Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет127/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Этиологиясы. 
Д витаминiнiң көп мөлшерiн бiрден қабылдағанда, жазғытұры күн 
көзiнде ультракүлгiн сәулесi мол кезде, сәби ашық, жалаңаш күнінде ұзақ уақыт болғанда, 
қалқаншамаңы бездерiнiң қызметi бұзылғанда, кальцийдiң iшекте сорылуы азайып немесе 
зәрмен оның артық шығып кетуiне байланысты қанда гипокальциемия пайда болғанда 
спазмофилия ұстамалары көрініс береді. Олардан басқа, қандағы магний, натрий, 
хлоридтер, В
1
, В
6
витаминдерi азайғанда, пилоростенозда, құсқанда, дене қызуы 
жоғарылағанда, көп жылаудан, сәбидi қатты ораудан да пайда болады.
Патогенезi.
Спазмофилияның дамуында фосфор-кальций алмасуының бұзылысыны-
ңда маңызы бар. Қанда кальций 1,464-1,867 ммоль/л мөлшерiне дейiн төмендейдi 
(қалыпты көрсеткіші – 2,614-2,739 ммоль/л), бейорганикалық фосфор 2,584 ммоль/л-ге 
дейiн жетедi, одан да асады.
Мұндай салыстырмалы гиперфосфатемия иондалған кальций мөлшерiнiн азаюына 
әкеледі. Әдетте қандағы кальцийдің жартысына жуығы белокпен байланыстық қалғаны 
байланыспаған және көбiнесе иондалған екенi белгiлi. Қан кұрамында иондалған кальций 
деңгейi төмендеуiнiң аурудың дамуында мәнi зор. Тетания кезеңде рахитке тән ацидоз 
орнына алкалоз дамиды, осыдан шеткi нерв жүйелерiнiң қозғыштығы артады. Бір
мезгiлде жүйке жүйесiн қайта қоздыруға әкеп соқтыратын калий мөлшерiнiң артуы 
байкалады. Спазмофилияға бейiмдейтiн жағдайдың бiрi гипокальциемия болып табылады.
Спазмофилияның жиiлiгiн және оның рахитпен байланысын мыналар дәлелдейдi:
көктем айларында рахитпен ауру балалардың күн көзiнде көп болуының әсерiнен ағзада
Д витаминiнiң түзiлуi артады. Бұл кезде қанда байланыспаған фосфор деңгейi арытып, 
ацидоз алкалозға айналады, сүйекте әктiң қайта сіңуі күшейедi, гипокальциемия дамиды. 
Осылардың салдарынан жүйке жүйесi қозып, тетания көрiнiсі білінедi. Спазмофилияда
гипокальциемияның дамуы кальций алмасуын реттеушi қалқаншамаңы бездерiнiң 
жетекшi ролiмен белгiлi бiр теуелдiлiкте болады.
Сонымен, гипокальциемия, әсiресе оның иондалған түрiнiң азаюына байланысты
алкалоз дамуы, қандағы калий мөлшерiнiң артуы спазмофилияның негiзгi даму тетiктерi 
болып табылады және олар жүйке жүйесiн шектен тыс қоздырады. Алайда, кейбiр ғалым-
дардың көзқарастары бойынша, спазмофилия ұстамалары негiзiнде гипокальциемия емес, 
жүйке-бұлшықет қозғыштығының жоғары болуы жатады. Осы тұрғыда спазмофилияны 
организмнiң өзінің құрысуға бейiмдiлiгi және эписиндромга жақындығы деп карайды. 
Клиникасы.
Жасырын түрi жиi кездеседi, оны дер кезiнде анықтаудын маңызы зор. 
Құрысу ұстамалары әлi жоқ кезде спазмофилиямен ауыратын баланың жүйке жүйесiндегi
жоғары механикалық және гальваникалық қозу орын алып, оның төмендегiдей белгiлерi 
болады:
Беттiк феномен
немесе жоғарғы және төменгi Хвостек белгісі – сәбидiн бет 
сүйегiнiң шығыңкы жағын немесе жағының төменгi бұрышын (бет нервiсiнiң шығатын 
жерлерiн) саусақпен жеңiл тықылдатқанда, соған сейкес қабақтыңi немесе ауыздын қас 
қағымдық дiрiлi пайда болады.


225 
Люст феномені
– перкуссиялық балғамен кiшi жiлiншiк басын тақылдатқанда, 
табанның тез жиырылуы және оның сыртына қарай иiлуi байқалады.
Труссо белгiсi
– иықтағы екiбасты бұлшыкет тұсындағы тамыр-жүйке байламын 
саусақпен басқанда, сәби қолының төменгi жақтагы бұлшықетiнiң тартылуы салдарынан 
«акушер қолы» көрiнiсi білінеді.
Эрб белгiсi
– күші 5 мА-ден төмен токпен катодты айырғанда, бұлшықеттердің 
таргальваникалық қозғыштығының артуы байқалады. 
Маслов белгiсi
– сау баланың аяғына ине шаншыса, оның дем алуы жиiлейдi, ал ауру 
(тетания) болса, дем алысы аз уакытқа тоқтап қалады.
Сондай-ак әртүрл вегетативтiк бұзылыстар болады: жүрек соғуының жиiлеуi
тершеңдiк, иек, қол еттерiнiң дiрiлдеуi, тыныстың тұрақсыздығы (диспноэ), сонымен бiрге 
үрейлену, ұйқысыздық, жалпы мазасыздық орын алады. Осы кезде биохимиялық 
тәсiлдермен гипокальциемия, гиперфосфатемия, алкалоз барын анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет