),  ол  не 
істей  алады,  қолынан  келу  мүмкіндіктері,  дарындары,  бейімділіктері,  одан  қоғам,  ұжым  не  кетеді? 
Міне осы жағдайларды түсінеміз. Осы кӛрсетілген элементтерді сол процестерді әсерлендірумен ара-
қатынастыру тұлғаның әрекеті мен мінез-құлқын реттейді. Және іс-әрекеттің мазмұнын, интенсивті-
лігін,  мақсатқа  бағыттылығын  және  деңгейлерін  анықтайды.  Кеңес  психологиясында  ӛзіндік  сана-
сезімдерді индивидтің ӛз мүмкіндіктерін табу процесін ұжымның талаптарына сәйкес арақатынасты-
ру арқылы түсіну кездейсоқтық емес. 
Алайда тұлғаның ӛзіндік анықталуы ӛзіндік сана-сезімге апару оның тәуелсіздігін қамти алмайды. 
Кезінде  С.Л.  Рубинштейннің  ӛзі  кӛрсеткендей  тұлғаларды  оны  сана-сезімдеріне  апару  мүмкін  емес 
деген идеясы ӛз күшін жоймайды.  
Тұлға – қарым-қатынас (ӛзіне, басқа адамға, қоршаған әлемге) және саналы іс-әрекетінің субьекті-
сі. Бұл мағынада тұлға ұғымының индивидтен айырмашылығы ӛзін-ӛзі анықтауды енгізеді.  
Ӛзіндік анықталу дегеніміз – әлеуметтендірудің тәуелсіз сатысы. Оның мәні индивидте ӛз мақсаты 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж. 
 
107 
мен  ӛмірлік  мағынаны  ұғынудың  қалыптастыру,  ӛз  тілектерімен,  мүмкіндіктерімен,  талаптарымен 
арақатынасты тәуелсіз ӛмірлік іс-әрекетке дайын болу, қоғам және қоршаған ортаның қойған талапта-
рына дайын болу деген сӛз. 
Демек,  сана  біртіндеп  оның  ӛмір  сүруінің  барысында  әлеуметтік  ықпалдардың  әсерінен  пайда 
болады, міндетті түрде оған 4 компонент енеді:  
– ӛзінің басқа әлемнен айырмашылығын түсіну;  
– «Мен» іс-әрекетінің субьектісі екенін білу;  
– ӛзінің психикалық қасиеттерін, кӛңілкүйін бағалауын түсіну;  
-  қарым-қатынас  іс-әрекет  барысында  жинақталған  тәжірибе  негізінде  қалыптасқан  әлеуметтік-
адамгершілік тұрғыдан ӛзін-ӛзі бағалауы, ӛзін-ӛзі сыйлауы. 
И.С. Кон ӛз концепциясында сананың психологиялық құрылымын «Менді» үш құрама бӛліктерге 
бӛледі: 
1.  Белсенді іс-әрекет жасайтын «Мен» – оған ӛзіндік бақылау және ӛзіндік бағдарлау сияқты пси-
хологиялық сәйкес келеді; 
2.  Рефлексифті  «Мен»  –  индивидтің  ӛзі  туралы  кӛзқарасы.  Бұл  функцияларды  ӛзіндік  бағалау 
және ӛзіндік сананың ішкі механизмінде орындайды
3.  Вербалды емес «Мен» – бұл құрылым психикалық ӛмірде ӛзін-ӛзі сезу процесімен түсіндіріледі. 
И.И. Чеснокова бойынша ӛзіндік бағалау – күрделі құрылым, индивидтің мүмкіндіктерін бағалау 
функциясын атқаратын жағдайдың талабына және жүріс-тұрысына сәйкестендіру. Осының негізінде 
бағдарлама  жүреді  және  ӛзіндік  бағалаудың  эмоционалды  аспектісі  ескеріледі.  Ӛзіндік  бағалауды 
ӛзіндік  сананың  ерекше  элементі  ретінде  қарастырғанына  қарамай  автор  үш  компонентке  бӛлген: 
ӛзіндік тану, ӛзіндік қатынас және ӛзінді бағдарлау деп атап кӛрсеткен. 
А.В.  Захарованың  ойынша,  ӛзіндік  бағалаудың  ядросын  субъектілік  құндылықтары  құрайды. 
Автор  ӛзіндік  бағалаудың  құрылымдық-динамикалық  моделін  жасауға  тырысқан.  Оның  пікірінше 
ӛзіндік бағалау екі негізгі формада жүзеге асады: жалпы және жеке (порциалды). Жеке ӛзіндік баға-
лау  субъектінің  ӛзінің  нақты  қасиеттерін  бағалауын  кӛрсетеді.  Жалпы  ӛзіндік  бағалау  жүйесін  екі 
компонентке  бӛледі:  адамның  ӛзіне  эмоционалды-құнды  және когнитивті қатынасы.  Когнитивті  қа-
тынас жетекші рӛл атқарады, ӛйткені субъектіге ӛзінің ең маңызды бағалауларды жалпылап қосқан. 
А.И. Липкина, К.А. Абдульханова-Словская, Л.И. Божовичтің ғылыми еңбектерінде ӛзіндік баға-
лаудың негізінде субъектің ішкі қабылдаған құндылықтары жатыр. Индивид қабылдаған құндылық-
тарына байланысты, ӛзінің қасиеттерін бақылаудың негізін салады деп есептейді.  
Осыған байланысты ӛзіндік бағалауды субъектінің әрекетіне әсер ететін тұлғалық қалыптасуының 
ӛзегі деп пайымдауға болады.  
Кӛптеген  зерттеулерде  ӛзіндік  бағалау  субъектіліктің  пайда  болу  процесінде  кӛрінетін  тұлғалық 
дамудың маңызды әсері ретінде қарастырылған. Субъектілік түсінігі мақсаттарды қоя білетін, оларды 
іске асыру жолдарын іздейтін, жеткен нәтижелері туралы ақпаратты қолдана алатын, оларды бағалай 
алатын, белсенді адамның сипаттамаларымен байланысты. 
«Меннің»  психологиялық  мәнін  А.Т.  Спиркин  былай  сипаттайды:  «мен»  түсінігі  ӛз  сапасымен 
нұрымен  сәулелендіріп,  ӛзін-ӛзі  қабылдаған,  таныған  және  сезген  жеке  тұлғаны  білдіреді.  «Мен»  – 
психикалық ӛмірде реттеп барушы принцип, ӛзіндік бақылауды жүргізуші рухани күш, біз ӛз мәніміз 
бойынша бүкіл әлемге қоршаған адамдарға ең бастысы, ӛз санамызға  ӛз бағалауымыз бен танымы-
мызға сай ӛзімізге ашып беретін әр бір жеке адамның тұтастай болмысы.  
П.Л.  Ярмоленконың  пайымдауынша,  жасӛспірімдерде  ӛзін-ӛзі  танудың  қалыптасуының  негізгі 
шарттары  олардың  қоғамдық  ӛмірдегі,  мектептегі,  жанұядағы  орнының  ӛзгеруі,  қоғамдық  пайдалы 
және еңбек әрекетіне жұмылдыра бастау, осыған байланысты оларға тәуелсіздікке жол ашу.  
Осының барлығы адамдардың ӛмірлік бағытының қалыптасуының негізі болып табылады.  
Ғалым Ж.И. Намазбаева ӛзін-ӛзі танудың бірнеше жолдарын талдай келе, соның ішінде басқалар-
ды  тану  арқылы  ӛзін-ӛзі  тануды  ерекше  бӛліп  кӛрсетеді.  «Қарым-қатынас  үрдісінде  адамдар  бірін-
бірі танып, бір-біріне баға береді. Ӛзгенің осындай бағалауы әр адамның ӛзін-ӛзі бағалауынан кӛрініс 
танытатын болады» [7].  
Яғни,  ӛзгелердің  берген  бағаларын  ескере  отырып,  адам  ӛзін-ӛзі  бағалайды,  таниды  деп  айтуға 
негіз бар. 
Психологтардың пікірінше, ӛзін біреулерге ұқсату сезіміне ие болудың маңыздылығы сонша, кей-


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г. 
 
108 
де  тіпті  адамдар  заңды  бұзуға  дейін  баруы  мүмкін,  яғни  тек  ұқсастықсыз  қалмау  үшін  қоғамнан 
жабыстыратын ұқсастыққа қарама-қарсыны таңдап алуы мүмкін. 
Қорыта келгенде, тұлғаның санасы және оның ӛзіне, қоғамға, әлемге қатынасы белгілі бір жағдай-
да туындайды, кӛбінесе, ұлттық-саяси жағдай тұлғаның, ұлттың, халықтың, этникалық топтың және 
мемлекеттің  ӛмірінде  маңызды  рӛл  атқарады.  Ары  қарай  субьектінің  тіршілігін  басқару  құндылық 
қасиет-сапалар мен бағдарды анықтауға тәуелді болады. Сананың даму дәрежесі әр түрлі болуы мүм-
кін, ол тұлғаның ӛзіне және әлеуметтік топқа ұқсатуына байланысты болады.   
 
1. Ананьев Б.Г. Избранные педагогические труды: В 2-х т. – М.: Педагогика, 1980. – 286 с.  
2. Платонов К.К. Структура и развитие личности. – М.: Наука, 1986.  
3. Узнадзе Д.Н. Психологические исследования. – М.: Наука, 1966. – 451 с.  
4. Кант И. Сочинения. Т.6. – М.: Мысль, 1965. – 743 с. 
5. Кон И.С. Психология ранней юности. – М.: Просвещение, 1989. – 254 с. 
6. Мудрик А.В. Психология воспитания. – М., 2006. 
7. Намазбаева Ж.И. Жалпы психология. – Астана, 2006. 
 
Резюме 
Данная  статья  рассматривает  мнению  ученых  о  самооценке  личности.  Даются  сравнительный  и  содержа-
тельный анализ по изучаемой проблемы.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет