Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет124/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Гипофосфатазия 
– туа болатын фосфатаза белсендiлiгiнiң кемiстiгiне байланысты, 
ауру. Ауру бала туысымен немесе алғашкы жылы бiлiнедi. Көрiнiсiнде сүйек жуйесi 
(«рахиттiк» деформациялар, бастың шар сияқты формасы), бұлшықеттер гипотониясы, 
статокинетикалық қабiлетінің кемiстiгi болады, олар бас сүйегiнiң айкын босаңдығы 


221 
қосылғанда рахитке ұсас болады. Диагнозы клиникалық көрiнiсі мен қанның 
биохимиялық өзгерiстерiне сүйенiп қойылады (гиперкальциемия, фосфордың деңгейi 
қалыпты, сiлтiлi фосфатаза белсендiлiгiнiң кемуi немесе жоқтығы). 
Рахиттiң емi.
Ем мақсаттары:

Д витаминінің тапшылығын жою; 

фосфор мен кальций мөлшерін қалыпқа келтiру;

метаболикалық ацидозды жойып, калий мөлшерін қалыптастыру;
Бейарнамалық ем: 

таза ауада жеткiлiктi серуендеу, қимылдық белсенділік; 

жасына қарай тиiмдi тамақтан, ең бірінші табиғи тамақтануды сақтап қалу, бірінші 
қосымша тамақты көк-өніс ұнтағынан бастап беру; 

массаж, гимнастика, шынықтыру; 
Арнайы (өзiндiк) ем.
Негізінен арнайы (спецификалық) емге Д витаминінің дәрілерін 
тағайындау жатады. 
Рахитті емеуде қолданылатын Д витаминінң дәрiлерi:
1.
Витамин Д
2
. Эргокальциферол.
Дәрiлiк турлерi: 1. 0,5 % спирiттiк ерiтiндi (1 мл-де – 200 000 ХБ, 1 тамшыда - 4000 
ХБ). Қазiр қолдану тиiмсiз (спирт ұшып кеткенде дерiнiң [С] артып, мөлшерiн тым 
көбейіп кетеді); 
2. 0,0625 % майлы ерiтiндi (1 тамшыда – 625 ХБ, 1 мл-де – 2500 ХБ );
3. Витамин Д
3
, 0,125 % майлы ерiтiндi (1 тамшыда –1000ХБ,1 мл – 50000 ХБ).
4. Витамин Дз, майлы ертінді, 0,5% (1 тамшыда – 58000 ХБ, 1мл-де – 200000 ХБ); 
5. Вигантол (Холелокальциферол). 1 тамшыда – 500ХБ, 1 мл-де (30 тамшыдай) – 20000 
ХБ (0,5 мл-дей). 
6. Витамин Д
3
(Польша). Холекальциферол (провитамин Дз). Сулы ертінді. 1 тамшыда 
500 ХБ. 
Д витаминінің емдік дозасы рахиттің дәрежесіне байланысты: 1-дәрежелі рахитте 
емдік дозасы – 150000-200000 ХБ; 2-дәрежелі рахитте – 200000-300000 ХБ; 3-дәрежелі 
рахитте 300000-400000 ХБ. 
Емдеу мерзімінің ұзақтығы айқын ем тиімділігі байқалғанша жүреді. Орта есеппен 
30-40 күнге созылады, содан кейін алдын алу дозасы (500 хб/тәуелігіне) беріледі. 
Ультра-күлгін сәулесін қолдану – рахитті емдеудің әсерлі тәсіліне жатады. Цитратты 
қоспаны беруде маңызды болып келеді: Лимон қышқылы – 2,1, Лимон қышқылды Нартий 
– 3,5, Дисттилацияланған су – 100 мл-ге дейін қосылады. Кальций препараттары, 
витаминдер тағайындалады. 
Витаминдер, минераллық заттар, әсiресе, құрамында кальций бар тағамдар беру, таза 
ауада жеткiлiктi серуендеу, массаж бен гимнастиканың емдiк мағынасы зор.
Болжамы.
Классикалық рахитте тиiмдi ем жақсы есер бередi, бiрақ сауыққан сон 
сын-сымбат бұзылысы түгел кетпей сақталуы мүмкiн: дұрыс тiстем бұзылысы 
қалыптасуынан тiс кариесi; жамбас, кеудесiнiң майысқан қалдықтары. Жас кезiнде 
рахитпен ауырған әйелдiң бел лордозына байланысты жамбастың кiрiс-шығыс өлшемдерi 
тарылып, кейiн туу кезiнде кесер тiлiгiн жасауды қажет етуi мумкiн.
Рахиттің алдын алу жолдары: 
1) 
Антенатальдық алдын алу
. Нәресте тумастан бұрынғы алдын алу шаралары жүктi 
әйелдiң режим сақтап, сүт, жемiс-жидек тағамдарын қабылдап, манызды және жеткiлiктi 
тамақтану, таза ауада қөп уақыт болуымен ұштасады.
 Арнайы алдын алу.
Жүктiлiктiң 28-30 аптасынан бастап 6-8 апта бойына, күн сайын 
400-500 ХБ-тен Д витаминiн бередi. Жүктiлiктiң соңғы 3-4 айында гендевит 
поливитаминiн күнiне 1-2 дражеден беруге болады (бiр дражеде 250 ХБ Д
2
витаминi бар). 
Жасы 35-тен асқан, сонымен бiрге жүрек-қантамырлары жүйесiнің дертi бар жүктi әйелге 
Д витаминiмен рахиттiң алдын алуын жүргiзуге болмайды.


222 
2). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет