Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков



Pdf көрінісі
бет90/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012

Резюме 
В данной статье представлены материалы теоретических исследований по проблемам физических воспита-
ний детей и подростков.   
 
Summary 
In this article the meanings of theoretical research for physical raising children and teenagers problems.     
 
ЕРЕСЕКТЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Ғ.У. Қабекенов – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 
А.Л. Сеитова – ҚазҰПУ-нің магистранты 
 
Қазіргі қоғамдағы адамның ӛмір бойы тоқтаусыз білім алып, заман сұранысына сай ӛзін жетілдіріп 
отыруы  маңызды  мәселелердің  бірі  болып  саналады.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы» 
заңында: «Ересектерге білім беру қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістерге сәй-
кес білімдер мен дағдылардың қосымша кӛлемін алу үшін олардың ӛмір бойы білім алу қажеттілігін 
қанағаттандыруға бағытталған» – деп ерекше атап кӛрсетілген [1].  
Педагогикалық теория мен практикада ересектерге білім берудің қалыптасуы мен дамуының ӛзін-
дік  тарихы  бар.  Тарихтан  ересектерге  білім  беру  үрдісінің  діни  бағытқа  негізделіп,  мешіттер  мен 
медреселер, мектептер базасында жүргізілгені, шығыстық мәдениетке негізделіп, ӛзіндік заңдылық-
тарды  ұстанғаны,  әлемдегі  саяси  ӛзгерістерге  байланысты  білім  берудің  жаңаша  жүйесін  құруға 
бағытталғаны белгілі.  
Ересектерге білім беру үрдісі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап либералдық, прогрессивтік
бихевиористік,  радикалды,  когнитивті,  гуманистік  философиялық  мектептер  мен  бағыттар  ықпалы-
мен дамып, әлеуметтік, экономикалық функциялар атқарды, бүгінгі таңда ол тұлғаны дамыту функ-
циясын орындайтын білім беру қызметін кӛрсету саласына айналып келеді.  
 
Андрогогиканың қалыптасуы мен дамуын зерттеуде негізге алынатын психологиялық бағыттар: 
 
р/с 
Бағыттар 
Зерттеу мәселесіне қатысты сипаттамасы 
1. 
 
бихевиоризм 
Андрогогикалық мәселелердегі мінез-құлық ерекшліктері 
және оның әрбір адамға қатысты жекелігін ескерту.  


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж. 
 
111 
2. 
 
Неофрейдизм мен постфрейдизм 
Ересек  адамның  білім  алуы  мен  тәрбиеленуінің  бала 
кезіндегі психологиялық қиыншылықтары  мен кемшілік-
терінің туындауы. 
3. 
 
Гештальт психология 
Білім  алу  мен  тәрбиелену  ересек  адамдар  үшін  де  тұтас 
таза психологиялық құрылым болып табылады. 
4. 
 
Гуманистік психология 
Тәрбиелену  мен  білім  алудың  ереск  адамдар  үшін  гума-
нистік, моральдік, қарым-қатынастық сипаты 
5. 
 
Акмеология  
Ересектерді  оқыту  үдерісінде  кәсібиліктің  биік  мәресіне 
жету қағидасын ұстану. 
 
Кестеге сүйене отырып, осы бағыттардың пайда болу тарихына сипаттама беріледі. 
Бихевиоризм 

  ХХ  ғасырдағы  психология  ғылымын  сипаттайтын  теориялық  әрі  тәжірибелік 
бағыт. Мұнда адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын тереңірек қарастырылады, ал сананы негізгі зерт-
теу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің негізін американ ғалымы Э.Торндайк қалады.  
Бихевиоризм «behavior» ағылшын сӛзінен шыққан, мінез-құлық мағынасында қолданылады. 1913 
жылы америка психологі Дж.Уотсон психологияны мінез-қүлық туралы ғылым ретінде қарастырды.  
Сонымен бихевиоризм жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік 
бағыт ретінде адамды мінез-құлқына қатысты басқаруды негіз етеді.  
Фрейдизм – ХХ ғасырда психологияда кеңінен таралған ағым. Ағым – мінез-құлықтың негізгі рет-
теуші күші, қозғаушы факторы – жыныстық еліктеу деп есептеді. Мұндай еліктеу мен сезім әрекеті 
санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады. Зерттеу ілімі психоанализ деп де аталады.  
Бұл  бағыт  Авсртия  ғалымы  З.Фрейд  есімімен  байланысты,  сонымен  қатар  ғалымдар  А.Адлер, 
К.Юнг, К.Хорни ӛзіндік үлес қосты.   
Гештальт психология Германиядағы ХХ ғасырда дүниеге келген ассоциативті психологияға қарсы 
идеалистік бағыт болды. Негізгі мақсаты жеке психикалық процестің құрылымын тәжірбие жүзінде 
зерттеу болып, тұлғалық қасиеттерінің ӛсуіне негізделді. Сананың алғашқы бӛлшектері тұтас түрдегі 
«гештальттар» (психологиялық құрылымдар) деп саналды.  
Гештальт  деген  сӛзді  неміс  тілінен  аударғанда  «форма»,  яғни  барлық  ұсақ  бӛлшектердің  бірігуі 
және  органикалық  бүтінді  құрауы  дегенді  білдіреді.  Бұл  бағыттың  негізін  М.Вертгейлер,  В.Келер, 
К.Коффка қалаған [2]. 
Гуманистік  психология  негізін  қалаушылардың  алдына қойған  мақсаты бихевиоризм  мен  психо-
анализді  дэріптеушілердің  адам  мәселесіндегі  ауытқуларын  орньша  келтіріп,  шындыққа  жақындау, 
ӛміршең  психологияны  таңдап  any  еді.  Гумансит-психологтар  ӛз  зерттеулерінің  объектісі  ретінде 
салауатты,  шығармашыл  жеке  адам  түсінігін  тандады.  Сондықтан  бұлардың  таңдауындағы  жеке 
адамның максаты – ӛзін-ӛзі кемелдендіру және мүмкіндіктерін ӛз күшімен ашып, жая білу.  
Гуманистік психология бағытының кӛрнекті ӛкілі А.Маслоу болды. Ол адам іс-әрекетінің, мінез-
құлқының қайнар кӛзі адамның үздіксіз ӛзін-ӛзі танытуға, ӛзін-ӛзі анықтауға ұмтылуы деп түсіндірді, 
ӛзін-ӛзі айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды. Бұл гуманистік қажеттілік, демек, адамға 
жақсылық істеуге ұмтылу «адам ӛз мәні жағынан жақсылық істеуге жаны құмар» – деп есептеген. 
Қазіргі жаһандану заманында да дамыған қоғамның жетекші идеясы, жоғарғы гуманистік мәні  – 
әр адам тұлғасын ең жоғары құндылық ретінде қарастыруы. Білім берудегі гуманизм әр жеке тұлға-
ның мәдениет әлемінде ӛзін-ӛзі таныта алуына, еркін түрде ӛз орнын анықтай алуына, жақсылық пен 
жамандықты, дұрыс пен бұрысты, ӛмірдегі мәнді және мәнсіз нәрселерді саналы түрде таңдай алула-
рына жағымды ықпал жасап септігін тигізуге бағытталған.  
Акмеология – адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңға жетуіне ықпал ететін фактор-
лар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым. Ол жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндер 
тоғысында пайда болған, белгілі бір іс-әрекет сферасында адамның жоғары дәрежеде дамуы жӛнінде-
гі ғылым. Кемелденуді ӛздігінен білім алу, ӛзін-ӛзі түзету, ӛзін-ӛзі басқару құралдары арқылы ӛзін-
ӛзі жетілдіруге қабілеттілік деп қарастырады [3]. 
Демек акмеология – ӛзінің кәсіби шеберлігінің шыңына, ӛзінің жеке «акмесіне» (акме – биік шың, 
гүлденген  шақ),  идеалына,  максимумға  жету  құралына  айналдыру,  ӛз-ӛзін  дамыту  дағдыларын 
қалыптастыру арқылы тұлға деңгейіне жету жолдарын зерттейтін ілім ретінде ересектерді жеделдете 
оқытудың теориялық негіздерін құрайды.  
Сондықтан адамның қай жаста да оқуына жол ашылып, «ӛмір бойы білім алуына» мүмкіндік беріл-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет