235
Респираторлық вирусты аурулар және жиi инфекция ошақтары иммунитеттi
төмендете беретiнiн ескерiп, «Виферон» препаратының курсты емдерiн жүргiзедi.
Аденоидтық
өскiндердi сылып алуды, мұрын әбден бiтiп, тыныс ағзаларының
үздiксiз қабыну, редицивi болса ғана жасайды. Диатезбен ауыратын балаларда
аденоидэктомиядан кейiн де аденоидтық өскiндердiң қайта шығуы жиi кездеседi.
Алдын алу
. Мұның ең маңызды буынына үлкендердің жыныстық қатынасқа қатысты
(бұлар 20-дан астам)
инфекцияларын емдеу, жүктi ананың дұрыс тамақтануы жатады.
Баланы бiржақты, мөлшерден көп тамақтандырудан аулақ болған жөн, күн тәртiбiн
сақтау, серуендеу, шынығу, уқалау (массаж) мен гимнастиканың мәні зор.
4.4. НЕРВТІ-АРТРИТТIК ДИАТЕЗ (НаД)
«Нервті-артриттiк диатез» түсiнiгiн (diathesis neuroarthritika) педиатрияға 1901-1902
ж. Дж. Комби енгiздi.
Нервт-артриттiк диатез (НаД)
жоғары нерв қозғыштығымен, тәбетiнiң бұзылуы-
мен, кетоацидозға бейімділігімен, өсе келе май басу, интерстициалдық нефрит, нефро-
кальциноз, подагра жене заттек алмасулық артриттер дамуына бейiмдiлiгiмен сипат-
талады, ал бұлардың негiзiнде пурин алмасуының бұзылысы жатады.
Басқа диатездерге
қарағанда, аз кездеседi (балалардың 2-3%-да), бірақ соңғы кезде гиперурикемия жиiлеуде.
Достарыңызбен бөлісу: