Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков



Pdf көрінісі
бет92/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012

Summary 
This article discusses the psychological and pedagogical features of self-esteem of adults in the learning process. We 
give the definition of scientific research problems categorical apparatus. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г. 
 
114 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИЯДАЛЫҚ СПОРТ ТҤРІ 
ТАЕКВОНДОНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ 
 
С.Кунай – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Бастапқы әскери дайындық 
теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы 
 
Бұл мақаланың мақсаты: кӛпшілікке қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан олимпиадалық спорт 
түрі таеквондоның, Республикамызда оның даму қарқыны мен Қазақстан таеквондошылардың  негіз-
гі жетістіктерімен таныстыру. 
Шығыс елдерінде ӛзінің қалыптасқан тарихы бар бұл спорт түрі біздің елімізде тоқсаныншы жыл-
дан бастап қалыптасып дами бастады, Қазақстанға таэквондо тәуелсіздіктің таңы атқан тұста келді. 
Қазақстан Республикасында таеквондо (WTF) федерациясы 1992 жылы құрылды. Қазақстан таек-
вондо федерациясының тұңғыш президентіне Бексейіт Түлкиев сайланды. Қазақстан Республикасын-
да таеквондо (WTF) федерациясы бүкіл әлемдік таеквондо федерациясына толық  мүше болып, 1993 
жылы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында Куккивон штаб-пәтерінде тіркелді, сол жылдан бастап елі-
міздің құрама командасы әртүрлі халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды. Қазақстан Рес-
публикасының таеквондо федерациясы құрылғаннан кейін, еліміздің әр облыстарында жарыстар ӛткі-
зіліп тұрды.  
1993 жылы еліміздің таеквондо ұлттық құрама командасы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ӛткен 
XI  әлем  чемпионатында  бақтарын  сынады,  бұл  еліміздің  таеквондо  құрама  командасының  алғашқы 
тұсау кесер жарысы болатын.  
Қазақстанда  таеквондомен  шұғылданатын  жастардың  саны  күн  санап  арта  түсе  бастады.  Қазіргі 
таңда осы таеквондо спортымен жиырма мыңнан астам жастар шұғылданады.  
Қазақстан  таеквондо  федерациясының  тұнғыш  президенті  1998  жылы  Бексейіт  Түлкиев  белгісіз 
жағдайдан ӛмірден ӛткеннен кейін, 1998 жылы Қазақстан Республикасының таеквондо федерациясы-
ның президнтіне Шамсат Исабеков сайланды. Бүгінгі таңда Шамсат Исабековтің басқаруымен феде-
рация  жұмыс  істеліп  жалғасын  табуда.  Сұлтанмахмұт  Шоқбытов  1999-2006  жылдар  аралығында 
Қазақстанның таеквондо құрама командасының бас бапкері болып қызмет атқарды, одан кейін Мақсұт 
Нарбаев 2006-2010 жыл аралығында құрама команданы жаттықтырып, жақсы спортшыларды баптап 
дайындады,  дәл  сол  кездерде  қазақ  елі  құрамасы  халықаралық  ареналарда  ӛздерінің  мықтылығын 
мойындата бастады. Енді сол жарыстардың арасындағы ең негізгілеріне тоқталайық:  
Азия ойындарына отандастарымыз үш мәрте қатысып, 7 қола медальға қол жеткізді. 1998 жылы 
Бангкокта Әділхан Сағындықов пен Әнуарбек Аманқұлов, 2002 жылы Пусанда Есбол Ерден мен Арман 
Шылмановтар, 2006 жылы Ринат Құралбаев, Сәуле Сардарова және Арман Шылманов үштіктің тӛрі-
нен кӛрінді. Ерлер додасында 2006 жылы Тайландта Арман Шылманов оза шапса, 2006 жылы Қытай-
да Зарина Шамсатқызы күміс медальді еншіледі. 2004 жылы Оңтүстік Кореяда Нұргүл Берікқалиева, 
Сәуле Сардарова, Есбол Ерден, 2006 жылы Тайландта Батырбек Есдәулетов пен Зарина Шамсатқызы, 
2008 жылы Қытайда Ринат Құралбаев, Арман Шылманов және Лия Нұркиналар қола жүлденің иелері 
атанды. Жастар арасындағы жарыста әр жылдары Есбол Ерден мен Давран Ризаев бас жүлдені қан-
жығасына  байласа,  Серік  Исламов,  Сағыныш  Қалымбетов,  Диля  Құдайғашүкірова,  Ерғали  Әнесов 
және Аслан Батықұловтар екінші месе тұтты. 2007 жылы Түркияда ӛткен Дүниежүзілік Универсиада-
да Лия Нұркина қола жүлдені еншілесе, 2009 жылы Сербияда Гүлнафис Айтмұхамбетова алтыннан 
алқа тағынды. 2009 жылы Тайландта жекпе-жек түрлері бойынша Азия ойындарының алауы тұтанды. 
Бұл  бәсекеде  Арман  Шылманов  пен  Гүлнафис  Айтмұхамбетова  қарсыластарына  қарсы  тұра  білді. 
Зарина Шамсатқызы мен Қайрат Сарымсақов күміс алса, Сәуле Сардарова мен Екатерина Дмитрева 
қола медальді иеленді. Әлем чемпионатында 6 медальға қол жеткіздік. 1999 жылы Канадада Әділхан 
Сағындықов, 2003 жылы Германияда Лия Нұркина, 2007 жылы Аслан Батықұлов, Арман Шылманов, 
Нәзгүл Тәжіғұлова, 2009 жылы Данияда Арман Шылмановтар жүлдегерлер санатына қосылды. Жастар 
арасындағы әлем бірінішлігінде Жалғас Бекқасымов алдына жан салмады. Үш қандасымыз олимпиада 
ойындарына  қатысу  құрметіне  ие  болды,  2004 жылы  Афин  олимпиадасында  Әділхан  Сағындықов  ӛз 
ӛнерін  ортаға  салса,  2008  жылы  Бейжін  олимпиадасында  Лия  Нұркина  мен  Арман  Шылманов  күш 
сынасты, Арман Шылманов қола медальді қанжығасына байлап, Қазақстан спорты тарихының жаңа 
бір парағын ашты (1). 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж. 
 
115 
2010 жылдан бастап Қазақстан құрама командасының бас бапкері болып, Қырғызбаев Қайрат таға-
йындалды. 2010 жылы Қазақстанда XIX Азия чемпионаты ӛтілді, жарыс жоғары деңгейде ұйымдас-
тырылып, оған 23 мемлекеттен келген 300-ден астам спортшылар қатысты. Азия чемпионаты бары-
сында  Қазақстан  таэквондошыларының  кӛрсеткен  нәтижесіне  кӛңіліміз  тоймады,  ерлер  сайысында 
Ирандықтар алдына жан салмады, олардың еншісінде 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль түсті. Әр 
медальды қос-қостан иеленген Оңтүстік Кореялықтар екінші тұғырға жайғасты. Иран мен Оңтүстік 
Кореяда олимпиада алтынын алған спортшылар кӛптеп саналады. Үшінші орынға Тайланд таэквон-
дошылары табан тіреді, Тай елінің ӛкілдері 2 алтынды олжаласа, тӛртінші сатыдағы Тайпейдің қор-
жынына 2 күміс медаль түсті. Ал Қазақстан бесінші орынға тұрақтады, жерлестеріміз арасынан аса 
ауыр салмақта күш сынасқан Арман Шылманов ақтық сайыста Иран спортшысы Хуссейн Тәжіктен 
ұтылды. 54 келі салмақтағы Нариман Шәкіров пен 80 келі салмақтағы Сұлтан Қасымов қола жүлдені 
қанжығасына  байлады.  Қыздар  арасындағы  жетістіктерге  73  келі  салмақта  күш  сынасқан  Феруза 
Ергешова  үлкен  ерлік  жасап,  Азияның  алтын  медалін  мойнында  жарқыратты.  Аса  жеңіл  салмақта 
шеберлік байқатқан Айжан Әлижанова қолаға қол жеткізді [2].  
Алдағы 2012 жылғы Лондонда ӛтілетін олимпиадада Қазақстаннан үш таеквондошы күш сынамақ. 
Олар: Нұрсұлтан Мамаев 58 келіде, Феруза Ергешова 67 келіде, Гульнафис Айтмуханбетова 67 келі-
ден жоғары салмақта ӛнер кӛрсетеді.  
Қорыта келе, елімізде таеквондо спорты кең дамып, спортшыларымыздың әр кезде мерейі үстем 
болып, кӛптеген халықаралық, әлем және азия ареналарында, еліміздің кӛк туын желбіретіп, ән ұра-
нымыз жеңіс тӛрінде шарықтасын деген тілек білдіргім келеді.  
 
1.  Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. – Алматы: ҚазСТА, №2, – 87 б. 
2.  Канаев Т. // Шымкент таеквондо газеті. – 2000, №1 (5). – 8 б. 
3.  Жүніспаев Н. Мұстафа Ӛзтүрік. – Алматы: Жалын, 1992. – 92 б. 
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются начало, развитие и становление таеквондо как олимпийского вида спорта 
в Республике Казахстане. 
 
Summary 
In article considers the beginning of foundation and development taekwondo, as one Olympic type of sport in  the 
Republic of Kazakhstan. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет