Сурет 3 (a,b,c,d) – Өсінділерді Api TEST әдісімен идентификациялау барысы
Api TEST әдісін зерттеуге алынған барлық өсінділерді идентификациялау
үшін қолдандық. Зерттеу жұмысының нәтижелері 24 және 48 сағаттан кейін 2
қайтара тіркеліп алынды. Ұяшықтардағы қоспалар түсінің өзгеруі аталмыш
өсінділердің ферменттерді ыдырататындығын көрсетті. Нәтижелер BioMetrieux
компаниясының дайын тіркеу хаттамасында (api 50ch) тіркеуге алынды.
API WEB сайтында онлаин түрде түйе сүті, қымыз, шұбат және құрт
тәрізді сүт қышқылды өнімдерден бөлініп алынған әрбір өсінділердің
нәтижелерін тіркеп, биохимиялық қасиеттері бойынша идентификациялау
жүргізудің нәтижесін алдық. Api TEST әдісі арқылы өсінділердің биохимиялық
қасиеттерін зерттеу нәтижелері 16 кестеде көрсетілген болатын. Мысал ретінде
5-2М штамммын идентификациялау нәтижесі көрсетілді. Суретте көрініп
тұрғандай, бұл өсінді 95,9 пайыз таксономиялық тұрғыда
Lactobacillus helveticus