Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж.
87
бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Сондықтан да болашақ ұрпақтын жеке тұлға болып қалып-
тасуында білім беру жүйесінің ізгілік бағытын алуы, атап айтқанда, оқушыларды ізгілікке тәрбиелеу-
дің ерекшеліктерін айқындап, оны оқу үрдісінде ұтымды пайдалану керек.
Бұл жӛнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Астана 2007 жылдың 28-
ақпанында «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауының 2 бӛлім 17 бағытында толық
нұсқаулар берілген. Жолдаудың үшінші бӛлім 17 бағыты – орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қай-
та даярлау жүйесін әлемдік стандарттар дейгейінде сапалы білім беру мен қызмет кӛрсетуге қол жет-
кізуіміз
керектігі, оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұ-
тас жүйесін жасау керектігі, ОН-ЛАЙН тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу талдаула-
рының құрылуы қажет екендігі кӛрсетілген.
Сондықтан, жастар еліміздің ертеңі,
сенім артар келешегі
болғандықтан олардың жан-жақты дамуы мен тәрбиесіне үлкен кӛңіл бӛліну бұрынғыдан да артуда.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектепте әскери дайындық курсында бастапқы әскери маман-
дарды даярлауда сапалы білім берумен қатар кәсіптік бағдарлау іс-әрекеттің ғылыми негіздерін ӛмір-
де қолдануға, тәжірибелік іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше кӛңіл бӛлінуде.
Кәсіптік бағдарлау адам факторы әлеуметті кӛтеруде маңызды орын алады. Ғылыми-техникалық
прогрестің қарыштап дамуына білім беру мәселесін қайта қарауды, оны дамыту мен жетілдірудің
жолдарын іздестіруді ӛзекті мәселеге айналдыруда. Ғылыми-техникалық тӛңкеріс кезінде ғылым
негізгі қызметті, яғни ӛндіргіш күш қызметін атқарады. Ғылымның мұндай ӛндіргіш күшке айналу
үрдісі ғылым, ӛндіріс техникасы және білім берудің ӛзара жаңа қарым-қатынастарының пайда болуы-
на әсер етіп, бұл оқыту мен тәрбиелеуге ықпалын тигізуде.
Қазіргі таңдағы мектепте әскери дайындық курсында бастапқы әскери маман даярлауы қоғам
сұранысын қанағаттандырмай отыр десек те болады. Әсіресе, жалпы білім беретін мектеп түлектері-
нің кәсіптік бағдарлау бағытындағы танымдық ізденісі тӛменгі деңгейді кӛрсетуде. Бұл жағдай жас
мамандарды аттестациялық байқаудан ӛткізген кезде жиі байқалады. Демек, қоғам дамуына байла-
нысты туындап отырған талаптар мен маман даярлау үрдісі арасында қарам-қайшылықтар кездеседі.
Бұл мәселені шешу жалпы білім беретін мектеп үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ӛзді-
гінше жоспарлай отырып, оны шешудің жолдарын табу арқылы және белгілі бір нәтижеге жетуде
ӛздігінен жұмыс істеу білікті дағдыларының қалыптасуына тікелей байланысты екендігі анықталады.
Оқушылардың дербес шығармашылық қызметі кезектесе, сатылап ӛтетін мазмұнды еңбек. Бұл
еңбектің биік деңгейі оқушылардың мәселені ӛзі қойып, оны шешудің ұтымды жолдарын ӛзі табуы-
нан кӛрінеді, оқушы әскери тәжірибелік жұмыс кезінде мұғалімнің кӛмегімен әр түрлі әдіс-тәсіл,
құралдар арқылы ӛмірде болатын әр алуан жағдайлардың шартты үлгісін жасап,
оны шешу жолдарын
табуы қажет /25/.
Оқушылардың бұндай іс-әрекетін ұйымдастыруда, яғни танымдық ізденімпаздығын, іс-әрекетті
ұйымдастыру біліктерін дамыту мәселелік оқыту, мәселелік жағдайлар жасау және оны шешудің,
«Бастапқы әскери дайындық» пәні бойынша танымдық міндеттерді кеңінен пайдаланудың, оқушы-
лардың ғылыми ізденістерін ұйымдастырудың, оқып, үйрену барысында техникалық оқыту құралда-
рын, негіздік конспектілерді, жаңа технологияларды т.б. кеңінен пайдаланудың маңызы ерекше.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттегі біліктері мен дағдыларын, белсенділігін, дербестігін, сон-
дай-ақ ғылымға деген белсенді шығармашылық кӛзқарасын қалыптастыру қажетті негізгі шарттар
ретінде тӛмендегілерді бӛліп кӛрсетуге болады:
– оқушылардың ғылыми-әдіснамалық білім алуы;
– мұғалім мен оқушының оқуда, ғылымда сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеле-
нетін бірлескен қызмет әдісін қалыптастыру;
– оқушылардың ӛз бетінше оқу және ғылыми қызметтеріне жағымды мотификацияны қалыптастыру.
Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары ӛз кезегінде оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін кӛр-
сететін ӛлшем. Оған мұғалімнің жеке мәдени деңгейі, адамгершілігі, тәлім-тәрбиесі, ізденімпаздығы,
зерттеушілігі жатады. Ұстаз кәсіптік бағдарлау бағытында білімін үздіксіз жетілдірудегі жағдайда ға-
на оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытып, ғылымға деген қызығуын қалыптасты-
ра алады. Сондай-ақ әскери дайындық курсында мұғалім, әр кездеде жаңалық жаршысы ретінде оқы-
тудың
тиімді тәсілдерін, озық тәжірибелерді сараптап, шығармашылық ізденіс үстінде болуы керек.
«Қызығу – әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір объектіні ұнатып,
білуге ұмтылған іс-әрекетін қуаттандыратын психикалық ерекшелік» деген пікір айтады ғалымдар
М.Беляев, Н.Морозова, С.Рубенштейін. Қызығу адамды жаңаны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін