1.6 Тіреуіш
1.6.1 Қысқаша теориялық мәлімет
Тіреуіш – теннисистердің шапшаң шабуылдарды орындайтын
техникалық тәсілдердің негізін салушылардың бірі болып табылады. Тіреуіш
тәсілінің ерекшелігі теннисшінің үстелдің қасында ойнауы болып табылады.
Ол қозғалыста, доптың жылдамдығы үлкен, сондықтан доптың ұшу
бағытының өзгертілуі жиі кездеседі. Қарсы шабуыл кезінде ойыншы
жылдамдық немесе күшті тәсілді соққыларды әр түрлі бағыттарда жіберуін,
қарсыластың орнынан қозғалысын және ойынды өзінің ынтасына аудару.
Кейбір жағдайларда бұл тәсіл ойын кезінде қарсыластың әлсіз жерлерін
қоладна алады және өзіне шабуыл соққыларды үшін жақсы жағдайлар
туғызады, ойынның енжар сипатында немесе күштердің бірдей болу кезінде
тіреуіштер белсенді қорғау мен ойында өзіне ынтасын аудару үшін
көмектеседі. Тіреуіш тәсілін үйренген кезде және оны ойында қолданған
кезде, допқа үлкен жылдамдық беруін үйрену керек,ойында «тұтқыр»
сипатына беріп, күшті соққыны қарсыластың әр түрлі нүктесіне бағыттау.
Доптың үлкен ұшу жылдамдығы – тіреуіш тәсілінің ең маңызды шарты.
Үдемелі тіреуіш техникасының бастысы – ұшып бара жатқан допқа соққы
берілетіндікте болады. Соққының күші – тіреуіш техникасының екінші
талабы болып саналады. Егер күшейтілген тіреуіш тәсілін қабылдаған кезде,
бұл тіреуіштің мықтылығын күшейтуге мүмкіндік береді, бүйірінен шабуыл
соққылар жасау үшін жақсы жағдай туғызады. Күшейтілген және әлсіз
тіреуішті үстелдің ортаңғы зонасында шабуыл соққыларды орындаған кезде,
қарсыласты қозғалуға мәжбүр етеді, қимылдарын қысқартып, ынтасын басып
алуына мүмкіндік береді.
Біршама мағынада тіреуіштің күшінің күшейтуін оның
жылдамдығының күшейтуіне қабілет жасайды. Соққының күшін көбейткен
кезде келесі моменттерге аудару керек. Біріншіден соққы доптың ең биік
нүктесіне қарғып түскен кездегі уақыт моментінде ғана мүмкін болатын
(сонда соққының нүктесі тордың биіктігімен немее жоғарырақ болған кезде
ғана мүмкін болады, ал бұл соққының күшейтуіне қабілет жасайды,
екіншіден, ойыншының оң жағынан кеуденің деңгейінде нүкте соққысы
болды, иығы мен білектің күшін алдына қарай бағыттауын қабілет жасайды.
Егер соққы нүктесі тым сол жаққа қарай кетіп қалса, бұл солға қарай
бағытталған күшті көбейтеді, алдына келтірілген күшті азайтады.
Үшіншіден, күшейтілген тіреуіш тәсілін қолданған кезде сілтеу ең алдымен
білектің буынның артқа- алдына күшпен орындалуымен орындалады.
Сондай-ақ, осында дене мен ортаңғы саусақтың қосымша күші қажет.
Ойыншының қозғалыстары аз, жасырын сипатта қозғалыстары шұғыл
болғандықтан Қарсыласқа тіреуішті қолданған ойыншыға қарсы тұру қиынға
түседі. Тіреуішті қолданған кезде, доптың ұшу бағыты, айналуы мен күші
өзгереді. Доптың ұшу бағытын өзгерткен кезде, ойынды түзу, диагональ
қысқа және ұзын, сондай-ақ алыс және жақын қашықтықта болуын
жорамалдайды. Түрткі мен қысым күшін белсенді қолданғаннан ғана өзгеріс
мүмкін болмайды. Ойынның енжар сипаты кезінде де доптың ұшу бағытын
сәйкесінше қадағалап отыруын білу керек.
Допқа әр түрлі айналу беру үшін, сондай-ақ жауапты допқа жылдамдық
немесе бүйірінен айналуды беретін итеріп шығару техникасымен бірге, допқа
астыңғы айналуды беретін түрткі техникасын үйрену қажет. Бұл топ-спинді
қолданатын теннисистпен ойын кезінде үлкен мән береді. Қатты және әлсіз
соққыларды жиі ауысып үйлестіретін және доптың ұшу бағыты мен
жылдамдығын өзгеретін тәсілін, сондай-ақ ортаңғы зонада ойнаған
қарсыласқа қарсы қолданыла бере алады. Соққы моментінде ойыншының
қалақшаны ұстаған бұрыштың икемді өзгерілуі, техникалық тәсілдің күшті
салу бағытының негізгі болып табылады. Олармен әрдайым үйрену қажет.
Аталған талаптар тіреуіш техникасына лайықты белсенді ойынның
шабул стилінен шығады.
Тіреуішті қолданған кездегі тағы бір талап – ойынның «тұтқыр» сипаты
болуы. Жарыс тәжірибесінде күшті түрткіден немесе қатты агрессиялық
шабуылдан кейін, келген жағдайдан дұрыс жол табу мүмкіндігі болмаса
немесе тиімсіз жағдайларда, тіреуішті қолданған кезде күштердің бірдей
болуы жиі кездееді. Ойын енжар болып кетеді. Ондай жағдайда ойынға
«тұтқыр» сипат беріп, ойыншы қалақшаны ұстау бұрышының өзгеруіне,
доптың ұшу бағытының өзгеруіне, күштің өзгеруіне, доптың айналуымен
күресуіне назар аудару қажет. Қарсыласпен ұзақ күрес жасау үшін, тіреуіш
орындаған доптың ұшу траекториясын анық бақылау керек. Ойыншылар
тіреуіш тәсілін қолданған кезде «тұтқыр» сипатындағы ойын, шұғыл шабуыл
соққы техникасы және сайыс кезінде, әрдайым жетілдіретін теннисшілерге
үлкен мән береді.
Жылдамдықпен, соққы моментімен, күші мен оның бағыты мен
ойыншының қалақшаны ұстау бұрышымен, қалақша мен доп жанасқан кезде
тұру қалпын сәйкесінше, сондай-ақ жауап доптардың айналуымен тіреуіш
техникасын келесі алты түрге бөлуге болады: сол жақтан шапшаң тіреуіш,
күшейтілген тіреуіш, қолды жанына жіберумен тіреуіші, астыңғы
айналуымен тіреуіші; әлсіз тіреуіш және оң жақтан тіреуіш. Аталған
техникалық тәсілдерді бөлек қарастырамыз. Бұл техникалық тәсілді
қайталануын жібермес үшін ойыншының жалпы қалпын және тіреуішті
орындаған кездегі дайындауына байланысты (түрлерін талдау кезінде) келесі
түсініктерді берейік. Спортшының үстелден тұратын қашықтығы әдетте 30-
40 см ойыншының бойына байланысты анықталады. Ойыншы аяқтарын
иығының жалпақтығынан көбірек алады, оң аяғын алдына қарай сәл қояды,
ал қашықтығы табанның жартысы болатындай етіп сол аяғын – сәл артқа
қарай; табандар параллель болу керек. Дене сәл алдына қарай еңкейтілген,
дененің ауырлық күші ортасында, тізе сәл бүгілген. Қалақшаны көлденең
қалпында – бұрышы 90º үстелдің бетіне қатысты. Сұқ саусақпен ойыншы
қалақшаға сәл басады, ал бас бармақ бос қалпында болады, иық пен шынтақ
ойыншының оң бүйіріне тығыз жанасқан, иық пен білек арасында бұрыш
100º құрайды, иық бос.
Шапшаң жылдамдық. Жауап доптың жылдамдығы үлкен болады.
Соққы түзу бойымен де, диагональ бойымен орындала алады. Күштердің
бірдей немесе түйісу кезінде теннисші ойында, қарсыластың оң және сол жақ
алаңына бағытталған түрткі соққыларын қолданады. Шабуыл соққылар да
қолдануға болады, бұл шабуылды тартып алуына жақсы жағдай туғызады
және оң жақтан шабуыл жасау, нәтижесінде қарсыласқа мүлт жіберуіне
мүмкіндік береді, жақсы моментін жіберп алады. Қарсыластың көңілін
аударатын және уақытын жеңіп алуға мүмкіндік беретін қорғалмайтын
жерлерге шабуыл соққыларды қолдануға да болады, шабуылды өзіне аударып
алатын және оң жақтан шабуыл соққыларға жақсы жағдай туғызатын,
нәтижесінде қарсылас жақсы моментін жіберіп алып, мүлт жібере алуына
мүмкіндік береді. Шапшаң тіреуіш, ереже бойынша, қарсыластың шабуыл
кезінде орындаған, тіреуіштің күші орташа, әлсіз айналуы бар допқа қарсы
жазуда қолданылады.
Соққыны жасау кезге дейін ойыншы білегі мен иығының күшімен
қалақшаны сәл артқа жібереді. Соққыны жасаудан бұрын қолды шапшаң
созып, доп пен қалақшаның жанасуы, көтеріліп бара жатқан доп бойынша
жүзеге асырылуы керек. Доппен жанасқан кезде, ортаңғы немесе жоғарғы
жағымен соғып, қалақша оның айналуын өзгертеді. Қолдың қосымша күші
негізгі алдына және сәл жоғары бағытталған.
Күшейтілген тіреуіш күшейтілген тіреуішті қатты дауап соққымен,
доптың ұшу жылдамдығының үлкен болуына, доптың ұшу бағытының жиі
өзгеруімен айырады. Ойында қолданған, күшейтілген тіреуіш қарсыласты
енжар қорғауды жүргізуге, үстелден бірталай қашықтықта орын ауыстыруына
мәжбүр етеді. Күшейтілген және әлсіз тіреуішті үйлестіру қарсыластың
әрекеттерін тиімді соғып шығаруына ойында өз ынтасына аударуына
көмектеседі. Күшейтілген тіреуіш, ереже бойынша, әлсіз үстіңгі айналу мен
ұшу жылдамдығы аз болатын доптарға қарсыластың жеңіл шабуыл
соққылары мен тіреуішке қарсы тұруға қолданылады.
Соққыны бермес бұрын ойыншы білекті жоғары көтереді, иықты артқа
жіберіп, шынтақ тығыз жанасқан. Соққыны көтеріліп бара жатқан доп
бойынша немесе қарғып түсудің ең биік нүктесіне жеткен кезде соғады.
Соққыны жасаған кезде ойыншы тіктеледі және дененің бұрылуымен қол
буынның күшеюін толықтырады, сондай-ақ ортан саусақтың күшімен алдына
бағытталған, қалақшның сырт жағына қысым түсіреді.
Қол басқа жаққа жіберліген. Бұл техникалық тәсіл, жауап доптың
төменгі бүйірінен айналуымен сипатталады, доп пен қалақша жанасу үлкен
бұрышы оның төмен ұшу траекториясы. Ереже бойынша қатты айналуы бар
немесе шабуыл соққыларды қолды басқа жаққа жіберуін қолданған
доптардың шағылуы кезінде доптың айналуынын, доппен жанасқан кездегі
бұрышы мен оның ұшу бағытын өзгертуге мүмкіндік жасайды.бұл
қарсыласқа шабуыл соққыларын орындауға және шабуылды жасау үшін
қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Бұл техникалық тәсілді
қолданған ойыншыға қалақшаны үлкен бұрышта ұстау қажет және допты
торға қысқа бағыттау қажет, алайда, сол үшін доптың ұшу жылдамдығы аз
болады, бұл тәсілді доптың ұшу траекториясын өзгертетін тіреуішпен
үйлестіріп орындау қажет.
Соққыны көтеріліп бара жатқан доп бойынша соғады. Ұшу
траекториясы мен айналуы доға тәрізді болған доп бойынша соққы берген
кезде, теннисші оған қарсы, қолын алдына қарай созады. Диагональ бойынша
соққы орындаған кезде, қалақша доптың ортаңғы немесе үстіңгі жағымен
жанасады, қолдың күші солға-алдына-төмен бағытталған. Тігінен соққы
орындаған кезде қол буыны бүгіліп, ойнау беті тік қалпында, қалақша доптың
ортаңғы немесе үстіңгі жағының оң жақтан соғылады, қолдың күші алдына
қарай бағытталған.
Доптың төменгі айналуымен тіреуіш. Бұл тәсіл үшін ұзын доп, ұшудың
төмен траекториясы, доптың төменгі айналуы, қарсыластың алаңына түскен
кездегі келетін жылдамдығымен сипатталады. Доптың төменгі ауналуының
тіреуішін қолданған кезде, шабуылға қарсы жауап доптың айналу сипатын
өзгертеді, шабуыл доптардың немемсе соққы жасалған доптардың торға
түсуіне әкеліп соғады, сондай-ақ қарсыластың енжар ойын жүргізуге мәжбір
етеді. Алайда, сол үшін ойыншы көп күш жұмсай алмайтындықтан, бұл
тәсілді допқа қарсы қолдану, жоғарғы айналуы бар, біршама қиындық
туғызады. Сондықтан төменгі айналуымен тіреуішті қосымша техникалық
тәсіл ретінде қолдануға болады.
Төменгі айналуы бар доптың тіреуішін қарсыластың бүйірінен және
төменгі айналуы бар допқа қарсы тұру үшін қолданыла алады, сондай-ақ
ұзын резеңке тітіркелері бар қалақшамен орындалған төменгі айналуы бар
допқа қарсы қолданылады.
Соққы доптың ең биік қарғып түсу нүктесіне жеткен кезде жанасады.
Соққы моменті кезінде ойыншыға қалақшаны сәл артқа жіберу қажет. Доп
пен қалақшаның жанасуы оның ортаңғы немесе астыңғы жағымен
жанасуымен орындалады, күш алдына төмен бағытталған. Соққының
негізінде білек пен буынның күші болады, доптың төменгі айналуын
ұлғайтатын алдына бағытталған доп пен қол буыны жанасқан кезде ойыншы
кесуді орындайды.
Әлсіз тіреуіш. Әлсіз тіреуіш жауап доптың төменгі ұшу траекториясы,
қысқартылған күштерімен сипатталады. Мақсаты әлсіз тіреуішті шабуылға
қарсы қолданған кезде ойыншының тепе-теңдігін бұзуы болатын немесе
күшейтілген тіреуіш пен үйлестірілген қарсыластың қорғану үшін үстелден
ауытқып кетуіне мәжбүр етеді. әлсіз айналуы бар допқа қарсы тұру, бұл
соққы күшін және доптың ұшу бағытын өзгертуге мүмкіндік береді, сонымен
қарсыласты алға-артқа орын ауыстыруына мәжбүрлетеді, содан кейін,
қолайлы жағдайда таңдап алып, ынтасын өзіне аударып оң немее бүйірінен
соққы ынтасын өзіне аударып береді. Осы себептен әлсіз тіреуіш ереже
бойынша ойыншының күшейтілген түрткі және оң жақтан қатты күшейтілген
соққымен қарсыласты үстелден шегінуге мәжбүр етеді. Күшейтілген және
әлсіз тіреуіштерді үйлестіріп қолданған кезде үстелдің ортасына жіберілетін
ширатылған жазуға қарсы күрес кезінде тиімді тәсілдерді көрсетеді.
Допқа соққы берген кезде қол мен қалақшаны басқа жаққа жіберу керек
емес – оны сәл бүгіп, білек пен қалақша үстіне қарайтындай, ал қалақшаның
беті алдына қарай бағытталуы керек.
Доп үстелді жеткен кезде ойыншы қолды алдына және бір уақытта
дененің ауырлық күшін сәл жоғарыға ауыстырады. Доп пен қалақшаның
өзара әсерлесуі қолды көтерген кезде, барлық қозғалыстар еркін орындалға.н
кезде жасалады. Доп пен қалақша жанасқан кезде тежеу моментінде қол мен
қол буынын артқа қарай жібереді.
Оң жақтан тіреуіш. Қарсылас үстелдің оң жағына немесе торға қысқа,
допқа үстіңгі және ұшуға жоғары жылдамдық беретін техникалық тәсілдерді
орындаған кезде, ал ойыншы соққы үшін қолайсыз қалпын қабылдаса, ол оң
жақтың тіреуішін қолдана алады.
Оң жақтың тіреуішін екі тәсілмен айырады: допты қағу және шапшаң
түрткі. допты Оң жақтан қағу негізінен ұшу траекториясы доға тәрізді және
тордың оң жағынан айналуы болатын доптарға қарсы күрес үшін
қолданылады. Қарсыласқа шабуылды жасау үшін көп күш жұмсауға
мәжбүрлететіндей, доптың ұшу траекториясы төмен болатындай етіп
орындау керек. Допты оң жақтан қағу кезінде жауап доптардың жылдамдығы
көбееді немесе соққылардың күші шапшаң түрткі үшін жағдай туғызады.
Шапшаң түрткі негізіне қарсыластың доптың ұшу траекториясы жоғары және
айналуы оң жағынан болатын, сондай-ақ ұшудың жылдамдығы аз допқа
қарсы тұруға қолданылады.
Қазіргі уақытта теннисшілер допты оң жақтан қағып алуы кең
таралаған. Ал шапшаң түрткіні қолданатын ойыншылар сирек кездеседі.
Допқа соққы бермес бұрын ойыншы білегін жоғары көтеріп,
ойыншының ауырлық күші сәл жоғары қарай ауыстырылады.
Соққыны жоғарылап бара жатқан доп бойынша жасалады. Қолдың ішке
қарай бұрылуымен бас бармақпен біршама күш келтіріледі, қалақша допқа
ортаңғы немесе оның оң жақ үстіңгі жағымен соғылады.
Доп пен қалақша жанасқан кезде ойыншы қол мен қол буынымен аз
ғана күш келтіреді. Доп пен қалақша жанасқан кездегі бұрыш өзгермейді
және шамамаен 20º-ты құрайды. \
Соққыны жасамас бұрын, ойыншы білекті жоғары көтереді, сондай-ақ
дененің ауырлық күші сәл жоғары ауысады, бір уақытта қол мен қалақшаны
артқа және денені сәл оң жаққа бұрып жібереді.
Соққыны көтеріліп бара жатқан доп бойынша жасайды немесе қарғып
түсудің ең биік шыңын жеткен кезде орындалады. Білекті бұрған кезде,
ойыншы ішінде бас бармақпен қалақшаға қысым түсіреді; қалақша мен
доптың жанасуы ортаңғы немесе оның оң жағының төменгі жағымен
жасалады.
Соққыны орындаған кезде теннисші күшін қолымен алдына-төмен
бағыттайды. Дененің аса көп емес бұрылуы ойыншыға соққы күшін
түрткімен орындауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |