Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет101/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Жіктелісі.
НГА анықтауды талап етеді: 
1.
қайшылық түрі (резус, АВО, сирек кездесетін факторлар); 
2.
клиникалық түрлері (мацерацияланып ұрықтың құрсақ ішінде өлуі, ісікті түрі, 
сарғыш түрі, анемиялық түрі, сарғыш-анемиялық түрі ); 
3.
сарғыш және анемиялық түрлеріде ауырлық дәрежесін анықтау (жеңіл дәрежелі, 
орташа дәрежелі, ауыр дәрежелі); 
4.
асқынулары: билирубиндік энцефалопатия -өткінші (транзиторлық) неврологиялық 
дисфункция (1-дәрежелі билирубиндік уыттану (интоксикация), жедел билирубиндік 
энцефалопатия (ІІ-дәрежелі билирубиндік уыттану), ядролық сарғаю, геморрагиялық 
немесе ісіктік синдромдар, бауырдың, жүректің, бүйректің, бүйрек үсті бездерінің 


192 
зақымдалуы, «өт қойылу» синдромы, иммундық жетіспеушілікке байланысты 
инфекциялық процесстер, зат алмасу бұзылыстары: гипогликемия және басқалар; 
5. қосалқы аурулар және фондық жағдайлар (шала туылу, ҚІИ, тұншығу және т.б.). 
Клиникасы

Ісікті түрі
ең ауыр түрі болып келеді, жиі ұрықтың құрсақ ішінде өлуіне 
немесе балалар үлкен ісікпен мерзімінен бұрын туылуына әкеледі. Құрсақішілік кезеңде 
УДЗ-де ұрықтың «будда қалпы», бас сүйегі күмбезінің айналасында дөңгелек болып 
көрінетін құрылым тән. Плацентаның салмағы шектен тыс үлкен болады. Жүктілік ағымы 
преэклампсия және эклампсия түрінде гестозбен асқынады. Бұндай баланың терісі өте 
бозғылт, аздап сарғыш воск немесе көкшіл түсті болып келеді. Беті айқын ісікке 
байланысты ай тәріздес болады. Денесінде және аяқ-қолдарында, сыртқы тыныс жолда-
рында айқын ісік, анасарка түрінде білінеді. Дене қуыстарында бос сұйықтық анықталады. 
Ісікті түрінде балаларда геморрагиялық синдром (миға, өкпеге, ішек-қарынға, теріге қан 
құйылу). Кейбір балаларда ТІШҰ-синдромы, бірақ барлығында бауырда түзілетін, плазма-
дағы прокоагулянттар өте төмен болады. Гипопротейнемия, кіндік қанында билирубин 
мөлшерінің көбеюі (тіке және тіке емес билирубин есебінен), ауыр анемия (гемоглобин 
мөлшері 100 г\л-ден төмен), әртүрлі дәрежедегі нормабластоз және эритробластоз, 
тормбоцитопения. Әдетте, бұндай балалар туылғаннан кейін алғашқы сағаттарда өліп 
кетеді. Тірі қалған балаларда көбіне неонатальды инфекциялар, бауыр циррозы, 
энцефалопатиялар дамиды. 
Сарғыш түрі 
жиі кездеседі

Оның айқындылығы ауыр, орташа және жеңіл болуы 
мүмкін. Оның негізгі белгісі – ерте пайда болған сарғаю, анемия, гепатоспленомегалия. 
Туылған кезден бастап немесе бірінші күні, сиректеу, екінші күні, денесі сарғаядыда, 
қарқыны арыта береді, бауыры мен талағы ұлғаяды. Сарғаю неғұрлым ерте пайда болса 
солғұрлым баланың жағдайы ауыр болады. Билирубиндік уыттану ұлғаю барысында 
науқастың жағдайы ауырлай түседі: физиологиялық рефлекстері зорланып, енжарлық, 
ұйқышылдық пайда болады. 3-4 күндері билирубин мөлшері өте жоғары көрсеткіштерге 
жетіп, ядролық сарғаю пайда болады (желке бұлшық етерінің тартылуы, құрысу, «батып 
бара жатқан күн белгісі», «милық айқай», үлкен еңбектің керілуі және басқа). Бірінші 
аптаның соңында өттің қоюлуына байланысты ішекке өттің өтуі бұзылады («өттің қою 
синдромы»). Терісі жасыл түстенеді, нәжісі түссізденіп, зәрі қараяды, қанда тіке
билирубиннің мөлшері артады. 
Туа пайда болған сарғыш түрінде науқастарда иммундық жетіспеушілік болады және 
соның салдарынан инфекциялық процесс дамиды. Шеткі қанда әртүрлі дәрежедегі 
ретикулоцитозбен білінетін гиперхромды анемия, нормабластоз бен эритробластоз тән 
болып келеді. Кейде лейкемоидты реакциямен шын лейкоцитоз байқалады. 
ЖТН сарғаю дәрежесін бағалау үшін Крамер шкаласын қолданады: 
Сарғаюдын 1 дәрежесі – мойын мен бет терісінің сарғаюы. 
Сарғаюдын 2 дәрежесі – сарғаю кіндікке дейін жетеді. 
Сарғаюдын 3 дәрежесі – кіндігінен тізе буындарына дейін 
Сарғаюдын 4 дәрежесі – тізеден төмен және қолдарын қамтиды. 
Сарғаюдын 5 дәрежесі – алақан мен табанның сарғаюы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет