Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков



Pdf көрінісі
бет4/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012

Секундтау әдетте бокста айқастан 30-40 минут бұрын, күресте 15-20 минут бұрын, фехтованияда 
5-10 минут бұрын басталады. 
Фехтованияда секундтауды жарыс алдындағы кезеңнің бірінші сатысында, айқастың әрбір турын-
да, әсіресе барлық финалдық турларда жүргізеді. Әрине фехтованияның командалық жарыстарында-
ғы секундтаудың ӛзіндік ерекшелігі бар. 
Жарыс алдындағы және раундтар арасындағы секундтаудың айырмашылығы бар. Үзіліс кезінде 
маңызды  міндет  –  спортшының  психологиялық жағдайын  ӛзгерту,  егер  ол  мақсатқа  сай  болса,  ары 
қарай  тӛмендемеуіне  жағдай  жасау  болып  табылады.  Спортшыға  оның  қандай  тактикалық  міндетті 
сәтті  шешкенін,  қайсысын  реттеу  керегін,  қарсыластың  қандай  ойын  шеше  алмағанын  айту  керек. 
Жіберілген қателікті салқынқандылықпен талдау және оларды түзетудің нақты жолдарын кӛрсету. 
Жарыстан кейінгі әңгімелесу кезінде (бұл секундтауға жатпайды) оның нәтиежесіне байланысты 
болады.  Сәтті жағдайда: «Соншалықты жақсы шайқаса алмадың. Сенің басты жеңістерің әлі алда». 
Сәтсіздікте «Қарсыласыңның кӛп сәтте жолы болды. Сенің сәтсіздігіңнің нақты себептері бар... Бірақ 
ӛмір осы турнирмен шектелмейді, бәрі әлі алда!» 
Тағы ескеретін фактор – жаттықтырушының ӛзінің психикалық жағдайы. Ерекше қобалжулы, қол-
дары дірілдеп тұрған, қырылдай сӛйлеген жаттықтырушы – жақсы секундант емес. Бокста тез қобал-
жығыш жаттықтырушылардың секундант болудан бас тартып, ӛз әріптестерінің кӛмегіне сүйенетіні 
бекер емес. Сӛйтсе де психикалық реттеу тәсілін ӛзі меңгергені дұрыс, себебі ӛз жаттықтырушысын 
ешкім ауыстыра алмайды. Мазмұны бойынша жаттықтырушы мен спортшыны психикасын реттеуге 
дайындаудың  құралдары  ұқсас  болғандықтан,  жаттықтырушы  ӛзін  ӛз  спортшысы  сияқты  бағыттау 
керек. Ал оның спортшыға әсер етуіне келетін болсақ, яғни гетерорегуляция тәсілдері жекпе-жекте, 
әсіресе  жасӛспірімдермен  жұмыс  істеуде  тиімді,  басқа  спорт  түрлерінде  ауторегуляция  тәсілдері 
маңыздырақ. 
Жарыс үдерісі кезінде психикалық реттеу амалдарын қолдануБелгілі канадалық маман Л.Лефевр 
команданың  мықты  ойыншыларына  бағытталған  жаттықтырушының  ескертуі  басқа  ойыншыларға 
бағытталған ескертуден мазмұны жағынан да, айтылу тоны жағынан да ерекшеленуі керек деп жазды. 
Жетекші ойыншыларға арналған ескертулер байсалды, оларға сенім мен үміт артатыны білініп тұру 
керек.  Маргиналдарға  кенеттен  ескерту  жасауға  болмайды,  себебі  олар  ӛз  мүмкіндіктеріне  деген 
сенімін  жоғалтады.  Күмәнданғыш,  ұшқалақ,  психикалық  тез  шаршайтын  ойыншылар  сынды  ауыр 
қабылдайды. 
Жарыс жағдайындағы тікелей қолданылатын сендірудің тура және жанама құралдарын санамалап 
кӛрсетейік (бокстан мысал келтірейік). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет