Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж.
119
СПОРТ ЖҦЛДЫЗДАРЫ ЖАСТАРҒА ӚНЕГЕ ІЛІМ, ТӘРБИЕ
Е.У. Сабденбеков –
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің магистранты
2012 жылы ақпан айында елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған жолдауында: «Қазіргі заман-
да кез келген мемлекеттің жоғары тыныс-тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты –
адамдардың ӛздері,
олардың ерік-жігері, қажыры, білімі болып табылады», – деп кӛрсетеді.
«Қазақстан-2030» мемлекеттік стратегиясында дене тәрбиесі туралы:
«салауатты ӛмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен шұғылдануымызға,
дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария
шараларын сақтауымызға бағытталған», – деліген [1].
Қазіргі заманның адам баласынаң ӛмірінде жаңа технологиялар компъютерлік негеізі бар ӛмір ағысы
болғандықтан жастардың әлеуметтік жағдайы жақсартудың ең басты мәселелерінің бірі денсаулық.
Тарихқа жүгінетін болсақ қазақ халықында кӛптеген елімізді дүние жүіне танымал қылған 19-
ғасыр ұлы спорттшылары Қажымхан Мұңайтпасов, Балуан Шолақ одан бертін келе ХХ ғасырда
О.Жарылқапов, Ә.Нұрмаханов, Ж.Үшкемпіров, С.Қонақбаев т.б болды.
Солардың бірі Шәміл Серіков Керімұлы сондықтан спорт жұлдыздарының аты ӛшпеу үшін тарихи
зерттеулер жүргізу керек. Бұл зерттеулердің нәтежесі әрине бүгінгі ХХІ ғасыр жастарына ӛнеге ілім,
тәрбие. Біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың ең басты киіпкері Шәміл Серіков Керімұлын алып
отырмыз.
Шәліл Серіков Керімұлы 05.03.1956 жылы Алматы қаласында дүниеге келген, сонымен қатар
классикалық күрестің шебері, Москвадағы
олимпиялық кілемде бес алтын, екі күміс, бір қола медаль-
ға ие болып, СССР құрама сапында талай ірі сындарда сенімді ақтаған, жастарымызға үлгі тұтатын
тамаша спортшы.
Қазіргі таңда осындай спортшыларымызға үкімет тарапынан үлкен қолдау қажет. Бүгін менің қа-
растырып отырған мәселем осыған бағытталып отыр Аталмыш спортшы Алматылық Шәміл Серіков
үлкен спортқа қадам басар шағында небәрі он екі жаста болатын. Құрбыларымен бірге кӛбіне «Локо-
мотив» стадионына баратын. Ата-анасы болса қызметте, ӛзімен тете Сәлім де ойын баласы. Осындай
күндердің бірінде шағын зал ішіне ӛзі сияқты балаларды жиып алып, күрес ӛнерін үйретіп жатқан
жаттықтырушыға тап болды.
Ол мойылдай қара шашын жалбырата ӛсіріп жіберген, қақпақтай жауырынды, орта бойлы жігіт
екен. Сырт кескіні келбетінен спортпен кӛп айналысқаны кӛрініп ақ тұр. Бұларға кӛз қиығын бір
салды да, алаңсыз шәкірттерін жаттықтыра берді. Әдейі қызықсын дегендей «Кӛпір әдісіне» түсірді.
Қосарлап бейне бір тиін тәрізді айналдырды, содан соң денелілеу келген бір шәкіртін қасына шақыр-
ды да, оң қолымен әлгінің қолтығының астынан сұғып жіберіп, екінші қолымен бастың сыртынан
айналдырып әкеліп ілгектеп жалғастырды да, тізесін сәл бүге беріп, кӛз ілеспес шапшаңдықпен сол
қапталына қарай тастап жіберді.
– Дұрыстап қарап алыңдар. Қазір жаймен кӛрсетемін. – Сонан соң әлгі шәкіртін тағы да ортаға
шақырды. Ол келіспегендей кейіп танытып, бұған қарай сылбыр жақындап келе жатты. Ол әлгі тәсіл-
ді бір
неше рет қайталады да, шәкірттеріне:
– Ал енді орындай беріңдер, – деп тапсырды да есіктің алдыда тұрған балаларға бұрылды.
– Е, балалар, келіп қалыпсыңдар. Не
тұрыс бар, шешініп күреске түспейсіңдер ме?
– Біздерді де аласыз ба? – деп ете түсті балалар.
– Алмағанда ше. Ерінбей жаттығатын болсаңдар, сендерді де аламын. Әлі-ақ сендердің араларың-
нан тамаша палуандар шығады. Мысалы, сенің палуан болғың келе ме, атың кім еді? – деп күріздей
қолымен Шәмілдің иығынан ұстап еді, қолы тым салмақты екен.
Шәміл кімт бұрылып иығын ауыр салмақтан босатып алды.
– Міне, Шәмілдің күреске ыңғайы бар екен. Сезімтал екендігін байқатты. Балуан боламын деген
кісіге мұндай қасиет керек-ақ.
Содан былай балалар секцсияға қатыса бастады. Спортты шын сүйетіндер ғана оның ауырлығына
шын шындайды екен. Алғашқы оларда тұла бойына қорғасын құйып қойғандай ауырлап жүрді, бұл-
шықеттері бӛлектеніп, ӛзін-ӛзі әлденеге икемсіз сезінді. Бірақ бұл уақытша нәрсе екен. Кейін бірте-
бірте еті үйреніп кетті. Ал осы қиыншылыққа тӛзе алмаған талай балалар секцияны тастап кетіп қал-
ды. Олар Шәмілмен кездесе қалғанда әр нәрсені сылтауратып, «Күрестің несі қызық, тер сасыған
біреумен алысып, жұлысқаны болмаса» дейтін. Кейін сұрастырса, әлгі балалар ешқандай спорт түрі-
мен де шұғылданбайды екен. Мұндай жағдайда ұстаз «Балалар жолда жатқан жеңіс жоқ. Кім жалық-
пай жаттықса, аянбай тер тӛксе, мен кӛрсеткен әдіс-айлаларды зердесіне тоқыса, содан ғана тәуір
спортшы шығады деп үміт етемін. Жүз шәкірттің
бірі олимпиадаға қатысса, менен бақытты адам бола
ма, сірә» дейтін.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г.
120
Міне сол жолғы салмағы не бары жиырма алты киллограмм ғана болатын шәкірт бала енді Москва-
дағы олимпиялық ойындарға қатысып отыр, тек қана кӛргенде санасында жатталып, кейін ұстазы
екеуі әлденеше жүз рет қайталаған баяғы тәсілмен сан жарыстарда қарсыластарының жауырынын
жерге тигізіп келген [2].
Сонымен қатар Ш.Серіков палуан, грек-рим күресінен әлем және олимпия чемпионы, КСРО чем-
пионы (1978, Украина, Запорожье), Европа (1979 ж. Бухарест) және әлем (1978, Мексика, Мехико,
1979, АҚШ, Сан-Диего) чемпионы. 22-Олимпия ойындарының алтын жүлдегері (1980, Ресей, Мәскеу)
болған спортшы [3].
Шәміл Серіковті әдіс-тәсілдің тӛңірегіндегі шебер палуан деп ойлауға болмайды. Ол қарсыласын
шалқалап лақтыру да, кеудесінен асыра домалатып, ұпай жинауда, кез-келген ұтымтал сәтте жағдай-
да ӛз пайдасына шешіп отыратын шебер болса, бәсекелесінің сәл қимылының ӛзінен оның ойын,
алдағы жоспарын аңғара алатын психолог болған.
Олимпиядан кейін жаттығудан жаттығу, әр жерде мастерь кластар ӛткізіп тынымсыз жаттығулар-
дан әбден қажып басшылықтан демалыс беруін сұраған болатын. Содан бастап Шәмілді қудалау
басталды, ең алдымен жұмыстан шығарды онан соң достарына онымен
араласуға рұхсат етпеді
Отбасылы болған соң, отбасында асырау керек қой. Кооператив ашып жеміс-жидек сата бастады.
Осы күндері ол ӛзін жоғалтып алды.
Кәуәп пісіріп, жеміс-жідек сатумен айналысып тұрған Шәміл Серіковті елдің бәрі танып; «Олим-
пиада чемпионы басыңмен не істеп тұрсың?» деп таң қалатындар да болды.
Бұған ол қатты арланатын. 1984 жылдар шамасы Шәмілдің достары: «Шәміл, бізге сенімен аралас-
пау туралы нұсқау берілді. Ренжімеші» деп табалдырымыздың алдынан талай қайтқан. Бір жолы
Шәмілдің қадірін білетін спортшылар жоғарғы: «Шәмілді қудалану тоқтатылсын» деген ӛтініш жаз-
ған болатын. Бірақ оларға: «Шәмілдің кебін кигілерің келмесе тыныш отырыңдар» деген ескерту
жасалыпты. 1989 жылы жазында Шәміл інісінің артынан Мәскеуге барды.
Кезінде совет одағының мемлекеттік спорт комитетінің тӛрағасы Пономеренко В.А мен кездесіп
қалады. Ол бірден: «Шәміл, қайда жоғалып кеттің?» деп құшағын жаяды. Қолтығынан жетелеп үйіне
алып барады. Асықпай ұзақ сӛйлесіпті. Шәміл жағдайын айтады. Ана кісі «бара бер, мен сенің шар-
уаңды реттеп беремін» деп шығарып салады. Алматыға келісімен бір апта ӛтпей жатып, Мәскеудің
шешімімен Шәміл Қазақстанның аға жаттықтырушысы қызметіне шақырылғаны белгілі болды. Бұл
жаналық Шәміл үшін үлкен бақыт еді. Бірақ барлық құжаттарын кӛтеріп, тиісті орынға барғанда,
«Сені жұмысқа алмайтын болдық» деп шешімін тағы қайтарды. Шәмілмен Пономенко В.А. арасын-
дағы байланыс осы уақыт аралығында ӛзге белгісіз біреулердің қастандықпен үзілген болатын. Ақша
тӛлемеген болса да үй телефоны жарым жылға ұзақ арадағы уақытқа ӛшіп қалған болатын. Сол жыл-
дың күзінде, яғни 1989 жылы Шәміл қайтыс болды. Небәрі 33 те еді. Қайтыс болған күні әдеттегідей
жаттығуға барып келген болатын. Түрінен де еш нәрсе байқалмаған. Әйелі сол күні балаларымен
қонаққа бара жатқанын және сонда қонып қалатын да ескертіп кеткен екен. Таңертеңгісін келгенде
бӛлмеден оның ӛлі денесін тауып алған [4].
Қорыта келгенде сӛз түйінін мемлекетіміздің туы елбасымыз ӛзге мемлекетке іс сапармен барған-
да және спортшыларымыз жоғары тұғырға кӛтерілген жағдайда, жоғары кӛтерілетіндігін ескере оты-
рып, елі үшін, жері үшін бейбітшілік заманда еліміздің мықтылығын, қанының тазалығын жеңіспен
дәлелдейтін спортшыларымызды саясаттың құрбаны етуге жол бермей, оларға жағдай жасап, спорт-
тың ең жоғарғы шыңына жеткен спортшыларды кейінгі жастарымызға үлгі етерліктей, Олардың
бойындағы дарынды қасиеттерін мұра ретінде кейінгі жас спортшыларға қалдыру мақсатында жат-
тықтырушылық қызметін ұсынуды қолдаған дұрыс деп табамыз.
1. Қ.Р Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан ӛз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қарсаңында» 2006 ж.
2. Жұлдыздар отбасы. Назерке Сұлтанбек. Бітімі бӛлек палуан. Бүгін Ш.Серіковтің туған күні. 05.03.2011 ж.
3. Жолымбетов Ӛ., Кульназаров А. Спортивный Казахстан Энциклопедический спавочник. 2004 г. – 195 с.
4. Жолымбетов Ӛ. Бес шығыршық «Ер намысы» – Алматы: Жалын, 1991 ж. 176-184 б.
Резюме
В данной статье предоставлены материлы исторических иследовательских работ на примере чемпион Олим-
пийских игр Сериков Шамил.
Summary
In this article were appeared the matevials of hisiforical and investigabional werks to examples of ahampion of olympic
games Serikov Shamyl.