186
синдром) зақымданулар жүреді. Кеш асқынуларға инфекциялық (пневмония, менингит,
сепсис) және неврологиялық (гидроцефалиялық синдром,
гипоксиялық-ишемиялық
энцефалопатия) зақымдалулар жатады.
2.4.2. ТУЫЛУ ЖАРАҚАТТАРЫ МЕН ЗАҚЫМДАЛУЛАРЫ.
«Туылу жарақаты»
термині туу кезінде пайда болатын баланың ағзасы мен
тіндерінің бүтіндігінің бұзылыстарын біріктіреді.
Туу кезіндегі перинатальды гипоксия
мен асфиксия жиі туу жарақаттарымен қосарланып жүреді, бірақ олардың пайда болуына
патогенетикалық звенолардың бірі бола алады.
Туылу жарақаты себептерінің бірі – туылу кезіндегі акушерлік көмек. Ұзаққа
созылған құрсақішілік гипоксия, ауыр интранатальды асфиксия туылу актысы қалыпты
болғанның өзінде туылу жарақатының мүмкіндігін жоғарылатады.
Нерв жүйесінің, жұмсақ тіндердің, сүйектердің, ішкі мүшелердің
туу жарақаттары
анықталуы мүмкін. Нерв жүйесінің туылу жарақаттары мидың және жұлынның,
перифериялық нерв жүйесінің зақымдалуларынан тұрады (қолдың акушерлік салдануы,
диафрагманың, мимикалық бұлшықеттердің салдануы). ЖТН-ң патологиясында маңызды
рольді сүйектер сынығы (бұғана, сан, тізе) алады. Ауыр босану кезінде ішкі мүшелер
жарақаты дамиды, бұлшықеттердің жыртылуы нәтижесінде қан құйылуларға алып келеді.
Жұмсақ тіндердің зақымдануында жиі кездесетіндері – туылу ісігі мен кефалогематома.
Туылуу ісігі –
баспен келгенде бастың жұмсақ тіндерінің қанайналым бұзылысымен
және ісінуімен сипатталатын физиологиялық көрініс.
Баланың басында туылу ісігі
түзілсе, ол бір сүйек мөлшерінен асып кетіп, бірнеше сүйекті қатуы мүмкін. Ісік емді
қажет етпейді, өзінен-өзі 1-3күннен соң жазылып кетеді.
Кефалогематома –
бастың кез келген сүйегінің, жиі төбе және шүйде сүйектерінің
сүйекүсті астына қан құйылуы, ол туылған соң бірнеше сағаттардан кейін пайда
болады
. Ісік басында серпілді консистенциялы болады, жанындағы сүйектерге тарамайды,
пульсация байқалмайды, ауырсынбайды. Кефалогематома ұлғаюы мүмкін. Бала өмірінің
2-3 аптасында кефалогематома өлшемі кішірейеді, ал толық сіңірілуі 6-8 аптада жүреді.
Кей жағдайларда әктенуі, сирек-іріңдеуі мүмкін. Кефалогематома себебі – туылу кезіндегі
бастың қозғалысында сүйекүстінің сыдырылуы, сирек жағдайда – бассүйек жарылуы
болып келеді.
Орталық нерв жүйесінің туылу жарақаттары мен зақымдалулары.
Перинатальды патология –
жүктіліктің 28 аптасынан ЖТН өмірінің 7 күні
аралығында байқалатын патология.
Қазіргі уақытта ОНЖ зақымдалуына әкелетін перинатальды патологияның саны
жоғарылады:
1.
Ми гипоксиясы – 47%;
2.
Аномалиялар (ми дисплазиясы) – 28%;
3.
TORCH-инфекциялары – 19 (токсоплазмоз +қызамық цитомегаловирустар +
герпес
+ т.б. инфекциялар). Герпес вирустар тератогенді қасиетіне байланысты қызамықтан
кейін 2-ші орын алады.
4.
Тұқымқуалайтын зат алмасу бұзылатын аурулар: фенилкетонурия (ФКУ),
галактоземия, лейциноз («үйеңкі шырыны» ауруы).
«ОНЖ перинатальды зақымдалуы (ОНЖ туыл у жарақаты, бассүйекішілік туылу
жарақаты)» термині терең патоморфологиялық өзгерістермен сипатталады, ол миға қан
құйылу (бассүйекішілік қан құйылу) және тіндер деструкциясымен (гипоксиялық-
ишемиялық энцефалопатия) білінеді. Бассүйекішілік қан құйылулар шығу тегі бойынша
жарақаттық және гипоксиялық болып бөлінеді. Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия
(ГИЭ) – перинатальды
гипоксиямен сипатталатын, қимыл-қозғалыс бұзылысына,
құрысуларға, психикалық даму бұзылысына әкеліп соқтыратын мидың зақымдалуы.
187
Клиникасында физиологиялық қалыпты деңгейден асатын бас көлемінің үлкеюі
(өмірінің бірінші кварталында ай сайын 2см асады), бассүйек жіктерінің ажырауы,
басында айқын веналық тордың анықталуы, үлкен еңбектің ісінуі мен үлкеюі байқалады.
Қозғыштықтың жоғарылауы, ащы айқай, көз симптомдары байқалады, бұлшықет тонусы
өзгереді (гипо- немесе гипертонус).
Ерте қалыптасу кезеңінде синдромдар клиникалық диагнозда «энцефалопатия»
терминімен белгіленеді, оған дистрофиялық өзгерістермен сипатталатын миыдың
аурулары кіреді.
Кеш қалыптасу кезеңінде мидың зақымдалуының шынайы ауырлығы мен деңгейі
нақты анықталады. Болбыр иық симптомы, аяқтарының
қиылысуы және психофизиоло-
гиялық даму кідірісінің анықталуы қолайсыз болжам көрінісі болып келеді.
Қалдықты көріністер кезеңінде мидың зақымдалуының ең ауыр ақыры – балалардың
церебральды салдануы, гидроцефалия, эпилепсия болып табылады. ОНЖ-ң туылу
жарақаты байқалған балалардың барлығыда өсе келе әртүрлі ми ауруынан зардап шегеді.
Емі
босану залында реанимациялық шараларды жүргізуден басталады, сосын
қарқынды ем бөлімінде жалғасады.
Жедел кезеңінде емі ми ісінуі мен қан кетуге қарсы күреске және аяушылық режимді
қалыптастыруға бағытталады.
Емдік шаралар:
1.
Дегидратация (маннитол 15%, лазикс 1%);
2.
Құрысуға қарсы ем (седуксен, дроперидол, фенобарбитал);
3.
Тамыр қабырғасын нығайту (кальций глюконаты, аскорбин қышқылы);
4.
Нерв тіндеріндегі алмасу процесстерін қалыптастыру
және мидың гипоксияға
тұрақтылығын артыру (глюкоза, АТФ, липой қышқылы, альфа-токоферол, глютамин
қышқылы).
Синдромальды
терапия
жүргізіледі:
тыныс
және
жүрек-тамыр
жетіспеушіліктерімен, құрысумен және гипертермиямен күрес.
Аурудың жедел кезеңінде балаға мұқият күтімді ұйымдастыру керек. Бұл кезде қатаң
қорғаушы режимі сақталуы керек: дыбысты және жарықты тітіркендіргіштердің
қарқындылығын төмендету; аяушылықпен толық қарау, орау және әртүрлі
процедураларды орындау; ауырсыну тудыратын тағайындауларды азайту; салқындаудың
немесе қызынудың алдын алатын «температуралық қорғаныс», бала күтіміне
анасының
қатысуы. Ми тіндерінде оттегіге деген қажеттіліктің жоғарылауына байланысты, оттегі
беруді қамтамасыз ету керек. Дәрігердің тағайындауы бойынша, краниоцеребральды
гипотермия қолданылады. Баланы табиғи тамақтандыру нәтижелі емнің маңызды ролі
болып табылады. Баланы жағдайына байланысты тамақтандыру керек – парентеральды,
болмаса асқазан зонды арқылы немесе емізік арқылы. Аурудың алғашқы күндерінде ана
сүтімен тамақтандырып, сосын емізік арқылы берсе – ол балаға шектен тыс жүктеме
екенін есте сақтау керек.
Қалыптасу кезеңіндегі емі басты неврологиялық синдромды жоюға бағытталады, бір
мезгілде сіңірілу терапиясы жүргізіледі және нерв
клеткаларындағы трофикалық
процесстерді белсендіру керек (В тобы витаминдері, церебролизин, алоэ). Ноотропты
препараттар қолданылады (пирацетам, аминалон, пантогам). Ми қан айналымын жақсарту
үшін
кавинтон,
стугерон,
трентал
қолданылады.Нәтиженің
жақсы
болуы
физиотерапиялық емді, массаж, гимнастика, емдік дене шынықтыруды жүргізуге
мүмкіндік береді.
2.4.4. ЖАҢА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ АУРУЫ (НГрА)
Достарыңызбен бөлісу: