219
энтеропатияда және дисбактериоздарда кездеседі. Бұл аруларда ішектің кілегей
қабығының дистрофиясының әсерінен белок, витаминдер,
минеральдық заттардың
сорылуы бұзылып, мешелдің ауыр түрі дамиды. Бұндай жағдайларда негізгі ауруларды
емдегеннен кейін ғана, Д витамині беріледі.
Д витаминіне тәуелді мешел
– Д витамині жеткіліксіз мешелге ұқсас болып келеді. Д
витаминіне берік мешел тобына жатады. Д витаминінің емдік дозасы (3000-5000 ХБ)
көмектеспейді. Бұл дерттің негізінде Д витаминінің гормондық түрінің бүйректегі –
өткінші, жеңіл немесе күнделікті (ауыр түрінде ) метаболикалық блогі жатады.
Сонымен қатар, мешелді активтілігіне қарай кезеңдерге, ауырлық дәрежелері және
ағымына сәйкесте бөледі.
Рахиттің кезеңдері:
Бастапқы кезең:
Баланың 2-3 айлығында кездеседі. Тершеңдік, тынышсыздану,
ұйқысының бұзылуы, басының шүйде бөлігінің тақырлануы, гиперстезия байқалады. Бұл
кезең 2-3 созылады. Бұл кезеңнің аяқ жағында еңбектің кенересінің жұмсарғаны, қандағы
бейорганикалық фосфордың азайғаны анықталады.
Рахиттің қозу кезеңінде
– жүйке жүйесінің бұзылуымен қатар, бұлшық ет және
сүйек жүйесі өзгереді. Бас сүйегінің деформациясы, маңдай, шеке төмпешіктері,
мешел
«тасбиығы» және «білезігі», бұлшық гипотониясы пайда болып, іші бақаның іші
тәрізденіп үлкейіп, салбырап кетеді.
Сауығу кезеңі
– мешел белгілері кері дамып, жүке сүйек жүйелеріндегі өзгерістер
жойылады. Сүйек қатаяды. Статикалық және қимылдық функциялары қалпына келеді.
Ішкі мүшелердің клиникалық өзгерістері жақсарады.
Фосфордың қандағы мөлшері
көбейеді, ал, қанда аз күйінде қалады. Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік қалыпты деңгейде
болады.
Қалдықты көріністер кезеңі:
сүйек деформациясы, анемия, бауыр мен талақтың
үлкеюі 2-3 дәрежелі рахитпен ауырған балалардың 2-3 жасында байқалады.
І-ші (жеңіл) дәрежелі рахит. Жүйке жүйесі жағынан тітркенгіштік, тершеңдік,
тынышсыздану; шүйде аймағындағы шашының түсуі байқалады. Сүйектік өзгерістер –
үлкен
еңбегінің шеттерінің жұмсаруы, шүйденің жалпаюы, қабырғалардың шеміршек
ауысар жерінде төстің томпаюы пайда болуы сияқты жеңіл өзгерістер болады.
ІІ-ші (орташа) дәрежелі рахит: Жүйке жүйесі мен бұлшық еттің әдәуір бұзылуы,
сүйектің өзгеруі, жалпы жағдайының нашарлауы, ішкі мүшелердің (бауыр мен талақтың)
үлкеюі сияқты өзгерістер байқалады.
ІІІ-ші (ауыр) дәрежелі рахит: Жүйке жүйесінің, қозғалыс және сөйлеу дағдыларының
кеш дамуы, сүйек деформациялары, бұлшық ет гипотониясының ауыр түрі, жүрек-тамыр
жүйесінің, ішек-қарын жолдарының, тыныс мүшелерінің зақымдалғаны байқалады.
Қанның биохимиялық құрамында өзгерістер байқалады.
Рахиттің жедел дамуы баланың 1-ші жарты жылдығында жиі кездеседі. Арудың бұл
ағымы ауру белгілерінің тез дамуымен ерекшелінеді. Рахит белгілері тез дамып, сүйектің
жұмсару белгілері сүйек гиперплазиясы белгілерінен басым болады. Шала туылған
балаларда жиі кездеседі.
Рахиттің жеделдеу дамуы – дертттің дамуы баяу болып келеді, 2-ші жарты жылдықта
жиі кездеседі. Сүйекті гиперплазия белгілері басым болады.
Рахиттің қайталап дамуы – созылмалы науқастың
кейбір ауруларға немесе Д
витаминінің мөлшерін дұрыс есептемегенде, жақсару белгілерінің қайталау белгілерімен
алмасып отыруы.
Рахитті оған ұқсас бiр топ және сиректеу кездесетiн гипотиреоз, хондродистрофия,
туа болатын сүйек сынғыштығы сияқты аурулардан ажырату керек.
Достарыңызбен бөлісу: