Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г.
92
қарым-қатынас жасайтын жақтарын білу қажет. Ол үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ата-аналармен
тығыз байланыста болуы керек: әңгімелесу, ата-аналар жиналысы, анкеталық сұрақтар қою, ата-ана-
лардың психологиялық, педагогикалық білімдерінің деңгейімен танысу. Оқушының ары қарай жеті-
луінің бағдарламасын құрмастан бұрын, мұғалім оған әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ӛзіндік бақылау
және ӛзіндік талдау жасауға кӛмектеседі. Бұл мақсаттарда мына тақырыптарға әңгіме жүргізуге бола-
ды: "Сіз қарым-қатынас жасай аласыз ба?", "Жалқаулықпен қалай күресуге болады?", ӛнегелі тақы-
рыптағы диспут, дискуссиялар: "Мен кіммін?", "Ӛзінді таны және жетілдір!" т.б. [2].
Сонымен оқушылардың ӛзіндік бағалауы қандай деңгейде екендігін анықтаймыз. И.Әбеуованың
"Мінез-құлық мінбесі" мақаласы бойынша және мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды анықтау
жолдары оқулығына сүйене отырып, мінез-құлқында қиындығы оқушыларды анықтап, қиындықтар
не себептен пайда болатынын мына кесте арқылы кӛруге болады.
Мектепке балалар кӛбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу-тәр-
бие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне осы орайда балалардың
бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз әдеттерді жою талабы психологиялық, педагоги-
калық іс-әрекеттердің тиімділігіне байналасты. Балада тұрақты жағымды қасиеттер, дұрыс мінез
қалыптасуы үшін мына негізгі шарттарды орындау керек деген ұсыныс береміз:
1. Баланың ӛз қолынан келетін іске толық ерік беру. Басқаның күшіне, кӛмегіне сеніп кетпей, ӛз
қолынан келетін істе ғана ата-ана кӛмек кӛрсетіп жіберуге міндетті.
2. Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылық-
қа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ, қорқақ етеді, баланы бейбастық,
ессіз, тентек етіп шығарады.
Сонымен педагогикалық тәрбие алу жағынан құлдыраған оқушылармен жұмыс істеудің тәсілдері
мен негізгі жолдары неде?
Педагогикалық тәрбие алу жағынан құлдыраған оқушылармен жұмыс жүргізгенде негізгі прин-
циптік жолдары тӛмендегідей:
Біріншіден, жасӛспірімнің дамуына кедергі болатын мынадай себептер топтамасы бар:
а) жанұя жағдайының жасӛспірімге кері әсері;
б) мектептегі сәтсіздіктер, мектеп ұғымы мен мектеп ӛмірінен оқушының тыс қалуы;
в) қоршаған ортаның әсері.
Тәрбие жұмысының стратегиялық бағыты жанұяны, мектепті, оқушыны, қоршаған ортаны қамтуы қажет.
Жанұяда ата-аналардың қиын балаға деген кӛзқарасын, қатынасын ӛзгертуді талап ету керек.
Сонымен қатар мектептің де қиын балаға деген қарым-қатынасын ӛзгерту шарт. Егер жанұядағы тәр-
бие жұмысы ақсағанда оны мектеп орнын толтыруы қажет. Осылармен қоса қиын балалардың қорша-
ған ортасымен де жұмыс жүргізіп, олардың тәрбиесін дұрыс арнаға бұруға тырысу керек; егер ол
мүмкін болмаса оқушыны бұл күдікті ортадан аластатуға жұмылу керек.
Мұндағы мақсат – оқушыларды ойландыру, асықпай, ақылға салып мәдениетті, интеллектуалды
шешім қабылдауға үйрету, біреудің ақылымен жүрмей, бірақ "Серігіңнің де айтқанын ой елегінен
ӛткіз", – дегендей шешім қабылдау.
Үшінші бағыт – денсаулық зақымдануының, жүйке тамыр бұзылуының психологиялық-педагоги-
калық тұрғыдан алдын алу жолдары. Мұнда да үш тұрғыдан алып қарауға болады.
Біріншісі – психологиялық тұрғыда. Баланың іс-әрекет, мінез-құлқына психологиялық тұрғыда
баға беру. Мұнда оның нейродинамикалық, психологогиялық-физиологиялық, денсаулығына байла-
нысты қарап, баланы сол ӛзінің ӛмір сүрген ортасына бейімдеу. Екіншісі – медициналық тұрғыда.
Бұл баланың денсаулығына байланысты. Оның ӛзі құрбыларының бӛлек ерекшеленуінің, соның ішін-
де психологогиялық-физиологиялық, неврогендік себептері, сол кемшіліктерді докторлардың жәрде-
мімен, дәрі-дәрмектің кӛмегімен емдеу. Үшіншісі – педагогикалық тұрғыда. Осы жоғарыда кӛрсетіл-
ген психологиялық медициналық тұрғыдан қаралған кӛмектерді педагогикалық тұрғыда жетілдіру,
тәрбиелеу, түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру, сондай жағдайға жібермеудің алдын алу, профилактика
жүргізу.
Бұл мәселені шешуде психолог, медик, педагог бірігіп, әрқайсысы ӛз жұмысына жауап іздеп тапса,
онда мәселе онды шешіледі. Мысалы, медик баланың невроз болуының себебін педагогтардан білуі
тиіс. Себебі, ол қарым-қатынастан туындаған проблема. Ал қарым-қатынас педагогиканың проблема-
сы. Ал невроздың не екенін педагогтар медиктерден білуі тиіс.
|