Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет115/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Ажырату диагнозы.
Сепсистің ажырату диагнозын жергілікті ауыр іріңді-қабыну 
ауруларымен (іріңді перитонит, іріңді медиастенит, ірінді-деструктивті пневмония, іріңді 
менингит, іріңді гематогенді остеомиелит «некрозды энтероколит») жүргізу керек. 
Сепсисті патогенді қоздырғыштар шақыратын бактериальды инфекцияның жайылған 
түрлерінен мысалы, сальмонеллезді септицемия және септикопиемия, диссеминациялан-
ған туберкулез, жайылған БЦЖ-ит және т.с.с ажырату керек. Олардың диагнозын 


214 
дәлелдеу індетке қарсы алдын-алу шараларының сипаты мен көлемін және 
тағайындалатын арнамалы антибактериальді емді анықтайды. 
Сепсисті вирусты инфекциялардың жайылған түрлерінен (жайылған ЦМВ, герпес-
вирусы, энтеровирусты инфекция және т.с.с.) ажырату керек. Олардың диагноздары 
анықталған жағдайда антибиотикотерапияны арнамалы вирусқа қарсы және 
иммунокоррекциялаушы (қалыптастырушы) емді жүргізуге негіз болып табылады. 
ЖТН мен жасы бірнеше аптаға толған балалардың сепсисін – аминқышқылдан 
алмасуының тұқым қуалайтын патологиясынан ажырату керек, оған ЖҚР-дың барлық 
белгілері тән болғанымен, бұл инфекцияға қарсы ем жүргізуге көрсеткіш болып 
табылмайды. 
Сепсистің емі.
Сепсиспен ауыратын науқасты емдеу – медицинаның бірқатар сұрақ 
туғызатын және шешімі қаражатты көп мөлшерде қажет ететін мәселесі болып табылады. 
Негізінен, емнің басты 3 бағытын анықтап көрсетуге болады – қоздырғышқа әсер ету, 
ағзаның иммунды жауабына әсер ету және мүшелер қызметі мен жалпы алғанда
гемеостазды қалыптастыру. Айта кету керек, әрбір бағыт медицинада өз алдына тарау 
болып саналады. 
Дәлелді медицинаның талаптары тұрғысынан, сепсисті емдеудің айқындалған нәти-
желі 2 әдісі бар – тиімді антибактериальді ем және көктамырға иммунноглобулинді енгізу. 
Антибиотиктер таңдағанда бактерицдті әсері бар антибиотиктерге немесе 
қосарланған антибактериальды препараттарға ілтипат білдіру керек. Микрофлораның 
сипаты мен сезімталдығы анықталғаннан кейін, коррекцияланады: препараттарды 
ауыстыру, монотерапияға немесе тар спектрлі, бағытталған әсері бар препараттарға 
көшіріледі. 
Антибактериалды ем.
Антибактериалді емді таңдаудың жалпы талаптары келесідей: 
1. Емнің басында (ауру этиологиясын анықтағанға дейін) антибиоткті таңдау. 
Біріншілік сепсис ошағының пайда болу уақытына (құрсақішілк, постнатальді), пайда 
болу жағдайларына (ауруханадан тыс, ауруханалық, терапия, хирургиялық бөлімшелері 
немесе қарқынды емдеу бөлімшелері жағдайларында) преморбидті фонның сипаты мен 
орналасуына байланысты жүргізіледі. 
Таңдалған препараттарымен 48-72 сағат бойы жүргізілген ем баланың жағдайын 
жақсартпаса немесе тұрақтандырмаса, альтернативті препараттар тағайындалады. 
ЖТН мен 1 жасқа дейінгі балаларға антибиотиктерді таңдау кезіне жүйелі әсері бар, 
яғни гематоэнцефальді тосқауыл арқылы өтетін, және ликвор мен ми затында жеткілікті
емдік мөлшері жиналатын препараттарға көңіл бөлінеді. 
Барлық кезде де, токсикалық әсері төмен полимүшелік бұзылыстар сипатын ескере 
отырып және қанда эндотоксин деңгейін көбейтуде қабілеті төмен препараттар таңдалады. 
Барлық жағдайда, антибиотиктерді көктамыр арқылы енгізу тиімді болып табылады. 
Емдеу барысын динамикалық бақылап отыру қажеті: 

жүргізіліп отырған антибактериальді емнің жалпы әсерін бағалау. 

біріншілік ошақты санациялауды бағалау және жаңадан түзілетін іріңді ошақтарға 
бақылау жүргізу. 

адам денесінің маңызды локустарының биоценозына антибиотикотерияның әсерін 
бақылау және оны коррекциялау. 

болжамды токсикалық және жағымсыз әсерлерді бақылау және оларды алдың алу мен 
емдеу. 
Балалар сепсисін антибатериальды емдеудің ұзақтығы 3 аптадан кем болмауы керек. 
Бірақ 4-8 аптадан артық жүргізілмегені жөн. 
Дәріні қабылдауды тоқтатуға негіз бола алады: 

Біріншілік ошақтың санациясы және жаңа метастаздық ошақтардың түзілмеуі. 

ЖҚР белгірелірінің жойылуы. 

Бала өмірінің алғашқы айларында тұрақты салмақ қосуы. 

Шеткі қан формуласы мен тромбоциттер санының қалыптасуы. 


215 
Сепсисті емдеудің жалпыға танымал 2-ші бағытына иммунокоррекция жатады. 
Қазіргі уақытта, ЖТН сепсисін иммуно-коррекциялаушы емінің көптеген әдістері 
ұсынылған. Бұл әдістер – плазма және гемофильтрацияға, лейкоцитарлық фильтратты 
трансфузиялауға және қан алмастырып қуюға, тимус препараттарын (цитокиндер 
қоспасы), жеке цитокиндер және олардың рецепторларын тежеушілерін тағайындауға, 
поликлонды антиденелер және өсудің гранулоцитарлық факторларын қолдануға 
негізделген. 
Қазіргі уақытта көктамырға егілетін иммунуглобулиндер, әсіресе ІgМ өсудің 
гранулоцитарлық факторларының әсері бар екені дәлелденген және олар клиникалық 
тәжірибеге кеңінен енгізуге ұсынылған. Пентаглобин әсерлі түрі болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет