Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет95/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Стоматологтар 
назарына.
Шала туылған балалар минералдардың организмге қарқынды түсуі жүктіліктің 
соңғы айларында жүретін болғандықтан, сонымен қатар қарқынды өсу жағдайында 
қажеттіліктің артуынан ерте балалық шақ кезеңінде фосфаттар мен кальций жетіспеуіне 
бейім.
Эмбриогенез процессінде жағымсыз факторлардың әсері нәтижесінде (жай герпес, 
цитомегаловирус, қызамық, тұмау вирустары, В және С гепатиттері, АДИТВ, 
энетрвирустар, сонымен қатар алькоголь қабылдау және шылым шегу) туа біткен ақаулар 
қалыптасуы мүмкін.
2.3. ЖАҢА ТУЫЛҒАН БАЛАНЫ АЛҒАШҚЫ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ 
Жаңа туылған кезең – бала өмірінің өте ерекше кезеңі. Жаңа туылған кезеңнің 
ерекшеліктерін жақсы білу керек. Себебі, жүктілік кезінде анасы мен баласының өз ара 
байланысы ұрықтың дамуына маңызды әсер тигізеді. Ұрықтың дамуы 2 кезеңге бөлінеді. 
Жүктіліктің дұрыс өтуі және ұрықтың қалыпты дамуы анасының денсаулығына 
байланысты. Анасының қатаң аурулары жедел және созылмалы инфекциялары, әртүрлі 
уыттанулар, тамақтың құрамының және мөлшерінің жетіспеулері, жұмыс пен тұрмыстық 
ауыр жағдайлары ұрыққа зиянды әсер етіп, оның өміріне қауіп туғызып, шала туылуына, 
әртүрлі ақауларға және т.б. жағдайларға ұшыратуы мүмкін. 
Босану кезеңінің, әсіресе, толғақтың күшену кезеңдерінің ұзақтығы, баланың 
жағдайына үлкен әсерін тигізеді. 
Жүкті әйел жылы, ауасының қызуы 26-27°С бөлмеде босануы керек. Егер мерзімінен 
бұрын босанатын болса кувез дайындалады. Кувездің ішіндегі ауа жылылығы +36° кем 
болмауы керек. Бұндай қызу нәрестені кұдақтайтын заттарды, кіндікті алғашқы және 
екінші өңдеуден өткізуге арналған пакетті, стерильді өсімдік майын жылыту үшін қажет. 
Бала туғаннан кейін кувез ішіндегі ауа қызуы нәрестенің алғашқы салмағымен 
гестациялық жасына сәйкес төмендетіледі: 1 - 1,5 кг кувезде – 34 - 35°С, 1,5 - 2,0 кг – 32 - 
34°С, 2 - 2,5 кг – 30 - 32°С, 2,5 кг-нан артық болса – 28 - 30°С. 
Туылған баланы акушер қолына, жылы жаялыққа қабылдап алып, тез қимылдап, 
нәрестенің үстін кұрғатады да, су жаялықты тастап, кұрғақ жаялыққа орайды. Нәрестенің 
басына телпегін кигізіп, анасының емшегіне салады да, қосымша үш фланельді 


179 
жаялықпен, көрпемен (қыс күндері) жабады. Қажет болған кезде баланың тыныс алу 
жолдарын тазартады; ауа қуысының кілегейіқ ұрықтық суларды және т.б. сорып тастайды. 
Кейбір кездерде бала қанында оттегі көп мөлшерде болып немесе тыныс алу орталығының 
тітіркенуі төмендеу болып туады. Осындай жағдайларда бірнеше секундтан – минутқа 
дейін нәресте дем ала алмайды. Бұл – жаңа туылған баланың апноэсы деп аталады. Дені 
сау, уақытында туған баланың дауысы қатты болады. Бірінші рет терең тыныс алады, 
содан кейін тыныс алуы біркелкі, бір-ақ беткейлі және жиі, 40-60 рет болады. Бала 
жағдайы өмірінің бірінші минутында Апгар шкаласы бойынша бағаланады 
(61 кесте). 
Жалпы бағасы 5 көрсеткіштің (тыныс алу, жүрек соғу, тері түсі, бұлшық ет тонусы, 
бейнелістер) бағасының қосындысымен анықталады (ең жоғары бағасы – 10 балл). Жаңа 
туылған баланың жағдайы 7-10 баллмен бағалағанда, қанағаттанарлық деп саналады. 
Жалпы бағасы 7 баллдан төмен болса, балада зақымдану болуы мүмкін (гипоксия, 
орталық нерв жүйесінің зақымдалуы). Дені сау уақытында туылған балалардың көбісінің 
жағдайы 9-10 баллмен бағаланады. 5 минуттан соң және 2 сағат өткеннен кейін (балалар 
бөліміне ауыстырар алдында) дәрігер Апгар шкаласын пайдаланып, баланың жағдайын 
қайтадан бағалайды. 
Ең бірінші бленореяның (создық конъюктивиттің) алдын алу шаралары жүргізіледі 
(терілік және көзбен ұшырасудан кейін). Негізінен Креде-Матвеев әдісі қолданылады. 
Конъюктива қаптарына азот қышқылды күмістің ертіндісін бір-бір тамшыдан тамызады. 
Қыз балаларда осы ертіндінің 1-2 тамшысын сыртқы жыныс мүшесінің кілегей қабығына 
да тамызады. Әдетте, бұл дәріні тамызғаннан кейін реактивитті конъюктивит байқалады, 
сондықтан, қазіргі кезде 20 – 30 % альбуцид ертіндісі қолданылады. 
Баланың жағдайын анықтаған соң, дәрігер мен акушер туа болған ақаулардың бар 
жоғын тексереді (жоғарғы еріннің және таңдайының болмауы, көтеншектің бітелуі, Даун 
ауруы және т.б.). Анықталған ақаулар баланың даму тарихына тіркеледі. 
2.3.1. ЖАҢА ТУЫЛҒАН БАЛАНЫ ТЕКСЕРУ 
Жаңа туылған баланы педиатр-дәрігер, бірінші 2 сағаттың ішінде, босану бөлімінде 
толық клиникалық тексеруден өткізеді. Тексеру үшін нәрестені шам сәулесімен, жарық 
түсірген құндақтау столына жатқызады. Алдымен дәрігер анасының өмір тарихымен 
танысады, анасының ауруларына ерекше назарын аударады (оның жайы, жүктілік және 
босану ерекшеліктері және т.б.). Сосын мәліметтердің сәйкестігін анықтайды. Баланың 
білезігіндегі мәліметтерді даму тарихындағы мәліметтермен салыстырады. Осыдан кейін 
дәрігер баланы тексеруге кіріседі. Бәрінен бұрын баланың жағдайы бағаланады, төмендегі 
жазған белгілер арқылы мерзімінде туылғандығының дәрежесі, баланың жүйелерінің 
аномалиялары анықталады. Содан кейін әртүрлі жүйелерін бірінен соң бірін арнайы 
ретпен зерттейді. 
Жаңа туылған баланың терісі тегіс, серпінді, ақшыл-қызыл немесе қызыл түсті 
болады. Тіршілігінің бірінші сағаттарында аяқ-қолының терісі шамалы көгеріп тұрады. 
Әрқашанда нәрестенің терісінің түсіне ерекше назар аудару қажет. Терінің бозаруы, 
қоңыр түстес болып көгеруі, сарғаюы жаңа туылған баланың ауырғанын көрсетеді. 
Нәрестенің терісінде, әсіресе, иық пен сан аймағында, түкті шаш болады. Май шығару 
бездері жақсы дамыған: майы жиналып, тері бетіне шыға алмай, ақ түйіршіктер түрінде 
көрініп (милиа) тұрады. Олар мұрын ұшында, екі бетінде, маңдайында, иегінде болуы 
мүмкін. Бірінші айдың аяғында бұл түйіршіктер жойылып кетеді. 
Ауыз қуысының кілегей қабаттары ақшыл-кызыл нәзік, қан тамырлары мол, шамалы 
кұрғақтау болады. Олар оңай зақымдалуы мүмкін, сондықтан кілегей қабаттарды 
тазартпайды. Мерзімінде туылған баланың тері асты шел майы жақсы дамыған. Тіндердің 
тургоры жақсы. Басындағы шаштары көбіне қара, ұзындығы 2 см болып келеді, бірақ 
жекелеген айырмашылықтары болуы мүмкін. Жаңа туылған балалардың көбісінде желке, 
маңдай, жоғарғы қас аймақтарында әр түрлі пішінді қызыл дақтар болуы мүмкін. Бұл 


180 
телеангиоэктазиялар денедегі қан тамырларының жергілікті кеңеюі. Бұл дақтар тамыр 
ісіктеріне ұқсайды, бірақ емсіз жойылып кетеді. Ешқашан ұлғаймайды. Көбіне баланың 
бетінде, арқасында, көздерінің кілегей қабаттарында петехиялар байқалады. Себебі, 
босану кезінде баланың басы шыға бастағанда қан айналымы тоқтап, капиллярлар 
зақымдалуы мүмкін. 
Сүйек жүйесі. Жаңа туылған баланың басы салыстырмалы бағалағанда үлкен болып 
келеді. Ол дене ұзындығының 1/4 құрайды. Бас шеңбері 32-34 см болып, кеуде қуысынын 
2-4 см артық болып келді. Бас сүйектері тығыз болады, басқан кезде аздап майысуы 
мүмкін. Кейбір балалардың бас сүйектері майысқанда пингпонг добы сияқты болуы 
мүмкін. Бұл жағдай краниотабес – бас сүйектерінің кальцификациясының жетілмеуі деп 
аталады. Туғаннан кейін кальцификация тез түзеліп, бітеді де, бас сүйектері тығызданады. 
Үлкен еңбегі ромб тәріздес, бала туылғанда ашық, ені шамамен 2×2 см-ге тең болады. 
Жаңа туған балалардың 25% кіші еңбегі де ашық, ені шамамен 0,5 × 0,5 см болып келеді, 
сонымен бірге жебе жігі де жиі ашық болады. Нәрестенің басы сүйектері жұмсақ 
болғандықтан босану кезінде деформацияға ұшырауы мүмкін, тіпті сүйектердің бір-
бірінің үстіне шығып кетуі де мүмкін. Жаңа туылған балалардың барлығында басында туа 
болған ісік анықталады (басының бірінші туылған жерінің ісінуі), бұл ісік 1-2 күн өткесін 
өзінен өзі жойылады. 
Туа болған ісіктен төбе сүйектерінің қабық астына қан құйылуын айыра білу қажет. 
Бұл жағдай бала аяқ жағынан туылғанда кездеседі. Кефалогематома бір жақта, болуы 
мүмкін. Үлкендігі өріктің көлемімен жұмыртқаның үлкендігіне дейін жетеді. Бір сүйектің 
шеңберінен шықпайды, ал туа болған ісік бірнеше сүйектердің аймағына орналасады. 
Сипағанда кефалогематома былқылдап тұрады, ауырмайды, негізінен тығыз болып 
анықталады (сүйек қабығының жуандауы). Кефалогематома көлеміне қарай 4-8 аптадан 
кейін жоғалып кетеді. Нәрестелерде, босану қалыпты өткенде, әсіресе, баланың салмағы 
үлкен болғанда бұғанасының сынуы жиі кездеседі. Сынық ортаңғы 1/3 бөлігінде 
орналасқан, толық немесе жартылай (қабық астыңғы) болуы мүмкін. Қарағанда, сынық 
маңайындағы жұмсақ тіндердің шамалы ісінуі байқалады. Толық сыну пайда болғанда 
сыну аймағында крепитация анықталады. Ал, жартылай сынуда сүйектің мүйізденуі пайда 
болған соң, яғни 5-7 күн өткесін білінеді. 
Нәрестенің аяқ-қолдарын денесімен салыстырғанда, қысқа болады, ол дене 
ұзындығының 1/3 бөлігін құрайды, аяқ пен қолының ұзындығы бірдей болып келеді. Айы-
күні жетіп туған балалар кол-аяғын бүгіп бауырына жинап жатады. 
Ұршық буынының дисплазиясы мен санның шығуын және майтабандықты анықтау 
үшін сандарына, балтыр-табан буындарында ерекше назар аудару керек. 
Нәрестенін бұлшық еттері. Жаңа туған баланың бұлшық еттері нашар дамыған. 
Баланын жағдайының өте маңызды көрсеткіштерінің бірі болып бұлшық еттердің тонусы 
есептелінеді. Жаңа туылған кезде бұлшық еттерінің шамалы гипотониясы анықталады, 
сосын оның орнына гипертония пайда болады және бүккіш еттерінің тонусы жазу 
еттерінің тонусынан жоғары болып келеді. Сол себептен нәрестені жалаңаштағанда қол-
аяғын бауырына жинап жатады. Бұл нәрестенің физиологиялық қалпы болып саналады. 
Жаңа туған баланың қимылы координациялы емес, атетоидты үзілісті, шалқасынан құлап 
жатқан қоңыздың қимылдарына ұқсас болады. 
Тыныс жүйелері. Бірінші терең дем алғаннан кейін жаңа туған баланың тыныс алуы 
дұрыс, ырғақты болады, кейбір кездерде тыныс алуының ырғақтылығы бірнеше күннен 
кейін пайда болады. Нәрестенің тыныс алуы жиі (1 минутқа 40–60 рет). Тіршіліктің 
бірінші күндерінде жүрек соғуы ырғақсыз, жиі, 1 минутқа 120–160 болады. Ұйықтап 
жатқанда жүрек соғуының жиілігі 20–25 ретке азаяды, ал айқайлағанда, емгенде, 
қимылдағанда, жиіленеді. Туылғаннан кейінгі бірінші күндерде төстің сол жақ маңайында 
ұрықтық тамырлардың бітелмегеніне байланысты систолалық шу анықталуы мүмкін. 
Ас қорыту мүшелері. Нәрестенің ішін қарағанда, іштің пішініне (кебу), кіндіктің 
жағдайына (қан ағу) назар аудару керек. Көтенішектің аймағын қарап, оның атрезиясының 


181 
бар-жоғын анықтау қажет. Тоңғақтың шығуы көтенішектің дұрыс дамығанының белгісі. 
Бірінші тәуліктің ішінде тоңғақ шықпаса жаңа туған балаларды резина катетерді анусқа 
кіргізіп, тексеру керек. Қалыпты жағдайда катетерді 10 см тереңдікте енгізуге болады, 
көтенішектің атрезиясында катетер бүгіліп кері шығады. 
Тіршіліктің алғашқы екі тәулігінде тұңғыш нәжіс, жасыл түсті, ботқа тәріздес 
болады, оны меконий (тоңғақ) деп атайды. Оның құрамында ас қорыту сөлдері, қабыр-
шақталған эпителиальды клеткалар, жұтылған ұрықтық сулар болады. Мөлшері 60 - 70 г. 
Бала даму тарихына міндетті түрде тоңғақтың болған болмағанын тіркеу қажет. 
Зәр шығару және жыныс мүшелері. Өмірінің бірінші күндерінде бала зәрді аз 
шығарады (тәулігіне 4-5 рет). Зәр шығаруы, зәр шығару жүйелерінің туа болған ақауларын 
анықтау үшін даму тарихына тіркеліп отырады. 
Жаңа туылған баланың сыртқы жыныс мүшелері жетіліп дамыған. Ер балалардың 
аталмыш бездері ұмасында, қыз балалардың жыныс саңылауы жабық болады. 
Жүйке жүйелері. Жаңа туған бала сыртқы тітіркендіргіштерге шамалап жауап береді. 
Оның себебі ми қабығы әлі толықтай жетілмеген, қатты тітіркендіру жүйке-іс әрекетін 
тежеп, ұйқыға соқтырады. Жаңа туған баланың жүйке-іс әрекетін тексеру – жалпы 
тексерудің маңызды бөлігі. Жаңа туған балада есінеу, ему, жұту бейнелістері жақсы 
анықталады. Бұл бейнелістер III–IV дәрежелі шала туған және қатты зақымдалған 
балаларда анықталмайды. Жүйке жүйесінің жетілмеуіне байланысты жаңа туған 
балаларда бірнеше аптадан кейін жойылатын бейнелістер анықталады (физиологиялық 
рефлекстерді қара). 
Тіршілігінің бірінші тәуліктерінде кездесетін жаңа туған баланың физиологиялық 
жағдайлары тиісті бөлімдерде толық жазылған. 
Терінің физиологиялық қабынуы туылғаннан кейін, бірнеше сағат өткесін баланың 
терісі қызарады. Бұл жағдай жаңа туған баланың физиологиялық қызаруы деп аталады. Ол 
бірнеше күннен кейін жойылып кетеді. Оның орнына ұсақ қабыршақтану (әсіресе, алақан 
мен табанында) пайда болады – физиологиялық қабыршақтану. 
Токсикалық эритема. Бірінші күндердегі баланың ерекше жағдайы. Бала терісінде 
іріңсіз шамалы гиперемиямен шектелген, кішкене ақ ісік, кей кездері бірімен-бірі 
қосылып маса шаққандай болып тұрады немесе көлемі 5 мм және одан артық торсылдақ 
пайда болу мүмкін. Токсикалық қызару 2-3 күннен кейін жойылып кетеді. Себептері 
толықтай анықталмаған, зерттеушілердің көбісі оны ұрықтың анасының белогына 
аллергиялық реакциясы деп болжамдайды. 
Физиологиялық сарғаю. Бұл жағдай 2-3 тәуліктің соңында анықталады, жаңа туған 
балалардың 70% 7-10 тәулікте жойылады. Бұл жағдайдың негізінде гемолиздің қарқынды 
жүруі жатады. 
Салмағының физиологиялық азаюы. Тіршіліктің бірінші 4 күнінде байқалады, яғни 
туылған салмағының 4-5% кемиді. Салмағының азаюы 8-10% тең болса – ол 
патологиялық жағдайға жатады. Балалардың көбісінің салмағы 9-10 күндері өз қалпына 
келеді (егер анасының сүті мол болса – 6-7 күнде). Салмақ азаюының себебі – бала 
сұйықтықты демімен шығарады, ал оны ішу салыстырмалы түрде аз болады. Салмағының 
азаюын кеміту үшін балаға жақсы күтім жасау, ерте емізу, сұйықтықты жеткілікті 
мөлшерде беру қажет. 
Транзиторлы қызба. 2-5 күндердің аралығында баланың дене кызуы 38-40
о
дейін 
көтеріледі, бірак, ешқандай басқа патологиялық белгілер анықталмайды. Транзиторлы 
қызба салмағының азаюымен бірғе байқалады. Оның негізінде баланы белокқа бай уызбен 
тамақтандырғанда сұйықтықтың жеткілікті болмауы және қызу реттейтін орталыктың 
жетілмеуі жатады. Қызудың патологиялық себептері анықталмаса, ол физиологиялық деп 
есептелінеді. 
Жыныс немесе гормональды криз. Ер және қыз балалардың сүт бездері 3-4 тәулікте 
ісінуі мүмкін, мөлшері бұршақ мөлшерінен грек жаңғағы мөлшеріне дейін және одан да 


182 
үлкен болуы мүмкін. Ең үлкен мөлшері 8-10 күндерде анықталады. Сүт бездерінде 
саусақпен сәл басқанда, уызға ұқсаған сөл шығады. 2-4 айда сүт бездері өз қалпына келеді. 
Сонымен бірге, қыз балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің ісінуі байқалады. 
Бірінші күндері жыныс саңылауынан ақ түсті кілегей шығады, бұл жатырдың мойындағы 
безді тіндердің жалпақ эпителиі клеткаларының қосылып шығуы. 3-7 тәулігінде кілегейге 
қан қосылуы мүмкін. Бұл жағдай 1-2 күн анықталып, соңынан өзінен өзі жойылып кетеді. 
Бұл жағдайлар ұрыққа анасының жыныс гормондарының өтуіне байланысты болады. 
Анасының жыныс гормондарының әсеріне байланысты, ер балалардың аталық 
бездерінің арасында мөлдір сарылау сұйықтық жиналуы мүмкін, 6 аймен 12 айдың 
аралығында сұйықтық сіңіріліп кетеді. 
Нәжістің өзгеруі. 1 - 2 тәулікте бала нәжісі меконий (тоңғақ) деп аталады, 2-3 күні 
оның орнына өтпелі жасыл қоңыр түсті нәжіс пайда болады. 5-6 тәуліктен бастап 
(анасының сүтінің мөлшеріне байланысты), балаларда қалыпты, емшек жасына тән нәжіс 
қалыптасады. Ол сары түсті, ботқа тәріздес қоймалжың, ащы иісті болады. Нәжіске 
тәулігіне 2 - 3-тен 6-7 ретке дейін отырады. 
Бүйректін зәр қышқылды инфарктісі. Құрамында зәр қышқылы көп қышқыл 
реакциясы және аз мөлшерді зәр шығарады. Себебі, бүйректің жинау түтікшелерінде зәр 
қышқылының тұздары (ураттар) жиналады. Жаңа туған балалардың несебі бірінші 
күндерде қызылдау болып, жаялықтарында қызыл кірпіш түсті дақтар қалдықтары 
байқалады (ураттардың көп мөлшерде шығуына байланысты). Бірте-бірте ішкізетін 
сұйықтықтың мөлшерін көбейткенде, диурез көбейіп, зәр қышқылының тұздары жуылып 
кетеді де, зәр қалыпты түсіне енеді. 
Кіндік қалдығының түсуі. Кіндік қалдығы кеуіп, балалардың көбісінде 4-5 күнде 
түседі. Кіндік қалдығында, оның жарасында күнде спирт немесе далаптың 5% 
ертіндісімен тазартып отыру керек. 
Мерзімінде және шала туылғандықтың белгілері. Жүктіліктің мерзімі толықтай 
өтпей туылған бала шала туылған деп есептелінеді. Қалыпты өтіп жатқан жүктіліктің 
ұзақтығы 38-42 апта. Салмағы 2500 г дене ұзындығы 48 см-ден кем болып, жүктіліктің 28 
– 37 апталарының аралығында туылған бала (ДДҰ-ның мәліметі бойыша 22-37 апта) шала 
туылған бала деп есептелінеді.
Мезгілінде туылған балалардың терісі қызғылт, нәзік, бархат тәрізді, терісі тегіс 
боялған болады. Үлпі шаштары иығында және денесінің жоғарғы бөлігінде ғана 
байқалады. Басындағы шашының ұзындығы 2-3 см-ден кем болмайды. 
Құлақтың қалқанының және мұрынының шеміршектері, тырнағы жақсы дамыған 
тығыз болады. Тырнақтары тырнақтың орнын толық алып жатады. Кіндік сақинасы 
тұлғаның ортасында немесе одан сәл төмен орналасады. Дені сау жаңа туылған бала дене 
қызуын жақсы сақтайды. Ему және жұту бейнелістері жақсы дамыған, тыныс алуы және 
жүрек соғу ырғағы тұрақты болады. Қыз балаларда сыртқы жыныс мүшесінің үлкен ерні 
кіші ернін жауып тұрады. Ер балаларда аталық без ұманың ішіне түседі. 
2.4.1. ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕР АУРУЛАРЫ 
2.2.1. ЖТН АСФИКСИЯСЫ. 
ЖТН асфиксиясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет