Ҧстаздарға арналған басылым редакциясы «білім жолы нұрлы жол»


Мҧғалімнің тәжірибе алмасуы арқылы кәсіби шеберлігін арттыру



Pdf көрінісі
бет12/91
Дата11.06.2020
өлшемі1,26 Mb.
#73099
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   91
Байланысты:
Топтама-Казан-2018 (1)

Мҧғалімнің тәжірибе алмасуы арқылы кәсіби шеберлігін арттыру 

Әрбір сабақ - үйрену мен ұлағат. Әрбір ісім - жақсылық пен қанағат! 

ҚР орта білім беру жүйесі дамуының мемлекеттік тұжырымдамасында «Кез келген білім 

бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы 

бағдарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби 

дәрменсіздігі істі құлдыратады... » делінген. Жеке тұлғаны тәрбиелейтін адам - мұғалім, мұғалімге 

сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды, сондықтан қоғамымыз мұғалімге үлкен сенім артып 

отыр.Мұғалімнің кәсіби шеберліктерін дамыту және арттыру үшін түрлі семинарлар, конференциялар 

ӛткізіп, ондағы білікті ұстаздарымыздан білім мен ӛнегені бойымызға дұрыс қалыптастыра білу. Әрине 



19 

 

қазіргі уақытта педагог мамандарды даярлау саласында мұғалімнің кәсіби құзырлығын дамыту 



мәселелері, сабақтарды жетілдіру жолдары мен жаңа технологиялар арқылы пәндерді оқыту жүйеленіп 

келеді. Қазіргі оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, ӛздігімен даму бағдарын 

анықтап, дамитын және ӛздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, ӛзін-ӛзі жетілдіріп ӛсіруші, ӛзін-ӛзі 

тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады екен. 

Мұғалімдеріміз ӛз шеберліктерін тәжірибе алмасуда кӛрсетіп, қатысушы мұғалімдердің жүрегіне 

жеткізіп, жұмысқа деген ынта-ықыласын арттырып отыруының маңызы ӛте зор. Мұғалімдер педагогика 

мен психология жетістіктерін, мұғалімнің іскерлігі мен дағдысын қалыптастыратын, танымдық 

белсенділікті дамытатын тиімді педагогикалық ұстанымдар мен ӛздерінің білімі мен кәсіби шеберлігін 

бүгінгі кезеңнің жаңа технологиялар негізіндегі, жаңашылдығымен ұштастырып, білім беру үрдісінде 

тәжірибелерді ортаға салу арқылы ӛзін-ӛзі дамытуы тиіс. Әрбір мұғалім оқу жылы басынан ӛзінің 

білімін кӛтеру мақсатында, жоспар жасап, соған жетуі үшін міндетті ұстанымды қажет етеді. Яғни, Кез 

- келген мұғалімде осындай алдына қойған мақсаты: қазіргі заман талабына сай оқушыларды жеке тұлға 

ретінде онымен ой-бӛлісіп, оған саналы тәрбие мен сапалы білім беруде, ӛз біліктілігін кӛтеріп, 

оқушыларды ғылыми - шығармашылыққа баулуы және оқушы бойына тек ақыл мен білімді нәрлендіруі 

қажет. 

Міндеті: мақсатына жетуі үшін оқушының қабілеттеріне үңіле отырып, жаңа инновациялық 

технологиялар элеметтерін әрбір сабақта жүйелі пайдаланып, оқушының пәнге қызығушылығын 

арттырып, үздіксіз ізденісте болуы. 

Ұстанымы: «Ұстаз-ұстаз емес ӛз шәкірті үшін күймесе, шәкірт-шәкірт емес ӛз ұстазын сүймесе» 

шәкірт үшін аянбай жауапкершілікпен еңбек ету. Айқай әлсіздің ісі, ақылдың күші - білімде, деп әр 

мұғалім 45 минуттық сабағын уақытпен жүйелі дайындалуы, әрбір минутты дұрыс пайдалануы керек. 

Білімді, жағымды атмосфера құру арқылы, оқушы жүрегіне жеткізе білу мұғалімге кәсіби шеберлікті 

қажет ететіні сӛзсіз. Сонымен қатар, әрбір мұғалім оқу жылының басында оқушының қызығушылығына 

қарай шығармашылық тақырыптар мен ғылыми жоба жұмыстарын беріп, оқу жылының нәтижелі 

болуына жағдай жасау, пікірлесіп отыру керек. 45 минуттық сабақта оқушылар сабақтың қалай ӛткенін 

білмей қалатындай, қызықты сыни мен логикалық және тіршілікке байланысты сұрақтар беріп, 

проблемалық ситуация туындатып, кері байланыс жасап, сабақта талқылап отыру - мұғалімнің кәсіби 

шеберлігінің арқасы. Сондықтан, білікті мамандарымыздан тәжірибе алмасып, кӛптеген қажеттіліктерді 

үйреніп, кӛкейде жүрген сұрақтарға жауап ізденген мұғалім ӛз білімін кӛтеруге, оқушылар мен қарым-

қатынасына ықыласпен қарауына, абыройын арттыруын үйренеді. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін 

арттыруда тәжірибе алмасудың маңызы ӛте зор. Әр мектептің білікті мамандары ӛздерінің сабақ 

жүргізу әдістемесі мен ашық сабақтарын кӛрсетіп отырғаны жас мамандарға, мұғалімдердің мықты 

жұмыс жасауына ықпалы тиетіндігі сӛзсіз. Әрине ол үшін мұғалім басқа мәселелерді ойламай, тек 

үйрену, тәжірибе алмасып қана қоймай, ӛз пікірін, ұсынысын білдіріп, кері байланыс жасауға қатысып, 

дұрыс талдау жасай алуға қатысуы абзал. Сонда ғана, мұғалімнің білімді жүйелі түрде беретіні, сыни 

тұрғыда ойлауы, кӛзқарастар танытуы нәтижелі болары хақ! Білікті, тәжірибелі ұстаздармен қарым-

қатынас жасау үшін мұғалімнің кәсіби шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне, 

ортасына және ӛзінің жақсы қасиеттеріне байланысты болады десек те артық емес. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет