Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет102/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Билирубиндік энцефалопатия (БЭ
) – сиректеу өмірінің алғашқы 36 сағатында кли-
никалық көрінісі байқалады, әдетте 3-6 күндері анықталады. Ағымын төрт фазаға бөледі: 
1. билирубиндік уыттану белгілернің басымдылығы, ОНЖ тежелу синдромының үдеуі: 
монотонды жылау, Моро рефлексінің текқана бірінші фазасының анықталуы, бұлшық 
ет тонусының төмендеуі, тағамнан бас тарту, лоқсу, құсу, патологиялық есінеу,
кезбелі көзқарас; 
2. ядролық сарғаюдың классикалық белгілерінің пайда болуы: спастикалық көрініс, желке 
бұлшық еттерінің тартылуы (ригидтілігі), опистотонус, дыбыстық қоздырғыштарға 
жауаптың жоюлыуы, кезеңдік қозу және қатты «милық» айқай, үлкен еңбектің 
томпаюы, бет бұлшық еттерінің тартылуы немесе толық амимия, үлкен амплидулалы 
тремор, құрысу; көздік белгілер: «батып бара жатқан күн күн», нистагм, Грефе белгісі; 


193 
тыныстың тоқтауы, жүрек ырғағының бұзылуы, летаргия, кейде дене қызуы 
жоғарлауы байқалады;
3. жалған жағымдылық кезеңі – неврологиялық белгілер кері дамып, сауығып келе 
жатқаны туралы жалған пікір тудырады; 
4. неврологиялық асқынулардың клиникалық көрінісінің қалыптасу кезеңі – балалар 
церебральды салының клиникасы қалыптасады; атетоз, хореоатетоз, садар, креңдік; 
нервтік-психикалық дамуының тоқырауы; дизартрия – бұл белгілердің бәрі нәрестелік 
кезеңнің соңында немесе 3-5 айлығында білінеді. 
Анемиялық түрі 
НГА-ның 10-20%-да байқалады. Салыстырмалы түрде жеңіл өтеді. 
Баланың тері жамылғысы туылғаннан кейінгі 1-ші аптаның соңында бозғылттанады, 
әсіздігі байқалады, емуі нашарлап, салмақ қосуы азаяды. Сарғыштық физиологиялық
сарғаю кезіндегідей айқын емес. Талақ пен бауыры ұлғаяды. Баланың жалпы жағдайы
аздап өзгереді. Қанда әртүрлі деңгейдегі анемия анықталады. Көбіне ол сфероцитозбен, 
нормобластозбен, ретикулоцитозбен (яғни, анемия регенераторлы болады) қосарланады. 
Кейде гипорегенераторлы анемия байқалуы мүмкін, ол сүйек миының тежелуіне, одан 
жетілген және жетілмеген эритроциттердің қанға шығуының, гемопоэтикалық факторлар-
дың жетіспеуінен (мүмкін цитокиндердің), азаюына байланысты. ББ-нің мөлшері қалыпты 
немесе аздап артуы мүмкін. Кейде анемия кездейсоқ анықталады.
Диагноз
қойғанда ата-анасы қанының сәйкессіздігі мен отбасылық анамнезбен қатар, 
жүктілік кезіндегі антиденелер титрінің динамикасын ескеру қажет (антиденелер титрінің 
жүктіліктің 3-ші айына дейін жоғарылауы – әйелдің бұрын сенсибилизация-ланғаны, ал 4-
ші аптадан кейін қазіргі жүктілік кезіндегі иммунизациясы туралы мәлімет береді). Ұрық 
маңы суын УДЗ-мен тексереді. 
Резус теріс жүкті әйелді үштен кем емес рет антидене титрін тексереді. Бірінші 
тексеруді жүкті әйел алғашқы келіп есепке тұрғанда жасаған жөн. Дұрысы үшінші 
триместрде айсын тексерген. Егер резус-антидене титрі 1:16 - 1:32 және оданда көп болса, 
егер «секеңдеп» отыратын антидене титрі байқалса, 26-28 апталықта амниоцентез жасап 
ұрықмаңы сұйықтықта билирубинтәріздес заттар мөлшерін анықтау керек. Қажет болса, 
қан алмастыру опрециясын құрсақішілік кезеңде жасайды, 32 аптадан кеш болмауы керек.
Бала туылғаннан кейін қан тобы мен резус-факторын, гемоглобин мен эритроцит 
мөлшерін, кіндік қанындағы билирубин деңгейін, және де, қажет болса, оның сағат сайын 
өсімін анықтайды. 
Билирубиннің сағат сайын өсуі мына формула бойынша анықталады: 
B

= Bn
2
– Bn

мкмоль/л
n
2
– n
1
B

– билирубиннің сағат сайын өсуі 
Bn
2
– бірінші тексергендегі билирубин деңгейі 
Bn
1
– екінші тексергендегі билирубин деңгейі 
n
2
– бірінші тексергендегі сағатпен өлшегендегі бала жасы 
n
1
– екінші тексергендегі сағатпен өлшегендегі бала жасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет