Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы


 Фосфор-кальций алмасуының бұзылуымен байланысты аурулар



Pdf көрінісі
бет117/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

 
3. Фосфор-кальций алмасуының бұзылуымен байланысты аурулар 
3.1. РАХИТ 


217 
Рахит (мешел, ит тиген, қой ауруы, кешек) – 
сәбилердiң қарқынды өсу кезеңiндегi Д 
витаминi мен оның белсендi метаболиттерiнiң аздығына байланысты кальций-фосфор 
зат алмасуы өзгерiсiмен, сүйектердiң минералдануы мен сүйек құрылуының және негiзгi 
ағзалармен жүйелер қызметiнiң бұзылуымен сипатталатын ауру. 
Күнi бүгiнге дейiн рахит балалар арасында кең тараған ауру. Балалар 
патологиясында рахиттiң маңызы зор: тiптi жеңiл түрінің өзi организмнiң дертке қарсы 
қабiлетiн төмендетiп, бала ауруы мен өлiмiнiң көбеюiне жанама түрде әсер етедi.
Рахит дымқылды жер үйлерде тұратын балаға тән, сондықтан, әлеуметтiк ауру 
ретiнде тұрмыстары нашар отбасыларында жиi кездеседi. Рахиттiң таралуы климаттық 
географиялық жағдайларға да байланысты, ауасы таза және ультракүлгiн сәулесi 
жеткiлiктi ауылдық жерлерге қарағанда, қалаларда жоғары. 
Этиологиясы.
1. Рахит дамуының жағдайлары:

терiде холекальциферол түзiлiсiнiң бұзылуы;

бауыр мен бүйректе Р, Са алмасуының бұзылысы; 

тағаммен Д витаминнің аз түсуi; 
2. Тағамдық факторлар:

витамин қосылмаған жасанды қоспалармен коректендiру;

сүтпен ұзақ мерзiм тамақтандыру; 

негiзiнен вегетариандық тамақтану (ботка, көкөнiстер), жануар ақуызының 
жеткiліксiз болуы;
Рахит дамуындағы мәнді түрткі тағамдағы Д витаминінің кемiстiгiнен гөрi одан 
жеткiлiктi түрде Са, Р, белок (ең бастысы аминқышқылдары), липид, микро-элементтер 
мен басқа витаминдер (С, В
1
В, В (Е) түзеліп, қалыптаспауы. Отбасылық тамақтану 
үрдiсiнiң де бір жастан асқан сәбиде рахит дамуында маңызы бар.
3. Перинатальдық факторлар.
Шала туылу рахиттың дамуына икемдейдi, себебі, кальций фосфордың ана 
организмінен ұрыққа жинақталуы жүктіліктің соңғы айларында жүреді. Ал, шала 
туылған балалар тез өсетін болғандықтан, олардың кальций мен фосфорға 
мұқтаждығы жоғары болып келеді. Сонымен қатар, жүкті әйелдің дұрыс тамақтанбауы 
– оның организмінде кальций мен фосфордың аз болуына әкелуі мүмкін. 
4. Нерв жүйесінің перинатальды зақымдалуына, дене тәрбиесінің элементтерінің 
болмауынан (массаж, гимнастика және т.б.) қимылдық белсенділіктің жетіспеуі. 
5. Ішек дисбактериозына және кальцийдің сорылуының бұзылуына әкелуі мүмкін іщек-
қарын жолдарының аурулары. 
6. Экологиялық түрткілер. Топырақта, соған байланысты суда, тағамдық өнімдерде 
стронцийдің, қорғасынның және басқа металлдардың көп болуы сүйектерде олардың 
орнын басуы мүмкін. 
Рахит ЖРВИ, пневмонияның, ішек бұзылыстарының және басқа аурулардың дамып 
және олардың ағымының ауыр болуына ықпалын тигізеді. Олар өз алдына рахиттің 
ағымының ауыр болуына себтіктерін тигізеді. 
Патогенезі.
Д витаминінің жетіспеуі қанда иондалған кальций мөлшерінің төмендеуіне 
әкеліп, 
ішек 
қабырғасынан 
кальцийдің 
өтуін 
қамтамасыз 
ететін, 
кальций 
байланыстырушы белоктың түзілуі төмендейді. Организмде Д витамины азайғанда, 
кальцийдің қанға сорылуыда азаяды. Осының салдарынан гипокальцемия үдей түседі. Бұл 
құбылыс қалқанша маңы безін активтендіріп, қандағы паратгормонды көбейтедіде, 
кальцийдің сүйектен шығуын жеңілдетеді және дистальды түтікшедегі реабсорбцияны 
жеңілдетеді. Бүйрек түтікшелерін-дегі фосфор реабсорбциясын төмендетеді де, 
гиперфосфатурия, гипераминоацидоурия, гипофосфатемия дами бастайды. Кейбір 
мүшелердің қызметі бұрмаланады. Кребс циклында пирожүзім қышқылының лимон 
қышқылына айналуы тежеледі. Сондықтан, лимон қышқылы азаяды да, ацидоз дамиды. 


218 
Паратгормон остеокластардың қызметін үдетіп, сүйек ткандарын бұзып, ондағы 
кальцийдің қанға шығуына тікелей әсер етеді, орнына басқа тұздар орналасады. 
Мешелдік құбылыс бұл остеоблас пен остеокластың қалыпты жұмысындағы осте-
оидты тканнің оссификациялық құбылыстың бұзылуы. Мешел ауруында остеомоляция 
(сүйектің жұмсаруы, гипоплазиясы, жаңа тіннің өсуінің тежелуі) пайда болады.
Мешелдің ең бірінші клиникалық белгісі – жүйке жүйесінің бұзылуы болып 
табылады: оған көңіл-күйінің өзгеруі, қорқақтық, ұйқысынан шошу, жылауықтық, маза-
сыздық, тершеңдік, әсіресе ұйқы және тамақтану кезінде терлеу жатады, дермографизм - 
қызыл болады. Бұл тітіркенгіштікті күшейтіп, қышытады. Осының әсерінен бала басын 
жастыққа үйкей береді де шүйдесінің шашы түседі. Тер жабысқақ, қышқыл исті болып 
келеді. Баланы қолға алғанда, ол қорқып жылайды. Сүйек тканінің бұзылуы, яғни, үлкен 
еңбек қырының және бас сүйегінің жұмсарғаны байқалады. Бұл кезеңде қандағы кальций 
мөлшері азаймайды. Ал, фосфор мөлшері аздап азаяды, кейбір жағдайда қалыпты болуы 
да мүмкін. Әрі қарай краниотабес байқалады, ауыр жағдайда, әсіресе, уақытына жетпей 
туған балаларда, бас сүйегінің жұмсаруы күшейе түседі. Бас сүйегінің деформациясы 
пайда болады. Маңдай сүйегі төрт бұрышты немесе «олимпиялық» болып өзгереді. 
Мешелдің ауыр түрлерінде бет сүйектеріде өзгереді. Жақ сүйектері деформацияға 
ұшырап, шайнауы бұзылады, тіс шығуы тежеліп, олардың шығу реті бұзылады. Кеуде 
қуысы да деформацияға шалдығуы мүмкін: мешелдік «тасбиық», «гаррисон жырасы», 
«құс төс» пайда болады, кеуде қуысының апертурасы кеңейіп, кейіннен аяқ-қолдар сүйегі 
зақымданады да, «білезік», «інжу талшығы», немесе қолдың доға тәрізденіп, майысуы 
байқалады. Жамбас сүйегінің деформациясы, байланыс аппараты мен бұлшық еттің 
гипотониясы пайда болады. Баланың іші бақаның іші тәрізденіп, жалпайып («бақа іші»), 
бүйірі топмпайып («мешелдік іш»), бала отырғанда, денесін қолымен тіреп отыруға 
мәжбүр болады.
Мешелмен ауырған балалар басын мерзімінен кеш ұстап, кеш отырып, жүріп, 
тұрады. Жүйке-іс әрекетінің дамуы жас деңгейінен қалыс қалады. Жүрек-қан тамыр 
жүйесінің, ішек-қарын жолының қызметі бұзылып, нәжісі қорытылмай сұйық болады. 
Бауыр өсіп, оның қызметі бұзылады. Қанда әртүрлі дәрежедегі анемия байқалады.
Қанда гипокальциемия 0,09 – 0,095 г\л, гипофосфатемия байқалады. Қандағы белок 
спектры өзгреді: альбумин төмендеп, глобулин арытады.
Д витаминінің емдік дозасына сезімталдығының дәрежесіне сәйкес рахитті екі түрге 
бөледі: 
1. Д витаминіне ризистентті (берік) рахит – дерттің бұл түрінде Д витаминінің емдік 
дозасы тиісті дозадан артық болады. Мешелдің бұндай беріктігінің себебіне дұрыс 
тамақтанбағаннан бауырда және бүйректе кальций байланыструшы белоктің (Са ББ -
тың), яғни, Д витаминінің гормондық түрінің, түзілуінің бұзылуы жатады. 
2. Д витамині жетіспейтін рахит – дерттің бұл түрінде Д витамині 1000-3000 
халықаралық бірлік дозада шипалы болып есептеледі. Яғни, шипалы доза алдын алу 
дозасынан 2-6 есе артық болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет