Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков



Pdf көрінісі
бет81/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж. 
 
93 
«Қиын» оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде 
күн  тәртібінде  түспей  отырғаны  мәлім.  Мұның  ӛзі  «қиын  оқушылар»  санының  жылдан  жылға  ӛсіп 
отыруымен байланысты болып табылады. Бұл уақыттарда «қиын оқушыларға» кӛбінесе жас ӛспірім-
дер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жата-
тындар  да  аз  емес.  Сондықтан  «қиын  оқушыларды»  ерте  жастай  басынан  кезеңінен  бастап  қолға 
алып, олардың саналы білім мен сапалы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Қиын оқушы-
ларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бас-
тауыш  сатыда  оқушының  жалпы  және  психологиялық  дамуының  жеткілікті  деңгейіне  қол  жеткізу 
үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, 
оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі 
болып отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-
намыс, ождан имандылық, инабаттылық, мейрімділік, кіші пейілділік, ата-мекеніне, еліне сүйіспенші-
лік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушы-
лардың ішіндегі ерекше категория болып табылатын «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие беру-
дің формулаларын әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндеттерді жүзеге асырудың бастауыш 
буыннан басталатыны белгілі. 
Табиғат пен қоғам құбылыстарына қиындық тұрғысынан қарау адам ӛмірінің негізі болып табыла-
ды. Қиындық қатынас адам мен қоғам ӛмірінде жалпы ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. 
Ғылыми  әдебиеттерде  құндылық  түсінігіне  әр-түрлі  анықтамалар  берілді.  Филологиялық  тұрғыдан 
алсақ, құндылықтар адам үшін пайдалы, яғни адамзат қоғамының іргелі даму мен адамның жеке тұл-
ғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып табылады. 
Адамгершіліктің  ӛрісі  кең,  бұл  қасиет  әр  адамның  еңбекке  қоғам  ӛмірінде,  тұрмыста  кӛпшілік 
орында ӛзін ұстауынан басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс-тұрысынан, қимылынан байқалады. 
Адамгершілігі мол адам бақытты, ел жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді. Яғни маңайында-
ғыларға үлгі-ӛнеге бола алады. Сондықтан «қиын оқушыларды» жас кезінен адамгершілік қасиеттер-
ге баулу олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді. 
Адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі  міндеттері:  а)  адамгершілік  сананы  қалыптастыру;  ә)  адам-
гершілік  сезімдерді  тәрбиелеу  және  дамыту;  б)  адамгершілік  мінез  құлық  біліктілігі  мен  әдеттерін 
қалыптастыру. 
Бастауыш сыныпта «қиын оқушыларды» адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде 
жүргізіледі.  Баланың  адамгершілік  қасиеті  сабақ  үстінде,  мұғаліммен  және  құрбы-құрдастарымен 
ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады. Халық адамгершілік қасиеттеріді жоғары бағалаған. «Жігіт-
тің құны жүз жылқы, ары мың жылқы»,  іспеттес мақал-мәтелдер соның айқыны. 
«Қиын» оқушыларда адамгершілік қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәр-
биелік істерге адам санасының адамдық мәдениетінің бір бӛлігі мораль туралы түсінікті қалыптасты-
ру  соның  негізінде  оқушыларда  адамгершілік  ой  пікірлер  мен  сенімдерді  тәрбиелеу  жатады.  Осы 
бағытта  этнопедагогикалық  құралдарын  пайдалану  арқылы  «қиын  оқушылармен»  ұйымдастырыла-
тын  жұмыс  жоспарын  білуге  болады.  Тәрбиелік  істерді  ұйымдастыруға  қойылатын  педагогикалық 
талаптар: «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын 
орны және атқаратын рӛлін сапалы олардың білімділік дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін 
жүзеге  асыру,  тәрбиелік  іс-әрекетте  қолдану  аясын  кӛрсету.  Ғылым  педагогикалық,  психологиялық 
фольклорлық құндылықтардың алатын орнымен озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау 
ауыз әдебиетімен оқып үйрену, баланың адамгершілік саналарының қалыптасуына ықылас жасайты-
нын кӛруге мүмкіндік береді. 
Бізге белгілі деректерге қарағанда мектептегіқиын балалардың салдарынан қылмыс жасау фактіле-
рі, темекі шегу, алькаголдік ішімдіктерді пайдалану, сонымен қатар нашақорлық бұрынғыға қараған-
да біршама кӛбейген. Ал бала мұндай әрекеттерге мұғалім мен ата-ана бақылауынан шет қалған кезде 
баратыны  белгілі.  Алдымен  бала  тәрбиесіндегі  ата-ананың  рӛліне  келсек  кӛз  алдымызға  кӛптеген 
міндеттермен жауапкершіліктер келетіні анық. Ӛйткені бала тәрбиесімен бірге ата-ана балаларының 
дүние  тамақтануы  мен  бүтін  ӛз  замандастарынан  кейін  қалдырмауға  т.б.  осы  сияқты  мәселелерге 
тікелей жауапты. Баланың тәрбиелі білімді болып ӛсуіне де ата-ананың қосар үлесі орасан. Ата-ана-
ларынан мектеп қабырғасында жылылық сезінбеген жас ӛспірім ӛмірде «мен ешкімге қажетсізбін»,  
деп санап уайымға жиі саналады. Осындай іс-әрекеттің салдарынан мінез құлқы күрт ӛзгере бастай-


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г. 
 
94 
ды. Бұл құбылыс кәзіргі таңда қала балаларында кӛптеп кездесіп жүр. Ата-аналар жас ӛспірімдердің 
мінезіндегі  ауытқуларға назар  аудару  олардың  психикалық  әр-түрлі  ауыр жағдайларға шалдығуына 
себепші болып отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушысының арасында мінез құлқында қиын-
дықтары бар оқушылар бүгіндері кӛптеп кездесіп жүр. Мектеп те мұндай оқушыларды мінез-құлқын-
да ауытқулары бар оқушылар қиын тәрбиеленуші қиын балалар деп әр түрлі атпен атайды. 
Педагог-ғылымдар «қиын» балалар мәселерін жан-жақты зерттеуде. Бұл мәселемен 20-30 жылда-
ры еліміздің аса кӛрнекті педагогтары мен психолгтары А.Макаренко, Шацкий, Выготский, Блонский 
шұғылданды. Ол елуінші жылдарға дейін обьективті жағдайларға байланысты тоқырап қалды да, тек 
сол жылдардан кейін «қиын» балалар мәселелерімен шұғылданушылардың жемісті ғылыми еңбектері 
шыға бастады. Зерттеу жұмыстарының дәлелденуіне қарағанда «қиын» балардың шығуына бірнеше 
себептер болады. Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, ата ананың болмауы, дұрыс талап 
қоймаушылық  жағдайлар  себеп  болады.  «Қиын»  балалардың  тәртіптерінің  нашарлауының  тағы  бір 
себебі жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие процестеріне толық кӛңіл бӛлмеуінен. Балалардың 
тәртіптерінің тӛмендеуі мен нашарлауы 3 топқа бӛлінеді. І-топқа күнделікті мектеп режимін бұзатын, 
оқығысы келмейтін, кішігірім ұрлық жасап, анда-санда темекі тартып шаршап ішетін оқушылар жат-
са,  ІІ-  ші  топқа  осындай  кемшіліктермен  қатар  қоғамдық  орындарда  бұзақылық  жасап,  үлкендерді 
сыйламайтын оқушылар жатқызылады. ІІІ-ші топқа денсаулығы нашар, ақыл-ойы ӛз жасына сәйкес 
дамымаған,  нерв  жүйесі  әр-түрлі  ауруларға  ұшыраған  жасӛспірімдер  жатады.  Осылардың  барлығы 
қазақ тілінде шыққан педагогикалық әдебиеттерде «қиын»балалар деп аталады. Ал, негізінде, І-топта-
ғы оқушыларды «тәртібі тӛмендеген оқушылар», ал ІІ-ші топтағы оқушыларды «тәртібі нашар оқу-
шылар» деп атап, 3ші топтағы оқушыларды «тәрбиеленуі қиын оқушылар» деп атаған орынды. Біздер 
осы оқушылардың бәрін де бір топқа жатқызып қателесудеміз. Себебі І-ші және ІІ- ші топтағы оқу-
шыларды ғылыми негізде ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесінде 1-2 жылда қайтадан тәрбиелеуге 
болса,  ІІІ-топтағы  оқушылардың  сырқаты  болғандықтан  ұзақ  тәрбие  жұмыстарын  жүргізіп,  қажет 
болғанда  емдеу  әдіс  ұйымдастырылады.Сондықтанда  зерттеушілер  осы  топтағы  оқушыларды  ғана 
«тәрбиеленуі қиын оқушылар» деп аталынуы керек деп кеңес береді. 
 
1.  Блонский. П.П. Трудные школьники. – М., 1930. 
2.  Невский И.А. О трудных школьниках. // Советская педагогика, 1969 – №7. – 59 б. 
3.  «Бастауыш мектеп» №2 2007 ж. – 7-9 б. 
4.  «Бастауыш мектеп» №3 2006 ж. – 23-28 б. 
5.  «Бастауыш мектеп» №3 2004 ж – 10-12 б. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет