228
нуклеотид-тер метаболизмi мен эндокриндiк ағзалар қабiлетi өзгерiп, осыдан липидтер
пероксидациясының белсенуi, клеткалық мембрана тұрақтылығының кемуi, энергетика-
лық алмасу бұзылуы мүмкiн. Осыларға байланысты патогенездiң басты буыны – нейро-
эндокриндiк және заттек алмасу бұзылыстары. Заттек алмасудың кешендi бұзылысы
тотығу-тотықсыздану құбылыстарының кемiп, ацидоз дамуына әкеледi, ол ЭКД-i бар
балаларда күмәнсiз.
ЭД-бен атопиялық диатез дамуының негiзгi себебiнiң бiрi – жүктi әйелдiң дұрыс
тамақтанбауы. Көптеген зерттеулерде ауру балалар анасының жүктiлiктiң екiншi
жартысындағы тағам құрамында облигатты аллергендер мен жануарлар белогы мол, ал
көкөнiстер аз болғаны анықталған. Емдәмге түзету енгiзгеннен кейiн (облигатгы
аллергендердi мүлдем тиып, сут тағамдарын азайту не оларды айранға ауыстыру немесе
сиыр майынан өзгесiн шектеу), нәрестелерде тамақтық аллергендерге реакция болмаған,
сәбилiк кезде ЭКД мен бала экземасының да күрт азайып, оның белгiлерi көрiнген кездiң
өзiнде жеңiл, тез өтетiндiгi көрсетiлген.
Жiктелуi (патогенетикалық – Ю.М. Малаховский, 1979).
- Иммундық
- Шынайы (гендiк детерминирленген);
- Транзиторлық
- Иммундық емес
- Либераторлық
- Гистаминаздық
Шынайы иммундық формасы (ЭКД-дi балалардың 15%):
отбасылық анамнезiнде аллергияға бейiмдiлiк;
дис- Ig -емия (реагиндердiң- IgЕ класы деңгейi жоғары), бұған тұқым қуалайтын
клеткалық пролиферация тән;
вазоконстрикциямен байқалатын микроциркуляция бұзылысы (айқай, шуға да);
жануарлар терiсінің өнiмдерiне асыра сезiмталдығы (жүн, мата, қайызғак, түк,
қауырсын ж.б.);
терi бұзылыстарының нейродермит, бала экземасына ауысуы;
Транзиторлы иммундық вариант (85%):
асказан-iшек жолдарының және оның протеолитикалық ферменттер жүйесінің кеш
жетілуіне байланысты тағамдық аллергия жиі кездеседі;
секреторлық IgА кемiстiгi;
аллергиялық реакциялар қарқындылығы 2 жасқа таман азаяды.
ЭКД-нiң иммундық емес формалары:
Либераторлық вариант:
гистамин мен биологиялық белсендi заттардың белсенуi либераторларға
байланысты, соңғылары көбiне тағамдық аллергендер;
аллергиялық реакциялар жүру типi бiрден (жедел немесе рецидивті есекжем,
Квинке iсiнуi, бронхоспазм түрiнде);
Достарыңызбен бөлісу: