Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет96/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Қазіргі уақытта ЖТН асфиксиясы деп, жүрек соғысы бар кезде 
тыныс алудың болмауын немесе құрыспалы, тұрақты емес, беткей тыныс алуды 
айтады

Асфиксия төмендегідей болып бөлінеді: 
1.
Ұрық гипоксиясы, ол антенатальды және интранатальды болып бөлінеді; 
2.
ЖТН асфиксиясы. 


183 
Құрсақішілік асфиксияның негізінде қанайналым бұзылысы жатыр, ал, ЖТН 
асфиксиясының негізінде – тыныс бұзылысы жатыр, ол құрсақішілік қанайналым 
бұзылысы нәтижесінде дамиды. 
Сонымен қатар, ЖТН асфиксиясы біріншілік, ол кезде туылған нәресте кіндігі 
кесілгеннен кейін, өздігінен тыныс алмайды, және екіншілік – нәресте өмірінің келесі 
сағаттары мен күндерінде кездеседі. 
ЖТН-ң жедел асфиксиясына әкелетін 5 негізгі механизмін бөледі: 
1.
кіндік арқылы қан ағуының бұзылуы (шынайы кіндік түйіндері, олардың қысылуы, 
баланың мойнына немесе денесінің басқа жерлеріне кіндік бауының тығыз оралып 
қалуы); 
2.
плацента арқылы газ алмасудың бұзылысы (уақытынан бұрын плацентаның толық 
және жартылай ажырауы, плацентаның дұрыс орналаспауы және т.б.); 
3.
плацентаның аналық бөлігінде қанайналым бұзылысы (шектен тыс белсенді толғақ, 
артериальды гипотензия немесе анасындағы кез келген этиологиялы гипертензия); 
4.
анасының қанының оттегімен қанығуының нашарлауы (анемия, жүрек-қан тамыр 
аурулуры, тыныс жетіспеушілігі); 
5.
ЖТН құрсақтан тыс тыныс әрекетінің жетіспеушілігі (анасына дәрі-дәрмектік емнің 
әсері, ұрық миының антенатальды зақымдалуы, өкпенің туа пайда болған даму 
ақаулары және т.б.); 
Екіншілік гипоксия аспирация, пневмопатия, бас миының және жұлынның туу 
жарақаттары, туа пайда болған жүректің, өкпенің, мидың даму ақаулары салдарынан 
дамуы мүмкін. 
Нәтижесінде, асфиксия – бұл тұншығу, әртүрлі себептермен шақырылған жедел 
дамитын патологиялық процесс, оның негізінде – қанда және тіндерде оттегінің 
жетіспеушілігі (гипоксемия, гипоксия), сонымен қатар, организмде көмірқышқыл газының 
(гиперкапния) және зат алмасудың басқа қышқылды өнімдерінің жиналуы жатыр, ол 
нәтижесінде метаболикалық ацидозға әкеледі. Қанайналыста жүретін зат алмасудың 
қышқылданбаған өнімдері клеткалардағы биохимиялық процесстерді тежейді және тіндік 
гипоксияны шақырады; организм клеткалары оттегіні жұту қабілетін жоғалтады. 
Патологиялық ацидоз тамыр қабырғасының және клетка мембранасының өткізгіштігін 
жоғарылатады, нәтижесінде қанайналым бұзылысына, қанның ұю процессінің 
нашарлауына және әртүрлі органдарда қан құйылуларға әкеледі. Тамырлар тонусын 
жоғалтады да, қанға толады, қанның сұйық бөлігі айналадағы тіндерге шығады, содан соң, 
барлық мүшелер мен жүйелер клеткаларында дистрофиялық өзгерістер мен ісік дамиды. 
Клиника.
Асфиксияның негізгі клиникалық белгісі – тыныс алудың бұзылысы немесе 
болмауы. Асфиксия дәрежесін Апгар шкаласы бойынша анықтайды. Қазіргі кезде 
асфиксияны екі дәрежеге бөледі: орташа ауырлықта және ауыр дәрежелі. 
Асфиксияның орташа ауырлықты дәрежесінде Апгар шкаласы бойынша 1-ші 
минуттағы ұпайлар қосындысы 4-6 баллды құрайды, бірақ, 5-ші минутта сау балалардың 
деңгейіне жетеді (8-10 балл). 
Ауыр асфиксияда Апгар шкаласы бағалау бойынша туғаннан кейін 1 минуттан соң 0-
3 баллды құрайды және 5 минуттан кейін – кем дегенде, 7 баллды құрайды. 
Апгар шкаласы бойынша бағалау туғаннан соң 1-ші және 5-ші минуттың соңында 
жүргізіледі. Егер 5 минуттан соң суммарлы бағалау 7 баллға жетпесе, онда оны әрі қарай 
әрбір 5 минут сайын көрсеткіш қалыпты жағдайға жеткенше 20 минут бойы жүргізу керек. 
 
61 КЕСТЕ 
АПГАР ШКАЛАСЫ 
Симптомдар 
0 балл 
1 балл 
2 балл 
Жүрек соғу 
жиілігі 
Пульс жоқ 
Минутына 100 
соққыдан аз 
Минутына 100 
соққыдан көп 


184 
Тыныс қозғалысы Тыныс жоқ 
Сирек, тұрақсыз, жеке 
құрысулы тыныс 
Жақсы, қатты айқай 
Бұлшықет тонусы Енжар 
Аяқ-қолдары аздап 
бүгілген 
Белсенді қимыл 
Мұрын катетеріне 
реакция 
Реакция жоқ 
Гримаса 
Жөтел, түшкіру 
Тері жамылғысы-
ның түсі 
Жалпы бозғылт-
тық немесе цианоз 
Тері қызғылт, 
акроцианоз 
Терісі қызғылт, 
қызыл 
Емі.
Асфиксия – бұл шұғыл реанимациялық шаралар көрсетуді қажет ететін өте ауыр 
жағдай. Бұл шараларды жүргізу үшін баладағы тірі туылудың 4 белгілерінің бірін 
анықтайды: 
1. Өздігінен тыныс алу. 
2. Жүрек соғысы. 
3. Кіндік пульсациясы. 
4.Бұлшық еттердің жирылуы. 
Тірі туылудың бір белгісіде анықталмаса, бала өлі туылған болып есептеледі және 
реанимацияны қажет етпейді. Егер тек 1 белгісі анықталса – міндетті түрде 
реанимациялық көмек көрсету керек. 
Асфиксиядан шығару жалпы көрсетілген реанимациялық принциптерді қолдануды 
талап етеді (АВС-реанимация): 
А-airway – тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету; 
В-breath – жасанды немесе көмекші желдетумен қамтамасыз етілген тыныс; 
С-cordial circulation – жүрек қызметін және гемодинамиканы қалпына келтіру және 
қалыпты деңгейде ұстап тұру; 
Босану залында немесе оның айналасында тәулік бойы ЖТН-ге көмек көрсету үшін 
«реанимация аралшығы» дайын болу керек, ол бірнеше блоктардан тұрады: 
1.
Қоршаған орта мен температуралық қорғанысты қамтамасыз ету блогы – жылыту 
столы, сәулелі жылу көзі, стерильді жылы жаялық; 
2.
Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру блогы – электросорғыш, алмұрт
тәрізді резиналы сорғыш, ауыз ауа өткізгіші, эндотрахеальды түтікше, балаларға 
арналған ларингоскоп; 
3.
Оксигенотерапия блогы – қысылған ауа көзі, ауа-оттегілі қоспаны жылытушы және 
ылғалдаушы құрылғы, оттегіні енгізуге қабілетті байланыстырушы түтікшелер 
жинағы; 
4.
Өкпені жасанды желдету блогы (Амбу типті тыныс қапшығы, өкпені автоматты 
желдендіру аппараттары); 
5.
Дәрі-дәрмектік ем блогы – бір реттік қолданылатын шприцтер, қолғаптар, дәрілер 
жинағы, кіндік венасына арналған катетерлер жинағы; 
6.
Өмір сүруді бақылау блогы – кардиомонитор, АҚҚ өлшейтін аппарат, секундомер, 
фонендоскоп; 
Асфиксиямен туылған нәрестеге біріншілік көмек көрсету алгоритмі бірнеше этаптан 
тұрады. 
Реанимацияның І сатысы баланың басы шыққан соң немесе бала туылғаннан кейін 
бірден ауыз қуысындағы сұйықтықты катетермен сорып алудан басталады. Қазіргі кезде 
бұл манипуляция тек қажет болғанда ғана, жеке көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Егер 
ауызжұтқыншақтан сұйықтық сорылған соң бала тыныс алмаса, нәзік, бірақ белсенді 
тактильді стимуляция жүргізіледі – баланың табанын соғу керек немесе арқасын ысқылау 
керек. Баланы стерильді жылытылған жаялыққа орап алады, сосын жедел түрде 
реанимациялық үстелге сәулелі жылу көзінің астына ауыстырады. Жатқызу кезінде 
баланың басы аздап төмен орналасуы керек (шамамен 15º). Баланың терісіндегі құрсақ 
маңы суын, кілегейді, кейде анасының қанын жылы жаялықпен сүртеді. Ауыр асфиксия 


185 
кезінде құрсақ маңы суы немесе ауызжұтқыншақта меконий анықталса, жедел түрде 
интубация жүргізіледі, соңынан тыныс жолдары санацияланады. Күні жетіп туылған бала 
анасынан туған соң бірден ажыратылады, ал шала туған бала 1минуттан соң 
ажыратылады. Реанимацияның І сатысының соңында баланың тынысын бағалайды (І
сатының ұзақтығы 20-25 секундтан аспайды). Тыныс дұрыс болса, жүректің соғу жиілігі 
минутына 100 реттен жоғары болса және аздаған тері акроцианозы анықталғанда 
реанимациялық шаралар тоқтатылады, балаға бақылау ұйымдастырылады. Мүмкіндік 
болған жағдайда баланы ана сүтімен тамақтандыруды ерте бастаған жөн. 
Егер ЖСЖ минутына 100 реттен аз болса, сыртқы тынысты қалыптастыруға 
бағытталған реанимацияның ІІ сатысына көшеді. Шаралар тыныс қапшығы және 
масканың көмегімен өкпені желдендіруден басталады. Тыныс жиілігі минутына 30-50 рет. 
Жиі 60% оттегілі-ауалы қоспа (шала туылған балаларда – 40%) қолданылады. Кеуде 
клеткасының жақсы экскурсиясы альвеолалардың жеткілікті желдетілгенін дәлелдейді, 
сонымен қатар, тыныс жолдары өткізгіштігінің маңызды бұзылыстарының жоқ екенін 
көрсетеді. Қапшықпен және маскамен желдетуден әсер болмаса, мекониймен 
аспирациялануға күдік туса, ЖСЖ минутына 80 реттен аз болса және тыныс жолдарына 
бақылауды және жүрекке сыртқы массажды қажет етсе, ол эндотрахеальды интубацияға 
көрсеткіш болып табылады. Өкпені жасанды желдендірумен қатар, көктамыр ішіне 
налорфин мен этимизол енгізу арқылы тынысты қалыптастырады. ӨЖЖ басталғаннан 
кейін 20-30 секундтан соң міндетті түрде жүректің соғу жиілігін есептейді, егер ол 
минутына 80-100 рет болса, онда өкпені жасанды желдендіруді жүректің соғу жиілігі 
минутына 100 ретке дейін жоғарылағанша жүргізе береді. 
Егер ЖСЖ минутына 80 реттен төмен болса, онда реанимацияның ІІІ сатысына
көшеді. 100% оттегі концентрациясы бар маскамен ӨЖЖ фонында міндетті түрде 
жүректің сыртқы массажын бастау керек. Егер 20-30 секунд массаждан соң нәтиже 
болмаса, интубациялап және массажбен бірге аппаратты өкпені жасанды желдендіруді 
бастау керек. Төстіктің төменгі үштен біріне (семсер тәрізді өсіндіге баспау керек, себебі 
бауырдың зақымдалуына қауіп туады) 1,5-2,0 см төмен басып минутына 100-140 рет 
жиілікпен жүргізеді. Жүректің тікелей емес массажының нәтижесін терінің түсі және сан 
артериясындағы пульс бойынша бағалайды. Егер 60 секунд жүрек массажынан соң нәтиже 
болмаса, жүрек қызметін адреналинмен қалыптастыру керек, оны 0,1мл/кг салмағына 
0,01% ерітіндіде эндотрахеальды немесе кіндік венасына енгізеді. Енгізуді 5 минуттан 
кейін қайталайды (3 ретке дейін). Бір мезгілде ӨЖЖ мен жүректің тікелей емес массажын 
жалғастыра береді. Содан соң тері жамылғысының түсін және микроциркуляция 
жағдайын бағалайды. Көрсеткіштеріне байланысты инфузиялық терапия (альбумин, 
нативті плазма, хлорид натрийдің изотоникалық ерітіндісі) жүргізіледі. Жоспарлы 
инфузиялық терапия міндетті болғанда, оны туылғаннан соң 40-50 минуттан кейін 
жүргізуді бастайды. Инфузиялық емнің көлеміне қарағанда, тамшылату ұзақтығы 
маңызды екенін есте сақтау керек. Асфиксиямен туылған барлық балаларға босану 
залында К витаминін енгізеді. Біріншілік реанимация жүргізілген соң және өмірге 
маңызды функциялардың біртіндеп қалыпқа келтірілгеннен кейін, баланың жағдайы ауыр 
болса, онда баланы мүмкіндігінше балалар ауруханасының ЖТН реанимациясы 
бөлімшесіне ауыстыру керек. 
Егер 15-20 минуттан соң балада өздігінен тыныс алу пайда болмаса және тұрақты 
брадикардия сақталатын болса, ол кезде мидың ауыр зақымдалу мүмкіндігі жоғары, онда 
реанимациялық шаралардың тоқтатылуын шешу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет