202
Құрсақ ішінде инфекцияның жұғуы гуморальды иммунитетті төмендетіп,
постнатальды кезеңде жаңа инфекция ошақтарының пайда болуына әкеледі.
Құрсақ ішілік жұқтырылған инфекция барлық жағдайда жайылған ҚІИ дамуын
тудырмайды. Босану кезінде ұрықта туу жолдарында қорғаныс механизмдері жеткілікті.
Сондықтан босану жолдары арқылы жылжыған кезде инфекциялану қаупі төмен болады.
Бұл босану жолдары көп мөлшердегі микроорганизмдермен колонизацияланбаған
жағдайға тән. Бұл қорғанысты қамтамасыз ететін механизм плацентарлық кедергі, ұрық
қабығы, плацента арқылы енетін, lg G классындағы ана антиденесі және ұрықтың өзіндік
иммундық реакциясы.
Кейбір жағдайларда бұл қорғаныс механизмі өз қызметін орындай алмайды. Жаңа
туылған нәресте - қоздырғыштар жүйесінде бірнеше қарым қатынас жүйелер бар:
ұрықтың инфекцияға қарсы қорғаныстық қасиеті жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін
белсенді болады; нейтрофильдердің қорының тез жойылуы, нейтрофильді лейкоциттердің
тығыздығы. Олар фагоцитоздың тез бұзылуына әкеледі, фагоциттердің миграциялық
белсенділігі төмендеп, фагоцитоз аяқталмайды. Осы жағдайда плацентаның кедергілік
механизмінің өткізгіштігі бұзылады да, ұрықтың құрсақ ішілік инфекциялануы жүреді.
Барлық антенатальды инфекцияға бала жолдасыныңғ зақымдануы тән. Бұл фетоплацен-
тарлы жетіспеушілікке, ұрық гипоксиясына, құрсақ ішілік дамудың тежелуіне, нәрестені-
нің өте төмен салмақпен дүниеге келуіне әкеледі. Плацентиттің салдарынан түсік, өлі
туылу, нәрестенің асфиксиямен туылуы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: