Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж.
83
терді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мек-
тептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе,
жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе ӛте құнды, себебі ол мектеп тәжірибе-
сіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек.
Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты кӛру қиын, себебі мұғалім ғылымда
белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді
қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай
болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалім-
дердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сон-
дықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен пси-
хологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын ӛз ісінде шеберлікпен пайда-
ланғаны жӛн.
Қорыта айтқанда оқу үрдісінде инновациялық технологияларды тиімді пайдалану бұл еліміздің
еңсесін кӛтеретін болашақ мамандарды білімді, ғылымға баулу арқылы ӛзін-ӛзі дамытатын тұлға
қалыптастыру.
1. «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдау каңтар 2012 ж.
2. «Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сӛздік» – Алматы, 2007.
3. Жанпейісова М.М. «Модулді оқыту технологиясы» – Алматы, 1998.
4. Қараев Ж. «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы» – 2003.
Достарыңызбен бөлісу: |