1. Ішкі психикалық тірек орнату. Бұл тәсіл спортшының биік мүмкіндігіне сендіру және соның
пайда болуына жасанды жағдай жасауға негізделеді.
2. Рационализация. Бұл тәсіл жаттықтырушының жағымсыз жағдайлардың туу механизмін түсін-
діру, оны нақты бағалау мен одан нақты шығу жолдарын қарастырып қана қоймайды, сонымен қатар
белсенділік деңгейін кӛтеруге пайдалануды қарастырады.
Бұны спортшының ӛзіне ӛзін сендіру формасында жасай алады. Мысалы, себебсіз күйгелектік
пайда болғанда: «Күйгелектік спорттық қалыпқа кірудің бір формасы екенін білемін; күйгелек болып
кеткенімнің себебі жаттығудың шынына жеткенім». Немесе: «Менде старт алдындағы толқу белгіле-
рі пайда болды, бұл толқуды спаррингте белсенді әрекет етуге бағыттауға болады».