Ажыратып анықтау:
1.
ЖТН физиологиялық сарғаюы бауырдың глюкоуронилтрансферазды жүйесінің
жеткіліксіздігіне байланысты туындайтын шекаралық жағдай. Сарғаю үшінші тәулікте
пайда болады. Нәрестенің жалпы жағдайы өзгермейді, гепатоспленомегалия мен
анемияның белгілері болмайды. Тіке емес билирубиннің ең жоғары мөлшері 4-5 күні
байқалады. Сарғаю 2 аптаның ішінде жойылады.
2.
Туа пайда болатын тұқым қуалайтын коньюгациялық сарғаю: Криглер-Наджар
синдромы – негізінде бауырдың глюкоуронилтрансферазды белсенділігінің толық
төмендеуінен өрбитін ауру (тіке билирубин түзілмейді). Сарғаю бірінші тәулікте пайда
болып тез күшейеді де, ақшыл нәжіс пен түссізденген несіп қатар жүреді. Бірнеше
күндерден кейін несіп пен нәжіс түсі өзгереді, бұл уробилиногеннің барлығын білдіреді.
194
3.
Бауыр паренхимасының зақымдалуларымен өтетін сарғаюлар. Бұл аурулар
тобына жататындар: құрсақішілік инфекциялардың (цитомегалия, герпес, коксаки вирусы,
токсоплазмоз, мерез және т.б.), сепсис кезіндегі бауырдың зақымдалуынан, бауырдың
улы-дәрілік зақымдалуылардың (тетрациклин, эритромицин, линкомицин және т.б.)
әсерлерінен болатын неонатальды гепатиттер. Бұл аурулардағы сарғаю сұр түсті, көбінесе
туғаннан кейін немесе өмірінің 2-3-ші аптасында пайда болады. Бауыр, талақ ұлғайып
тығыздалады. Нәжісі әлсіз боялады. Анық қансыраудың белгілері пайда болады.
Нәрестелерге улану белгілер, ОНЖ зақымдалуы, салмақты аз қосуы, іштің ұлғаюы тән.
Мұндай балалар әдетте салмақ қоспайды, гипотрофияның белгілері болады.
4.
Механикалық сарғаюлар бауырдың өт шығарғыш өзегінде өт кідірісінің
салдарына пайда болады. Оған тән: бауыр, талақ ұлғаю, қанда тіке билирубиннің көбеюі,
нәжістің ағаруы, зәрдің анық боялуы. Бұларға жататындар: өттің қоюлану синдромы, өт
шығару жолдарының атрезиясы, өт жолдарының сыртынан жаншылуы.
НГА-ның анемиялық түрін басқа себепті гемолитикалық анемияларды ажыратады.
Мысалы, туа пайда болған микросфероцитоздан (Минковский-Шоффар анемиясы).
НГА емі
нәресте организмінен гемолиздың уытты өнімдерін, алдыменен тіке емес
билирубинді, залалды гемолитикалық өзгерістердің жалғасуына себепкер антиденелерді
тез шығаруға бағытталуы керек, сонымен қатар түрлі ағзалар мен жүйелердің, әсіресе
бауыр мен бүйрек қызметтерінің мүмкіншілігін арттыру басты ем шаралары болып
саналады.
Гипербилирубинемиямен күресудің ең нәтижелі әдісі, қанды ауыстырып құю болып
табылады.
Барлық ЖТН-ге:
1. анасының қаны Rh факторы теріс болса, кіндік қанында қан тобын, Rh факторды,
Кумбс сынамасын билирубин деңгейін анықтау керек.
2. Кіндік қанында билирубин деңгейі 43 мкмоль/л болса 5-6 сағаттан кейін билирубин
деңгейін қайта анықтау қажет (яғни оның сағат сайын өсуін).
3. Өмірінің алғашқы тәулігінде сарғаюдың пайда болуы немесе оның айқын, тез өсуі ана-
сы мен баланың қан сәйкестігін зерттеуді, балаға ЖҚА жүргізілуі, қандағы билирубин
деңгейінің анықталуы талап етіледі.
4. Бала өмірінің алғашқы сағатында қанды алмастырып құюға абсолютті көрсетілім
ЖГА-ның клиникалық белгілері мен кіндік қанында билирубин деңгейінің 51
мкмоль/л жоғары болуы.
5. Әр уақытта қанды алмастырып құюға абсолютті көрсетілімдер болып, билирубинді
энцефалопатияның алғашқы белгілерінің пайда болуы саналады.
6. Өмірінің алғашқы тәулігінде сарғаюдың пайда болуы және оның қарқынды өсуі
билирубиннің сағаттық өсуі 9,0 мкмоль/л-ден жоғары болуы.
7. Қанды алмастырып құюды сарғаюдың кеш пайда болуына қарамастан, егер өмірінің 2-
3 тәулігінде билирубин деңгейі қауыпты деңгейге жетсе қолдану керек.
Күні жетіп туған балаларға арналған билирубиннің қауыпты деңгейі.
Кіндік қанында – 60 мкмоль/л
Өмірінің 24 сағатында – 150 мкмоль/л
Өмірінің 48 сағатында – 240 (Rh үйлесімсіздікте)
– 270 (АВО- үйлесімсіздікте)
Өмірінің 4 күні – 265 мкмоль /л (Rh- үйлесімсіздікте)
– 300 мкмоль/л (АВО- үйлесімсіздікте)
Билирубинді энцефалопатияның пайда болуына түрткі болатын оның қауіпті
деңгейлері:
Күні жетіп туғандар – 307-340 мкмоль/л
ШТН – 171-255 мкмоль/л.
Қанды қайта құюға көрсетілімдер:
1. Гемолитикалық аурудың клиникалық белгілерінің өршуі.
195
2. Билирубиннің сағат сайын өсуі 9,0 мкмоль/л-ден жоғары болса.
3. Альбуминді байланыстырудың төмен қабілеттілігі (80% төмен, қалыпты
жағдайда 100%).
4.
Анемияның күшеюі.
-
ҚАҚ-мен байланысты асқынуларды болдыртпау үшін ЖГА емдеуге арналған
жаңа нәтижелі әдіс гемосорбция болып табылады;
-
ЖГА емдеу кешенде болу керек.
Алғашқыда нәресте, донор сүтімен қоректену керек, ал 10-12 күннен кейін нәрестеге
емшек беру қажет (антидене титріне сәйкес).
Достарыңызбен бөлісу: |