Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г.
100
- егер, екі не одан да кӛп канағаттанарлықсыз баға алған болса, "қанағаттанарлықсыз" деген баға-
лар қойылады.
Оқу орындарында бастапқы ескери дайындықты жоспарлау осы Жастарды бастапқы әскери даяр-
лау мен ӛмір қауіпсіздігі негіздерінің Бағдарламасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ол
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметке жасӛспірімдерді сапалы түрде даярлауға
бағытталуы, бағдарламаның толық орындауын қамтамасыз етуі, оның барлык бӛлімдері басқа оқу
пәндерімен тығыз
байланыстырыла отырып, кешенді түрде зерделенуі керек.
Әрбір оқу орнында бастапқы әскери дарлықтың бүкіл оқу жылында апталық жоспары жасалады,
ал бастапқы әскери даярлық бойынша оқу-сабақтары, осы пәнге бӛлінген оқу сағаттарын кӛрсетіп,
оқу орнын ұйымдасқан түрде ӛткізу және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жарғысының
талаптарын орындауға оқушыларды практикалық дағдыландыру мақсатында оқу орындарывда оқу
орны директорының бұйрығымен оқу взводтары, бӛлімшелері деп аталатын оқу топтары кұрылады,
ал оқушылар қатарынан взвод және бӛлімше командирлері тағайындалады.
Бастапқы әскери дайындық бойынша оқу сабағы оқу взводын екі қатарлы сапқа тұрғызып, оқуға
дайындығын баяндағаннан кейін басталады.
Бастапқы әскери дайындық бойынша оқу сабағында окушылар мен оқытушы-ұйымдастырушы
арасындағы ӛзара байланыс Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жарғысының талаптарына
сәйкес болады.
Оқушылар оқу-сабағына дайыңдалып, және таза да ұқыпты киініп келулері керек.
Оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру және жүргізу үшін құрамына: бас-
тапқы әскери дайындыққа арналған оқу кабинеті (сыныбы), бастапқы әскери дайындық және ӛмір
қауіпсіздігінің негіздері бойынша жаттығу карулары мен әскери-техникалық мүліктер сақталатын
бӛлме, саптық дайындыққа арналған алаң, тәуліктік кезекші мен сақшы міндеттерін практикалық
зерделеуге арналған орын, дене даярлығы бойынша оқу-сабақтарына арналған орын, тактикалык
дайындық және атыс тәсілдері мен тәртібін (атыс тирі) зерделеу бойынша оқу сабақтарына арналған
оқу қалашығы, оқу-кӛрнекі құралдары мен техникалық оқу қүралдары енетін оқу-материалдық база-
сы құрылады, жабдықталады жӛне үнемі жетілдіріліп отырылады.
Оқу орындарын қарумен, әскери-техникалық мүлікпен және құралдармен қамтамасыз ету Қазақстан
Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-
трі,
мәдениет және ақпарат министрі, денсаулық сақтау министрлігімен және Қазақстан Респбликасы-
ның Тӛтенше жағдайлар жӛніндегі комитетімен әзірленген және бектілген табельдер бойынша жүзеге
асырылады.
1. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». ҚР Президенті Қазақстан халқына жолдауы. 28
ақпан. – Астана, 2007.
2. Джанабаева Р.А. Қазақ педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің ғылыми негіздері. (П.ғ.д. ғыл
дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.автореф.). – Алматы, 2006. – 42 б.
3. Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие». – Алматы: Білім, 1995. – 232 б.
4. Тӛлеубекова Р.К. «Адамгершілік тәрбиесінің негіздері». – Алматы, 1991. – 30 б.
5. Сейталиев К.Б. «Тәрбие теориясы». – Алматы: Мектеп, 1986. – 150 б.
Достарыңызбен бөлісу: