Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков



Pdf көрінісі
бет78/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012

«Білім» сӛзі  ӛте күрделі және кӛп мағыналы ұғым. Жалпы мағынасында білім – адамның жүйе-
ленген білік, дағдырларды меңгеру үрдісі мен нәтижесі. Ақыл мен сезімнің дамуы, дүниеге кӛзқарас 
пен танымдық қабілеттің қалыптасуы. Білім мазмұнына тек оқыту нәтижесі ретіндегі білім, білік, дағ-
дылар ғана кірмейді, бұл ұғым аясы болып жатқан оқиғаларды сын тұрғысынан ой елегінен ӛткізу, 
шығармашылықпен жұмыс істеу. Осы тұрғыда ғылыми әдебиеттерде білімге бірнеше анықтама бері-
леді.  Мысалы:  Білім  – алдыңғы  ұрпақтың  кейінгілеріне  онтогенетикалық  тұрғыда  генетикалық  бағ-
дарлама мен тұлғаның әлеуметтенуіне сәйкес тұлғаны қалыптастыратын әлеуметтік маңызды тәжіри-
бені үздіксіз берудің ұйымдастырылатын және реттелетін үрдісі мен оның нәтижесі. 
Әр елдің ұлттық білім беру жүйесінің ауқымы, құрылымы, және экономикасы, ғылымы, мәдение-
тімен  ӛзара  әсері  әртүрлі  болғандықтан,  білім  беру  жүйесінің  шығу  түрі  де  әртүрлі.  ХХІ  ғасыр   
ақпараттық қоғам ғасыры, мәдениет технологиясының ғасыры, адам денсаулығы мен қоршаған орта-
ны  қорғау  ғасыры.  Адамзаттың  дамуының  жаңа  жүйесі  кезеңіне  білім  беру  мен  оқытудың  жаңа 
модельдері сәйкес келуі қажет /27/.  
Білім саласындағы Еуропалық кеңестің озық сараптаушыларының бағалауынша, бүкіл Халықара-
лық  ұйым  үшін  де,  барлық  білім  жүйелері  үшін  де  тӛмендегі  қайшылықтарды  жою  арқылы  ХХІ 
ғасырдағы білім мәсәлелері шешілмек: 
-  жалқы мен жалпының арасындағы қайшылық; 
-  адамның ӛз арғы тегі, болмысын жоғалтпай әлем азаматына біртіндеп айналуы және ӛз аймағы 
мен ұлтының ӛміріне белсене араласуы; 
-  салт-дәстүр мен қазіргі заманғы үрдістер қайшылығы;  
-  түп-тамырын теріске шығармай қалыптасуы;  
-  басқалардың еркін және даму тәуелсіздігімен байланыс; 
-  ақпараттық қызмет саласындағы жаңа технологияның дамуымен байланысты техникалық үрдіс-
ті меңгеру; 
-  ақпараттың ереулі дамуы мен оны адамның меңгеру мүмкіндігі арасындағы қайшылық;  
-  мектеп бағдарламасының күрделенуі; 
-  қоршаған ортаны тану мен сақтауды қарастыратын пәндердің енуі. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж. 
 
89 
Қоғамның  әлеуметтік  және  экономикалық  дамуы  жолында  білімнің  рӛлі  артып  келетіні  белгілі. 
Бәрінен бұрын, бұл оқу курстарын түрлендіру, білім түрлерінің арасында немесе кәсіби тәжірибе мен 
біліктілігін  арттыру  арасындағы  байланысты  қамтамасыз  ете  алатын  кадрлар  дайындау  жүйесіне 
қатысты. Ең алдымен, білім жинақтай білуге үйрету қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан ең басты-
сы  – оқуға деген оң кӛзқарастың дамуы. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға 
арналған оқытудың әдістілдері білім алушыларға құбылыстардың себептеріне толық ұғынуға, ереже-
лер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолай-
лы жағдайлар жасайды. Мұндай әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, ӛз ойын тәптіштеп түсіндіруге 
шалағай, ӛздеріне сенімсіздеу, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиісті бай-
лам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне кӛзіміз жетті.  
Мектепте әскери курсында оқушыларды әскери мамандығына кәсіби тұрғыда бағдарлау мақсатын-
да  жоспарға  сай  жүргізілудегі  сабақ  барысында  шәкірттердің  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілеттерін 
жетілдіруге,  дамытуға  арналған  оқыту  технолагиясы  оларға  еркін  ойлауға,  байқалған,  баяндалған 
мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғары-
лайды, ұжымдық қорытындыда ӛз үлесі бар екенін сезіп қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін 
шешуге  еркін араласады,  ӛз  ойын  жасқанбай  айтуға  үйренеді. Тақырыптың  негізгі  ӛзегін,  бағытын, 
мән-мағынасын  түсінеді,  тіл  байлығын  жетілдіреді,  ӛз  ойын  қысқа,  мазмұнды,  мағыналы,  дәлелді 
баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру әдістерін меңгереді, 
сӛйтіп ӛзін келесі мәселені талдауға дайындайды.  
Қазіргі  замандағы  білім беру  тұжырымдамасының  бағыты  –  ізгілік және тұлғаны қалыптастыру. 
Қазақстан Республикасының «Білім турылы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық 
және азаматтық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай 
отырып, оның шығармашылық қабілетін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту» – деп атап кӛрсет-
ті. Осыған орай бүгінгі «Әскери дайындық» курс мұғалімдерінің алдында оқушыға білім, білік, дағ-
дыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін, яғни жан-жақ-
ты, азат, шығармашыл дамыту міндеттері де тұр.  
Биылғы  жаңа  оқу  жылындағы  ӛзгерістердің  ең  бастысы  елімізде  жаңа  «Білім  туралы»  Заңның 
қабылдануы болды. Жаңа заң жаңа заман талабына сай білім беруді қамтамасыз етеді. Бұрынғы қол-
даныстағы заң осыған дейінгі білім беру жүйесіндегі негізгі міндеттерді жүзеге асырып келсе, жаңа 
ғасырда заман талабына сай ӛзгерістер енгізілуі қажеттілігі туындап отыр. Қабылданған Заңдағы ең 
маңызды  жаңалықтардың  бірі  –  педагог  қызметкерлердің  мәртебесі  туралы  норманың  енгізілуі. 
Сонымен қатар білім саласын басқарудың мазмұны ашып кӛрсетілген. Білім беру саласындағы мем-
лекеттік билік субъектілерінің құзіреті жазылған. Заның осы бӛлігінде тұңғыш рет Қазақстан Респуб-
ликасы Президентінің құзіреті жеке бап ретінде енгізіліп отыр. Елбасы білім жүйесіне ерекше назар 
аударумен қатар, білім сапасын дамыту мен жаңа технологиямен оқыту, мектептердің базалық қорын 
нығайтуға баса назар аударып отыр /28/. 
 
1. Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N319 Заңы Қазақстан Республикасы 
Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз N254-256. 
2.  Назарбаев  Н.Ә.  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан».  ҚР  Президенті  Қазақстан  халқына  жолдауы.  28 
ақпан. – Астана, 2007. 
3.  Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел  жаңару  жолында»  атты 
Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан (ақпан). – Астана, 2006. 
4. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»  атты Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан 
(наурыз). – Астана, 2007. 
5.  Қазақстан  Республикасының  қорғанысы  және  Қарулы  Күштері  туралы  Қазақстан  Республикасының 
2005  жылғы  7  қаңтардағы  N29  Заңы  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  Жаршысы,  2005  ж.,  N1-2,  1-
құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 12 қаңтар N6. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет