Секундтау (кӛмек кӛрсету) психологиясы
Спортшының жарыстық іс-әрекетін басқаруда ерекше маңызы бар нәрсе жаттықтырушының сӛз-
бен әсер етуі – секундтау (кӛмек кӛрсету).
Секундтау жекпе-жекте маңызды орын алады, ол тӛмендегідей тұрғыда кӛрінеді:
– қарсыласы туралы ақпарат (егер ол таныс болса оның бүгінгі жағдайы туралы ақпарат); спортшы
мен оның қарсыласының бүгінгі жағдайымен салыстыра талдау (сол қарсыласпен сәтті және сәтсіз
тартыс тәжрибесі жайындағы талдау);
– спортшының физикалық, психологиялық жағдайын алдыда болатын сайыстың барлық нюанста-
рын ескере отырып талдау;
– осы қарсыласқа қарсы қолданылатын тиімді құралдарды ұсыну;
– сайыстың шындыққа жақын ағымын және әр түрлі ӛзгерістер кезіндегі әдіс-тәсілдердің мінез-
құлқын қарастыру;
– спортшының қарсылас пен алдыдағы сайысқа эмоционалдық қатынасын қалыптастыру;
– сӛзсіз сәтті аяқталуға тиісті алдыдағы сайысқа деген қатынасты қалыптастыру;
– сайысқа психологиялық дайындықты қалаптастыру;