197
Емдеу күтім қатерліктерін түзеу, калий перманганатының әлсіз ерітіндісі қосылған
гигиеналық ванналарды күнделікті қолдану. Жергілікті балалар ұнтағы қолданылады.
Баздану. Жиі кездесетін тері зақымдалуы. Баздану тері қатпаларында және жамбаста
орналасады. Баздану бала терісіне жүргізілетін күтімнің жеткіліксіз және дұрыс
ұйымдаспауы нәтижесінде болады (сирек құндықтау мен шомылдыру).
Базданудың 3 дәрежесін анықтайды:
І дәрежесі – терінің аздап қызаруы;
ІІ дәрежесі – терінің айқын қызаруы мен эрозиясы пайда болады;
ІІІ дәрежесі – айқындалған тері қызаруы мен беткейлі сулану анықталады.
Баздану балаға біршама мазасыздану әкеледі. Нәжіс «зәр» ылғалды жаялықтар,
сабын теріге тиіп, ауырсыну мен күйдіру сезімін тудырады. Бала мазасызданып, ұйқысы
бұзылады, тынышсызданады.
Емдеу баланың терісіне дұрыс күтім жасауға негізделген, калий перманганатының
әлсіз ерітіндісі, түймедақ, емен қабығы, итмұрын қайнатпалары қосылған жергілікті және
жалпы ванналар қолданылады. І дәрежесінде теріні қайнатылған өсімдік майымен, А
дәріменінің майлы ерітіндісімен, балалар сықпасымен, ұнтағымен өндейді. Киімін
ауыстыру кезінде «ауа ванналарын» жасайды, зақымдалған тері аймақтарын ашық
қалдырамыз. ІІ-ІІІ дәрежесінде – терінің баздалған жерлеріне 0,5 % резорцин немесе
1,25% күміс нитратының, немесе 0,1% риванол ерітінділерімен суландыру қолданылады.
Кварцтың пайдалы емдік әсері бар (бактерицидті құрғату әсерлері).
2.4.7. ҚҰРСАҚІШІЛІК ИНФЕКЦИЯЛАР
Құрсақ ішілік инфекция қазіргі уақыттағы неонатологияның ең маңызды және әлі
толық айқындалмаған мәселесі болып табылады. Соңғы кезде перинатальдық аурушаңдық
және өлімнің себептерінің ішінде құрсақ ішілік инфекцияның үлесі өсіп отыр. Соңғы
мәліметтер бойынша перинатальды өлімнің ішінде құрсақ ішілік инфекциянның деңгейі
28-65%.
Тәжірибеде өте жиі ұрыққа микроорганизмнің құрсақ ішілік инфекцияның енуімен
байланысты бірдей клиникалық жағдайда акушер гинекологтар мен неонатологтар әртүрлі
терминдер қолданады (құрсақ ішілік инфекция, құрсақ ішілік инфекциялану және
пренатальды инфекция). Ол түсініктерді шатастыруға болмайды.
Біріншіден, «құрсақ ішілік инфекциялану», «құрсақ ішілік инфекция» деген
түсініктерді ажырата білу керек.
«Инфекциялану» термині тек қоздырғыштың макроорганизмге енуімен және ана-
ұрық жүйесінде иммунитеттің қорғаныш механизмдері жинақталуымен түсіндіріледі. Бұл
жағдайда аурудың клиникалық көріністері айқындалмайды.
Сондықтан, «инфекциялану» термині инфекциялық зақымданудың әлі жүзеге
аспаған уақытша фактор екенін көрсетеді. Бұл термин жаңа туған нәрестеде инфекциялық
аурудың клиникалық көріністері жоқ болған кезде, ал анамнезде инфекциялық қабыну
процесінің жүзеге асу қаупі жоғары жағдайда қолданылады.
Құрсақ ішілік инфекциялану
Достарыңызбен бөлісу: