Секундтау әдетте екі түрлі қалыпта жүргізіледі: сайыс алдындағы спортшыға берілетін кеңес-нұс-
қау түрі, сайыс үстінде, спортшының белсенді іс-әрекеті кезінде берілетін кеңес-кӛмек түрі.
Кеңес-нҧсқау кӛбінесе мынандай мақсатты кӛздейді: алдағы сайысқа деген спортшының жағым-
ды қатынасы, оған қатысуға деген тілек, ӛз күшіне сенімді бекіту, белсенді іс-әрекетке жұмылдыру.
Жат-тықтырушы ӛз сӛздерінің сайыс кезінде спортшыға үлкен әсер ететінін ескеруі керек.
Әйтпесе, ақыл-кеңес жарыс алдындағы жағыдаймен қабаттасып, оңтайлы деңгейден асыра желік-
тіріп жіберуі, немесе, керісінше, күйгелектік тудырып, старт алдындағы асып-сасу мен енжарлыққа
соқтыруы мүмкін.
Жаттықтырушының спортшыны сақ болуға шақырған кеңестері («Мұқият бол», «Байқа, түсіп қал-
ма», «Асықпа т.б») бір жағынан сайысты мұқият, ойластыра жүргізуді қамтамасыз етсе, екінші жағы-
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г.
4
нан күдік тудырып, жеңіске жету мүмкіндігін субьективті бағалауды тӛмендетуге, «Жеңіске жету»
қағидасын «Жеңіліп қалма» қағидасымен алмастырып жіберуі мүмкін. Кейбір жаттықтырушылар
спортшының мұқияттығы мен байқампаздығын кӛтеріп, «мобильдеуді» кӛздей отырып, қарсыласы-
ның күшін атап кӛрсете: «Байқа, ол ӛте қу», «Онымен ерекше сақ болу керек», «Оның техникасы ӛте
күшті» т.б. кеңестер береді.
Мұндай кеңестер спортшыны әрқашан жеңіске жетелемейді.
Жаттықтырушы қарсыластың күшін нақты айтпай, спортшының алдында жаңа міндет қояды, қар-
сылас несімен күшті және неден сақтану керек.
Старт алдында спортшыда бұл сұрақтарға жауап беретін ақпарат болмауы мүмкін. Әсерінен ақпа-
рат жетіспеушілік дефициті туындайды, кезегінде жеңіске жету мүмкіндігін бағалауды тӛмендетуі
мүмкін.
Шындығында спротшыға ӛзі білетін қарсыласының қауіпті ерекшелігіне қатысты нақты кеңестер
кӛмектеседі. Жаттықтырушы, біріншіден, ӛз шәкіртіне старт алдында хабарлайтын ақпараттың шын-
дығына сенімді болуы керек; екіншіден, спортшыға негізгі және ең басты ақпаратты қысқа жеткізуі
керек. Жақсы жаттықтырушылар: «Жақын сайыста кеуденің оң жағынан соғады» (боксшыға); «Аяққа
ұмтылады», «солға шалады» (палуанға); «Мәреге қарай қатты жүгіреді» (желаяққа). Мұндай ақпарат-
тарды спортшылардың жеке ерекшелігін ескере отырып жеткізу керек.
Қарсыласының үнемі қолданатын ӛз тәсілі туралы ақпарат спортшының барлық зейінін соның
айналасына шоғырландырып, жаттықтырушы айтқан тәсілді үнемі күтуіне соқтыруы мүмкін. Бұл
қарсыластың басқа тәсілді қолдану салдарынан жеңіліске әкелуі сирек емес, жағдай күтпеген жерден
болуы, спортшының оған қалыпты жауап бере алмауы, ондай тәсілге дайын еместігінен баяу жауап
қайтаруы орын алады.
Сонымен қатар жаттықтырушы сайыс кезінде берілетін ақыл-кеңестерді пайдаланғанда ӛте сақ болуы
керек. Олардың кері әсері қӛбінесе спортшыға зейінін шоғырландыруға кедергі келтіруі, сайыс жағдайы-
ның ӛзгеруіне талдау жасауына, сайыс міндетін ӛз бетінше шешуіне кедергі келтіруімен байланысты.
Үнемі ақыл-кеңесті қолдану спортшының жеке иннициативасын шектеп, оның жарыстарда жат-
тықтырушысыз қатысу кезінде немесе жарыс шарты «суфлерлыққа» тыйым салған кезде дағдарысқа
ұшыратады. Жарыс кезінде туындаған міндеттерді ӛз бетімен шешіп отыратын спортшыға ақыл-
кеңес ӛз ойлағандарына қарсы келіп, кедергі келтіреді.
Мұндай қарама-қайшылықтар қиын конфликтілі жағдайлардың себепкері болуы мүмкін, оларды
шешуге уақыт тар әрі қосымша күш салу керек.
Кеңес бере отырып жаттықтырушы спортшының ӛз бетімен келген шешіміне қарсы шықпауына
сенімді болуы керек.
Белсенді әрекет етуші спортшыға айтылған кеңестер жарыстың ӛте қиын кезеңдерінде ғана кӛмек-
тесуі мүмкін. Тәжрибелі жаттықтырушы мұндай сәттерде спортшының қандай да бір қателіктерін
түзету үшін немесе қүшін жинақтату үшін тӛмендегідей пәрмендер беруі мүмкін: шаршап қалған
желаяққа «Шыда!», немесе «Қолмен!» (яғни қолмен жұмыс істе); секіріс жасап, теңдігін сақтай алмай
қалған гимнастқа: «Тоқта!», лақтырыс жасап, қарсыласының соққысын қайтарған палуанға «Бола-
ды!» Мұндай кеңестерді де тек жарыс жағдайын ӛте жетік білген, спортшының жағдайы мен мүмкін-
дігін жақсы білген, және сырттан басқару спотшының ӛзін реттеуіне кедергі келтірмеуіне кӛзі жеткен
кезде ғана қолдану керек.
Сонымен қатар жаттықтырушы ӛзінің кеңестерімен спортшыға шешім қабылдауға кӛмек беретін
жеткілікті ақпарат беруге тырысу керек, кеңестерінің кӛлемі мен мазмұны обьективті түрде жарыс
жағдайына байланысты ғана емес, субьективті түрде спортшының оған мұқтаж болуына, ақпаратты
қабылдауы мен қолдануына, психикалық жағдайына байланысты болуы керек.
Жеке дара жұмыс тәсілі секундтау сияқты басқа еш жерде айрықша роль атқара алмайтын шығар.
Кез келген жаттықтырушы бір спортшыға сабырлы, сендіре сӛйлеу керек, ал екіншісіне қатаң да үзіл-
ді-кесілді сӛйлеу керек екенін біледі. Бірінші жағдайда спортшының нерв жүйесі әлсіз болса, екінші
жағдайда ӛте «күшті» нерв жүйесінің ӛкілі екені белгілі (И.П. Павлов бойынша).
Әсершіл, үрейшіл спортшыға секундтау кезінде оның күшті жағын, ал «терісі қалың» деп атала-
тын спортшыға қарсыласының күшті жағын айту керек. Шындығында жаттықтырушы спортшының
күшті жағын айтқан кезде, қарсылысының мүмкіндігін де қоса айтады. Қӛпшілікте жағдай спортшы-
ның қарсылысын ӛзіне «ыңғайлы» немесе «ыңғайсыз» санауына байланысты. Дәл осы сәтте қарсыла-
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж.
5
сының «ыңғайсыздығын» жеңуге обьективті мүмкіндік бар екеніне спортшыны сендіру – секундтау-
дың ең маңызды міндеті. «Ыңғайлы » қарсылыстың бүгінгі қауіптілігін ескерту де ӛте маңызды. Осы
жағдайлардың барлығында жаттықтырушы спортшының «ішкі психологиялық діңінің мүмкіндігін»
пайдалана білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |