211
Иммуножетіспеушлік
жағдайлар фонында дамыған
сепсис (нейтропения, дәрілік
иммуносупрессия,гестациялы
қ жетілмеушілік, ЖИТС,
біріншілік жетіспеушілік).
Урогенді
Абдоминальды
Мидың ісінуі
Екіншілік
иммунды
дисфункция және
т.б.
Аурулардың халықаралық жіктелісінде (АХЖ-10) ЖТН сепсисі ерекше бөлінген
(Код Р36 ЖТН бактериальды сепсисі). Бала өмірінің алғашқы 72 сағатында дамыған ЖТН
сепсисінің клиникалық жағдайында ЖТН-ң туа пайда болған ерте (немесе ерте дамыған)
сепсисі жөнінде айту керек (АХЖ бойынша туа пайда болған септицемия). Оның негізгі
ерекшелігі – құрсақішілік, оның ішінде антенатальды инфициялану және балада
біріншілік инфекциялық ошақтың болмауы.
Сепсистің клиникалық манифестациясы 4-7 күні және одан кеш дамыса – ЖТН кеш
сепсисі туралы айту керек. Оның ерекшелігі – құрсақішілік интранатальды инфекциялану
немесе ерте постнатальды инфекциялану болып табылады. Біріншілік инфекциялық ошақ
аурудың клиникалық көрінісінде болады.
2-4 аптада дамыған ЖТН сепсисі поснатальды инфекицияланудың негізгі нәтижесі
болып табылады және ересек жастағыдай дамиды. Соған байланысты септикалық процесс
американдық ғалымдардың қөзқарасы бойынша төмендегідей көрінеді.
Септицемия
сепсистің пиемиялық ошақтар түзілуінсіз жүретін клиникалық
көрінісі
. Сепсис түрінде қан тамырларында микробтар және олардың токсиндерінің
болуымен көрінеді. Сондай-ақ болжам жасау және нақты емдік бағдарламаны өткізу
қажеттілігін ескере отырып, ПМЖ синдромдары арасынан ерекше белгілер кешенін-
сепсистік шокты (инфекциялық-токсикалық шок) бөліп, шығару керек.
Сепсистік шок дегеніміз – жұқпалы ауру дамуы барысында гиповолемияға
байланыссыз үдемелі артериальды гипотонияның дамуы.
Туа біткен ерте сепсис деп – бала өмірінің алғашқы 72 сағат ішінде клиникалық
тұрғыдан айқындалған сепсисті айтамыз. Бұл жағдайда, ұрықтың инфекциялануы
туылғанға дейін, яғни антинатальді өтеді, және ауру патогенезі ұрықтың иммунды және
гомеостатикалық жағдайының ерекшеліктерімен анықталады.
Туа біткен кеш сепсис – клиникалық манифестация мерзімі, әдетте, нәресте өмірінің
4-5-ші тәуліктерінде жүруімен, ұрықтың интранатальді инфекциялануы нәтижесінде
дамиды және туылған бала азғасының иммунды және гомеостатикалық жауабының
ерекшеліктерімен сипатталады.
АҚШ-тың
келісім
конференциясы
мен
Ресейде
өткен
«Клиникалық
химотерапевттермен микробиологтар альянсы» ғылыми-тәжірибелік конференцияда
қабылданған қорытынды бойынша ауыр дәрежелі сепсистің клиникалық көрінісінде екі
және одан да көп мүшелер бұзылыстары, яғни полимушелік жетіспеушіліктің болуы
арқылы сепсис синдромынан ажыратылады.
Сепсис –
полиэтиологиялы шартты патогенді микрофлорамен шақырылған,
патогенезінде инфекция тудырған жүйелі қабыну реакциясының қарқынды дамуы
Достарыңызбен бөлісу: