224
Спазмофилия (грекше sраsmоs – спазм, құрысу және рhilia – бейiмдiлiк) –
бала
тетаниясы, рахиттiк тетания деген, мағанасымен белгiлi дерт.
Спазмофилия – сәбидiң алғашқы 6-18 айларындағы құрысу және түйiлу халiне
бейiмдiлiгiмен айқындалатын, этиопатогенезi рахитпен ұқсас ауру.
Көбінесе ұл балаларда, көктем кезiнде, күн көзiнде артығырак болғанда білінеді.
Ауруды айқын және латенттiк (жасырын) түрлерге бөледi.
Оның ларингоспазммен, тыныстың тоқтап қалуы және есiнен тануымен белгiлi
жедел ағымды ұстамасы – сәбиді тез жандандыру амалдарын қажет ететiн кауiптi хал-
жағдайдын бiрi болып келеді. Қауiптiлiгi сәбидiн тез арада қайтыс болып кету мүмкiндiгi,
тетаниянын ұзаққа созылған ұстамасының өзi орталык нерв жүйесiне үлкен зақым
келтiредi, даму барысында ақыл-ойының қалыс қалуы мумкiн. Алайда, 2-3 айлық
сәбилердегi құрысу ұстамалары спазмофилияға сырттай ұксас көрiнгенiмен, олардын
негiзiнде гипоксиялар мен туу кезiндегi жарақаттар және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: